15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Ұлы даланың жеті қырыі Елбасы мақаласы - елдіктің бойтұмары
|
Тақырыбы Мерзімі |
«Ұлы даланың жеті қыры» Елбасы мақаласы – елдіктің бойтұмары. 30.11.2018 жыл. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың мақсаты |
Елбасының ерекше қадір-қасиетін, тұлғалық тұғырын түсіндіре отырып, Елбасының ерен еңбегін мақтаныш сезіммен оқушы бойына сіңіру.
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Міндеттері |
1. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған,қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру. 2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу 3. Шәкірт жүрегінде Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Өткізу формасы |
Жұптық, топтық жұмыс. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Ресурстар |
Суреттер, слайдтар, үлестірме материалдар. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Әдістері |
Түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, «Синквейн», «Дауыстап ойлау», «Ой қозғау» әдістері, . |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Тапсырмалар |
Топтық, жұптық тапсырмалар. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Критерийлар |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Барысы |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Оқушылармен амандасу, көңіл күйлерін сұрау, Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимнін орындау. |
Қазақстан Республикасы-ның мемлекеттік Гимнін орындайды. |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Шаттық шеңбері |
«Тамаша күн» - Көңіл күйің қалай? - Барлығыңызға сәттілік! |
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы |
«Ой қозғау» әдісі
А) Мұғалім сөзі Көп жылдар бойы қазақ халқы тәуелсіз ел болуды армандады, бақытты өмір сүруді қалады. Қазақ халқының бұл араманы 1991 жылы 16 желтоқсанда орындалды. Осы жылы 1 желтоқсанда ҚР-ның Презинденті болып Н.Назарбаев сайланды. Тәуелсіздік алу Қазақстанның жаңа өмірге басқан үлкен қадамы еді. Ал оның басшысы ешқашан берілмейтін, құрметті ұлы тұлға. Осы күнге жетіп отырғанымыздың өзі – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің арқасы. Елбасы есімі тарихта мәңгі қалады. Елбасымыз не жасаса да біздің игілігіміз бен жарқын болашағымыз үшін жасайды. Еліміз өте тез дамып келеді. Біздің Елбасымыз – дүниедегі ең керемет Елбасы. Олай ойлауымның себебі: Президент ретінде Н.Ә.Назарбаев өзінің бар жән-тәнімен қазақ халқын тек алға бастады, елді бірлікке шақырды. Оның басты дәлелі – Елбасымыздың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдаған Жолдаулары мен түрлі тақырыптағы мақалалары. Біз соның біреуі соңғы шыққан мақаласы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы туралы айтамыз. Елбасымыз соңғы мақаласында Ұлы даланың жеті қырына тоқталды. Ұлы даланың жеті қыры:
(әр қыры туралы түсінк беру ауызша)
Ә) Елбасы туралы видеорилик көрсету. Елі құрмет тұтқан, Ел үшін еңбек еткен Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың өмір жолына шолу жасайық. Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Әбіш пен Әлжанның отбасында дүниеге келген. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын». Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Бала Нұрсұлтан үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмектесіп, шөпшек теріп, отын жарды. Мектепті жақсы оқып жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты. Ол ерте есейді. Орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін, Украинадан металлург-жұмысшы мамандығын меңгерді, кейін инженер дәрежесіне көтерілді. Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталды. 1991 жылы 1 желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады. 1991ж 16 желтоқсан күні біздің еліміз Тәуелсіздігін жариялады. Оқушылардың Елбасына арналған өлең шумақтары.
Б) Топтық жұмыс Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев туралыбіз тағы не білеміз, не айта алар едік? (оқушылар Елбасы туралы өз ойларын постерге түсіреді)
|
Сөзжұмбақ шешеді.
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы |
«Синквейн» әдісі бойынша жұптық жұмыс Білім алушылар өз бетінше синквейн құрайды, шамамен мынадай мазмұндағы: Елбасы қадірлі, ақылды Еңбектенеді, жасайды, күреседі, Өз Отанын сүйеді, Азамат. «Бірлесейік, кәне біз!» (Балаларды ортаға шақырып, шеңбер құрастыру) – Менің қолымда ақ түсті бір шүйке жіп. Қазір мен оны шеңбер бойы жіберемін. Қолға түскен жіпті саусаққа орап, Елбасымызға деген тілектеріңді айтасыңдар. ( соңында жіп мұғалімге келеді.) – Бізбен жіп не істеді? – Қалай ойлайсыңдар, бұл жақсылықтың белгісі ме? (Балалардың пікірі) – Дұрыс, жіп бізді біріктірді. Әрқашанда бірге болуымыз керек, бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Бір шаңырақ астында тату өмір сүруіміз керек. Мектепте болып жатқан әр түрлі шаралардан қалыспауға, өзіміздің үлесімізді қосуға ұмтыламыз.Сонда ғана біз Елбасымыз сияқты білімді, өз елін сүйетін азамат боламыз. Тәрбие сағатын Б. Бейсенованың «Отан» өлеңімен аяқтау.
|
«Бес жолды өлең» құрастырады.
Шеңбер бойына тұрып, өз арман, тілектерін айтады. |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген