400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлы Даланың жеті қыры

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушының төл туындысы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұлы Даланың жеті қыры

Елді сүю серті мен сөзі Еділдің,

Тарих куә өртенген өзегім мың.

Ұлылығын айтуға сөзде дәт жоқ,

Ұлы Дала атанған өз елімнің.



Танимыз деп қабылдар жиі заңдар,

Тұлғалар бар рухы аспан, ойы заңғар

Төл тарих оянатын сәт туыпты,

Уақыт пен кеңістікте ұйыған дәл.



Бабасы басын тіккен байтақ елдің,

Батыры деп тұрғандай «Қайта келдім»

Елбасы Жолдауменен жар салыпты,

Жеті қырын баяндап Жаухар елдің.



Үнсіздік бар жүректе кектен де ауыр,

Сырын оның сезінер Көк пен Дауыл.

Ғаламның арнасына бағынбаған,

Салт аттылар үстемдік еткен дәуір.



Еліктеп жаһан бізге содан бері,

Дөңгеленіп айналды қоғам кері.

Қойнауында металдың бәрі балқып,

«Аң стилін" дамытқан Бабам Бөрі.



Желменен бірге айтатын жол ертегі,

Қандай құдірет шындықты көнертеді

Ұлы Жібек бойымен ұлықтаған,

Күллі түркі тараған бұл өлкені.



Ұқтыра алмай ақиқат мың зарлаппын,

Ой қамалдың көрсем деп бұзған қалпын.

Қазақ елім көркем ел түйгені мол,

Отаны Алма менен Қызғалдақтың.



Жолдаумен жетті бізге толық хабар,

Үлгі болып қалады халыққа дәл.

Ұмытпайық тарих пен тұлғаларды,

Ұлысын ұмытпаған ұлықталар.

Авторы-Тәжібаева Маржан, 29 Ұлықбек жом, 7-сынып оқушысы. Жетекшісі-Абилова Г.С.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.04.2019
457
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі