400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ұлы даланың жеті қырының бірі Қазақстан – қызғалдақтың Отаны»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жоба
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі

Түркістан облысы Ордабасы ауданы

«Жусансай» жалпы орта мектебі

коммуналдық мемлекеттік мекемесі






Ғылыми жоба

Тақырыбы:

«Ұлы даланың жеті қырының бірі

Қазақстан – қызғалдақтың Отаны»

Секциясы: Этномәдениет



Авторы: .... «....» сынып оқушысы


Жетекшісі: бастауыш сынып мұғалімі: Срайлова Улжан Нуралыевна





Қазақстан – қызғалдақтың Отаны

туралы ғылыми жобасына

Пікір

....... «...» сынып оқушысы ........................ «Қазақстан қызғалдақтың -Отаны» туралы жобада оқушы қызғалдақтың шығу тарихын, Қазақстан қызғалдақтың – Отаны екенін дәлелдеп, адамдарға қандай емдік қасиеттері барын, қызғалдақ туралы қызық жағдайларды, шет мемлекетте қызғалдақтың жоғарғы деңгейде екендігітуралы толық зерттеген. Жер бетінде жойылудың аз - ақ алдында тұрған гүл падишасы, «Қызыл кітапқа» енген қызғалдақ гүлін қорғап, көбейту жолында еңбектену керек екендігін дәріптеген.

Бұл жұмыста оқушының көп ізденгенін көруге болады. Жинаған ақпараттары мен жасаған зерттеу жұмыстарына қарап, табиғат байлығын қорғауға, қоғамға тигізетін пайдасы барын көруге болады. ............ қызғалдақты өсіріп, сыныптастарымен бірлесе отырып, жойылып бара жатқан қызғалдақ түрін көбейтуді қолға алмақшы.Табиғат ананың адамзат баласына сыйлаған табиғат байлығын, қорғап, көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек деп, сыныптастарына үндеу тастаған.

Болашақта өз мамандығын таңдап, қызғалдақ гүлін өсіріп, сирек кездесетін сорттарын көбейтіп, сатылымға шығарып, жеке кәсібін ашсам деген ойының орындалуына, жол аша білген. Алдағы уақытта ................. зерттеу бөлімі бойынша тереңірек жұмыс жасағанын қалаймын.



Пікір жазған: ...........................





Аннотация

Бұл ғылыми жобада оқушы қызғалдақтың шығу тарихын, аңызбен байланыстырып, Қазақстан қызғалдақтың – Отаны екенін дәлелдей отырып, адамдарға қандай емдік қасиеттерімен шет мемлекетте қызғалдақтың жоғарғы деңгейде сатылымда екенін, ғылымда дәлелденуі жайлы толық зерттеген. Жер бетінде жойылудың шақ алдында тұрған гүл падишасы, «Қызыл кітапқа» енген қызғалдақ гүлін қорғау, сақтау, күтімге алу, көбейту жолында еңбектену керек екендігін дәлелдеп жаза білген.



























Мазмұны

І.Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

ІІ.1. Қызғалдақтуралы жалпы мағлұмат

ІІ.2.Қызғалдақтың шығу тарихы

Жұмыстың зерттеу бөлімі

ІІІ.1.Қызғалдақтыңгүлдеуі, өсіп жетілуі.Қызғалдақтың түрлері

ІІІ.2.Көбейту жолдары. Құрамындағы заттар.

ІІІ.3.Қызғалдақтың емдікқасиеті.Қызғалдақты қорғау. Қызғалдақ туралы қызық жағдай.

ІҮ. Қорытынды

Ү. Қолданған әдебиеттер тізімі



















Тақырыбы: «Ұлы даланың жеті қырының бірі» Қазақстан қызғалдақтың -Отаны

Мақсаты: «Ұлы даланыңжеті қырының бірі»Қазақстан қызғалдақтың -Отаны екенін дәлелдеп, қызғалдақтың шығу тарихын, өмірде алатын орнын анықтау,ол туралы тереңнен зерттеу.
Міндеті:Қазақстан қызғалдақтың -Отаны тарихын зерттеу. Қызғалдақтың өсіп, жетілуі, жер бетіне таралуы мен гүлденуін анықтау.

Қызыл кітапқа енген қызғалдақ гүлдерін қорғау, көбею жолын қарастыру.Өзектілігі: Қызғалдақты білгенімізбен, Қазақстан қызғалдақтың - Отаны екенін білгенімізбен оның емдік қасиетін, қандай ауруларға ем екенін біле бермейміз.

Зерттеу әдістері:

-Қазақстан қызғалдақтың -Отанытуралы мәліметтер жинау, өңдеу;

-Ақпараттарды іздеу, кітапханамен жұмыс жасау;

- Ғылыми әдебиеттердегі анықтамалармен танысу;

- Талдау , зерттеу, қорытынды жасау;- Сұрақ-жауап;

Зерттеу объектісі:Қазақстан қызғалдақтың - Отаны

Болжам:

Егер біз«Қызыл кітапқа» енген қызғалдақ гүлінің гүл падишасы сұлулықтың, әсемдіктің символы екенін емдік қасиетін, тереңнен зерттеп, түсіндірсекқорғауға, оны көбейту жолында еңбектенуіне жол ашамыз.

Күтілетін нәтиже:

Қазақстан қызғалдақтың -Отаныекенін зерттей отырып, жер бетінде жойылудың аз – ақ алдында тұрған табиғат байлығы, гүл падишасы, «Қызыл кітапқа» енген қызғалдақ гүлін, оның емдік қасиетін әрбір оқушыға ұғындырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізсек қызғалдақ гүлін болашақта қорғауға, күтімге, қамқорлыққа алуға, көбейту жолында өз үлестерін қосар еді.



І.Кіріспе

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласында «Қазақстан – қызғалдақтың отаны» екендігі жазылған. Кең байтақ қазақ даласының қойнауы табиғи байлықтарға, алуан түрлі өсімдік түрлеріне аса бай. Соның бірі – көктем шыға көздің жауын алып, қырларда құлпырып, жайнайтын қызғалдақ гүлі. Қызғалдақ әсемдік, сұлулық символы. Қызғалдақ гүлінен хош иісті зат алу үшін өсіріледі. Ерекше әсем көркімен дараланатын гүл болғандықтан, оны білмейтін адам кемде-кем. Қазақстан табиғатында қызғалдақтың 35 түрі бар. Осы себепті де «Қазақстан – қызғалдақтың Отаны» болып саналады.

Қазақстанның бренді ретінде мақтаныш етуге біздің толық қақымыз бар. Оны тек мақтаныш етіп қана қоймай, көбейтіп өсіруді, қорғауды қолға алуымыз керек. Оған себеп, жерімізде өсетін қызғалдақтардың 18 түрінің «Қызыл кітапқа» енгендігі. Қызғалдақты қорғау, насихаттау жұмыстары тек сөз жүзінде емес, нақты іс, түрлі шаралар арқылы жүзеге асса игі.
Осы мақсатта жуырда Алматы қаласында «Қызғалдақтың отаны – Қазақстан» Республикалық байқауы өтті.





















ІІ.Негізгі бөлім:

ІІ.1.Қызғалдақ туралы мәлімет

Қызғалдақ латын тілінде (Tulipa) – лалагүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін пиязшықты өсімдік. Қызғалдақ атауы туралы көптеген болжам бар. Ең көп тарағаны-"тюльпан"-парсы сөзі "толибан" немесе "долбент", яғни қызғалдақ қауызының осы шығыс баскиіміне ұқсастығымен түсіндіріледі.Қызғал­дақтың тұқымы Ұлы Жібек жолы арқылы Қазақстаннан – Түркияға, одан әрі Голландияға жеткен көрінеді. Дала қызғалдақтары еліміздің барлық об­лыстары мен аудандарында баршылық. Мамандарды бұл күндері қыз­ғалдақтың келешек тағдыры қатты алаңдатып отыр. Сон­дықтан да дала гүлдерін жүйелі түрде қорғау бүгінгі таңдағы басты мәселе бо­лып тұр.

ІІ.2.Қызғалдақтың шығу тарихы

Мұсылмандар қызғалдақты жұмақ гүліне балайды. Қазақ жерінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде «Теңдік» қорғанынан (Жетісу) біздің заманымызға дейінгі ІІІ - ІІ ғасырлардағы сақ патшалары мен көсемдерінің киімдерінен қызғалдақ тәрізді оюмен әшекейленген жалпақ алтын тіліктер табылды. Орта Азия аймағынан табылған Х - ХІІІ ғасырлық қыш бұйымдарда да қызғалдақ суреттері салынған болып шықты. Орта ғасырларда мемориалдық архитектура мен пластикалық өнер түрінде де өсімдіктектес оюлардың пайдаланылғаны мәлім. Қожа Ахмет Иасауи кесенесіндегі жұқа кірпіштерде, Отырар жазирасындағы ортағасырлық қыштарда гүлдердің әшекейлеу үшін қолданылғаны соның нақты айғағы. Құлпытастарда да қызғалдақ суреттері салынып, ол адам өмірінің өтпелі екендігін бейнеледі. Қазақ қолөнерінде де қызғалдақ бейнесі көп бұйымдарда бедерленген. Олар: ер - тұрман жабдықтары, тері белдік тоғалары, сақина, білезік, қамзол қапсырмалары, ағаштан жасалған жиһаздар. Өсімдік пен гүл пішіндері кестелерде де, сырмақ, текемет, кілем, алашаларда да бар. Шеберлер алтын жіппен ұлттық киімдерге, киіз үй жабдықтарына, қоржын - дорбаларға да қызғалдақтың бейнесін салып әшекейлеп, кестеледі.
Қызғалдақ гүлдерін Іле, Жетісу (Жоңғар) Алатауында, Кетпен (Ұзынқара) жотасы мен Шу атырабынан кездестіреміз.Қызғалдақтың пайда болу орталығы Орта Азия болып есептеледі. Оның көп бөлігі шөл, айнала тау жүйесі қоршап жатыр:ортасында - Копетдаг, Ауғанстан шекарасына дейін Памир-Алай таулары, оңтүстік шығысында -Тянь-Шань. Үндістанның солтүстігінде, Ауғанстанда, Кавказ тауларында, Сирия мен Ливан шекарасында, Қара , Каспий және Жерорта теңізі маңында жабайы қызғалдақ түрлері өсетін оқшау ошақтары белгілі. Қызғалдақтардың экологиялық ауқымы өте кең. Бір түрі сусыз құмды және тасты шөлдерде, гипсті және сазды топырақта өссе, басқалары аңғарларда немесе тау етегінде, шөгінді тастарда, аяқ жетпейтін құлама жарда, қиыршық толған жартас қуыстарында, тау баурайымен теңіз деңгейінен 3000 м биіктікке дейін көтеріледі. Қызғалдақ өсімдігі ылғалды сүймейді.
Грейг және Кауфман қызғалдақтары Ақсу Жабағылы қорығында 1926 жылдан бері қорғалып келеді. Бұл Қазақстандағы, Орталық Азиядағы ең ескі қорық. Осы қорықтың сыртында да қызғалдақтар бар.

ІІІ.Жұмыстың зерттеу бөлімі

ІІІ.1. Қызғалдақтың гүлденуі, өсіп жетілуі, қызғалдақтың түрлері

Сұрпы мен түріне қарай қызғалдақтың гүлдеу мерзімдері де әртүрлі. Наурыз - мамыр айларында гүл ашады. Оның биіктігі 10 см - ден аспайтын аласа бойлы түрлері ерте көктемде гүлдейтін болса, “Рембрант қызғалдағы” сияқты биік өсетін түрі маусым айының ортасына таман гүлдейді. Барлық түрі 20 - 25 күн аралығында әдемі гүл жарып тұрады. Қызғалдақ гүлінің түсі ақтан қараға дейінгі аралықта алуан түрлі болып келеді. Көп жағдайда сабақ басына бір тал ғана гүл жарады. Гүлзарларға бірыңғай түсті қызғалдақтарды топтап отырғызған жақсы көрінеді. Ал, жеке ыдыстарға бойы аласа түрлерін отырғызған дұрыс. Бойы аласа қызғалдақтар Альпі шоқысының да көркін асыра түседі.
Қазақстанның далалық аймақтарында қызғалдақтың 35 түрі бар, оның 11 түрі – Қазақстанның 
эндемигі болып саналады. Бұлардың биіктігі 3 – 50 см. Сабағы жұмыр, тік өседі. Тамырымен жалғасқан буынында пиязшығы болады. Гүл қоршауы ақ, қызыл не сары. Жемісі – қауашақ. Қызғалдақтың пиязшығын күзде гүлі түскеннен кейін жинап алып, оны құрғақ, салқын жерде сақтап, көктемде егеді.Қызғалдақ әсемдік және гүлінен хош иісті зат алу үшін өсіріледі. Қызғалдақтың өте сирек кездесетін 13 түрі бар. Олар Альберт қызғалдағы, Борщов қызғалдағы.Қызғалдақтың отырғызу мерзімі жердің ерекшеліктеріне және олардың өсуіне байланысты тұрақталанады. Қазан айында қызғалдақтарды отырғызу үшін өте қолайлы уақыт. Қызғалдақтардың тамырлары жердің температурасы 6—10° болғанда жақсы дамиды. Егер температура жоғары деңгейге көтерілсе ол оған көп зиян келтіреді.

Қызғалдақтың түрлері

Грейг қызғалдағы, Кауфман қызғалдағы, Шренк қызғалдағы, т.б қызғалдақтар қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген.Қа­зақ халқы ежелгі дәуірден бері дала гүлі қыз­ғалдақты құрметтейді және оның көр­кіне қызығып қана қоймайды. Шипалы қасиеті бар өсімдік әсіресе оңтүстік өңірде емдік мақ­сатқа кеңі­нен пай­да­ланылады.

Кауфман қызғалдағы Күмәнді қызғалдақ Түркістан қызғалдағы

Шымған қызғалдағы Жалған түкті қызғалдақ Жалған қос гүлді қызғалдақ

Күтімі
Гүлдеп бітіп, жапырағы мен сабағы қураған соң пиязшығын қазып алып, кептіріп, құрғақ орында сақтап қою керек. Күзде қайтадан қолайлы орынға егеді. Ашық күн көзін, құнарлы, жеңіл топырақты ұнатады.
ІІІ.2.Көбейту жолдары. Құрамындағы заттар.
Пиязшықтан бөліп алынған балапандарын отырғызу арқылы көбейтіледі. Суық түскенше тамырланып үлгеруі үшін, күздің алғашқы айларында егу керек. Отырғызу тереңдігі пиязшық көлемінен екі - үш есе терең болуы тиіс (пиязшықтың ұзындығы 4 см болса 8 - 12 см тереңдікте егу керек). Пиязшықтардың арақашықтығы биіктігіне қарай 10 - 20 см - ден кем болмағаны жөн.

Өсімдікті қарашаның аяғында отырғызуға мүлдем болмайды. Қызғалдақ гүлі ауыруға өте жуық, сонымен қоса көктемде кеш гүлденеді. Әдетте, күндердің аяздауына дейін бадалардың тамыр жүйелері жақсы дамып, өсімдіктер қысты сәтті өтеді. Тамыр жүйесін дамыту үшін қызғалдақтарға отыздан қырық күндерге дейін мерзім керек.

Қызғалдақтардың тамырлары отырғызғаннан кейін он-он бес күнде шығады. Оның жылдамдылығы жағдайлардан тәуелді. Ол жер сулылығына және температурысына байланысты.

Құрамындағы заттар.

Егер қызғалдақты гүл падишасы дейтін болсақ, грейг қызғалдағын қызғалдақ падишасы деу әбден жа­расымды болар еді. Өйткені грейг – қызғалдақтың ең әдемі және табиғатта ең аз кездесетін түрі екен. Оның қалың көкшіл жапырақтары мен 12-15 см дейін жететін бокал тәріз­дес гүліне сұқтанбайтын жан кемде-кем. Қызғал­дақ­тың бұл түрі тек өзінің әсемдігімен ғана емес, емдік қасиеттерімен де ерекшеленеді. Мәселен, гүлдің пиязшығының құрамында 40-60% крахмал мен қант бар. Оның кей бөліктерін жергілікті халық бас ауруы, бауыр ауруларын емдеуге де пайдала­натын көрінеді. Өкінішке қарай, оның сұлулығы өзіне сор болып жабысқан сыңайлы. Себебі өте сирек кездесетін жағдайға жетіпті. Голландияда жасалған сұрыптаулардың нәтижесінде қызғалдақтардың көптеген сәндік әсем сорттары шығарылған. Тек Кауфман қызғалдағының өзінен 200 сорты алынған

ІІІ.3. Қызғалдақтың емдік қасиеті.

Қызғалдақтың «грейг» деген түрін бауыр ауруларына қарсы дәрі-дәрмек ретінде пайдалануға болатынын айтуда. «Грейгтің артықшылығы ол – 55 пайыз крахмал мен қанттан тұрады. Ал ондай сұйықтық ағзаға аса пайдалы», – дейді олар. Ал Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданындағы Қызыл төбешік нақ осы гүлдің ордасы саналады.

Жылына бар болғаны 15 күн ғана гүлдейтін қызғалдақтар бүкіл алқапты қызыл кілемге көмкеріп, жазиралы кең даланы одан сайын асқан сұлулық пен әсемдікке бөлейді. Және қызғалдақтар сәуір айының соңғы күндерінде ғана өсіп шығатындықтан өзіміздің төл мерекеміз – Наурыздың да символы іспетті.

Қызғалдақты қорғау.

Егер азамат қызғалдақты жұлу кезінде қолға түссе, онда ҚР Қылмыстық кодексінің 290-бабымен оның үстінен қылмыстық іс қоз­ғалады. ОҚО Ішкі істер басқармасындағылар Түлкібас ауданына қа­расты Қызыл төбешік дейтін жердегі грейг қызғалдағы ерекше қорғауды қажет ететіндігін айтады. Және сол төбеден өзге аймақтан бұл гүлді кездестіре алмаймыз.

Қызғалдақ туралы қызық жағдай

2002 жылы Нидерланды корольдігіне жасаған ресми сапары кезінде Елбасы Н. Назарбаевқа сол елдің ханшайымы Беатрикс ханым қызғалдақ жайында ағынан жарылып, былай депті: «Ұлы Жібек жолы ғасырлар бойы Еуропаны Азиямен, сондай-ақ Қазақстанды Нидерландымен байланыстырып тұрды. Осы байланыстар біздің елімізге қызғалдақ гүлін әкелді. Бұл гүл осылайша Нидерландыға кең тарады. Гүл саудасында да ол ең өтімді өнімге айналды. Қазіргі кезде қызғалдақ гүлі нидерландықтардың нөмірі бірінші экспорттық тауары. Сол үшін де сіздің елге қарыздармыз» деген.

Ақиқаттың негізінде өрбитін аңыз-әңгімелер жаугершілік заманда бабаларымыздың қаны тамған жерге араға бірнеше жылдар салып қып-қызыл қызғалдақтар жайқалып шыққан дейді. Осылайша, қан майданнан қалған қызғылт дақтар уақыт өте келе гүл падишасы – қызғалдаққа айналыпты. Қызғалдақ сөзінің төркіні «қызғылт дақ» деп аталғаны содан болар.Аңыздың түбінде әйтеуір бір шындықтың жататыны рас емес пе? Олай болса, «Қазақстан қызғалдақтың - Отаны» деген мәртебелі атаққа қазақ жері талассыз ие екені айдан анық.
Оқушыларға арналған қызғалдақ туралы сауалнама сұрақтары:

1.Қызғалдақ жайлы не білесіңдер?

2.Қызғалдақтың неше түрі бар?

3.Қызғалдақты қандай ауыруларға пайдаланамыз?

4.Қызғалдақ қай жерлерде өседі?

5. «Қызыл кітапқа» енген қандай қызғалдақтарды білесің?















ІҮ.Қорытынды:

Қазақстан қызғалдақтың отаны екені айдан анық. Қызғалдақ алғаш қазақ жерінен Түркияға, содан Нидерландияға барған. Жер бетінде жойылудың аз – ақ алдында тұрған қызғалдақ гүлін «Қызыл кітапқа» енгізіп, қорғауға алған.

Қызғалдақ гүлі бауыр ауруына ем. Тарихи деректерде жаугершілік заманында батыр бааларымыздың жерге тамған қаны бірнеше жылдан соң, қызғалдақ болып өсіп шыққан деген аныз бар. Қызғалдақ қызғылт дақ деген ұғымды білдіретінін осы аңызбен байланыстырады.

Мен осы зерттеу жұмысым арқылымектептегі сыныптастарымақызғалдақтың жер бетінде жойылып бара жатқанын, оны қорғауға ат салысуларынтүсіндірдім. Олар табиғат байлығын қорғауға, көбейтуге, қамқорлыққа алуға, емдік қасиеті мен қызғалдақ түрлерін де толық түсінді. Болашақта бұл жобамды ары қарай жалғастырып, жойылудың аз – ақ алдында тұрған қызғалдақ гүлін көбейтуді қолға аламын. Сұлулық пен әсемдіктің символы болған гүл падишасы қызғалдақ гүлін өсіріп, сатылымға шығармақпын. Қызғалдақ гүлін өз қолымнан жасап, анама сыйладым. Енді сіздерге өз қолымнан жасалған қызғалдақ гүлін сіздерге тарту етемін. Осы қызғалдақ гүліндей құлпырып жүре беріңіздер.














Ү.Пайдаланған әдебиеттертізімі:

  1. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8

  2. Балалар Энциклопедиясы, 6 том.

  3. Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлерінде қолдану. Алматы Қайнар 1988 жылы 242 бет

  4. Ғаламтордан алынған мәлімет ЯНДЕКС сайтынан








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
14.02.2019
1290
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі