15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұлы даланың жеті қырының бірі-Ұлы Жібек жолы-ұлт тарихы
Ұлы Даланың жеті қырының бірі-Ұлы Жібек Жолы –ұлт тарихы
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде қабылданған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы қазіргі өсіп келе жатқан жасөспірімдер үшін болашаққа айқын жол болып қаланып жатыр. Ұлы Жібек жолы арқылы біз өткен тарихымызға үңілеміз.Ұлы даланың жеті қырының бірі- Ұлы Жібек жолы мемлекет үшін ең маңызды тарихи өткелдердің болғанын дәлелдейді.
Ұлы Жібек жолы десе көз алдыма күн астында күйіп тұрған алып шөл далалар, аяғы көрінбейтін қымбат жүктері бар керуендер, мыңдаған шақырым жол жүріп өткен саудагерлер, алдындағы мақсатына жету үшін шөл даладан да өтуге дайын көпестер елестейді. Осы елесті нақты өмірге айналдыруға бала ойын шыңдау мақсатында 6 «А» оқушыларымен макет жасадық.
Ұзындығы 12 мың шақырым болатын Ұлы Жібек жолының сауда керуендерінің бір бағыты Қазақстанның оңтүстік аумағы арқылы өткен. Жол барысында жаңа қалалар пайда болған. Керуендер өтетін шаң басқан жолдар арқылы қымбат маталар, асыл тастар, алтын мен күмістен жасалған заттар, экзотикалық жануарлар тасымалданды.Ұлы Жібек жолы Шығыс пен Батысты байланыстырып, қалалардың тіпті жаңа мемлекеттердің пайда болуына өзіндік септігін тигізген. Талай тарихи орындардың әлемге танылуына әсер болған, теңдесі жоқ сауда маршруты. Оны сауда жолы ғана емес, екі алпауыт цивилизация арасындағы мәдени экономикалық көпір деп айтуға толық негіз бар.
Жібек жолының тарихы біздің заманымызға дейін 138 жылдан бастау алады. Сол жылы Қытай императоры Батыс жаққа сауда жасайтын серіктестерді іздеу үшін арнайы дипломатиялық керуенді жіберген болатын. Оған қатысқандар Қытайдан Орталық Азияға тікелей жүріп өткен. Дәл осы жолмен батысқа қарай барлық керуендер жүретін болған. Уақыт өте келе Орталық Азия мен Қытай арасындағы сауда-саттық нығайды.
Бұл макеттің ерекшелігі оқушылар керуен жолдарында тұрған Отырар, Тараз, Сайрам, Түркістан, Суяб, Баласағұн және басқа қалалардың өркендеп сауда орталығына айналғаны ғана емес, сонымен қатар мәдени және ғылым ошақтарына айналғаны туралы толық ақпарат беру үшін әрбір қаланың атауын басса , сол қала жайлы толық ақпаратты ала алатындай қылып макетті түрлендірген. Бұл тарихи өнім арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеттері шыңдалып, шығармашылықтары табысты болды.
Оқушы бұл макетті қорғау мақсатында өз ойларын ортаға салды. Ұлы Жібек жолы қандай да бір мықты магистраль деп айта аламын. Алайда, мен Ұлы Жібек жолын үлкен ағашқа ұқсатамын, өйткені оның көптеген бағыттары болған. Осылайша, сауда айналымы көптеген қалаларды қамтыған. Бүкіл Еуразия арқылы саяхаттаған саудагерлер қолөнердің даму технологияларын, діни ілімдер туралы айтып, мәдениетімен бөліскен. Сапарға саудагерлер ғана емес, жазушылар, жауынгерлер де, ғалымдар да аттанған. Ұлы Жібек жолының тарихы өте көне. Еуропа осы бағытпен жүріп өткен саяхатшылардың арқасында ғана Шығыстың мәдениетімен танысты. Мысалы, оқ дәрі алғаш Қытайда ойлап табылды. Бірақ еуропалықтар бұл туралы білгеннен кейін ғана алғашқы қару-жарақ пайда болды.
Қазіргі таңда ғасырлар тегілі Ұлы Жібек жолының тарихи орны мен мемлекет үшін маңыздылығына байланысты Елбасының бастамасымен Батыс Еуропа, Батыс Қытай халықаралық дәлізінің құрылысымен жалғасты.
«Бір белдеу — Бір жол» бағдарламасын жүзеге асыра бастады. Қазақстан мемлекет экономикасын дамытуда дамыған 50 елдің қатарына кіру мақсатында көптеген жобалармен жұмыс жасауда соның бірі- көліктік-логистикалық инфрақұрылымның дамуы осы Ұлы Жібек жолы бойымен байланысты.
Міне, Ұлы даланың жеті қырының бірі саналатын Ұлы Жібек Жолы тарихынан Тәуелсіз Қазақстан тарихы жалғасын тауып- рухани жаңғыруда.
Балқаш қаласы,
жалпы білім беретін №24 орта мектептің
тарих пәні мұғалімі Шолакова Лаззат Бодыковна

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген