Материалдар / «Ұлы Дала өркениеті»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Ұлы Дала өркениеті»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұсынылып отырған «Ұлы Дала өркениеті» атты оқу құралы авторлық курсқа қатысты «Көшпелі өркениет тарихы» пәніне арналған қосымша материал түрінде құрастырылған. Отан тарихының белесбелестерін тереңдірек шолып айғақты тану жолындағы қызығушылықты туғызатын барлық сұрақтарына жауап табуына көмек береді. Оқу құралы студенттер мен оқытушыларға және қызығушылық білдіретін көпшілік қауымға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қараша 2021
472
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Б.Ғ. НҰҒМАН
С.Д. ШАЙМҰҚАНОВА

ҰЛЫ ДАЛА ӨРКЕНИЕТІ

ҚАРАҒАНДЫ 2009
1

ӘОЖ 94(574)(07)
КБЖ 63.3(5Каз)я7
Н85
Университеттің Редакциялық-баспа кеңесі ұсынған
Пікір жазғандар:
Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің тарих факультетінің деканы,
тарих ғылымдарының докторы, проф. Сақтаганова З.Г;
ҚарМТУ-дың әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті,
тарих ғылымдарының кандидаты Сүлейменова М.Ж.;
ҚарМТУ-дың Редакциялық-баспа кеңесінің мүшесі,
т.ғ.к., проф. Арыстан И.Д.
Нұғман Б.Ғ.
Н85

Ұлы дала өркениеті : Оқу құралы / Нұғман Б.Ғ.,
Шаймұқанова С.Д.; Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті.Қарағанды : ҚарМТУ баспасы, 2009. - 91 б.
ISBN
Ұсынылып отырған «Ұлы Дала өркениеті» атты оқу құралы
авторлық курсқа қатысты «Көшпелі өркениет тарихы» пәніне арналған
қосымша материал түрінде құрастырылған. Отан тарихының белесбелестерін тереңдірек шолып айғақты тану жолындағы қызығушылықты
туғызатын барлық сұрақтарына жауап табуына көмек береді.
Оқу құралы студенттер мен оқытушыларға және қызығушылық
білдіретін көпшілік қауымға арналған
ӘОЖ 94(574)(07)
КБЖ 63.3(5
Каз)я7

ISBN

© Қарағанды мемлекеттік
техникалық университеті, 2009
2

Оқулық басылым

Нұғман Бахредден Ғабдылбақиұлы
Шаймұқанова Сәуле Дүйсетайқызы

ҰЛЫ ДАЛА ӨРКЕНИЕТІ

Редакторы Сагадиева Қ.К.

31.03.2004 ж. берілген № 50 мемл. баспа лиц.
Басуға қол қойылды

Пішімі 60х90/16.

Таралымы 120

дана
Есептік баспа табағы

Тапсырыс №

Бағасы келісімді

ҚарМТУ баспасы. 100027. Қарағанды. Бейбітшілік б., 56

3

МАЗМҰНЫ
1 ДАЛА ТАРИХЫНА КІРІСПЕ ............................................................................................... 5
1.1 Отан тарихын ғылыми кезеңдерге бөлу негіздері ......................................................... 5
1.2 Тарихи деректану пәні мен оның міндеттері ............................................................... 13
1.3 Отан тарихы курсының жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім берудегі орны мен
маңызы ................................................................................................................................... 15
1.4 Көшпелілік - өркениет есебінде ................................................................................... 17
1.5 Халық болып қалыптасу үрдісі немесе этногенез мәселесі ........................................ 21
1.6 «Қазақ» атауы туралы..................................................................................................... 24
1.7 Қала мәдениеті ................................................................................................................ 27
1.8 Ұлы Жібек жолы ............................................................................................................. 31
1.9 Рухани мәдениеті ............................................................................................................ 36
2.ЕЖЕЛГІ КЕЗЕҢДЕГІ ОТАН ТАРИХЫ (Б.Д.Д. XVIII ғ. – Б.Д. V ғ.) .................................. 39
2.1 Қола дәуірі. Көшпелі негіздің қалыптасуы ..................................................................... 39
2.2 Ерте көшпенділер дәуірі. Сақтар ...................................................................................... 42
2.3 Үйсіндер мен қаңлылар ..................................................................................................... 47
2.4 Ғұн мемлекеті: әлеуметтік ұйымдасуы мен саяси тарихы ............................................. 50
3 ТҮРІК ДӘУІРІНДЕГІ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕР ......................................................... 56
(VІ ғ. – XIII ғ. басы) ..................................................................................................................... 56
3.1 Түрік және Батыс Түрік Қағанаты .................................................................................... 56
3.2 Түркеш, Қарлық, Қарахан, Қидан мемлекеттері ............................................................. 59
3.3 Оғыз, Қимақ және Қыпшақ хандығы .............................................................................. 63
3.4 Найман, Керейт және Жалайыр ұлыстары ...................................................................... 66
4 ҰЛЫҚ ҰЛЫС ДӘУІРІНДЕГІ ҮРДІСТЕР (ХІІІ ғ. басы – ХV ғ.) ........................................ 67
4.1 Шыңғыс хан мемлекетінің құрылуы ................................................................................ 67
4.2 Шыңғысхан бастаған жорықтар ....................................................................................... 69
4.3 ХІV-XV ғғ. саяси ұйымдасу .............................................................................................. 72
5 ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ДӘУІРІ (XV ғ. – XVIII ғ. басы) .......................................................... 76
5.1 Қазақ Хандығының құрылуы ........................................................................................... 76
5.2 ХV ғ. соңы - XVII ғ. қазақ хандығының саяси жағдайы ............................................... 79
5.3 Жеті Жарғы ........................................................................................................................ 83
5.4 ХVІ-ХVІІ ғғ. Қазақ хандығының әлеуметтік ұйымдасуы ............................................. 87
мен шаруашылығы ................................................................................................................... 87

4

1 ДАЛА ТАРИХЫНА КІРІСПЕ
1.1 Отан тарихын ғылыми кезеңдерге бөлу негіздері

Тарих – араб-парсы сөзі, оның мағынасы - зерттеу, оқиғалар туралы
әңгіме. Адамзаттың пайда болуы алғашқы қауымдық құрылысынан бастап
қазіргі дәуірге дейінгі өмір сүруін, тіршілік жайын, оның өзгеруін, қоғамның
дамуы, тоқырауы, өрлеу кезеңдерін жеке дәуірлерге бөліп (ертедегі дүние,
орта ғасыр, жаңа заман тарихы, т.б.) зерттеуін айтады. Қазақстан тарихы
Орталық Азия аумағын ежелден мекендеген қазақ халқының тарихын
баяндайды.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезде 2003 жылы 28 қарашада
Қазақстан Республикасы Ұлттық кеңесінің үшінші мәжілісінде «Мәдени
мұра» жобасының бағдарламасы қабылданды, ондағы басты мақсаттар:
 ұлттық мәдениетіміз үшін айрықша мәні бар маңызды тарихи-мәдени
және сәулет ескерткіштерінің қайта қалпына келтірілуін қамтамасыз ету;
 зор мәдени мұраны, соның ішінде қазіргі заманғы ұлттық мәдениет, ауыз
әдебиеті, дәстүрлер мен әдеттерді зерттеудің тұтастық жүйесін құру;
 ұлттық әдебиетіміз бен жазуымыздың көп ғасырлық тәжірибесін қорыту,
тармақталған көркем, ғылыми серияларды жасау;
 мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойдың, мәдениет пен әдебиеттің озық
жетістіктері негізінде толық құнды гуманитарлық білім қорын жасау.
Бағдарламаның міндеттері:
 көне, ортағасырлық тұрақтарды, қорғандарды, қалашықтарды зерттеу,
археологиялық қазбалар жүргізу;
 ұлттық тарихымыз үшін ерекше мәні бар Қазақстанның аса көрнекті
тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қайта жаңғырту,
консервациялау және сақтау бойынша жұмыстар жүргізу;
 облыстар бойынша Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени
ескерткіштерінің Жинағын басып шығару әзірлігі бойынша жүйелі
жұмысты жүзеге асыру;
 тарих ғылымының теориялық проблемаларын әзірлеу, ғылыми, көркем
және энциклопедиялық әдебиеттерді шығару, ғылыми білімді көпшілікке
тарату;
 мемлекеттік тілде ұлттық әдебиет пен жазудың және әлемдік ойдың озық
үлгілерін әзірлеу және басып шығаруды жүзеге асыру;
 Ұлттық мұрағаттық қорды сақтау мен байытуға арналған жұмыстарды
ұйымдастыру жолдары белгіленген болатын.
Өткен ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап қазақ тілді оқырман қауым
үшін философия, тарих, заң және т.б. саладағы әлемдік ғылыми ойдың іргелі
5

еңбектері және көркем әдебиетті басып шығару іс жүзінде тоқтап қалған
болатын. Осыған байланысты өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм
рухында тәрбиелеу және тарихи, мәдени мұраны толыққанды зерделеудегі
ақтаңдақтардың орнын толтыру, сондай-ақ, қазақ халқының көп ғасырлық
рухани тәжірибесін жинақтау, мемлекеттік тілдегі тармақталған тарихи,
көркем, ғылыми серияларды жасау мемлекет тұрғысынан аса өткір қойылды.
Бағдарламаны іске асыру барысында кітаптар сериясының 16 бағыты
бойынша фольклористика, тарих ғылымы, археология, этнография,
мәдениеттану, әлеуметтану, саясаттану, психология, антропология, тіл білімі,
мұрағат және кітапхана жұмысы, бейнелеу өнері, энциклопедиялық
әдебиеттер және т.б. әзірленуі мен басылып шығарылуы, басылымға
шығатын әдебиеттің ауқымын кеңейтуге, қазақ халқының бай мәдени
мұрасын сақтауға және мемлекеттік тілдегі әлемдік әдебиет пен ғылымның
асқан үлгідегі қорларын жасауға, ұлтты мәдени-білім және интелектуалдымәдени деңгейде көтеруге және өскелең ұрпақты жалпыәлемдік құндылық
идеалдары мен қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуде және
халықтың тарихи-саяси көзқарасын қалыптастыруға оң әсер ететін ауқымды
мәселелер қойылды.
Осы бағдарлама шеңберінде көрсетілген мәселелерді кешенді шешу
Қазақстан халқының мәдени мұрасын зерделеу, сақтау және көпшілікке
тарату жүйесін одан әрі дамытуға ықпал етеді. Осы мақсатта авторлар
көмекші материал ретінде оқу құралын ұсынып отыр. Студент қауымына
ескеретін нақты шешімнің сауалы, еліміздің тарихын Орталық Азия
аумағынан шығару - бүгінгі күн тәртібінде шындықты бейнелеудің шарты
түсінігімен ұйғарылсын. Орталық Азия аумағы деп Қиыр Шығыстағы Корей
түбегінен бастап батыстағы Қара теңізге, солтүстіктегі Байкал мен Оңтүстік
Сібірден бастап оңтүстіктегі қазіргі Ауғанстанға дейінгі жалпағынан
созылып жатқан кең даланы айтамыз. Бұл кеңістікке қазақ халқының тікелей
қатысы бар. Тегі түркіден шығатын түркі тілдес халықтың жалпы отаны. Ол
тарих сахнасында Тұран деген атымен әйгілі. Қазақ халқына, сондай-ақ түркі
тілдес туыс ағайындарымызға ортақ отандық жеріміз.
Орталық Азия аумағындағы тарихи-мұраны алты мың жылғы даму
шеңберінде алып қарасақ, олар төмендегідей кезеңдерге бөлінеді:
Бірінші кезең. Бүкіл Орталық Азия аумағын мал баққан ежелгі
арийлердің сансыз көп тайпаларының игеруі. Қара теңіз бен Еділ өңіріндегі
Срубная мәдениеті, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан,
Тәжікстан аймақтарындағы Андронов мәдениеті және Алтайдан шығысқа
қарай созылып жатқан Афанасьев мәдениеттері сол замандағы халықтың
рухын бейнелейтін материалдық айғақтар болып табылады. Ол б.д.д. ІІІ-ІІ
мың жылдардағы заман.
Екінші кезең. Б.д.д. І мың жылдықта арийлер тарихы– Сақ, Савромат,
Киммер патшалықтарымен ауысады.
Үшінші кезең – Б.д.д. І-ші мыңжылдықтың екінші жартысы мен біздің
дәуіріміздегі шамамен V-ші ғасыр аралығында Арғы Ғұн, Үйсін, Қаңлы,
6

Кушан мемлекеттері орын алады. Ежелгі ведалық үштік үрдісі: Тәңірі-Аспан,
Жер-Су, Ұмай-мәңгілік ана.
Төртінші кезең – Шамамен VІ ғасыр мен ХІІІ ғасырдың басы
аралығында – түркілер-Ашина ақсүйек әулетінен тараған ұрпақтар орын
алды. Осы үрдістер тоғысында тұңғыш Түркі қағанаты – Мәңгілік Ел бой
көтерді. Бұл үшінші империя - Байкалдан Каспийге дейінгі аймақты
қамтыды. Түркі ұлттық рухының осынау тегеуріні Күлтегін құлпытасында –
өзінің табиғи жалғасын тапты. Сол замандағы оның рухани аспанында
жарқырап көрінген үш жарық жұлдыз: Сыр бойында - әл-Фараби, Жетісуда Жүсіп Баласағұн және Махмұд Қашғари. Әл-Фараби Орталық Азияда
Гректің Платоны рөлін атқарды. Жүсіп Баласағұнның «Құтты Білігі» Қазақстан мен Орта Азиядағы түркі тілдес халықтардың бізге жеткен ең
тұңғыш зайырлық шығармасы, Махмұд Қашқаридан қалған түркі тілдерінің
«Диуани лұғат – ат – түрк» сөздігі – XI ғасырдағы түркінің ең тұңғыш
энциклопедиясы. XI ғасырда Түркістаннан тараған аса қуатты рухани
сәулемен нұрланған Түркілердің тұңғыш сопысы – Қожа Ахмет Иассауи 1093
жылы туған. Ол негізін қалаған исламның тылсым құпиясы – сопылық
(суфизм) нұсқасы Орталық Азияның барлық аумағына дейін тарады. Сөйтіп,
Қожа Ахмет Иассауи Орталық Азияның барлық түркі халықтарына ұлттық
ілім жүйесін ұсынды.
Бесінші кезең. XIIІ-XIV ғасырлар. Орталық Азияның тарихы Шыңғыс
әулетінің көтерілуінен басталды. Бұл жойқын күш еді, Ұлық Ұлыс заманы
орнады. Бұл кезеңнің басында атақты Майқы би дүниеге келді. Ел аузындағы
аңызға қарағанда ол біздің тарихымыздағы билер институтының түп атасы.
Бар қазақтың басын біріктіруге жұмылған Майқы би әйгілі қазақ шежіренамасының негізін қалаушы болды.
Ел аузындағы аңыз бойынша халықтың санасына үш жүздің бас
таңбаларын тасқа қашаған сол кісі екен дейді. Үйсіндердің нысаны – Ту,
арғындардың нысаны – Көз, Алшындардың нысаны – Найза содан қалса
керек. Бір ғажабы, қазақ халқының негізгі төрт Мұраты дәл сол тұста
тұжырымдалыпты. Олардың үшеуі үш жүздің жауынгерлік ұраны: Ұлы
жүздікі – Бақтияр – бақыт, Орта жүздікі – Ақ жол – әділет, Кіші жүздікі –
Алшын – От-ана, барлық қазақтардың ортақ ұраны – Алаш ұғымына біріккен.
Халық руханияты сол заманның ең бір қуатты империялық идеологиясы –
шыңғысшылдықтың ықпалына түседі. Шыңғыс әулетінің ұлы империясының
ұстынына тірек, көрік болған рухтың революциясы еді. Ол уақытқа дейін
үстемдік еткен далалықтардың түркішілдігі, оғызшылдығы, ұрандары
(жүздік және жалпы алаш), олардың бұрынғы шежіресі жаңа шежіре-намаға
тарихи тамырласа кірігіп кетті және ішінара халықтың зердесінен өшіп
қалды. Осы кезден бастап іс жүзінде тегі басқа ақсүйектердің екі тармағы –
төрелер мен қожалар – түркілердің ру-тайпалық ақсүйектерінен биіктеу
мәртебе алды да , оларды саяси және рухани биліктен ада қылды. Төрелер
Шыңғыс әулетінің ұрпақтары, ал қожалар Мұхаммед пен оның үмбеттерінен
тараған рухани биліктің иелері. Уақыт өте келе, бұл екі тармақ өкілдерінің
7

өздері де жергілікті халықпен кірігіп, олардың, әдет-ғұрпын, дәстүрін
қабылдап, қазақ халқының жалпы руханиятына сіңісіп кетті.
Алтыншы кезең. XV – XVII ғасырлар. Бір текті Ұлық Ұлыс империясы
құлап, әр түрлі княздіктер құрылған уақыт. Көшпелілік өркениетінің
құлдырау кезеңі. Алғаш қазақ хандығы құрылған кезең. Шамамен 1465-1466
жылдардан бастап, жалпыхалықтық руханияттың табиғи дамуының негізі
қаланды.
Біріншіден, халық рухының ұшқыны ақындардың, сазгерлер мен айтқыш
абыздардың жырларынан көрінді. Асан Қайғы, Шалкиіз, Бұқар жырау
шығармаларында шынайы қазақ руханияты қалыптасып дамыды.
«Қобыланды батыр», «Қамбар батыр» сияқты батырлар жырында, «ҚозыКөрпеш – Баян-сұлу», «Қыз-Жібек» және басқа дастандарға қазақтың ұлттық
рухы түп тамыры ретінде негізге алынды.
Екіншіден, нақ осы уақытта, Жәнібек пен Керей хандар Жетісуға көшіп
келіп, ел басқара бастағаннан кейін, қазақ өзінің тарихи төл атымен атала
басталды.
Үшіншіден, дәл осы тарихи дәуірде халықтың жауынгерлік рухы тағы
бір тамаша оқиғадан көрініс табады. XVII ғасырдың бірінші жартысында үш
жүздің үш ұлы биі – Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би – Тәуке ханмен
бірге «Жеті жарғы» атты тарихи құжатты қабылдайды. Бұл киелі «жеті»
санын нысаннан өткен киелі парыздан, қасиетті ережеден тұратын қазақ
құқығының алғашқы кодексі еді.
Жетінші кезең. Бұл XVIIІ – XIX ғасырлар. Бұл аралықта қазақ
халқының жауынгерлік рухы ауыр сынға тап болды. Біздің жерімізге басып
кірген жоңғарлармен соғыс басталды. 1723-1727 жылдардағы «Ақтабан
шұбырындыдан» қазақ халқы қайта еңсе көтерді. Ұлтты қорғаушылар
қатарына Бөгенбай батыр, Қабанбай батыр, Наурызбай батыр және солар
сияқты ұлттың жауынгерлік рухын көтерген жарқын тұлғалы ерлер келіп
қосылды.
Халықтың ерік-жігерінің тастүйін бірлігі Абылай хан тұсында ерекше
бейнеленді. Батырлармен тізе қосып, қаһармандықтың тамаша үлгілерін
көрсеткен, сөйтіп халықтың ұйтқысы болған Абылай ханның ерліктері сонау
қатал заманда қазақ рухын қайта түлетудің бір алтын діңгегіне айналды.
Бейбітшіл сипаты бар рухани жұмыс та жалғасын тауып жатты. Оның
ұйтқысы ұлттың рухани көсемдері – Төле, Қазыбек, Әйтеке билер болды.
Олар сыртқы және ішкі алауыздықтарға қарамастан Абылай ханмен бірлесіп,
ұлтты біріктіру жолында еңбек етті.
Сегізінші кезең – XX ғасыр. XIX ғасырда Қазақ хандығы құлағаннан
кейін қазақтардың арынды рухы бұрқ етіп сыртқа шығудың әр түрлі
жолдарын қарастырды. Төрелер мен қожалардың билігі ыжырады, олардың
үңірейіп бос тұрған орындарына ешкім отырған жоқ. Ресей патшалығы да
әлсіреді. Сол кезде қазақтарда өз мемлекетін құру үміті тағы да ояна бастады.
Негізгі түйін ойлары Пантюркизм мен Панисламизммен қаруланған
Алашорданың көсемдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов,
Міржақып Дулатов және басқалар болды. Қалай болғанда да, Алашорданың
8

игілікті ісі өте қайғылы аяқталды. Қазақтың оқыған жас өкілдерінің осынау
ыстық жігері, ұлттық рухы сол кезде қалыптасқан жағдайлардың себебінен
өмірде іс жүзінде аса алмады. Сөйтіп, 1917 жылдан 1920 жылға дейін
қазақтың ұлттық рухы ауыр езгінің астына түсті. Қазақстан – КСРО-ның
құрамына кірді.
Тоғызыншы кезең – 1980 жылдардың ортасынан басталды. Ол халық
рухының бұрқ етіп, сыртқа лықсуымен ерекшеленеді: 1986 жылдың
желтоқсан оқиғасы тарихымызда мәңгі қалды. Бірақ онда рухтан гөрі саясат
басым болды. 1991 жылы қызыл империя құлады. Тәуелсіз Қазақ мемлекеті
жарияланды.
Н.Ә.Назарбаев «Ғасырлар тоғысында» атты кітабында КСРО-ның
ыдырауы тарихи тамыры тереңде жатқан, кейін күшпен жойыла жаздаған
мемлекеттердің қайтадан қалпына келуіне ұласты деп көрсетті.
Қазіргі кезеңдегі ұлттық міндеттер ең алдымен ұлттық табиғатты
қалыпты жағдайға келтіру болып табылады. «... Даму стратегиясын, ұлттық
мемлекеттік ерекшеліктерімізді, саяси тарихымыз бен мәдениетіміздің
өзіндік сипаттарын, этникалық дәстүрімізді, тағы да басқаларды ...
қысқартып тұжырымдағанда, өркениеттік-мәдениеттік аямызды түгел ескере
отырып, өзіміз сақтауымыз қажет». Президент жаңа жағдайларда «жаңа
азаматтық ыңғайлануды», қазақстандық мемлекеттілікпен үйлестіруді
жариялады. Басқаша айтқанда ыңғайланудың көп сатылы сипаты ұсынылды,
ол өрлеу желісі бойынша (тұлға-әлеуметтік топ-мемлекет) тек ұлттық
өркендеуге ғана емес, соныман қатар «... ақпейілділік пен бауырмалдылыққа»
жол ашады. Аталмыш қағидат мемлекеттік құрылыста да қаланған.
«Қазақстан тұрғындарының ұлттық, діни, географиялық айырмашылықтары,
міндетті түрде, мейлінше көп тармақты саяси машинаның қалыптасуын
қажетсінеді».
Қазіргі ең басты мәселе – Ел болу. Ел болудың ең басты мәселесі туралы
академик М.Қ.Қозыбаев бес проблеманы алға қойды:
Бірінші - ол этногенез мәселесі. Біз тұтас ұлтпыз, оның биік деңгейі
немен өлшенеді? Ол қалай қалыптасады? Ұлттың кешегісі, бүгінгісі, ертеңі
қандай? Қазақ сахарасын жайлаған тайпалардың бүгінге тартылатын желі бар
ма?
Екінші түйін – мемлекеттік мәселе. Қай ғасырда пайда болды, оның
территориялық аясы, тайпалық құрамы, мемлекеттік рәміздері, оның пісіліпжетілу деңгейі, сипаты, тағы басқа мәселелерді қамтып, бір жүйеде, тұтас
әдіснамалық деңгейде қарастыру әлі де тарихнамада жетіспейді. Ұлттық
мемлекеттік дегеніміз не, оның тайпалық, мемлекеттік құрамалардан
айырмасы қандай, ол қашан пайда болды? Бұл тарапта да ойландырыптолғанатын мәселелер баршылық.
Үшінші басты ділгірліктің бірі - өркениет мәселесі. Біз қай өркениетке
жатамыз? Көшпелілік пе, отырықшылық па, орыс-сібір өркениеті ме,
ортаазиялық Тұран өркениеті ме, әлде көшпелілік пен отырықшылықтың
басын қосқан дала мен қаланың синтезі іспетті ұлы дала өркениеті ме?
Әлемдегі сегіз өркениеттің біз осы уақытқа дейін біреуіне де қосылудың кілті
9

неде? Түркі өркениеті дегенді де ауызға алушылық бар. Бізде зерттелмей
келе жатқан мәселе – ұлтаралық, мемлекет аралық қатынас, өркениеттер
ықпалы, мәмілегерлік тарихы.
Төртінші, XX ғасыр тарихындағы Ұлт-азаттық қозғалыс үш толқынның
басын қосады. Ол ағартушылық толқыны, ол еуропалық өркениет
ықпалындағы конституциализм, демократия толқыны – алаш толқыны, ол
большевиктік даму жолындағы революциялық, пролетариаттық диктатура
толқыны.
Бесінші. Біз осы уақытқа дейін әрбір ұлт-азаттық қозғалысты империя
мүддесі биігінен талдап, жеке-жеке аймақтық шеңбердегі төбелес, жанжал
дәрежесінде қарап келдік. Шын мәнінде, 1731 жылдан бастап қазақ халқы
үздіксіз, бір сәт толастамаған ұлттық-азаттық соғысын жүргізді. Осы
әдіснамалық көзқараста ұлт-азаттық қозғалысын басынан аяғына дейін
жүйелеп, оларға тән ортақ заңдылықтарды, әрқайсысына тән ерекшеліктерді
анықтау абзал. Сонымен Қозыбаев Манаш Қабашұлы өте маңызды ұлттық
міндеттерді, мәселелерді, тұжырымдарды көтерді. Олар:
Біріншіден, ұлттық міндеттер контексінде Қазақстан халықтарының
этникалық ыңғайлануын қалпына келтіру, бұл құнды мұраларға рулық
немесе тайпалық сана тұрғысынан қарамау қажет. Керісінше, ұлтымыздың
тарихи тұтастығын, ғасырлар бойы бірлігін танытатын құжаттар ретінде
ғылыми сараптан өткізуді қолға алсақ ләзім.
Екіншіден, жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруға бағытталған
дәрістер (лекциялар) циклі мақсатты түрде жарияланып тұрса. Бұл орайда
қазақ халқы мемлекетінің ерлік дәстүрлері тұтастай, сабақтаса дамыған үрдіс
қалпында көрсетілгенін қалар едік.
Үшіншіден, біз өзіміздің бай дәстүрі бар ұлт екендігімізді енді танып
жатырмыз. Кез келген ұлт өзінің дербестігін өзге әлемге қара күшпен, құрғақ
айқаймен емес, өзіндік мәдениетімен ғана мойындата алады. Ендеше, біз
өзіміздің дәстүрлі мәдениетіміздің құрамдас бөліктерін, даму тарихын,
айтулы ескерткіштерін, тағы басқа құндылықтарын алдымен өзіміз танып,
жас ұрпағымызға өнеге етіп, содан соң өзге әлемге мойындатуды басты
парызымыз деп ұқсақ.
Төртіншіден, ұлттық дүниетанымымызды қайта жүйелеу де күн
тәртібінде тұрған өзекті мәселе. Ұлттық дүниетаным дегеніміз – жай ұғымдар
мен түсініктердің жиынтығы емес – ғасырлар бойы атадан балаға көшіп, ана
сүтімен әрқайсымыздың қанымызға сіңген дүниені қабылдау ерекшелігіміз,
ойлау машығымыз, бағалау өлшеміміз. Кез келген жаңа ілім-білімді, ғылыми
жаңалықты өз дүниетанымымыз елегінен өткізе отырып қабылдасақ қана
құнарлы топыраққа түскен әлгі ілім мен жаңалықтың жемісі баянды болмақ.
Қазақ халқының болашақ ғылымы мен білімі, мәдениеті мен өнері тек осы
төл дүниетанымымызды іргетас етіп қана әлемдік өркениетке өз үлесін қоса
алады. Сондықтан толыққан тарихымызды жұртшылық санасына жеткізуді
мақсат еткенде ұлттық дүниетанымымызды жүйелеу ісін еш уақытта
назардан тыс қалдырмауымыз қажет.
10

Бесіншіден, халықтық тарихымыз деген өзі – сол халықтың тұлғалы
президенттерінің тарихы, іс-қимылдарының тарихы. Бізге тарихтағы жеке
тұлғаның рөлі туралы айтқанда марксизм-ленинизм классиктері жылдар
бойы миымызға құйған қасан қағидадан арылу қажет. Қазақ қоғамында да
халқымыздың тағдырын кілт басқа арнаға бұрған, елдігімізді сақтауға
өлшеусіз үлес қосқан ұлы тұлғалар аз болмаған. Бүгінгі күні де қазақ елін
өтпелі кезеңнің қиындықтарынан алып шығар, өркениетті мемлекеттер
қатарына қосар бір күш болса, ол күш – ел қамын ойлар тұлғалы
азаматтарымыз. Болашақта да елдің мерейін, халықтың абыройын биікке
көтерер азаматтар рөлі айрықша маңызға ие болып қала бермек. Міне,
сондықтан тарихи тұлғалардың халқымыз бен еліміз алдында сіңірген
еңбегін ашып көрсету, оларды жас ұрпаққа үлгі-өнеге ету назардан тыс
қалмаса керек.
Алтыншыдан, шетте жүрген біршама қандас бауырларымыз бар. Біз
қазақстандық, қытайлық, монғолиялық, өзбекстандық, ресейлік, түркиялық
болып бөлінбеуіміз керек. Біз біртұтас қазақпыз деген ұғым қанымызға ана
сүтімен бірге сіңуі қажет. Шетте жүрген бауырларымыздың тұрмыстіршілігіне, мәдениеті мен өнеріне, талантты өкілдеріне көңіл бөліп, қазақ
ұлтының тарихи мен мәдени тұтастығын көрсетуге белсене атсалысуымыз
керек.
Кез келген халықтың шығу тарихы күрделі және ұзақ процесс,
нәтижесінде олардың белгілі бір территорияда жалпы халықтардың тұрақты
ортақ тіл қатынастары пайда болады және этникалық өзіндік саналары,
жалпы материалдық және әлеуметтік мәдениеті қалыптасады. Қазақ халқы
негізінен, бұрынғы тайпалардан пайда болып, республиканың қазіргі
территориясында тұрады, этникалық процестердің түп төркіні қола дәуірінен
басталады, бұл кезең Андронов мәдениеті деп аталады. Егер сол бұрынғы
дәуір ескерткіштеріне көз жіберетін болсақ, ондағы керамикалық
ыдыстардағы өрнектерін қазіргі қазақтардың айшықты өнерімен
салыстыратын болсақ, онда біз көптеген ұқсастықты аңғарамыз. Ертедегі
темір дәуірінде Қазақстан территориясында сақ тайпалары өмір сүрді –
оларға массагеттер, дайлар, исседондар және басқалары жатады. Аң стилінде
жасалған, ертедегі сақ қолөнершілерінің жасаған заттарының кейбір
элементтері қазірде қолданылады. Дүниені дүр сілкіндірген Кіші Азиядағы
Кирді, Ескендірдің (Александр Македонский) қалың қолын тоқтата алған
Сақтар еді. ... Осыдан екі жарым мың жылға жуық бұрын халқының үштен
бірі атқа қонған үйсін мемлекетінен бастап қазақ сахарасында талай
тайпалық мемлекеттер үстемдік етті. Одан мың жылға жақын уақыт өткен
кезде басы барды идірген, тізесі барды бүктірген қытаймен, ұрыммен
(Византия) терезесі тең түркі қағанаты – ұлы империя ту тікті. Еділ мен Қап
тауының шығысында шаңырақ көтерген Хазар қағанаты, Шығыс Түркістан,
Жетісу, Сырдария, Талас, Шу өңіріндегі Қарахан қағанаты, Сырдария мен
Еділ арасын жайлаған Оғыз ұлысы, он екі тайпадан құралған өр Алтайдан,
Ертістен – Еділге, оңтүстік Оралдан, Құланды даласын басып, Балқаш көлі
11

Жоңғар Алатауына дейін мекендеген Кимек қағанаты, тағы басқа ұлыстар –
осылардың бәрі негізінен жергілікті түркі тектес тайпалар еді.
Қалың қол арабтарды, қара құртша қаптаған қара қытайды, т.б. алып
далаға басып кірген басқыншылар легін тек түркі тектілер ғана тоқтата алды.
Көшпенділерден кейін мұңғылдар қабылдап, одан әрі дамытқан әскери
өнерді қалыптастырды, қалың елді билеу жүйесін енгізді. Еуразияның қақ
ортасына ту тіккен ер түркі тайпалары Батыс пен Шығысты жалғастырды.
«Ұлы Жібек жолы» тек қана отырықшылардың өмір талабынан ғана емес
көшпенділердің болмысынан туғанды. Бір сөзбен айтқанда, ер түркі
тайпалары Еуразияның ең даласының төл перзенті санатында көк бөрілі
байрақ астында емін-еркін өсіп өнгенді. Сақтар, ғұндар, қаңлы, үйсін, дулат,
арғын, алшын, найман, керей, жалайыр, қимақ-оғыз, қыпшақ, қырғыз, қарлық
сияқты түркі тектес басқа да тайпалар болашақ қазақ халқының негізін сол
бір кезде осылай қалады.
Заманымыздың X ғасыр шенінде Еуразия сахарасында, сан тайпалардың
жиынтығы болған тектерден (славяндардан, роман-германдықтардан,
түріктерден, т.б.) этностардың бөліну процестері басталды. Дәл осы тұста
славяндар бөлініп, батыста орыс халқы, ұлы далада қыпшақ халқы
қалыптасты.
Қыпшақ этнонимі туралы мәлімет 759 жылғы Селенгі тасында кездеседі.
Рашид-ад-дин Оғыз (Өгіз) қаған қан майданда қаза болған бегінің шірік ағаш
қуысы ішінде (іші қуыс ағаш шыпшақ) туған баласын тауып алып, қыпшақ
деп атады деп көрсетеді. Құрманғали Халидтің айтуынша, «мағынасын
байқағанға «қыпшақ» адам баласы дегенге саяды».
Л.Гумилев айтқандай, XI ғасырда түркі супер этнос санатында сөне
бастады. Осы шақта түркілердің бағына 92 баулы қыпшақтар тарих
сахнасына шықты. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шежіресінде: «Күн батысы
Сырдария, күн шығысы Ертіс, Оңтүстігі Жетісу, Солтүстігі Еділ-Жайық, сол
төрт судың арасы Дешті Қыпшақ жұртының қонысы еді, сол қыпшақтан
тоқсан екі ру ел таралды. «Қытай көп пе, қыпшақ көп пе? – деген мақал
болған себебі осы», - деп көрсетілген. Өзі суперэтносқа барлық тайпалардың
бірден бір ұйтқысы болды. XII ғасырда қыпшақтар бүкіл араб, парсы, славян,
роман-герман халықтарының үрейін ұшыраған құдіретке айналды. Ертістен
Еділге, Шу мен Таластан Каспийге дейінгі біртұтас ен далада қыпшақ одағы
үстемдігін жүргізді. Ежелгі оғыз даласы енді Дешті-Қыпшақ – Қыпшақ
даласы атанды. 1055 жылы олар орыс шекарасына жетті. Кешікпей қыпшақ
ұландары Еділден Донға, одан Днепр мен Днестрге өтті. Енді бұл кеңістікті
орыс шежірелері Поле половецкое – Половецкая степь деп айтуға мәжбүр
болды. 1071 жылы Кіші Азияны – Анадолыны жаулап алған қыпшақтардың
қалың қолы ну Карпатқа, Дунайдың темір қақпасы мен Балқан тауға бірақ
тірелді.
Ұлы ақын Мағжан «От» деген туындысында:
Талай заулап ұшқанмын,
Әлпіге барғам Алтайдан,
Балқанға барғам Қытайдан, 12

дегенде ғұндардан кейін Еуропаға заулап барған қыпшақтарды да еске алса
керек.
Қыпшақтар мен оғыздар, тохсы, яғма, окрак, нарұқ тайпалары Махмұд
Қашқаридың дәлелдегеніндей, таза түркі тілінде сөйледі. Қыпшақ одағына
кірген түркі тайпаларын ол ортақ тілге айналды. Қорыта айтқанда, қыпшақ
атаумен халық болып танылған қазақ барша түркі әулетінің қара шаңырағы
болды. Еуразияның қос құрылығында тарихтың құдіретті төріне бір-ақ
шықты. Шежіреші ақын Мағжанның:
Көп түрік енші алысып тарасқанда,
Қазақта қара шаңырақ қалған жоқ па?! – деуі осыдан.
Біз жаңа дәуірде Алтайдан Днепрге дейінгі Еуразия сахарасында әрі
сулы, әрі таулы, әрі далалы өркениет болғанын пайымдаудамыз. Ол ол ма,
Ұлы Жібек жолында қала халқы 20 процент, ал дәл сол кезде батыс Еуропада
ортағасырлық қалаларда халықтың 12 проценті шоғырланғанын айта келіп,
біздің өркениет қала мен дала мәдениетінің қосындысы екендігін
дәлелдеудеміз.
Н.Ә.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты еңбегінде: Түркі
халықтарының әлемдік өркениетке қосқан үлестерін дәлелдеу арқылы
жалпытүріктік рухани негіздегі қасиетті қазыналар жасалғанын, «рухани
мұрагерлік жалғасын тауып, әрі сонау ғасырлардың терең түкпірінен ұлы
түркі еліне жасампаздық серпін бере білді», - деп, қорытады.
1.2 Тарихи деректану пәні мен оның міндеттері

Тарихи деректер – тарихи деректану ғылымының тікелей зерттеу
объектісі. Деректану – тарихи деректер туралы ғылым. Оның негізгі міндеті –
тарихи деректердің пайда болу заңдылықтарын және олардың шындыққа
қатынасын зерттеу. Деректану тарихи зерттеу тәжірибесі барысында пайда
болды. Алғашқы жазба деректер тек нақты тарихи фактілерді тануға
көмектесетін құрал ретінде пайдаланып, зерттеледі. Тарихи деректер
қорының кеңеюі мен ғылыми айналымға жаңа деректердің біртіндеп енуіне
байланысты, бір тарихи оқиғаның, құбылыстың не процестің әр түрлі
дәрежеде, тіптен кейде қарама-қайшы дәрежеде бейнелейтіні көріне бастады.
Сондықтан, ол деректерді зерттеу, бір-бірімен салыстыру, сол арқылы
шындықты іздеу қажеттілігі пайда болды. Ұзақ жылдағы зерттеу тәжірибесі
барысында қолданылған әр түрлі тәсілдер негізінде деректерді зерттеу
әдістемесі қалыптасты. «Дерек оқиғаны қалай бейнелейді» деген сұрақ
негізгі мәселеге айналды. Жазба деректер заттай деректерден
(археологиялық) бөлек зерттеле бастады. Тарихи білімнің тарих ғылымында
айналу процесі барысында біртіндеп деректану ғылымы қалыптасты.
Рашид-ад-Диннен бастау алған деректану ғылымының дамуына
қазақтың Ш.Уәлиханов, А.Байтұрсынов, О.Сүлейменов сияқты үлкен
ғалымдары өз үлестерін қосты. Өкінішке орай, 70 жылдан аса өмір сүрген
әміршіл-әкімшіл жүйе қазақты өз дерегін танып-білу мүмкіндігінен күштеп
13

айырды. Ендігі мақсат – кезінде біршама дамыған қазақи деректануға қайта
өрлеуіне күш салу. Ал әзірге біз көп жағдайда дәріс барысында орыс
деректану мектебінің жетістіктеріне сүйенеміз. Оның бірнеше себептері бар.
Біріншіден, Қазақ елінің алдымен Ресей империясының, одан соң КСРО
құрамында болғаны – тарихи шындық. Содықтан көп жағдайда біздің
тарихымыз ортақ. Екіншіден, тарихи деректану ғылымы іргелі ғылым ретінде
барлық халықтарға ортақ, бұл ғылымның жетістіктерін барлық халықтар
пайдалануға құқылы, сондықтан 200 жылға жуық тәжірибе жинаған орыс
тарихи деректану мектебінің, басқа да халықтардың деректерді зерттеу
тәсілдерін, жолдарын үйрену – қажеттілік.
Тарихи деректанудың жалпы тарих ғылымындағы алатын орнын
анықтау үшін оның қосымша тарихи пәндер мен және басқа да тарихи
зерттеулердің ара қатынасына зер салу керек.
Қосалқы тарихи пәндермен ара қатынасы.
Тарихи деректерді зерттеумен көптеген қосалқы пәндердің
айналысатыны белгілі. Олардың жалпы саны 30-дан асады:
- эпиграфика – тастағы, металдағы, сүйектердегі, ағаштардағы
жазбалар;
- нумизматика – теңгелердегі жазулар;
- сфрагистика – мөрелердегі жазулар;
- геральдика – ел таңбаларындағы жазулар;
- полиграфия – жазу материалдары мен құралдарын, жазу
ерекшеліктерін зерттеу;
- папирология – папирустардағы жазуларды зерттеу;
- текстология - әдеби ескерткіштердегі текстер тарихын зерттеу;
- дипломатика – заң актілерін зерттеу;
- хронология – тарихи оқиғалардың дәл уақытын анықтау;
- метрология - өлшем жүйесін тарихи дамуында зерттеу;
- тарихи география - өткеннің географиялық тарихын зерттеу;
- генеалогия – адамзаттың, жеке адамдардың шығу тегін зерттеу, т.б.
Бұл пәндердің даму барысында олардың зерттеу шеңбері де кеңіп
отырды. Дегенмен, арнаулы тарихи пәндердің қай-қайсысы болсын өзінің
зерттеу объектісі жағынан да, тәсілі мен шеңбері жағынан да деректанудан
әлдеқайда шектеулі. Деректану ғылымы деректердің тек кейбір түрлерін,
типтерін немесе топтарын (теңгелер, актілер, жылнамалар, заманхаттар, т.б.)
ғана зерттеп қоймайды, ол барлық тарихи деректердегі салынған
мағлұматтарды қоғам дамуының заңды жемісі ретінде зерттейді. Сондықтан
оның шеңбері барлық жағынан қосымша пәндерден әлдеқайда кең.
Қазіргі деректануда екі проблема кешені қаралады:
1. Теориялық-әдіснамалық мәселелер:
- тарихи шындықтың дерекке енуі және бейнеленуі;
- тарихи деректің әлеуметтік табиғаты, ондағы субъективтіліктің ара
қатынасы;
- тарихи деректерді жіктеу;
14

- деректердің ғылыми құндылығын пысықтау принциптері мен
тәсілдері.
2. Нақты-қолтаңбалық мәселелер:
- деректердің нақты түрлері мен типтеріне шолу жасау;
- нақты ескерткіштерге деректанулық талдау жасау;
- деректерден алынған мәліметтерді нақты тарихи міндеттерді
пайдалану тәсілдері және т.б.
Қазақстан тарихының деректану курсының мәселелері мен құрылымы
оның алдында тұрған негізгі міндеттермен айқындалады. Олар:
- ғылымның қазіргі даму дәрежесіне сай деректанудың теориялық және
әдіснамалық саласынан білім беру;
- пайда болған және сақталынған тарихи деректер кешені туралы
ақпарат беру;
- тарихи зерттеудің жалпы қажеттілігінен шыға отырып, олармен
жұмыс істеу тәсілдерін жетілдіру.
Сонымен, теориялық-әдіснамалық, ақпараттық және әдістемелік
мәселелер бір-бірімен байланысты қаралады. Әдістемелік мәселелерді ашу
деректерге шолу жасаумен қатар жүргізіледі, бұл жағдайда басты назар,
негізінен, деректер жеткізген фактілер мазмұнына емес, әр түрлі деректердің
ақпараттар беру ерекшелігін көрсетуге бөлінеді.

1.3 Отан тарихы курсының жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім берудегі орны мен маңызы

Бүгінгі Адами дүние әлемге, өркениетке, мемлекетке, ұлтқа, ұлысқа,
ағайын-туысқа, қалысқа бөлінеді. Қазақ ұлты бірден жаратылған жоқ, оның
бірнеше мың жылдық өсу, даму динамикасы бар.
Тарихтың негізгі миссиясы – ұлттың руға, тайпаға, арысқа, жүзге
бөлінуі үшін емес, оның тұтастығына, туыстығына ортақ тілі, ортақ діні,
ортақ ділі, ортақ Отаны, елі, жұрты барына талдау жасауға арналған. Ұлттық
сананы қалыптастыру, өткеннен сабақ, ғибрат алу, болашаққа үмітпен қарау,
зерделеу болады. XXI ғасырдың Қазақстан азаматы, өзін Қазақ
мемлекетінің өкілімін деп санайтын адам қазақ ұлтының тарихын
білуге тиіс. Тарих уақытпен байланысты ұғым. Қай ғасырда, қай жылы,
қандай оқиға болды? Оның халқымыз, ұлтымыз үшін қандай мәні бар – осы
бізге аса қажет. Бүгінгі таңда ұлттың тарихын білу керек дегенде, ең алдымен
мемлекетіміздің, ұлтымыздың қалай қалыптасқандығын тануымыз керек.
Сонымен әр Қазақстан азаматының ұлттық сезімін өзінің сол ұлттың
мемлекеттің өкілі екендігін білдіруге байланысты ұлттың тарихын білу,
әрине, үлкен шаруа. Егер XXI ғасырдың азаматы ұлтының өткенін білсе,
15

ұлттың қалай қалыптасып, қанша қан төгіп, өзінің жерін, елін, ұлттық
дәстүрін сақтап қалғанын білсе, ол адам, ол азамат өзінің ұлтқа деген ішкі
сезімін одан әрі күшейте түседі.
Ұлттың тарихын білу керек деген сөзді өзіме жақындатып пайдалансам өзімді-өзім тану деген сөз. Кімде-кім өзін сол ұлттың өкілімін деп таныса,
санаса, сондай сезімді қалыптастырғысы келсе, онда сол ұлттың тарихы
арқылы адам өзін-өзі тану керек. Яғни, тарихтың ішінде жүрген бі
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!