400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлы даладағы ежелгі мəдениет

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы даладағы ежелгі мəдениет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні

Қазақ тілі мен әдебиеті

Мұғалімі

Каканова МК

Сынып

6 -Т2

Оқушылар саны

12

Тақырыбы

Мамандық неден басталған?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.1.4.1әңгіме , хикаялардың және шағын поэзиялық шығармалардың мазмұнын талдай отырып кейіпкерлерге сипаттама жасау.

6.2.2.1тақырып бойынша диалогті бастау , жалғастыру,аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын білу.

6.3.1.1мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты анықтау , өмірдегі кейбір жағдайаттармен байланыстыру.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: мәтіндегі негізгі және қосалқы ақпараттарды ажырата алады.

Көбі:шағын поэзиялық шығармалардың мазмұнын талдайды.

Кейбірі:нақты тақырып бойынша диалогті бастау, жалғастыру, аяқтауға қажетті этикеттік сөз орамдарын орынды қолдана алады.

Күтілетін нәтижелер

Мамандықтар туралы білетінін айтады, ақпарат береді, сыныптастарымен тақырып аясында сұхбат құрады.

Оқыту әдістері

Түсіндіру, тренинг,жұптық, топтық жұмыс түрлері, мнемотехника әдісі, АКТ технологиясы

Дереккөздері

Әдістемелік құралдар, дидактикалық материалдар,сөздік

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырма

Іс-әрекет


Үй жұмысын тексеру

Оқушылар тақтадағы түстерді таңдайды, әр түстің астында өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар бар.

Сұрақтар:

1.Қазақстанда неше қорық бар?

2.Ең алғашқы қорық қалай аталады?

3.Қорық не үшін ұйымдастырылады?

4.ШҚО қорық бар ма?

5.Марқакөл қорығында ғана кездесетін балықтың түрі қалай аталады?

6.Алтынемел ұлттық саябағы қайда орналасқан?

Интербелсенді тақтамен жұмыс

Үй жұмысы бойынша қорытынды

Әр оқушы өзін бағалайды.

«Өте жақсы», «Жақсы», «Орташа» деген баға береді.


Жаңа тақырыпты ашу

Үй жұмысына қатысты барлық сұрақтарға жауап берген соң, түстердің артынан әр түрлі мамандықтардың суреттері шығады.

-Балалар, шыққан сүретке қарап, айтыңдаршы бүгін сабақ бойы не туралы айтамыз?

Интербелсенді тақтамен жұмыс

Сабақтың мақсатын анықтау

-Балалар, қалай ойлайсыңдар, сабақтың соңында біз неге қол жетуіміз керек? Оқушылардың жауаптары: (болжам түрде)

-Жаңа тақырыпқа қатысты жаңа сөздеді білеміз.

-Тақырып бойынша 3-4 сұрақ қоя аламыз

-Тақырып бойынша сөйлемдер құрай аламыз

А4 форматты парақ

Топтарға бөлу

Түрлі түсті парақшалар арқылы. «Көк», «Қызыл».

Парақшалар

Сөздік жұмысы

1.Жаңа сөздермен таныстыру.

2.Жаңа сөздерді меңгерту.

3.Тексеру.

1.Жаңа сөздермен таныстыру. Видеотаспада 10 жаңа сөз беріледі. 5сөз көк түспен жазыған, 5сөз қызыл түспен жазылған. Видеотаспада сөздердің дұрыс айту үлгісі беріледі.

2.Жаңа сөздерді меңгерту. Әр топ өздерінің сөздерін қызық және жеңіл есте сақтау жолдарын іздейді.(ассоциация).Ортаға шығып бөліседі.

3.Тексеру. «Қызыл»тобы «Көк» тобының сөздерін айтады. Келесіде керісінше.

Топтар бір-бірлерін бағалайды.

Видеотаспа

Мәтіналды жұмыс

Айтылым. Оқулықтағы 1-тапсырма.

Жазылым.Оқулықтағы 2-3-тапсырманы орындату.

Оқулық

Мәтінмен жұмыс

Тыңдалым,Оқылым. 4-тапсырма.

Мәтінсоңды жұмыс

Жазылым.12-тапсырманы орындату.

Ойтолғаныс

Айтылым.10-тапсырманы орындату.

Бекіту

«Есте сақта!» айдарымен берілген сөйлемдерді оқиды, талдайды.

Үйге тапсырма

Оқулықтағы 9-тапсырманы орындау

Рефлексия

Оқушылар шығу парағын орындайды.

Қоштасу



Сабақтың талдауы:

Кезең

Мақсаты

Сәтті тұсы

Сәтсіз тұсы

Қорытынды

Психологиялық

ахуал.

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Жаттығу оқушыларға бұрыннан таныс, сондықтан қиналмастан мүдірмей орындап шықты. Оқушылардың көңіл-күйлері жақсы екені байқалды.

Оқушылар бұл жаттығуны жиі орындап жүргендіктен қызығушылықтары бұрынғыдай емес екенін байқадым.


Психологиялық ахуал туғызу мақсатында орындалатын жаттығуларды түрлендіріп отыру.

Үй жұмысын тексеру.

Оқушылардың өткен тақырып бойынша алған білімдерін анықтау. Үй жұмысын орындауларын тексеру.Мнемотехника әдісі бойынша әр сұрақтың түсі өзге болды, яғни қайталанбады. Түстерді қолдану арқылы оқушылардың көру а

рқылы есте сақтауларын нығайту.

Үй жұмысын тексеру барыснда оқушылардың барлығы қамтылды. Үй жұмысын барлығы орындағандары байқалды.

Екі оқушы сұрақтарды толық түсінбейтіндігі байқалды.Олар жауаптарын автоматты түрде жаттап алған.

Сөйлемдердің мағыналарын түсіну үшін әр сабақтың басында өткенді қайталау жұмысын жүргізу. Әр сұрақтың түсі әр түрлі болғаны оң әсерін тигізді. Оқушылар қай түстегі сұрақтарға ерекше мән беру керектігін қорытынды жасауда бірден айтты.

Үй жұмысы бойынша қорытындылау, бағалау.

Әр оқушы өз деңгейін салыстыра отырып анықтайды.

Әр оқушы өзгенің жауабын ести отырып, өзінің білімін әділ бағалай алды.

Өз ойларын мемлекеттік тілде жеткізуге қиналады.

Үй жұмысы бойынша өзін бағалау жұмысын жалғастыру.

Жаңа тақырыпты ашу.

Шыққан суретке қарай отырып, сұраққа жауап береді. Қызығушылықтары артады.

Сабақтың тақырыбын бірден ашты.

Суреттегі мамандықтардың барлығын қазақ тілінде атай алмады.

Мамандық атауларын қайталау.Таңдап алынған әдіс оқушылардың қызығушылығын арттырады.

Сабақтың мақсатын анықтау

Болжай алу, мақсат қоя алу және оған қол жеткізу қабілеттерін арттыру.

Барлығы болжай алды.

Мақсаттары өлшемді емес.

Қойған мақсатына қол жеткенін нақты білу үшін өлшемді болу керек екенін үнемі естеріне салып отыру керек.

Топтарға бөлу

Оқушылардың деңгейлерін ескере отырып, 2топқа бөлу. «Көк» «Қызыл» топтары. (Мнемотехника бойынша сабақта 3 түстен көп қолданбаған дұрыс).

Оқушылар тарапынан сұрақтар туындамады (топқа бөлуге қатысты)

-

-

Сөздік жұмысы

Мнемотехника бойынша сабақтың мақсатына жету үшін сөздік жұмысы сапалы және нәтижелі болуы тиіс. Яғни, сабақтың сапасы сөздік жұмысының ұйымдастыруына байланысты.Бұл кезеңнің мақсаты-барлық сөздерді әр оқушыға меңгерту.

Видеотаспа, түрлі түсті парақшалар , бір бірлерін бағалау, ассоциация құрастыру сияқты әдіс тәсілдер қолданылғандықтан оқушылар сөздерді естеріне сақтап қалды.

-

Сөздік жұмысын қызықты ұйымдастыруды жалғастыру.Топтық жұмысы бұл жерде өте орынды болды. Әсіресе, сөздерге ассоциация құрастыруда.

Мәтіналды жұмыс,

Мәтінмен жұмыс,

Мәтінсоңды жұмыс

Тапсырмаларды орындата отырып, оқушылардың айтылым, жазылым, оқылым дағдыларын қалыптастыру.

Оқушылардың көбі мамандық туралы ойларын білдіре алды.

Өз ойларын жеткізу барысында грамматикалық қателер жіберді.

Грамматикалық олқылықтарды жою үшін мнемотехника әдісін қолдануды жоспарладым.

Қорытынды: Бұл сабақ арқылы мнемотехника әдісінің тиімділігін көрсеткім келді. Мнемотехниканың элементін жаңа сөздерді меңгерту барысында қолдандым. Себебі, оқушының сөздік қоры төмен болса, жоспарланған тақырыпты ашу мүмкін емес. Сабақта сөздік жұмысы жоғары деңгейде өткендіктен сабақ та саплы болды. Яғни, сабақтың мақсатына қол жеткізе алдым.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
31 қаңтар
748
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі