жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Ұлы дала перзенті-Абай"
«Ұлы елдің перзенті - Абай»
Мақсаты: Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы туралы тереңірек
мәлімет беру, өмір жолы мен шығармашылығын таныту,
Көрнекілігі: Абай портреті, кітаптар, шығармалары, қанатты сөздер,
Фотослайдтар, видео, аудио жазбалар
Жүргізуші:
Қайырлы күн! Құрметті өнер сүйер, өлең
сүйер қауым!
2-Жүргізуші: «Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, өлмейтұғын артынан сөз қалдырған» - деп өзіне мәңгі ескерткіш орнатып кеткен хакім Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы құтты болсын, ағайын!
1-Жүргізуші: Иа, Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының мерейтойына арналған «Ұлы елдің перзенті - Абай» атты әдеби сазды кешімізге қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:
Хакім Абай туралы қанатты сөздерге
шолу
« Қазақтың бас ақыны Абай
Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы –соңғы
заманда қазақ баласында біз білетін
ақын болған жоқ »
Ахмет
Байтұрсынұлы
«Абай лебі, Абай
үні, Абай тынысы — заман тынысы, халық
үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып,
жаңғырып, жаңа өріс алып тұр».
Мұхтар
Әуезов
«Абай өз заманынан
анағұрлым биік тұрған ақын еді»
Ғабит
Мүсірепов
«Орыстар үшін —
Пушкин, ағылшындар үшін –Шекспир,
грузиндер үшін — Руставели… қандай
ұлы құбылыс болса, Абай да қазақтар үшін
сондай теңдессіз құбылыс».
Қайсын
Кулиев
«Абай әлемге ашылған
терезе еді, оның жаны жаңарып жатқан
дүниенің алыстағы сарынын сезе білді…
Гете мен Толстой сынды көптеген заңғар
гуманист тұлғалардың далалық бауырласы
екенін танытты».
Шыңғыс
Айтматов
«Абайды таныту арқылы
біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ
халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің
ұлттық ұранымыз болуы тиіс».
Нұрсұлтан
Назарбаев
Абай:
Дана
Абайды
Қазақтың ақылына
балаймын.
Туатұғын алдынан ғасырына
балаймын!
Ақылының нұры бар, Абайы
бар қазақтың,
Жан алаңы, мұңы бар
— қазағы бар Абайдың.
Мадина:
Арлы
Абайды
Қазақтың қайраты деп
ұғамын,
Қайда барса айбыны, айбаты
деп ұғамын!
Жер шарының шиырлап,
қай жағынан шығайын,
Құбылаға
бұрғандай, Абайға бет бұрамын!
Батыр:
Сара
Абайды
Қазақтың жүрегі деп
білемін,
Жүректі шер меңдесе, таба
алады кім емін?
Ақындардың ірісі,
ғашықтардың пірі едің,
Жайған
сәби саусағын, қайран менің жүрегім!
Жүргізуші
-
Әрине, Абай атамыз туралы айта беру
артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып,
таныс бейне секілденгенмен, ол туралы
білетініміз тым аз - ау. Ұлылықтың сырына
қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай
болатынын ұғынғымыз келсе, дана Абай
әлемін шарлап қайталық, құрметті
халайық!
Аманжол:
Ұлы Абай 1845жылы Шығыс Қазақстан облысы,
Абай ауданына қарасты
Шыңғыстау
бауырындағы Қасқабұлақ деген жерде
дүниеге келген . Азан
шақырып қойған аты – Ибраһим. Абай деп
шешесі Ұлжан атап кеткен. Әкесі Құнанбай
аға сұлтан, болыс болса, аталары Өскенбай,
Ырғызбай атақты, әйгілі билер, Тобықты
руының билеушілері болған.
Анар:
Жас шағында Абай тәрбиені жұмсақ мінезді, мейірімді шешесі Ұлжан мен кәрі әжесі Зереден алады. Ол жас кезінен өлең-жыр, әңгімеге әуес болып, әжесі мен анасы айтқан ертегі-аңыздарды құмартып тыңдап өседі. . Ауыл молдасынан арабша сауат ашқан Абайды әкесі он екі жасында Семейге оқуға жібереді. Абай Ахмет- Ризаның медресесінде оқыды. Медреседе араб, парсы тілдерін жақсы меңгереді. Шығыс ақындары Низами, Сағди, Фзули, Хафиз шығармаларымен танысады. Медреседе оқып жүріп, үш ай «Приходская школада» орысша оқиды.
Аманжол:
Әке
үміті мен тәрбиесі босқа кетпей, ел
билеу ісіне ерте іліккен Абай 12 жыл
болыс, 6 жыл би болып қызмет атқарады.
Ал, Абайдың поэзиясына көркемдік әлеміне
үңілген сайын, адам жаны тебіреніп,
сезім көкжиегі кеңейіп, бар болмысы
сөзбен айтып жеткізе алмайтындай ләззат
алады.
Анар:
Ұлы
ақын жас ұрпақты имандылыққа,
адамгершілікке, ғылым-білім үйренуге
шақырды. Абай жастардың бойындағы
кеселді кемістіктерді, арсыздық пен
ұятсыздықты, дөрекі надандықты тәрбие
және білім, ғылым беру арқылы жоюға
үндеді.
Жүргізуші:
Осыған орай, Абайдың алғашқы өлеңдерінің
бірі «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіне
кезек берсек.
Элеонора
. Лейла«Ғылым
таппай мақтанба»
Жүргізуші
Абайдың
келесі бір топ өлеңдер шоғыры табиғат
лирикасына арналады. Олар: «Жазғытұры»,
«Қыс», «Күз», «Жаз» Абайдың жыл
мезгілдеріне арналған осы өлеңдерінен
қазақ өмірінің тіршілігі суреттеледі.
Бұл
өлеңдерде табиғат аясында сол
табиғаттың ауа-райына үндесе тіршілік
ететін халықтың ұлттық ерекшелігі
бейнеленген.
Ортаға Мектепалды дайындық тобының оқушыларын шақырамыз
«Қыс»
- Шарипхан Аружан
«Жазғытұры» -
«Жаз» - Баттал Медина
«Күз» Дурнам апай
Мералы:
Академик Зәки Ахметов Абай ақындығының теңдесі жоқ екендігін, сонымен бірге оның аса дарынды сазгер болғанын, көптеген әдемі,әсерлі әндер шығарғандығын айтқан.
Жүргізуші:
Құлақтан
кіріп бойды алар,
Жақсы әнмен
тәтті күй.
Көңілге түрлі ой
салар,
Әнді сүйсең, менше сүй ,-деп
Абай атамыз өзі айтқандай,
«Желсіз
түнде жарық ай» әніне кезек берсек
. 10-сынып оқушысы
Азимахун Асқардың
орындауында.
Мералы:
Әннің
де естісі бар, есері бар
Тыңдаушының
құлағын кесері бар.
Ақылдының
сөзіндей ойлы күйді,
Тыңдағанда
көңілдің өсері бар.
Жүргізуші:
Жаманға
«жар» деген-ақ ,ән көрінер,
Жақсы
ән білсе, айтуға кім ерінер
Жарамды
әнді тыңдасаң, жаның еріп
Жабырқаған
көңілің көтерілер,-деп Абайдың әні
«Көзімнің қарасы» қабыл алыңыздар.
Орындайтын 6-сынып оқушысы Шарипжан
Элеонора
9-оқушы:
Шам-шырағы
қазақтың –ұлы Абай,
Бағдарымсың
бет түзер Құбыладай!
Ана тілдің
арқасы, ұғып келем,
Желілерін
ойыңның үзіп алмай.
Талант таудың
ұшпағы -ұлы Абай,
Таңдан, әлем,
қазақтың ұлы қандай!
Әр тасыңнан
бастау-ап, өлең-бұлақ,
Сыбдыр
қаққан балбөбек тілі балдай.
Толған:
Қазақтың
рухани кемеңгері, ойшылы, білім мен
бостандық жолындағы
қажымас
күрескері — Абай бұл күндері бүкіл
адамзатқа ортақ тұлғаға айналып отыр.
Толған:
Туғаннан
дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен
жер қойнына кіреді денең
Өмірдегі
қызығың бәрі өлеңмен... деп, Абай
атамыз айтқандай келесі сөз кезегін
Абай өлеңдерінен нәр алған оқырмандарымызға
берейік.
МАД тобы, 2-11сынып оқушылары
Өздеріңіз білетіндей, Абай- қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы және қазақ халқын орыс әдебиетімен таныстырушы, табыстырушы. Ол өзінің аудармалары арқылы қазақ жұртын орыс классиктерінің шығармаларымен таныстырған адам. Олай болса, Абай аудармаларына негізделген көріністерді тамашалаңыздар.
9 «А» сынып оқушылары ақынның орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкиннен аударған «Евгений Онегин» поэмасынан үзіндіні көрсетеді.
«Шырылдауық шегіртке» мысалынан үзінді тыңдаңыздар.
Еңлік– Татьяна, Абылай-Онегин рөлдерін сомдайды.
Дәрия:
Абай
шығармашылығындағы елеулі орын алатын
бір сала - оның поэмалары.
Олар: «Ескендір», «Масғұт», «Әзім
әңгімесі». Абай өзінің поэмаларында
да,өлеңдеріндегі секілді әлеуметтік
–адамгершілік идеяларын көтерді.
Соның бір дәлелі ретінде «Масғұт»
поэмасын тамашалаңыздар.
6-сынып
оқушылары «Масғұт» поэмасынан көрініс
дайындады..
Дамир «Ескендір»
поэмасынан үзінді оқыды.
Талғат:
Абай өмірінің соңында жазылған туындысы «қарасөздер » деп аталады. Қара сөздер-көркем әңгіме емес, алайда оларды даналық сөздер, мақала, ғылымдық, философиялық шолулар деп қарастыруға болады. Абайдың жалпы қарасөздерінің саны-45. Абайдың қарасөздерінен үзінді
Көрініс /18-қарасөз/
Жүргізуші
14- оқушы
«Абай мұрасы — қазақтың ең қасиетті қазынасы. Абай өзінің халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды. Ғасырлар бойы қалың елін, қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді,»,-деп Елбасымыз да Абай мұрасына ерекше баға береді.
Жүргізуші: Абай - әлемі ұлы қазына, біз тек ақын өлеңдерінің аз ғана бөлігін қамтуға мүмкіндік алдық. Бүгін ХХІ ғасырдың басында біз Абайдың шығармашылығынан қазаққа қажет руханилықты табамыз. Бізден кейінгілер де өздеріне қажетін табатыны сөзсіз. Себебі Абай – адамзат ақылшысы.
2-Жүргізуші: Орыс, ұйғыр, шет тілдеріне аударылған Абай өлеңдеріне кезек берейік.
1-Жүргізуші:
Жүрегіңнің
түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ
адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы,
соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен
жалғыз алыстым кінә қойма,- деп ақынның
өзі айтқандай, «соқтықпалы, соқпақсыз
жерде өсіп», тар жол, тайғақ өмір кешкен,
өкініш пен өксігі көп, қайғысы мен
қасіреті мол қараңғы қапас өлкеде де,
ел мұңдарын «асау жүрегінен» ағыта,
шабытты жыр ғып төккен алып Абай атамыз
туралы да көптеген шығармалар жазылды.
Соның бірі ақынның құрдасы жыр даңғылы
Жамбыл атамыз Абайдың портретін көргенде
«Мынау тұрған Абайдың суреті ме?» ,
сонымен қатар, ақынның баласы Әбіш
өліміне көңіл айтып, «Сәлем айт, барсаң
Абайға» атты өлеңдерін қабыл алыңыздар.
16-оқушы «Мынау тұрған Абайдың суреті ме?»
Мынау
тұрған Абайдың суреті ме? —
Өлең
— сөздің ұқсаған құдіретіне,
Ақыл,
қайрат, білімді тең ұстаған,
Қарсы
келер Абайдың кім бетіне!
Ақын
атын таратқан әрбір тұсқа,
Соңғыларға
қалдырған үлгі-нұсқа,
Арғын,
Найман сөзіне таңырқаған —
Қандай
арман бар дейсің бұл туыста!
Терең
ойдың түрінде теңізі бар,
Тесіле
көп қарасаң көңіл ұғар.
Сол
тереңге сүйсініп жан үңілмей,
Есіл
сабаз ызамен өткен шығар!.
17-оқушы «Сәлем айт, барсаң Абайға»
Сәлем
айт, барсаң Абайға,
Кеңесі
кеткен талайға.
Ауырды
жеңген қара жер,
Сабырлы
болсын қалайда!
Бір
жұтқан судай дүниесің,
Ащысын
татып күймесін.
Жапанға
біткен бәйтерек,
Жалғызбын
деп жүрмесін!
Кемелге
келген асыл-ай,
Тасқынды
тәңір басуы-ай!
Нар
көтерген ауырға
Арқасын
тоссын жасымай!
Жүргізуші: Президентіміз өз мақаласында : Абай арманы – халық арманы. Халық арманы мен аманатын орындау жолында аянбағанымыз абзал. Абайдың өсиет-өнегесі ХХІ ғасырдағы жаңа Қазақстанды осындай биіктерге жетелейді-деп Абай мұрасының құндылығын атап өтті.
Жүргізуші: Абай Әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезов : «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен, тек қана сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан, білуге ұмтылушылықтан, ізденуден жалықпайық.
Кешімізді
Сағынғали Сейітовтың «Кім?» деген
өлеңімен аяқтағым келеді.
Жүрегін
шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен
жан сусынын қандырған кім?
Өзіне
өзі орнатып ескерткішті
Мұра
ғып кейінгіге қалдырған кім?
Ерте
оянып, ойланып ержеткен кім?
Талабын
тас қияға өрлеткен кім?
Құба
жон, құбақан құм құла қырды
Өлеңнің
бесігінде тербеткен кім?
Соқтықпалы,
соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен
әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын
аттандырған келешекке
Біздермен
осы күнгі тербеткен кім?
Тайсалмай
мыңмен жалғыз алысқан кім?
Өзендей
құйған барып көк теңізге
Лермонтов,
Пушкиндермен табысқан кім?
Көрікті
көңілде жыр, қолда қалам
Өмірдің
өріне өрлей басқан қадам
Қазақтың
өлеңінің ұлы атасы,
Ол
- Абай, Ұлты - қазақ, Аты –Адам.
Жүргізуші:
Құрметті кеш қонақтары назарларыңызға
көп көп рахмет!
Шегіртке мен құмырсқа (И. А. Крыловтан)
Шырылдауық шегіртке Ыршып жүріп ән салған.
Көгалды қуып гөлайттап, Қызықпен жүріп жазды алған.
Жаздыгүнгі
жапырақтың Бірінде тамақ, бірінде үй,
Жапырақ кетті, жаз кетті, Күз болған соң
кетті күй. Жылы жаз жоқ, тамақ жоқ,
Өкінгеннен не пайда? Суыққа тоңған,
қарны ашқан Ойын қайда, ән қайда? Оныменен
тұрмады, Қар көрінді, қыс болды. Сауықшыл
сорлы бүкшиді, Тым-ақ қиын іс болды.
Секіру қайда, сүрініп, Қабағын қайғы
жабады. Саламда жатып дән жиған Құмырсқаны
іздеп табады. Селкілдеп келіп жығылды,
Аяғына бас ұра: Қарағым, жылыт, тамақ
бер, Жаз шыққанша асыра! Мұның, жаным,
сөз емес, Жаз өтерін білмеп пе ең? Жаның
үшін еш шаруа Ала жаздай қылмап па ең?
Мен өзіңдей шаруашыл, Жұмсақ илеу үйлі
ме? Көгалды қуып, ән салып, Өлеңнен қолым
тиді ме? Қайтсін, қолы тимепті, Өлеңші,
әнші есіл ер! Ала жаздай ән салсаң,
Селкілде де, билей
бер!
Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/debiet/audarma/23663
Материалды
көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына
гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы
тиіс. Авторлық
құқықты сақтаңыз

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген