жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Ұлы адамдар достығы" ашық сабақ жоспары
Қысқа мерзімді жоспар
Сынып: 7д
Күні: 25.11.2019.
|
Сабақтың тақырыбы |
Ұлы адамдар достығы |
|
Оқу мақсаттары |
7.Т/А3. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу. 7.О5. Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру. 7.Ж4. Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу. |
|
Сабақ мақсаты |
Барлығы: мәтіннің мазмұнын түсінеді, берілген ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата біледі. Көбі: мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастырады; Кейбірі: тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазады. |
|
Күтілетін нәтижелер |
Тарихта көптеген ұлы адамдардың адал дос болғандығын, олардың өнегелі өмір жолын танып біледі, еліктеуіш сөздерді танып біледі. |
|
Сабақтың түрі |
Білімді жүйелеу сабағы |
|
Қажетті құрал-жабдықтар |
Интерактивті тақта, тақырыпқа байланысты слайд, видеокөрініс,, оқушыға арналған жұмыс дәптері, желпуіш, түймедақ суреті, топ аты жазылған қағаздар, фотосуреттер, маркерлер. |
|
Оқыту әдістері |
Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Сәлемдесу» тренингі, «Ой шақыру» әдісі, «Веер» әдісі, «Сұрақтар түймедағы» стратегиясы. |
|
Дереккөздері |
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар |
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті
|
Тапсырма |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу |
1.«Сәлемдесу» тренингі. Оқушылар орындарынан тұрып, көршісінің аттас саусақтарына кезек-кезек тигізеді, бас бармақтан бастайды: -Мен саған тілеймін (бас бармағын тигізеді) -Бақыт (сұқ саусағын тигізеді) -Денсаулық (ортаңғы) -Әрқашанда (атаусыз саусақ) -Барлық жерде (шынашақ) -Сәлеметсің бе! (алақанын бір-біріне тигізеді) |
Оқушылар сәлемдеседі, бір-біріне жақсы тілектер тілейді. |
|
1.Қызығушылығын ояту |
Мұғалім «Ой шақыру» әдісі бойынша балалық шақтағы дос туралы қысқаша әңгіме баяндайды. Естелік фотосурет көрсетеді. Сұрақтар қояды: - Оқушылар, менің әңгімемнен не байқадыңдар? - Бүгінгі сабақтың тақырыбы не жайлы? Болжап көрейік. -Достық туралы. -Ендеше, бүгінгі тақырыппен таныс болыңыздар. «Ұлы адамдар достығы. Еліктеу сөздер». Мен сіздерге бүгін ерекше жұмыс дәптерін дайындап әкелдім. Осы дәптермен жұмыс жасаймыз. 3. Оқушылармен бірігіп, бүгінгі сабақ мақсатын айқындап алады. |
Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Фотосурет тамашалайды. |
|
2.Мағынаны тану |
-Сіздер білесіздер ме, ұлы тұлғалардың достығынан қандай үлгі алуға болады? -Мағжан Жұмабаев пен Максим Горькийдің арасындағы достық бір ғажап әңгіме. Сонау қиын қыстау кезеңдерде Максим Горький досы Мағжанды талай рет айдаудан құтқарып қалған болатын. Достық тақырыбына жыр арнамаған ақын кемде-кем шығар. Атап өтер болсақ, Мұқағали, Төлеген Айбергенов, Мұхтар Шаханов. 1. Білу,түсіну. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындаймыз. Ол үшін интерактивті тақтаға назар аударайық. Дескриптор:
|
Тыңдалым. Интерктивті тақтадан видеоүзік тамашалайды. Оқушылар мәтінді тыңдайды, мәнерлеп оқу барысында дауыс ырғағын, кідірісті бақылайды. |
|
Ә/ Айтылым. «Веер» әдісі бойынша берілген сұрақтарға жауап береді.
Дескриптор:
Кері байланыс: ауызша жүргіземін. Қолданатын мадақтау сөздері: «Дәл таптыңыз!», «Орынды айтылған!», «Жарайсың!» |
Айтылым. Сұрақтарға жауап бере отырып, мәтін мазмұнын талдайды, жанрын анықтайды. |
|
|
Мұғалім «Сұрақтар түймедағы» стратегиясымен мәтін бойынша оқушыларға сұрақтар құрастыруға тапсырма береді.. Дескриптор:
|
Оқушылар сұрақтарды танымдық деңгейіне қарай құрастырады. |
|
|
Тілдік бағдар. Еліктеу сөздер туралы мағлұмат береді. |
Еліктеу сөздерді меңгереді. |
|
|
Талдау және қолдану. Жазылым. Оқулықтағы 5-тапсырманы орындатады. Дескриптор:
Кері байланыс: ауызша жүргіземін. Қолданатын сөздер: «Жарайсың!», «Керемет!», «Жақсы», «Әлі де ойлан!» |
Жазылым. Еліктеуіш сөздерді қолданып, сөйлемдер құрайды |
|
|
|
|
|
|
Сергіту сәті. Шығармашылық жұмыс. Импровизация. Еліктеу сөздерді қолданып, көрініс қою. |
Оқушылар көрініс қояды. |
|
|
ІІІ. Қорытынды |
1. Бағалау Қалыптастырушы бағалау. Мұғалім сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды атап өтеді. |
Әр оқушы жұмыс дәптеріне өзін-өзі бағалайды.
|
|
2. Үйге тапсырма 6 -тапсырма |
.Еліктеуіш сөздердің қатарын толықтырып жазады. |
|
|
3. Ойтаразы -Бүгін не білдік және нені үйрендік? |
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін ауызша баяндайды. |
|
|
|
|
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген