400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Ұлы дала перзентімін

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы дала перзентімін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні

13.11.2023

Класы, жетекші

6 А / Арыстанова А. С.

Сабақтың тақырыбы

«Ұлы дала перзентімін»

Мақсаты

1. Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.

2. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.

Керекті жабдықтар


суреттер, нақыл сөздер, слайд, бейнетаспа

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

жаңа білімді меңгерту, ой бөлісу.

Құндылықтар

Ұлттық мүдде құндылығы: Қоғам игілігі үшін қызмет ету

Сабақ барысы:

Сабақ

кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе (5мин)




1.Оқушылармен амандасу.

- Сәлематсыздар ма, оқушылар?

- Бүгін біздің өтетін сабағымыздың тақырыбы: « Ұлы дала перзентімін ».

- Балалар, алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтама беріп кеткеніміз жөн болар. 

Мұғаліммен амандасады.




Негізгі бөлім

(25мин.)


- Патриоттық ең алдымен туған елінің тамыры терең тарихын білуден, бабаларымыз ғасырлар бойы жүріп өткен қилы замандардан сабақ алудан басталады. Елінің өткеніне құрметпен қарап, қазіргі замандағы даму барысына шын ниетпен үлес қосып, болашағына үмітпен қарап, өз елінің перзенті ретінде азаматтық парызын адал атқарған адамды ғана шын мәнінде нағыз отаншыл адам деуге болады. Сондықтан ең бірінші қадамымыз тарихымызды білуде жатыр.


- Викториналық сұрақтар :

1.16-желтоқсан қандай күн?

2.Мемлекетіміздің астанасы қай қала?

3.Қазақстан Республикасының Ата заңы қашан қабылданды?

4.Тудың авторы кім?

5.Елтаңбаның авторы кім?

6.Әнұранның сөзі мен әнін кімдер жазған?

7.«Желтоқсан оқиғасына» кімдер қатысты?

8.Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім?

9.Тұңғыш президент күнін қашан тойлаймыз?

10.Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?

11.Бұл қандай сурет?

12.Қазақтың төл теңгесі қашан айналымға шықты?


- “Бұл қай ғимарат?”

- Сөзжұмбақ «Отан»

1. Ұлттардың бірлігі, татулығы             (Достық)

2. Елордамыз қай қала?                           (Астана)

3. Біз қай ұлтпыз?                                    (Қазақ )

4.Мемлекеттік рәміздеріміздің бірі       (Әнұран)












Оқушылар мұғалімнің қойған сұрағына қол көтеру арқылы жауап береді.
















































Қорытынды

(10мин.)




Қорытындылау.

- Міне, балалар бүгін өздерінді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендіктерінді көрсете білдіндер. Халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Еліміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарына сеніміміз мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!

Сау болыңыздар!


Карточка бойынша өз қорытындыларын жасайды.


Тақырып бойынша алған білімдерін қорытындылайды.








.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
202
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі