Ұлы
дала төсіндегі Ұлы Ордаға – 750 жыл
Сарбасова
Тәттім
«М.О.Әуезов
атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК
«Мектепке
дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің
36 топ студенті
Жетекшісі:
Баяхметова Л.С.
«Ата-бабалардың
аманатына адал болу – бізге сын»
Қ.Тоқаев
Биыл
айбынды Алтын Орданың құрылғанына 750
жыл толып отыр. Осыған
орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев
«Ұлытау»
ұлттық табиғи паркін құру мәселесі мен
Алтын Орда негізін қалаушы Жошы ханға
бүкіл әлемнің назарын аудару, оның
кесенесін мәдени туризм нысанына
айналдыру қажет деген болатын. Еліміздің
қай жері болсын, ол – тұнып тұрған тарих.
Оны зерделеп, өз арамызда ғана емес,
өзге елге де паш ету – біздің ұрпақтық
парызымыз.
Көздің қарашығындай сақтап, ұрпақтан
-ұрпаққа жеткізетін тарихымыздың тағы
бір парағы - Ұлы дала төсінде үш ғасырдан
астам салтанат құрған Жошы Ұлысының
тарихына қатысты орын алған бірқатар
маңызды оқиғалар мен тарихи ескерткіштер.
Ал
«Алтын
Орда» атауы қалай пайда болды? Араб және
парсы авторлары Алтын Орданы Батый
ұлысы, Өзбек ұлысы деп те атаған. Алтын
Ордадан өткен Еуропа саяхатшылары
П.Карпини және В.Рубрук «Кумандар елі»,
«Кумония» деп те атаған екен. Дегенмен
«Алтын Орда» XVI ғасырдың екінші жартысында
алғаш рет орыс жылнамаларында қолданылып,
кейін ғылыми әдебиеттерде көрсетіле
бастады.
Алтын
Орданың құрылуы қазақ елінің қалыптасуы
деп білемін. Бұл сөзіме біраз дәлелді
деректер келтіре кетейін. Көптеген
ғалымдар
Жошы ұлысының құрамында болған Арғын,
Қыпшақ, Керей секілді ру аттарын өз
зерттеулерінде атаса, сол атаулар
қазіргі қазақ арасында әлі күнге бар
екені баршамызға мәлім. Сондай-ақ,
қазақтың
ұлы ғалымы, тарихшы, фольклоршы, этнограф,
географ, ағартушы
Шоқан Уәлиханов естеліктерінде былай
деп жазыпты: «Қазақтар өздерін Алтын
Орда татарларының ұрпақтарымыз деп
санайды». Яғни Шоқан Уәлиханов өмір
сүрген кезеңде ата-бабаларымыз бұны
жақсы білген. Тағы бір дәлел, біздің
«теңге» сөзіміз де сол Алтын Орда
заманынан бастау
алады. Жошы ұлысы билік құрған тұста
ақша атауы «данга» делініпті. Бұдан
біздің «теңге» атауымыз пайда болған.
Жоғарыда келтірілгендерден ұғатынымыз,
«қазақтар кешегі Алтын Орданың тікелей
мұрагері» дегенге саяды.
Алтын
Орда астанасы бастапқыда Сарай Бату
қаласы болып, кейін Сарай Берке шаһарына
ауысты. Ал Қасым
ханның тұсында сол Сарайшық қазақтың
астанасына айналады. Ибн
Батута деген араб саяхатшысы, әрі
географ-зерттеушісі «Дешті Қыпшақ
даласына саяхат» деген естелік
жазбаларында өзінің 1334 жылы Сарайшыққа
келгенін былай баяндайды: «Біз Үлкен
Сарай қаласынан атқа жегілген арбамен
он күн жүріп, Кіші Сарай қаласына келіп
жеттік. Бұл Ұлысу деп аталатын терең,
әрі ағысы қатты өзеннің бойына салынған
қала екен... Сарайшық - әлемдегі Бағдаттан
кейінгі екінші үлкен қала. Орталығында
хан сарайы
тұр, оның ішінде 4 мешіт пен көптеген
керуен сарайлары бар, оның биіктігі -
11 метр, қалыңдығы 4 метрге тең. Бір
кереметі - қаланың әрбір үйіне су құбыр
арқылы барып тұр...». Расында да, 1242-1502
жылдар аралығында екі жарым ғасыр өмір
сүрген Алтын Орда мемлекеті тұсында
жазба әдебиеті қарыштап, қала өркениеті
дамыды. Сонымен қатар, заң, салық, әскер,
тіпті пошта жүйесі де жолға қойылған
еді. Зор мақтаныш кеудені кернейді
осындайда!
Елімізде
Президент резиденциясының «Ақ орда»
деген ресми атау сол Алтын Орда мемлекеті
тұсында ел басқарған хандардың тарихымен
– Ұлы дала тарихымен заңды сабақтастық
болса керек.
Сөз
қорытындысында, Қазақстан Республикасының
Президенті Қасым-Жомарт
Тоқаевтың
«Ұлы ханның үлкен ұлы
–
Жошының мазары қазақ жерінде тұрғанын
бүгінде еліміздегі және шетелдегі
жұртшылықтың көбі біле бермейді.
Ата-бабалардың аманатына адал болу –
бізге сын. Сондықтан біз Алтын орданың
негізін қалаған Жошы ханның есімін
ұлықтауды
міндетті түрде қолға алуымыз қажет.
Оның тарихи тұлғасына әлемнің назарын
аударып,
кесенесін мәдени туризм нысанына
айналдыру – өте маңызды міндет» деген
сөзін қосқым
келеді. Мен
әлемнен бастамас бұрын, өзімізден
бастағанды жөн көрдім. Тарихтан Жошы
ханның есімі мен ерлігі, Алтын Орда
жайлы белгілі деректерді зерделедік,
қаншама қатарластарым өздерінің ғылыми
ізденістерін жүргізіп келеді. Алайда
айту мен сезіну екі бөлек. Осы бастамаға
орай өзім секілді жастармен бірге сол
жерлерге саяхатымды бастағым келеді.
Саяхаттың айқын мақсаты да бар. Бастысы,
Ұлы даламыздың ұлық тарихын зерттеу
үшін зор қызығушылықпен, ерекше ықыласпен,
кеудені кернеген патриоттық сезіммен
кіріссек, алыс-жақын шетелдердің біздің
тұнығы терең тарихымыз туралы білуіне
қосқан үлесіміз болса керек!