400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

«Ұлы дала перзентімін»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды елін, жерін сүюге, байлығын қорғауға, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ұлы дала перзентімін»

Мақсаты: Отан туралы білімдерін назарға ала отырып, Отанымыз – Қазақстан Республикасы туралы не білетіндігін саралау, алған мәліметтер бойынша білімдерін бекіту.
Міндеттері:
1) Білімділік: Балалардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту.
2) Дамытушылық: Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыру.
3) Тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін сүюге, байлығын қорғауға, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Мен  - ұлы дала перзентімін.

«Қазақстан - ұлы далам,

Ұлы  байтақ, ұран далам.

Мол байлықтың мерейі бар,

Жеңіс үшін ұрандаған.» - деген жолдармен өз шығармамды бастағым келеді.

Иә, мен – ұлы дала перзентімін. Қазақтың кең байтақ даласын мекендеген ежелден еркіндік аңсаған бабалардың ұрпағымын. Қазақ елі өзінің егемендігі жолында тар жол, тайғақ кешулерден өтті. Сол себепті қазір біз үшін тәуелсіздік – ұлы мереке.

Тәуелсіздіктің тарихына үңілейікші. 1991 жыл 16 желтоқсан - Қазақстан тарихына Тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні. 1992 жылы еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылданды. Біріккен ұлттар ұйымына кіріп, әлем елдерімен бейбіт қарым–қатынас жасауға кең мүмкіндік алды. Мемлекетіміздің рәміздерінің, Ата заңының қабылдануы да алғашқы қадамдардың бірі болды.

Н.Ә.Назарбаев Астанаға көшуге ұсыныс жасады. 1997 жылы Қазақстаннның астанасы Ақмола болып жарияланды 1998  жылы Ақмола аты  Астана болып ауысты. Ал қазіргі Астан – Арман қала, біздің мақтанышымыз, Қазақстанның жүрегі.

Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай.
Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай 300 000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға созылып жатыр.
- Біздің еліміз - жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет. Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған егіні, дала толы аң - құсы, таусылмас кен байлығы да жеткілікті, мол.

Туған жерін сүймейтін адам жоқ. Олай болса, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер біледі екенбіз?
1. Туған жер - тұғырың
Туған ел - қыдырың.
2. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
3. Туған жер – алтын бесік.
4. Туған жердің топырағы да ыстық.
ХХ ғасырдың соңғы 16 жылында тәуелсiз мемлекет ретiңде әлемге танылған Қазақстанның әрбiр Отансүйгiш азаматының кеудесiне осындай сенiмнiң өшпес оты тұтанған.

Менiң туған өлкем - кең байтақ Қазақстан. Оның асқар таулары мен айдын көлдерi, жайқалған орманы мен жасыл жайлауы менiң ақ бесiгiм. Сондықтан да мен оны  ардақтаймын. Шексiз сүйемiн. Әрқашан аялап,қорғап жүремiн.


Егеменді еліміздің жеткен жетістігі көп. Біз Ұлы даламызды мақтан етеміз. Оның болашақта өсіп–өркендеуі үшін мен де өз үлесімізді қосамыз.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
82 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
944
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі