Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлы дала таулары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Сабақ тақырыбы:Ұлы дала таулары

Мектеп:Cапақкөл орта мектебі КММ



Күні:

14.04.2017

Мұғалімнің аты-жөні:Отарғалиева Л


СЫНЫП:6

Қатысқандар:26

Қатыспағандар:0



Сабаққа негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

ӘТН1 6.4.1.1.тақырып бойынша жеке сөздер ,бірге ,бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу


Сабақ мақсаттары


Shape1

Барлық оқушылар орындай алады: дефисарқылы жазылатын сөздердің жасалу жолдарын түсінеді,жазады.




Оқушылардың көпшілігі орындай алады: дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай қолданып,

сөйлем құрап жазады.




Кейбір оқушылар орындай алады: тақырып бойынша дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай мәтін құрап жазады.




Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:жасалу жолдарын түсінеді,мәтінді тыңдайды,қолданады,сөйлем құрайды,мәтін жазады


Нақты тақырыпқа арналған сөздік қор мен терминология:

Дефис,орфография,норма


Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

-Менің ойымша...

-менің пікірімше...

-мен оны былай түсінемін...

-мен мынадай қорытындыға келдім...


Талқылауға арналған сұрақтар:

Ұлы дала тауларына қандай тауларды жатқызар едіңіздер?Неліктен?

Ұлы дала тауларына байланысты ақын-жазушылардың қандай шығармаларын білесіздер?



Бағалау критерийлері


-дефис арқылы жазылатын сөздердің жасалу жолын түсіну,жазу;

-орфографиялық нормаға сай қолдану,сөйлем құрау;

-нормаға сай мәтін құрап жазу.


Құндылыққа баулу

«Мәңгілік ел»ұлттық құндылық идеясытабиғатты қадірлей білуге тәрбиелеу.



Пәнаралық байланыс:

География,тарих,әдебиет


Алдыңғыоқу:«Өрмекші »әдісімен өткен сабақты еске түсіріп өту

3 минут


Жоспар


Жоспарлан-

ғануақыт


Жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар



Басы

7 минут

С.«Стоп-кадр»әдісі«Ұлы дала таулары »

тақырыбында бейнежазбаны көрсету арқылы диалогқа тартубейнетаспаның мазмұнын болжату және талдату

«Тау алыстаған сайын биік»

«Таудың биіктігін төбе аласартады»

«Көрінген таудың алыстығы жоқ»

мақал-мәтелдердің мағынасын қалай түсінесіз?

Ортақ сөз қандай?

Талқылауға арналған сұрақтар:

Өлеңтармағынан шумақ құрау арқылы 3 топқа бөлу.

Қ.Бұғыбаева «Таулар,таулар»

Таулар,таулар,сырларыңа қанықпын,

Тас төбеңнен көтерілер талып түн.

Бітіміңмен қайсарлықты паш еткен,

Сен деп білем көкірегін алыптың.

М.Мақатаев «Мен -таулықпын!»

Мен –таулықпын!Таудан мен жаратылғам.

Тау деген Ана туған дара тұлғам,

...Тауға барып ,көкке ұшып кетсем бе екен

Ұстап алып қыранның қанатынан.

«Көкшетау»,«Мен -таулықпын!», «Таулар»3 топқа бөлу



Интерактивті тақта


https://youtu.be/zj-x9ghka6M


https://www.youtube.com/watch?v=cb5Y8UVTsVY










Ортасы

20 минут

Ж.1-тапсырма:« Сиқырлы фигуралар» әдісі.

Берілген қиықша үшбұрыштардағы дефис арқылы жазылатын сөздер сыңарын реттеп құрастыр,жұптап жаз

Дескриптор:

-қиықшаларды құрастырады;

-қос сөздердің сыңарын табады;

-мағынасын түсіндіреді.

Қалыптастырушы бағалау«Білімнің биік тауы» тәсілі (өзіндік бағалау)


ЖЖ 2-тапсырма:«Ойлан.Жұптас.Бөліс»тәсілі

Төмендегі ақын өлеңдерінен дефис арқылы жазылатын сөздерді қатыстырып,сөйлем құра

1-топ «Көкшетау» Қ.Аманжолов

2-топ «Мен -таулықпын!» М.Мақатаев

3-топ «Таулар» Қ.Бұғыбаева

Дескриптор:

- мәтіннен қажетті сөздерді табады.

-сөздерді орфографиялық нормаға сай қолданады.

-сөйлем құрап жазады.

Қалыптастырушы бағалау «Бас бармақ»тәсілі (өзара бағалау)


ТЖ 3-тапсырма«Жадымдағы жеті сөйлем»әдісі «Туған өлке таулары»тақырып бойынша дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай қолданып,мәтін құрап жаз.

Кіріспе бөліміне-2 сөйлем

Негізгі бөліміне-3 сөйлем

Қорытынды бөліміне-2 сөйлем

Дескриптор:

-мәтінді орфографиялық нормаға сай жазады;

-дефис арқылы жазылған сөздерді қолданады,оқиды.

Қалыптастырушы бағалау «Бағалау стикерлері»тәсілі (топтық бағалау)


Shape2 Shape3



Мыс:ерсіл-қарсыл,ерте-кеш,сай-саласын,тұп-тұнық,аң-таң


оқулық,

Қазақстан физикалық картасы


Shape4








сөздіктер





Shape5



Соңы

10 минут

Рефлексия.«Білім шыңы »әдісін қолдану

Әр білім алушы өзінің тауға шығу жолында қай тұста тұрғанын белгілеу

1. Мен биіктікке шығуға талпынудамын ...

2. Мен биіктікке жету жолындамын...

3. Мен биіктікті бағындырдым...







кері байланыс

парақшалары


Қосымша ақпарат



Өздері тұрған жердегі немесе өзіне ұнайтын танымал ақын-жазушылардың шығармаларында кездесетін сипаттаулардан үзінді жинау



Саралау – оқушыға

мейлінше қолдау

көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Қабілетті

оқушыға тапсырманы

қалай түрлендіресіз?


Бағалау – оқушы білімін

тексеруді қалай

жоспарлайсыз?


Пəнаралық байланыс –

Денсаулық жəне қауіпсіздік,

АКТ-мен байланыс.

Құндылықтармен байланыс

(тəрбиеэлементі).


Тапсырмаларды жүйелі түрде жеке,жұптық,топтық бере отырып,

тақырып бойынша дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазуға жетелеу. Тау тұлғалы ақындардың өлеңдері арқылы адамгершілік,ұлтжандылық қасиеттерге баулу.

«Жадымдағы жеті сөйлем» әдісі бойынша:

-Барынша қолдау – мәтінге тиісті 1-2 cөйлем жазуына ықпал етемін.

- Орташа қолдау – тақырыпқа сай 3-4сөйлемді орынды құрастыруына ықпал етемін.

-Төмен тақырып бойынша 5-6 сөйлемнің құруын талап етемін.

1.« Ойлан.Жұптас.Бөліс» әдісі бойынша :

-Ақын өлеңін жұптасып оқып, тірек сөздерді табуын сұраймын. Мысал арқылы түсіндіріп өтемін.

- өлеңді жұптасып оқып, бірлесе жұмыс жасауын сұраймын

-тапсырманың орындалуын талап етемін.

Сабақтыңоқу мақсатына негізделген қадамдарды орындау барысында келесі әдістерді қолданған тиімді деп ойлаймын. «Жазбаша дөңгелек үстел» (Раундробин), «Төрт сөйлем»тәсілі т.б.


«Бас бармақ», «Білім шыңы» әдісі бойынша бағалайды.

- Топ ішінде жұптар бірін-бірі бағалау (бас бармақ арқылы)

- топтар бірін-бірі оқушылар өзара,өзіндік,топтық дескрипторлар арқылы бағалау


«Мәңгілік ел» идеясындағы жалпыадамзаттық құндылықтарға баулу,тарих, география пәндерімен байла

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сəйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім жəне неге?

Сабақ өз мақсатына жетті.Сабаққа негізделген оқу мақсаты мен сараланған сабақ мақсаттарытолық орындалды. Тапсырмалар оқушылардың қабілетін ескере отырып берілгендіктен барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізілді.Өйткені әр тапсырманы орындауда қолданылған әдіс–тәсілдер жұмысты орындауда сәйкес келіп отырды. Бақылаушылар сабақты жақсы деңгейде өткендігін айтты.Тапсырмаларды жүйелі түрде бере отырып, әдеби тіл нормалары бойынша тақырыпты ашуда жоспарланған саралау мақсатым өз дәрежесінде іске асты. Себебі,білім алушылар белсене араласып,өз ойларын еркін айтты.Уақытты тиімді пайдаландым.Жоспарлаған тапсырмаларым сабақтың үш кезеңінде орындалды.

Оқушылардың даму, жетілу, қалыптасу үдерістеріне қолдау танытып, олардың тұлғалық қасиеттері мен қабілеттерін қазақ тілін оқыту арқылы шешу жолдарын ұстану керек.Әр сабақта қолдануға тиімді интербелсенді тәсілдерді мақсатқа бейімдеп қолдандым.


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1: «Ойлан.Жұптас.Бөліс» тәсілі арқылы тақырыпты негізге ала отырып, ақын өлеңдерінен дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық норма сай қолданып,сөйлем құрауы.

2:«Жадымдағы жеті сөйлем» әдісінде әдеби нормаға сай сөздерді ретімен қолдануы

Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:білім алушы мен мұғалім арасындағы кері байланыс,

2:бағалау түрлерімен сабақты ұтымды ұйымдастыру.

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1:сабақ барысында кейбір жекелеген оқушыларға қызықты ақпараттарды кеңінен қолдану қажеттілігін түсіндім.

2:АКТ мейлінше көбірек пайдалану керектігін білдім.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
2818
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі