Ұлы даланың жеті қыры ұрпаққа ұлағат тәрбие сағатының жоспары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлы даланың жеті қыры ұрпаққа ұлағат тәрбие сағатының жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы даланың жеті қыры ұрпаққа ұлағат тәрбие сағатының жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Ұлы даланың жеті қыры – ұрпаққа ұлағат »

тәрбие сағатының жоспары


Тақырыбы: Ұлы даланың жеті қыры – ұрпаққа ұлағат


Мектеп: Тараз қ. ФМБ НЗМ


Тәрбиеші: Айтимбетова Қ.Ж.


Қатысушылар



Өтілу орны

Ресурстар

Жатақхана тәрбиеленушілері


Жатақхана ІІ қабат

Үлестірмелі қима-қағаздар, интерактивті тақта, слайд, флипчарт, маркерлер, кері байланыс парағы


Мақсаты

Тәрбиеленушілерге елбасымыздың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласын түсіндіру, талдау. Төл тарихымыз бен мәдениетімізді жіктей келе тарихи сананы жаңғырту.

Кәсіби даму мақсаты:

Тәрбиеленушілердің өзара қарым-қатынас дағдысын топтық, жұптық жұмыстар арқылы арттыру

Күтілетін нәтиже:

–   Оқушы Елбасы ұсынған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының мән- мағынасын түсінеді;

–  Осы бағытта өз тарапынан не істеу керек екеніне мақсат қояды;

–  Ел тарихы туралы нақты білімі қалыптасады.


Барысы

Тәрбиеленушілерді шаттық шеңберіне шақыру, «Комплимент» тренингін жүргізу


«Қазақстан картасы» арқылы сұрақтар қойып, тақырып таныстырылады, «Кеңістік пен уақыт» бөлімдерінде жұптық постер жасатылады, «Plickers» әдісі қолданылып, алған білімдері тексеріледі.


Тәрбиеленушілермен «Бір шаңырақ астында» кері байланыс жасалады.

Келген қонақтарға балалардың қолынан шыққан гүлдер мен алма сыйға тартылады.




Жоспар

Жоспарланған уақыт (40 минут)


Басталуы: 5 минут




І. Тәрбие сағатының тақырыбы, мақсаты таныстырылады.

Кіріспе:

- Еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы, Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру мақаласының жалғасы іспеттес. Елбасымыз өткен күндердің өзегінен ой тартқан осы еңбегін астары мол афоризммен бастаған, осыны ұрпаққа ұлағат еткен.

Слайдтан көрсету, оқушыға айтқызу

- «Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады.»

-деп жаңа идеяны жадымызға қондырды.

Ол қандай идея. Кеше, бүгін һәм ертең... Кеңістік пен уақытты тоғыстыратын тарих деген тәбәрік бар. Кез-келген халық болашағына толық сенбеуі мүмкін, бірақ өткенімізбен мақтана аламыз. Қазақтың қатпар-қатпар тарихына сан пікір айтылып жүр. Алайда сол бай мұраның тамырына терең үңілуге бағытталған бағдар керек еді, оны елбасымыз 2018ж. қараша айында осы мақаласын жария етті. Бұл ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт және тарихи сананы жаңғырту деп аталған екі бөлімнен тұратын мақалада халықты тарихқа құрметпен қарауға және зерделеуге өткеннен сабақ алуға шақырады. Мақалада айтылған мәселелер туралы салмақты сарапшы пікірін білу үшін мектебіміздің тарих пән мұғалімі Кулымбетова Айнұр Ауесбекқызы қонаққа келіп отыр.

Бұл мақала ол қазақ елі тарихын ұлықтау емес, ол Евразия кеңістігін мекендеген түрік тайпаларының әлемдің өркениетке қосқан үлесін көрсетіп, тарихи сананы жаңғырту, тарихымызға оң көзқарас қалыптастырып, ұрпаққа ұлағат ету.

Басында айтып өткендей «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы 2 бөлімнен тұрады:

І. ҰЛТ ТАРИХЫНДАҒЫ КЕҢІСТІК ПЕН УАҚЫТ. Ол 7 кезеңге бөлінген, осыларға тоқталамыз.

1. Атқа міну мәдениеті

2. Ұлы даладағы ежелгі металлургия

3. Аң стилі

4. Алтын адам

5. Түркі әлемінің бесігі

6. Ұлы Жібек жолы

7. Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны

(Әр кезеңге байланысты слайдтар көрсетіліп тұрады)



Ортасы

20 минут







5 минут


Тәрбиеленушілерді ортаға шығарып, қағаз кесінділерін алады, сол арқылы жұпқа бөлінеді.

ІІІ. Постер жасау: әр жұп әр кезеңді таныстырып, айтып өтеді, бір-біріне сағат тілінде кері байланыс беріледі.

(2 минут, қорғауға 1 минут)

(Айнур Ауесбекқызы балалардың ойларын толықтырып отырады)

ІV. «Plickers» әдісі бойынша карточкалар таратылады. Сұрақтар :

1. Мақала қай жылы, қай айда жарияланды? (2018 ж.қараша айы)

2. Мақала неше бөлімнен тұрады, 1 бөлімде неше кезең бар?

(Мақала 2 бөлім, 1 бөлім 7 кезеңнен тұрады.)

3. Атқа міну мәдениеті кезеңінен қандай мәлімет алдың?

(Атты ең алғаш қазақ халқы қолға үйренкені туралы)

4. Қазақстанда неше қызғалдақ түрі өседі?

(35 түрі Қазақстанда өседі.)

  • Мадақтау

Аяқталуы: 5 минут

Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы кері байланыс орнатылып, қатысушылар және А.Ауесбекқызының ой пікірі тыңдалады. Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың «тарихи отаны» екені ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Сондықтан, бүгінгі тәрбие сағатымызға келіп қатысып, білгеніңізбен бөліскеніңізге алғыс айта отырып, Алматының апорт алмасын сыйға тартамыз.


Рефлексия

5 минут



Рефлексия: «Бір шаңырақ астында»

 130-дан астам ұлт өкілдері бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеміз. Сондықтан сіздерді рефлексия беруге шақырамыз.

(киіз үй суреттері таратылып, киіз үй қабырғасына жабыстырылады )

Қорытынды:

Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін ұрпағымыз өссе, халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.11.2023
406
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі