Материалдар / Ұлы даланың жеті қыры.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұлы даланың жеті қыры.

Материал туралы қысқаша түсінік
Адам өткенін жақсы білмесе, болашаққа нық қадам баса алмайды. Тәуелсіз ел ретінде өткенімізді зерттеу, бұл күнге қалай келгенімізді, кімдердің арқасында жеткенімізді білу біз үшін өте маңызды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Желтоқсан 2018
1743
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұлы даланың жеті қыры
«Біздің тарихымызда қасіретті сәттер мен қайғылы оқиғалар, сұрапыл соғыстар мен қақтығыстар, әлеуметтік тұрғыдан қауіпті сынақтар мен саяси қуғын-сүргіндер аз болмады. Мұны ұмытуға хақымыз жоқ. Көпқырлы әрі ауқымды тарихымызды дұрыс түсініп, қабылдай білуіміз керек.»
Н.Ә.Назарбаев. 

Адам өткенін жақсы білмесе, болашаққа нық қадам баса алмайды. Тәуелсіз ел ретінде өткенімізді зерттеу, бұл күнге қалай келгенімізді, кімдердің арқасында жеткенімізді білу біз үшін өте маңызды.Тарихқа көз жүгіртсек, талай қиындықтар мен тағдырдың соққылары қазақ халқының басына таяқ болып тигенін көреміз. Біздің еліміз - Қазақстан Республикасы - бүгінгі таңда даму жағынан көптеген елдерден алда келеді. Мұның басты себебі деп, еліміздегі жанашыр, әрі өз Отанының шын патриоттарының жасаған еңбектерінің жемісі деп білемін.

Қазақстан - кең байтақ әрі тариxы өте тереңде жатқан мемлекет.Қазақтың көптеген ру-тайпаларының атаулары «қазақ» этнонимінен талай ғасыр бұрын белгілі болған. Бұдан біз ұлттық тарихымыздың көкжиегі бұдан да ерте айтылып жүргенін, тариxымыздың тым әріде жатқанын білдіреді.Осыған орай, еліміздің қыр-сырларын зерделей келе ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласымен төл тариxымызды бір жүйеге келтіруге үндейді.Президент жаңа мақаласында төл тарихымыз бен мәдениетімізді жіктей келе тарихи сананы жаңғырту мәселесін көтеріп, 6 бірдей жобаны ұсынып отыр. Оқиғалар мен тұлғаларды уақыт тізбегі бойынша бір жүйеге келтіру тарихымыздың нағыз жетіспей тұрған тұсы дейді мамандар. Сол мақалаға тоқталатын болсақ:
І. Ұлт тариxындағы кеңістік пен уақыт.
Бұл бөлімде қазақтың атқа міну мәдениеті, ежелгі металлургиясы, аң стилі, Есік қорғанынан табылған Алтын адам, Ұлы Жібек жолы және т.б туралы айтылған. Шынымен де, қазақтар ежелден бері атқа мініп, жылқы шаруашылығымен айналысып келеді.Қазақтар-жылқыны қастерлеп, жеті қазынаға жатқызған xалық.«Ер жігіттің жүйрік аты-қанаты» деп білген.
Сонымен қатар, қазақтың жері сан алуан металл кендеріне бай және ең алғашқы металл өндіріле бастаған орталықтардың бірі екені анық. Ата-бабамыз металл өндіруді дамытты.
Біздің дәуірімізден бастап Еуразияның шығысы мен батысы, оңтүстігі мен солтүстігі арасындағы мәдениет пен сауда саласындағы байланысына Ұлы Жібек жолы айналды. Деректер бойынша, пайда болған кезден бастап Ұлы Жібек жолы,негізінен, Түрік қағанатының жерін қамтып, Еуразияда түркілердің үстемдігі кезінде гүлдене бастаған екен.
Қазақ жерін мекендеген ең алғышқы тайпалардың бірі-сақтар. Сақтардың біздің жерді мекендегені туралы көптеген мәліметтер бар. Соның бірі-Есік қорғанынан табылған «Алтын адам». Зерттеулер нәтижесінде оның сақ жауынгері екені белгілі болған еді.

ІІ. Тариxи сананы жаңғырту.
Бұл бөлімде ұлы даланың ұлы есімдері, ежелгі өнер, дала фольклоры мен музыкасы және тариxтың кино өнері мен телевизиясы туралы баяндалған. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев: «Ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын «Архив – 2025» жетіжылдық бағдарламасын жасауымыз қажет деп санаймын. Бұл маңызды жұмыс мемлекет есебінен атқарылатын «академиялық туризмге» айналмауы тиіс. Архив деректерін тек жинақтап қана қоймай, барлық мүдделі зерттеушілер мен қалың жұртшылыққа қолжетімді болуы үшін оларды белсенді түрде цифрлық форматқа көшіру қажет» деп айтқан.
Біз бүгінде көптеген сындардан өтіп отырмыз.Кеңес үкіметі құлап, елдер тәуелсіздік алып жатқан тұста етек-жеңін жинай біліп, қазақты қиын кезеңнен алып шықан бүгінгі Президентіміз Н.Назарбаев екені белгілі. Сонау 90-шы жылдардың орта тұсында ішерге тамақ, киерге киім таппай қалған кезеңде осындай көшбасшымыздың болуы қазақ халқының бағы еді. Бүгін Тәуелсіз Қазақстан дүниежүзіне ықпал ете алатын, беделі зор, бейбітшілікті ту еткен ерекше қонақжай халық болып өмір сүріп жатыр. 18 миллион халқы бар еліміз тарихын тіктеп, болашаққа қарай нық қадаммен келе жатыр. Біз, Қазақстан азаматары, игі ағалар жолын қууда мүлт кетпейміз деп сенемін. Еліміздің тарихын қастерлейік, ұмытпайық. Өйткені тарихы жоқ елдің ертеңі болуы мүмкін емес!
Бекбосынқызы Назым
11 сынып, №147 гимназия

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!