Күні:
Тақырыбы: «Ұлы даланың жеті қыры»
Мақсаты:
-
Оқушылардың туған жеріне, еліне, деген сүйіспеншіліктері артады.
-
Болашаққа деген сенімі, ой-өрісі дамиды.
-
Оқушылар елінің мұрасын қастерлеп, оны жалғастырушы азамат болуға тәрбиеленеді.
Көрнекілік: интерактивті тақта, слайдтар, видеофильмдер, сөзжұмбақ, флипчарт, түрлі-түсті фломастерлер,жапсырма қағаз, плакат.
Барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық:
Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,
Жер бетінің ажары ол – сәніміз.
Туған өлке табиғатын аялап,
Ұсынайық жүрек нәрін бәріміз.
II.Қызығушылықты ояту:
Сөзжұмбақ шешу арқылы тақырыпты ашу.
1. Біздің еліміз қалай аталады?
2. Рәміздеріміздің бірі3. Орман неден құралады?
4. Бал жинайтын жәндік?
5. Пайдалы қазба
6. Қамбар ата төлі
7. Рәміздердің бірі.
8. Астанадағы Қазақстан символы?
|
Қ |
А |
З |
А |
Қ |
С |
Т |
А |
Н |
|
Т |
У |
|
|
|
|
|
|
|
|
А |
Ғ |
А |
Ш |
|
|
|
|
|
|
А |
Р |
А |
|
|
|
|
|
|
|
М |
Ұ |
Н |
А |
Й |
|
|
|
|
|
Ж |
Ы |
Л |
Қ |
Ы |
|
|
|
|
|
Е |
Л |
Т |
А |
Ң |
Б |
А |
|
|
|
Б |
Ә |
Й |
Т |
Е |
Р |
Е |
К |
|
-Ендеше бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Ұлы даланың жеті қыры» деп аталады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында өлкетану бағытындағы «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. .Осы бағыттың жүзеге асырылуына сендер де туған жерді дәріптеу, құрметтеу арқылы үлес қосаса аласыңдар.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: Біздің жеріміз материалдық мәдениеттің көптеген дүниелерінің пайда болған орны, бастау бұлағы десек, асыра айтқандық емес. Қазіргі қоғам өмірінің ажырамас бөлшегіне айналған көптеген бұйымдар кезінде біздің өлкемізде ойлап табылған. Ұлы даланы мекен еткен ежелгі адамдар талай техникалық жаңалықтар ойлап тауып, бұрын-соңды қолданылмаған жаңа құралдар жасаған. Бұларды адамзат баласы жер жүзінің әр түкпірінде әлі күнге дейін пайдаланып келеді. Көне жылнамалар бүгінгі қазақтардың арғы бабалары ұлан-ғайыр Еуразия құрлығындағы саяси және экономикалық тарихтың беталысын талай рет түбегейлі өзгерткені туралы сыр шертеді.
1.Атқа міну мәдениеті
2. Ұлы даладағы ежелгі металлургия
3. Аң стилі
4. Алтын адам
5. Түркі әлемінің бесігі
6. Ұлы Жібек жолы
7. Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны
ІІ. ТАРИХИ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ
Көтерілген мәселелер жан-жақты ой елегінен өткізіп, терең зерделеуді талап етеді. Сондай-ақ біздің дүниетанымымыздың, халқымыздың өткені мен бүгінінің және болашағының іргелі негіздеріне тікелей қатысты.
Бұл жұмысты бірнеше ірі жобалар арқылы бастауға болады деп ойлаймын.
1.Архив – 2025
2. Ұлы даланың ұлы есімдері
3. Түркі әлемінің генезисі
4. Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі
5. Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы
6. Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі
Мұғалімнің кіріспе сөзі: (Туған жер туралы слайдтар көрсетіледі)

Біздің Отанымыздың табиғаты бай алуан түрлі: өзен - көлі, кең даласы, жасыл орманы, жайқалған егісі көз тартады. Біздің еліміз – пайдалы қазбалардың қоймасы. Әрине, біз Отанымыздың осындай байлығы барына қуанамыз. Қуануға,мақтануға да тиіспіз. Осының барлығын ата-бабаларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап,болашақ ұрпағына аманат еткен.
-
Ал қазір атасы мен немересінің әңгімесін тыңдап көрейікші. Не жайлы айтады екен?
Көрініс: «Туған жер»(Аяғын ақырын басып Ата шығады. Орындыққа келіп, демалып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі шығады).
Немересі: Ата, не ойлап отырсыз?
Атасы: Ә, балам, атаң не ойламайды дейсін! Сенің болашағынды ойлаймын. Еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын, қуанамын!
Немересі: Ата, «Өткен өмір» деген не?
Атасы: Ә, балам, «Өткен өмір» деген сонау ежелгі бабаларымыздан бергі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?
Немересі: Ол қандай болған?
Атасы:Ендеше тыңда, балам, атаң бір сөйлесін
:Болмаса да оқыған тарихшы атым,
Жинадым ескілерден тарих хатын
.Мақсатым – кейінгі ұрпақ ұмытпаса,
Айтылған аталардың аманатын.
Есімі еш адамның өшпейді екен,
Артында ұрпақ жүрсе жаңғыратын,
Ұмыттырмау «Жеті атасын» парыз екен
,Бұрыңғылар ұрпақтың қамын жеген.
Сондықтан, балам, сен де өз тарихынды, жеті атанды білуге тиіссің. Сонау ерте кезден біздің ата - бабаларымыз туған жерін қызғыштай қорғап, осы күнге жетуді арман еткен.
Немересі: Ата, туған жер дегенді қалай түсінуге болады?
Атасы: Балам туған жер деген сенің туған өлкең, ойнап өскен ауылың, кіндік қаның тамған жер. Сен туған жеріңді аялап, көз қарашығындай сақтауың керек
.Немересі: Ата, мен түсіндім, мен туған жерімді жақсы көремін, Қазақстанымды ешкімге бермеймін, оны қорғайтын азамат болып ер жетем.
Атасы: Жарайсың, балам!
Мұғалім:
Көрініс не жайлы болды?
Сенің туған жерің қалай аталады?
Ендеше, Қазақстанныің кешегі, бүгінгі күндерін айтып, ертеңін болжап көрейікші.
Қазақстан кеше,бүгін,ертең …Кеше (өткен тарихқа шолу)
-
Жоңғар шапқыншылығы ;
-
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс;
-
1928-1932 жылдардағы аштық;
-
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы;
-
1986 жылғы жерді дүрсілкендірген желтоқсан оқиғасы.
Бүгін (бүгінгі күннің тарихына шолу)
Біздің туып -өскен жеріміз– Қазақстан.
Еліміз тәуелсіз, дербес ел атанды.
Ел өз қалауымен президентті сайлап,
Ата Заңымыз бен мемлекеттік рәміздерді қабылдадық.
Ана тіл-қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды.
Қазақстанның астанасы – Астана қаласы.
Ол күннен күнге жаңарып, жаңа белестерге көтерілуде.
Бүгінгі Қазақстан 2017 жылы Алматы қаласында өткен қысқы Универсиада жане Астана қаласында өткен ЭКСПО көрмесі арқылы, спортшыларымыздың жеткен жетістіктерімен әлем назарына ілігуде.
Еліміз мұнайға, пайдалы қазбаларға өте бай. Қазір ынтымағы жарасқан көптеген ұлттың өкілдері тұрады. Ол бүгінде дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды.
Қазір еліміз алдыңғы қатарлы дамыған елдер қатарына қосылу үшін, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қарқынды жұмыстар атқаруда. Мемлекетіміз заман талабына сай заманауи техникалар мен машиналар, өнеркәсіптер күн санап дамып келеді. Мен осы тәуелсіз Қазақстан Республикасының азаматы болғаныма мақтанамын.
Ертең ( «Сұхбат алу» әдісі арқылы ертеңгі күнге болжау жасау )
-
Үш тілділік;
-
Латын әрпіне көшу үлкен жетістіктер әкеледі.
-
Мектептер,балалбақшалар, мәдени орындар жаңа заман талабына сай салынып, жабдықталады.
-
Халық саны саны көбейіп, жаңа қалалар көбейеді.
-
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы толығымен жүзеге асып, дамыған мемлекеттердің ең алдыңғы қатарынан табыламыз.
Мұғалім:Ал сендер өз туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңді қалай жеткізе аласыңдар?
1-оқушы:
Отан (М.Мақатаев )
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан» деп сыбырлаған.
Жаным менің, Кеудемді жарып шық та
,Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан! Отан! Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды сүйгенің де күйік екен...
2-оқушы:
Туған өлкем ( Өтебай Тұрманжанов)
Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем.
Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем.
Ер еңбегі шалқып, тасқан,
Ел еркіндей бақыт тапқан.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем.
3-оқушы:
Туған жер (Қасым Аманжолов)
Шықшы тауға, қарашы кең далаңа,
Мәз боласын ұқсайсың жас балаға.
Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең,
Шарсайсың ба, құмарың бір қана ма?
Уа, дариға, алтын бесік - туған жер,
Қадіріңді келсем білмей, кеше гөр!
Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей,
Ақын болмай, тасың болсам мен егер.
4-оқушы:
«Отан»
Бақытты боп жүргенім
Сенің арқаң, Ұлы Отан.Елім менің –тірегім,
Құшағында гүл атам.Шығысыңнан арайлы,
Күліп атқан құба таң.
Сенен бақыт тарайды
Баршамызға Ұлы Отан.Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен, Отан.Мәңгі соғып тұратын
Жүрегімсің сен, Отан!
Мұғалім: Балалар, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында білімге қатысты көптеген жаңашылдықтың жүзеге асып жатқанын білеміз. Соның бірі – үштілділік. Болашақта латын әріпіне көшетініміз де үлкен бастама болмақ. Ендеше, туған жерге деген ыстық ықыласымызды орыс, ағылшын тілінде де жеткізіп көрсек.
Туған жер туалы мақал-мәтел айту
Шығармашылық жұмыс:
1-топ: «Ассосация»
әдісін қолдану.
2-топ: Менің болашақта туған жерге қосар үлесім
(сурет салу).
3-топ: «Синквейн» әдісін қолданып Туған жер тақырыбына өлең құрастыру.
Мұғалім: Енді сендердің Туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңді тексеріп көргім келіп тұр. Әр топтан бір оқушы шығып жауап береді («Ыстық орындық» әдісін қолдану).
1-топ:1.Еліміздің Ордасы қай қала? 2. Еліміздің Ата заңы қай күні қабылданды? (30 тамыз 1995ж)3.Ұлттық валюта.
2-топ:1. Тәуелсіздігімізді қай жылы алдық? ( 16 желтоқсан 1991 жыл.)2.Мемлекеттік рәміздерді ата.3. Қазақтың үш биі кімдер?
3-топ:1. Тудың авторын атаңыз. (Шәкен Ниязбеков)2. Республика күнін айтыңыз.(25 қазан)3. ЭКСПО көрмесі не жайлы болды?
Хор: «Көк тудың желбірегені!»
Қорытынды Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы.
-Құрметті оқушылар! Біз бүгін "Ұлы даланың жеті қыры" атты ашық тәрбие сағатын өттік. Тәрбие сағаты барысында біз өлкеміз туралы көптеген мәліметтер алдық, біраз нәрсе білдік.
- Айналайын!Атамекен, Ақ мекен!
Қандай қазақ іздеп сені тапты екен?!
Туған өлке тәтті екен ғой, Тәтті екен!- деп ақиық ақын Мұқағали жырлағандай туған жеріміз, атамекеніміз біз үшін әрдайым ыстық.Өз жерімізді әрқашан қастерлейік, сүйейік, болашағына үлес қосайық.
Рефлекция Оқушылар сабақтан алған әсерлерін
түрлі-түсті стикерге жазып, «Білім ағашына»
іледі.
«Тараз қаласы Т. Рысқұлов атындағы №48 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік
мекемесі
Тәрбие сағатының тақырыбы

4 «А» сынып жетекшісі: Тасжурекова Ж
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Ұлы даланың жеті қыры»

шағым қалдыра аласыз