400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлы дала дәстүрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағатының оқушыларға қызығушылығын арттыру мақсатында салт-дәстүрді дәріптеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұлы дала дәстүрлері


Мақсаты: Халқымыздың дәстүрлі төл өнерін , салт-дәстүрін,

қолөнерін, мәдениетін оқушы бойына сіңіре отырып,танымдық қабілеттерін арттыру, өз елінің ұлттық мұрасын қастерлеуге, өнерге баулумен қатар эстетикалық танымын дамыту, өнерге қызығушылығын дамыту.


Жоспары:

І.Таныстыруа) Топпен таныстыру; ә) Төсбелгімен таныстыру

ІІ. «Туған жер» тақырыбына сурет салу

ІІІ. . Қағаздан ою-өрнек қию

ІҮ. Үйден құрақ көрпе тігіп таныстыру

Ү. Қазақ биі

ҮІ. Домбыра сүйемелдеуімен Халық әнін орындау.

ҮІІ. Жұмбақ шешу

ҮІІІ. Көрермендермен ойын


Жүргізуші: Армысыздар, Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің мектебіміздің 9-10 сыныптар оқушыларының арасында болатын Ұлы дала дәстүрлері

атты сайысымызға қош келдіңіздер! Бұл сайыс сендерді жылдам сурет салуға, ой-қиялдарыңды дамытуға, танымдық қабілеттеріңді арттыруға, әсемдікті көре білу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Құрметті ұстаздар,оқушылар,енді екі топтың сайысын тамашалайсыздар.


Қазылар алқасымен таныстырып өтетін болсақ, олар:


1----------------------------------------------------------------------


2----------------------------------------------------------------------


3----------------------------------------------------------------------


Жүргізуші: Жарыста озып шығар жүйріктері,

Әрқайсысы бақтарынан көрер енді.

Қанеки, өрендерім, сайысқа шық,

Таң қалдыр өнеріңмен көрерменді,- деп кезекті таныстыру бөліміне береміз. І.кезең Таныстыру

а) Топпен таныстыру;

ә) Төсбелгімен таныстыру



Жүргізуші: Әнге толы қазағымның тірлігі,

Кіріп тұрса ынтымақ пен бірлігі.

Әр жүректе бүршік жарып гүлдейді,

Сезіміңді сергітетін жыр гүлі.

Мәнге толы қазағымның тірлігі,

Сан асылдың ашылып тұр тұғыры.

Кеше ғана керексіз ғып тастаған,

Ғажап екен әдебі мен ғұрыбы.

Ел тарихы, жер тарихы өзіміз,

Болашақтың қасиетті көзіміз

Барлық ұлтпен бауырласа жетерміз,

Ақ, қараны тіліп тұрса сөзіміз.

Бүгінгі біздің Ұлы дала дәстүрлері тақырыбындағы өнер сайысына қатысушыларға сәттілік тілей отырып, алдымен «Қайсар» тобын ортаға шақырамыз.


«Қайсар» тобы.

Ассалаумағалейкум,халқым менің

Ардақта дәстүріңді,салтыңды елім.

Мереке басы болсын берекенің

Игі еңбек жемісінің бәрін жегін.

Біз қайсармыз, адал ниет бауырмал,

Біз қайсармыз, серілікпен танымал.

Біз қайсармыз, қарсыласқа жақсылығын тілеген,

Қазақ өзі дана халық танып ал.

Қазақ елі, байтақ ел, жазиралы,

Біздер сол еліміздің ұландары

Қайсармыз деп мақтанып, жарсаламыз,

Тобымыз да «Қайсар»деп аталады.


Төсбелгімен таныстыру Кеме тобы

Болғанда ақылың дария,кеудең кеме,

Кемесіз дариядан өтем деме.

Кеудеңде санаң болса, талап ізде,

Талапсыз мақсатыңа жетем деме.


Жүргізуші: Ендігі кезекті «Жігер тобына» береміз.

«Жігер» тобы.

Қонақ болып Қайсарға келіп едік,

Бір мектепте барлығымыз оқып едік.

Бүгінгі сайысымыз сәтті өтер

Сол сеніммен сайысқа бізде келдік.

Төсбелгімен таныстыру Арғымақ тобы

Талап болар табиғи болмысыңда,

Тәрбиемен өрлейді биік шыңға.

Талап пен еңбекке әркез құшағыңды жай,

Құр мақтан жалқаулыққа қолды ұсынба.

Ей ,жас дос, мін талаптың арғымағын!

Жүргізуші: Осымен бірінші шарт аяқталды. Қазылар алқасынан екі топтың бағаларын сұраймыз.

Қатысушы топтар:

1. «Қайсар» тобы---------------------------------

2. «Жігер» тобы------------------------------------


Жүргізуші: ІІ кезең «Туған жер» тақырыбына әр топтан бір оқушыдан акварель бояуымен сурет салады.

Сурет нұр,

Сурет сыр,

Тілсіз сырды ақтарып қарап-ақ тұр.

Туған жердің тасы мен топырағын,

Кірсек дейміз ішіне аралап бір- деп кезекті сурет сайысына береміз. Суретті салып болғанша әнге кезек берейік.

Ән «Туған жердей жер болмас» Бейсен Нұртастың орындауында.


Жүргізуші:ІІІ. Қағаздан ою-өрнек қию

Ою-өрнек қарасаң,

Өңкей мүйіз тігілген.

Қайсысына қарасаң,

Қиып ал сызған ізіңмен.

Қию оңай демеңдер,

Оған да өнер,ой керек.

Бос мақтанып жүрмеңдер

Қиюға пысық қол керек –деп ою-өрнек сайысына іске сәт тілейміз. Қағаздан ою ояды.

Ән: «Туған жер» Оспан Дамира.


Жүргізуші: ІҮ. Құрақ көрпе тігіп әкелу


Әжелер киім тіккенде,

Тастамапты қиықты.

Әр алуан қиық түскенде,

Дорбаға салып алыпты.

Көп киім тігіп біткенде,

Қиықты сәндеп тіккенде,

Құрақ көрпе болыпты.

Келесі сайыс тігіп келген құрақ көрпемен таныстыру


Жүргізуші: Ү кезең Өнер қуған жасынан,

Өнері судай тасыған.

Келесі біздің биіміз

Көрінген көштің басынан.

9-10 сыныптардың «Қазақ биі» тамашалайық.




Жүргізуші:ҮІ кезең Домбыра қайда барсам тастамаймын,

Ән менен сәнсіз өлең бастамаймын.

Екі ішек, он бір перне, бір тиекпен,

Сайрасам қызыл тілмен аспандаймын.

Домбырамен Халық әнін орындау

«Еркем-ай»

«Күміс құмған-ай»


Жүргізуші: ҮІІ кезең Жұмбақ шешу

Зерделі атанатын кез де келді,

Көп нәрсе уақыт сайын өзгереді.

Қанеки ,жұмбақтың шешуін тез,

Жылдам дұрыс кім шешеді?


1. Жүк жинайтын тұғыр ағаш,

Кіруге адам батпайды,

Аман есен сақтайды. (сандық)


  1. Бір итім қабаған

Аузына темір жалаған. (әбдіре,кебеже)


  1. Тиіп кетсе жылаған,

Даусы көпке ұнаған. (домбыра)


  1. Беті үлкен тым-ақ өзге денесінен,

Бұлаңдап түсіп шығар кемесінен.

Ішіне қарын-қарын суды құйып,

Шығады сүңгіп-сүңгіп денесімен. (ожау)


  1. Зыр қағады дөңгелеп,

Бас жағында қалпағы.

Белінде өспей әңгелек,

Басылмайды тарпаңы. (ұршық)


  1. Саусаққа киіп ем тобатай,

Инені жүгірттім оп-оңай. (оймақ)


7. Құдықтың ішінен,

Құдық көрдім.

Бірінде –су қайнайды,

Бірінде –от жайнайды. (самауыр)


8. Төбедегі көзінен,

Күн сәулесі түседі.

Бұрышы жоқ төрінен

Самал еркін еседі. (киіз үй)


9 Сыртын отқа қақтайды,

Одан басқа жақпайды. (қазан)


  1. Басы құдық –

Сабы сырық. (ожау)



Жүргізуші: Жолдас керек әр жанға,

Мақсат керек бір биік.

Тұманы мол жалғанда,

Тұрмайды ма нұр құйып,

Сылдыр сөзбен күлкіңмен,

Жете алмайсың мұратқа.

Адасасың іркілсең,

Арман қалар жырақта.

Ойын көрерменмен


Сонымен, біздің «Ұлы дала дәстүрлері»

атты тақырыбындағы 9-10-шы сыныптар арасындағы сайысымыз өз мәресіне жетті. «Шебер көп жерде - өнер көп» демекші, оқушылар өнерлерін бағалау үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз.


Жүгрізуші: «Өнерлі елдің өресі биік» Қазылар алқасы жалпы қорытындысын шығарғанша ән тыңдайық.


Ән: Сұлтан Тахмина «Туған жер өзің дегенде» қабыл алыңыздар.


Қазылар алқасының мүшелеріне қорытынды сөз беріледі.


Жүргізуші: Осымен біз бүгінгі сайысымызды қорытындылайтын болсақ, мен ұлы Абай атамыздың 7-ші қарасөзінде айтып кеткен нақылын мысалға ала отырып, аяқтағым келеді. Яғни, жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құмары, бұлар болмаса тән жанға қонақ үй бола алмайды. Біреуі – білсем екен деп тұрады. Не көрсе, соған талпынып, жалт-жұлт еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, сырнай-керней болса дауысына ұмтылып, өзі соған еліктеп, ыңылдап ән салып, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегендік», - дейді.

Бұл орайда менің оқушыларға айтарым ешқашан ерінбей, өнер, білім қу және де «жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл», - дегім келеді.

Келесі сайыста жүздескенше. Сау саламатта болыңыздар.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
03.04.2019
903
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі