400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлы даланың жеті қырының бірі Ежелгі металлургия

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ғылыми жоба қазіргі таңда Елбасы жолдауындағы өзекті тақырыптардың бірі. Сондықтан қазақстанның әрбір азаматтарына пайдасы зор.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қарағанды облысы Теміртау қаласы №2 ЖББОМ» коммуналдық мемлекеттік мекемесі












Секциясы: Қоршаған орта және адам денсаулығы

Жобаның тақырыбы: Ұлы даланың жеті қырының бірі Ежелгі металлургия

Авторы:

6 «А» сынып оқушысы

Өмірбек Балауса

Жетекшісі:

Бастауыш сынып мұғалімі:

Мухамедияр Айым










2018 – 2019 оқу жылы.

«Қарағанды облысы

Теміртау қаласы №2 ЖББОМ» КММ

6 «А» сынып оқушысы

Өмірбек Балаусаның

Ұлы даланың жеті қырының бірі

Ежелгі металлургия

туралы ғылыми жобасына

пікір

6 «А» сынып оқушысы Балауса «Ұлы даланың жеті қырының бірі Ежелгі металлургия» туралы жобада металлургияны, оның қазақ жерінің қазба байлығы, шығу тарихы, ежелден дамығандығы туралы зерттеген. Металды балқытып, одан бұйым жасауды ата-бабаларымыз осыдан сан мың ғасыр бұрын меңгерген. Оны археологтар ғылыми тұрғыда дәлелдеп келеді, қаншама құнды жәдігер табылды.

Металлургиядан, темірден жасалатын түрлі заттарды, тұрмыста, үй жағдайында қалай қолданатындығы жайында көп ақпараттар мен мәліметтер жинастыра отырып, өз сыныптастарынан сауалнама алып, түсіндіре білген. Ол ғаламтордан, ата - әжесінен, ата – анасынан мектептегі тарих пәнінің, мұғалімінен алған мәліметтерін жинастырып, еліміздегі металлургия өнімдері түрлерін өз сыныптастарына, туыстарына, қала тұрғындарына үндеу тастаған.

Бұл жұмыста оқушының көп ізденгенін көруге болады. Жинаған ақпараттары мен жасаған зерттеу жұмыстарына қарап, халыққа, қоғамға тигізетін пайдасы барын байқауға болады.

Болашақта өз мамандығын таңдап, жеке шаруашылық ашып, металлургия саласында жұмыс істеп, металлдан жасалатын заттардың түрлерін өз қолынан жасап, сатылымға шығармақ жоспары бар. Алдағы уақытта Балаусаның зерттеу бөлімі бойынша тереңірек жұмыс жасағанын қалаймын.

Пікір жазған: Мухамедияр Жанназ

Аннотация

«Ұлы даланың жеті қырының бірі саналған» металлургияның алғаш рет қазақ даласында пайда болғаны, шығу тарихы, дүние жүзіне қазақ елінен тарағаны жайлы, одан жасалатын тұрмыстық заттар, неше түрлі өнімдер, шет мемлекеттерде брендке айналғаны жайлы жазған. Болашақта металлургия саласын дамытып, металлург, жеке кәсіпкер немесе үлкен шаруашылықты басқарып, халқына адал қызмет ететін тұлға болып, өз мамандығын таңдауға жол ашпақшы.
































Тақырыбы: Ұлы даланың жеті қырының Ежелгі металлургия

Мақсаты: Қазақстан металлургия Отаны екендігін анықтай отырып, шығу тарихын, адам тіршілігіне пайдасын, тұрмыстық үй жағдайында түрлі заттар жасап, әлемдік нарықта қазақ елінің өркенін асқақтатқаны туралы зерттеу жүргізу.

Міндеті: Ұлы даланың жеті қырының бірі Ежелгі металлургия Отаны екендігін, шығу тарихын зерттеу; Қалай пайда болғанын , құрамындағы заттарды анықтау;

Адамның күнделікті тұрмысқа пайдасы, одан жасалатын заттарды жасау жайлы мәліметтерді жинақтау;

Өзектілігі: металлургияны білгенімізбен оның шығу тарихын, одан жасалатын тұрмыстық және басқа заттарды біле бермейміз.

Зерттеу объектісі: Ежелгі металлургияның шығу тарихы, одан жасалатын заттар.

Зерттеу әдістері: -Мәліметтер жинау, өңдеу; -Ақпараттарды іздеу, кітапханамен жұмыс жасау; - Ғылыми әдебиеттердегі анықтамалармен танысу;- Талдау , зерттеу, қорытынды жасау; - Сұрақ-жауап;

Болжам:

Егер біз ежелгі металлургияның шығу тарихымен одан жасалатын заттар туралы зерттей отырып, күнделікті үй тұрмысында қолданатын заттарды, табиғат байлығын қорғауға, темірден жасалатын өнім түрлерін дайындауды білсек, болашақта металлургия саласын дамытып, ішкі өнімдерді байытып, шет мемлекеттерге сатылымға шығару, сауда саттықпен айналысу жолын үйренеміз;

Күтілетін нәтиже:

Қазақстан – металлургия Отаны екендігін, шығу тарихын зерттей отырып, пайдасы мол табиғат байлығын қорғау, одан неше түрлі өнімдер жасап, шет мемлкетке сату жолын басқаларға дәріптеп, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, болашақта металлургия саласын дамытып, шаруашылығымызды жүргізіп, өз мамандығымызды таңдауға жол ашқан болар едік.

Мазмұны

І.Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

ІІ.1. Ұлы даланың жеті қырының бірі Қазақстан – Ежелгі металлургияның Отаны шығу тарихы туралы мәлімет

ІІ.2. Темір дәуірінен қалған ескерткіштер

ІІІ.Жұмыстың зерттеу бөлімі

ІІІ.1. Металлды балқыту

ІІІ.2. Зергерлік өндіріс. Темірден жасалған бұйым

ІІІ.3.Қыш өндірісі

ІІІ.4. Ежелгі металлургияның табылуы және қайтадан қолданысқа енуі

ІҮ. Қорытынды

Ү. Қолданған әдебиеттер тізімі





























Кіріспе:

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласын оқығаннан кейін Ежелгі металлургия туралы зерттегім келді. Ойлана келе Ежелгі металлургия туралы жоба жазуды қолға алдым. Ата – бабаларымыз қазақтың табиғаты таза, байлығы мол, шұрайлы, ұлан байтақ кең даласын мекен еткен, шексіз кеңістікте ғұмыр кешкен, жер ананың сыйға тартқан байлығын өз тіршілігіне жарата білген.

Елбасы осы мақаласында Ұлы дала төсіндегі күллі түркі әлемінің ажырамас бөлігіне айналған Ежелгі металлургияның да «Тарихи отаны» қазақ жері екенін айтқан. Елбасымыз айтқандай тарихымызды тым тереңнен бастап, сонау қола, темір дәуіріндегі көне тарихымызды тыңғылықты зерттеп, зерделегенімізді қалайды.
















І. Негізгі бөлім:

І.1. Ұлы даланың жеті қырының бірі Қазақстан – Ежелгі металлургияның Отаны шығу тарихы туралы мәлімет

Сан алуан металл кендеріне бай қазақ жері - металлургия пайда болған алғашқы орталықтардың бірі. Ежелгі заманда-ақ Қазақстанның Орталық, Солтүстік және Шығыс аймақтарында тау-кен өндірісінің ошақтары пайда болып, қола, мыс, мырыш, темір, күміс пен алтын қорытпалары алына бастады. Ежелгі металлургия іздерін Тарбағатай даласынанда көруге болады. Атам қазақтың мекеніндегі алып таулар қанша болса, олардың арасында соларды бір бірімен жалғастырып қосып жатқан асқар белдер мен шалқар көлдер қаншама.

Ата-бабаларымыз жаңа, неғұрлым берік металдар өндіру ісін дамытып, олардың жедел технологиялық ілгерілеуіне жол ашты. Қазба жұмыстары барысында табылған металл қорытатын пештер мен қолдан жасалған әшекей бұйымдары, ежелгі дәуірдің тұрмыстық заттары мен қару-жарақтары бұл туралы тереңнен сыр шертеді. Осының бәрі ежелгі замандарда біздің жеріміздегі дала өркениеті технологиялық тұрғыдан қаншалықты қарқынды дамығанын көрсетеді.

І.2. Темір дәуірінен қалған ескерткіштер

Қазақстан аумағында тау-кен ісі мен металлургия қола дәуірінен бастап дамыды. Осы кездегі кен орындарының көпшілігі ерте темірғасырында да кен өндіруді тоқтатқан жоқ. Ежелгі металлургия орталықтары — Орталық және Шығыс Қазақстанда болды. Орталық Қазақстандағы мыстың орасан үлкен кен орындары — Жезқазған маңында, қалайы Атасу мен Ұлытауда болса, Шығыс Қазақстандағы мыс пен қалайының бай кен орындары Қалба мен Нарын жоталарында кездеседі.

Темір өндірісі біздің заманымызға дейін VIII—VII ғасырларда пайда болған. Металлургияның дамуы мыс пен полиметаллалтын мен күміс кен орындарын игеру кезінде кендерден металдарды балқытып алу шеберлігіне байланысты алынған.

Ежелгі металлургтер көптеген әр түрлі құралдарды пайдаланды. Тау-кен өндірісінің тас құралдарына келсек, бұл кен мен таужыныстарын қопаруға арналған салмағы 40 кг-ға дейінгі қуатты шой балғалар, кен кесектерін уатып-ұсақтауға арналған ірі тас балғалар, салмағы 10 кг-ға дейінгі сына пішіндес тас қайлалар немесе кенді уатуға арналған шоттар. Одан әрі кен шикізаттарын уақтап-балқытуға арналған анағұрлым жеңіл түрдегі қол балғалар мен балталар мен келсаптар пайдаланылды. Құралдардың едәуір бөлігі кенді қоспалардан тазартып, сұрыптауға арналды.

ІІ.Зерттеу бөлімі

ІІ.1. Металлды балқыту

Әрі қарай металды кеннен балқытып алу кезеңіне келейік. Кеннен алдын ала балқыту арқылы қоспа алынды. Балқыту үшін шахта пеші пайдаланылды. Оның құрылысы дөңгелек немесе тікбұрыш пішінді шахта болып келеді де, жоғары жағына кен қоспасы мен отынды толтыра салып, ал төменгі бөлігіндегі тесік арқылы ауа үрлейді. Ауаны жіберу екі нұсқа арқылы жүзеге асырылады:

1) отқа төзімді саздан жасалған түтік арқылы;

2) шеңберлі түтік арқылы. Ежелгі мыс балқыту өндірісінде кен балқыту "тигель"өдісі арқылы жүзеге асырылды (тигель — отқа төзімді материалдан металл қорытуға арналып жасалған ыдыс), өйткені пешке балқыған мыс тигельде жиналды. Бұлайша балқыту 450 -қа дейінгі температурада өте қарапайым түрде жүзеге асырылды. Алынған мыс төменгі сапалы әрі құрамында басқа металдардың қоспалары болды. Мұндай мысты "алғашқы мыс" деп атайды.

Металлургия өндірісін жетілдіру қорытпаларды алуға мүмкіндік берді, бірінші кезекте қола қорытпасы алынды. Қола дегеніміз—мыс пен қалайының қоспасы екені бізге мөлім. Алайда Қазақстан аумағында табылған қоладан жасалған бұйымдардағы қалайының мөлшері бірдей емес. Бұл кен орнындағы қалайының шоғырлануына да байланысты болды. Қоланың құрамында қорғасынның, құшаланың (мышьяк), никельдің және сурьманың қоспалары кездеседі.

Ерте темір ғасыры кезеңінде Қазақстандағы тайпалар темір өндіруді игерді. Шеберлер құю технологиясының түрлі әдіс-тәсілдерін меңгеріп, техникалық өңдеу арқылы бұйымдарға кез келген пішін бере алды. Жыртқыш аңдардың бейнелері салынған ат әбзелдері, таналар мен тоғалар құюшы шеберлердің қолымен жасалған. Қазақстан аумағындағы тұрақтардан табылған заттар мен құралдар үш тотқа бөлінеді: қару-жарақ, ат әбзелдері және әшекей бұйымдар.

ІІ.2.Зергерлік өндіріс

Темірден жасалған бұйым

Зергерлердің өнері қоладан жасалған бұйымдарда ізін қалдырған. Бастапқыда бұлар әйелдер тағатын әшекей — қоладан жасалған моншақтар мен маржан алқалар, шомбал білезіктер, айналар ретінде кездессе, одан әрі алтынмен қапталған қола бұйымдар — салпыншақ алқалар, қолаға құйылған алтын сырғалар пайда болды. Зергерлік істе құю, соғу, шекіме немесе өрнек салу тәсілдері кең таралды.

Кейінгі қола дәуірінде зергерлер сақиналар, қайыс белдік қапсырмаларын, дөңгелек сырғалар, үзбе алқалар, иірілген алтын жіпті алқалар, білезіктер жасады.

Ерте темір дәуірінде зергерлік бұйымдарды жасау технологиясы жетілдіріле түсті. Ертедегі көшпелілер қалың табақ алтынды (0,6 мм), сондай-ақ алтын түйіршіктерін илеу және-дәнекерлеу техникасын меңгерді. Сонымен қатар мәнерлі алтын жолақшалармен көркемделген темір әшекейлер, мәнерлі тағалар және алтын мен күмістен жасалған көркемдігі жоғары бұйымдар табылған.

Зергерлік бұйымдар үшін пайдаланылған қорытпалардың құрамындағы алтын жоғары сапалы екендігі анықталды. Алтынның серіктері, яғни қатар қолданатын элементтер күміс пен мыс болып табылады. Күмістің болуы оның табиғи алтынның құрамында болуымен түсіндіріледі. Ал табиғи алтын құрамында мыстың болуы шеберлердің жасаған бұйымдарына қалаған түсті берудегі ұмтылыстарымен түсіндіріледі.

Алтын кенінің құрамындағы кең таралған қоспа элементтердің бірі — қорғасын, ол алтынның қасиетін төмендетеді. Құрамында қорғасыны мол алтын морт сынғыш келеді. Ежелгі шеберлер бұйымдарға қорғасынның шамалы ғана мөлшерін қосып жасаған.

Жалпы алатын болсақ, ерте темір және қола дәуірлерінің зергерлерінің алтыннан жасалған бұйымдарының қасиетін арттыру үшін түрлі қорытпаларды қолданғандары туралы айтуға болады.

ІІ.3.Қыш өндірісі

Қоныстар мен обаларға қазба жұмыстарын жүргізген кезде алынған негізгі материал — қыш. Ең бастысы, қыштан жасалған бұйымдар шаруашылық пен тұрмыста және кейде жоралғылық мақсат үшін пайдаланылатын ыдыс түрі болған.

Қыш бұйымдарды жасаудың технологиялық тәсілдері шикізатты даярлап-іріктеуден, қыш қамырын даярлаудан, қалыптаудан, бетін өңдеп, содан кейін оны күйдіруден тұрады. Шикізатты даярлап-іріктеу үшін сүйек және тас құралдар пайдаланылды. Қыш-құмыра шикізаттарын даярлау үшін келсап пен ірі қара малдың жауырындары, сондай-ақ уатқыштар қолданылған. Қыш құмыраның құрамына қоспалармен бірге (теміртаспиритслюдаәксазбалшыққұморганика (құстың саңғырығы, көң) кіреді. Сазды көбіне минерал текті созылмайтын материалдарды бекіту үшін пайдаланған. Дамыған қыш өндірісінде саз ең бастапқы шикізат болып табылады.

Шеберлер бұйымдарды қалыптау кезінде ыдыстардың түбін басып-жаныштау үшін көлемі әр түрлі жұмыр тастарды пайдаланды. Ал ыдысты жасайтын құрал ретінде тұғырық айналып тұратын үстелше, яғни станок — айналмалы қондырғыны қолданды. Ыдыстардың қабырғаларын тегістеу үшін жұмыр тастар, ағаш пышақтар пайдаланылды. Ал қышты тұрмыста қолданылатын аузы кең пештерде, сондай-ақ балқыту пештерінің түтін шығаратын мұржаларында күйдірген. Лаулаған отқа да күйдірген кездері болды.

Қыш өндірісі отырықшылық жағдайдағы аумақтарда өзінің "гүлдену" кезеңіне жетті. Атап айтар болсақ, Сырдария мен Арал маңы аймақтарыОрталық Азиямен шекаралас жерлерде мықтап дамыған. Мұны осы аумақтағы қала қазындыларынан табылған ыдыс-аяқтан бастап, құрылыс материалдарының алуан түрлілігі айғақтайды. Мәселен, біздің заманымызға дейін VII—V ғасырлардағы Сырдарияның төменгі жағын мекендеген тайпалардың ыдыстарынан: тостақтар мен тостағандарды, шыны ыдыстарды, құмыраларды, саптаяқтарды, имек тұмсықты ыдыстарды бөліп атауға болады.

Орталық Қазақстан аумағында көшпелілік өмір салты жағдайында қыш-құмыра өндіру ісі үй тұрмысының қажетіне байланысты шеберлерге тапсырыс беру арқылы жүзеге асып отырған.

ІІ.4.Ежелгі металлургияның табылуы және қайтадан қолданысқа енуі

1986 жылы орта қола дәуіріндегі пештерді қайта қалпына келтіру Атасу кентінде жақсы сақталған пештер құрылысын зерттеуден кейін орындалды. Осы пештердің пішіні алмұрт тәрізді, жерге терең орналастырылған. Сонымен бірге, ыстық ауа ағыны түтін шығатын мұржаның ең басында кеңейтілген алаң арқылы шығарылған. Осы алаңға құмнан жасалған бұйымдар жинақталған: құмыра, атрелка, музыкалық аспаптар және тағы басқалары. Пештің мұндай конструкциясы тек қана мысты, қоланы қорыту үшін ғана емес, сонымен бірге құмнан жасалған бұйымдарды күйдіру үшін де қолданылған.

Атасу кенті пештерінің ерекшелігі – мұржаларының горизонталды ұзындығы 30 метрге жетеді және ауа берілуіне арналған екі тең деңгейлі арна қарастырылған.

 Ежелгі металлургияның Орталық Қазақстандағы тағы бір ерекше ескерткіші – Алат қонысы. Қоныс біздің ғасырымызға дейінгі ІІ мыңжылдықта Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Кент тауларында орналасқан. Археологтардың зерттеулерімен расталғандай, осы өңірде тау-кен ісі және металлургия жақсы дамыған, одан бай шикізат қоры, қола құю пештері және темір балқытатын пеш оттықтары, металл балқытатын және өңдеуге арналған құралдар, қола бұйымдар табылған. Мұнда шамамен 500 жыл қолөнершілер әулеттері мыс және темір өндірген.

Осы қоныста 2007-2016 жылдар аралығында ҚарМУ археологтары ежелгі металлургиялық үлкен пештерді тапты. Германия және Жапония елдерінің ғалымдары осы ғылыми жаңалыққа үлкен қызығушылық танытты және археологиялық қазба жұмыстарына қатысты.

2016 жылы тарих ғылымдарының кандидаты Жұман Аманжоловқа Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ тарапынан Кент таулары, Алат қонысындағы ежелгі темір дәуіріндегі пештерді қалпына келтіру жұмыстарын басқаруға қатысты ұсыныс жасалды. Аталған жұмыс осы кісінің басшылығымен 2017 жылы орындалды. Оған ҚарМУ археологтарымен бірге ҚарМИУ магистранты Гүлжайна Есболова да қатысты. Қалпына келтірілген пештерде темірді балқыту жұмысын, жергілікті материалдан ағаш көмірін алдын ала алу процесі де жүзеге асты.

Соңғы уақытқа дейін, темірді өндіру б.з.д. алғашқы мыңжылдықтың басында пайда болды деп саналады. Кент тауларындағы археологиялық зерттеулер қола дәуірінде 200 немесе тіпті 300 жыл бұрын шикізатты темірді үрлеу тәсілімен ала бастағанын анықтады.

Металлургтер қонысында салыстырмалы қарапайым, сонымен бірге конструкциясы бойынша өте күрделі металлургиялық пештер табылды. Металлургиялық пештердің конструкциясының әртүрлі болуы, сол уақыттың өзінде мыс, қола және темірді (крицы) өндіруде әртүрлі технологиялық әдістер қолданылғанын айқындайды. Үлкен пештердегі мұржа ұзын болған. Вертикалды қабырғалы пештер және тигелді балқытуға арналған конструкциялар, сонымен бірге тік, конус тәрізді қабырғалар түбіне қатысты жіңішкерген пештерде кездесті. Ұзын мұржалы және мұржасыз пештер де табылды.

Ежелгі темір дәуірінде крицті алуға арналған пештерді қайта қалпына келтіру бойынша жүзеге асырылған далалық эксперимент нәтижелері «Үлкен металдың шығу тегі» атауымен 2016-2017 жылдары екі облыстық ғылыми-практикалық конференцияда, 2018 жылы Сәтбаев қаласының 45 жылдық мерейтойы аясында «Қ.Сәтбаев – Жеке тұлға. Патриот. Ғалым» халықаралық симпозиумында баяндама түрінде ұсынылды.

Қазір Қарағанды облысы Теміртау қаласында «Mittal still» зауыты бар. Нұра өзенінің бойында орналасқан. Теміртаудағы «Миттал стил» зауыты шойын, болат, агломерат өндіреді. Теміртаудың бұрынғы атауы Жауыртау, кейіненн Самарканд аталған. Кейіннен Теміртау аталды. Теміртау зауытында Елбасы алғаш еңбек жолын бастап, домна пешінде жұмыс істеген. Ұшқыш Тоқтар Әубәкіровта осы қаладан шыққан.

Оқушыларға арналған алма туралы сауалнама сұрақтары:

1. Металлургияның шығу тарихын білесің бе?

2. Жерден қазып алған металлдың құрамында қандай қоспалар бар?

3. Металлды балқыту деген не?

4. Металлдан жасалатын қандай заттардың түрлерін білесің?




Қорытынды

Қазақстанның Орталық, Солтүстік және Шығыс аймақтарында тау-кен өндірісінің ошақтары пайда болып, қола, мыс, мырыш, темір, күміс пен алтын қорытпалары алына бастады. Ежелгі металлургия іздерін Тарбағатай даласынанда көруге болад. 1986 жылы орта қола дәуіріндегі пештерді қайта қалпына келтіру Атасу кентінде жақсы сақталған пештер құрылысын зерттеуден кейін орындалды. Ерте темір ғасыры кезеңінде Қазақстандағы тайпалар темір өндіруді игерді. Шеберлер құю технологиясының түрлі әдіс-тәсілдерін меңгеріп, техникалық өңдеу арқылы бұйымдарға кез келген пішін бере алды. Жыртқыш аңдардың бейнелері салынған ат әбзелдері, таналар мен тоғалар құюшы шеберлердің қолымен жасалған. Қазақстан аумағындағы тұрақтардан табылған заттар мен құралдар үш тотқа бөлінеді: қару-жарақ, ат әбзелдері және әшекей бұйымдар.

Болашақта металлургия саласын еркін меңгеріп, өз еліміздегі байлықты байытып, халықтың қажеттілігіне жарататын тұрмыстық өнімдер, заттармен қамтамасыз етіп, еліміздің әлеуметтік жағдайын көтеру, темірден жасалған заттарды өз пайдамызға жаратуды қолға аламын. Болашақта өз мамандығымды таңдап металлург боламын.






Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, т.б. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. — 232 бет

2.Менің алғашқы энциклопедиям Алматыкітап баспасы 2013 жыл. Авторы Сужикова А.Ү, Лекерова ФС, Солтанғазина М.Қ. 307 бет

3.Ел арна ақпараттандыру орталығы

4.Ол кім, бұл не? Балалар энциклопедиясы 235-236 бет. Авторы: Қозыбаев М.Қ. , Арғынов.Х.Қ , Әбдіров .С , Әлімбаев. М , Балахметов .Қ.

5.Ғаламтордан алынған мәлімет ЯНДЕКС сайтынан

6.76 –жастағы әжем мен 78 атамнан сұрап білдім.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26.03.2019
910
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі