400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлы ерлікке тағзым

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәтін құрылымын (кіріспе бөлім, жалпы мәлімет беру, детальді мәлімет беру) сақтай отырып, графиктік мәтін (шартты белгі, сурет, сызба) түрінде берілген процесті сипаттап жазу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Атырау облысы Мақат ауданы Доссор поселкесі

Бержан Қанатбаев атындағы орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Байтубетова Кундыз Каримжановна


Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7

Бөлімі: Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым

Сабақтың тақырыбы


Ұлы ерлікке тағзым

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

7.Ж3. Жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну. Мәтін құрылымын (кіріспе бөлім, жалпы мәлімет беру, детальді мәлімет беру) сақтай отырып, графиктік мәтін (шартты белгі, сурет, сызба) түрінде берілген процесті сипаттап жазу.



7.ӘТН 1. Орфографиялық норма. Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу.

Сабақтың мақсаты

Барлығы: Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.


Көбі: Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазады.


Кейбірі: мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтін түрінде берілген процесті сипаттап жазады.

Күтілетін нәтижелер

Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, жергілікті өңірден шыққан батырларды біледі, ерліктерін сипаттайды.

Сабақтың түрі

Жаңа білімді меңгерту сабағы.

Қажетті құрал-жабдықтар

Интерактивті тақта, тақырыпқа қатысты слайдтар, аудиотаспа, суреттер.

Оқыту әдістері

Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Кіші шеңбер» тәсілі, «ПОПС» формуласы, «РАФТ» әдісі, «Шығу парағы» тәсілі.

Дереккөздері

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Оқушылармен амандасып, ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін «Шаттық шеңберіне» тұрғызады.

Оқушылар мұғаліммен сәлемдеседі, бір-біріне жақсы тілектер айтады.

Өткен сабақты тексеру

«Кіші шеңбер» тәсілінің негізінде үй тапсырмасын тексереді. Мұғалім үй тапсырмасының қалай орындалғандығын қадағалау үшін бірнеше оқушыны іріктеп алады. Белгілі бір уақыт ішінде шеңбер бойынша әрбір оқушының үй тапсырмасын қалай орындағанын баяндап шығуларын сұрайды, әрбір хабарлама талқыланады, кемшілікті анықтайды, түзетеді.

Белгілі бір уақыт ішінде әрбір оқушы кезекпен үй тапсырмасын қалай орындағанын баяндайды. Өзге оқушылар жауап берушілердің сөзін тыңдайды, әрбір жауап талқыланады.

І.Қызығушы-лықты ояту

Оқушыларға сурет қиындыларын таратып, сол қиындылардан тұтас суретті құрастырту арқылы топқа бөледі.

Тыңдалым алдындағы тапсырма.

  • Құрастырылған үш суретке ортақ қандай ой, іс-әрекет бар?

Оқушылар топқа бөлінеді. Суреттерге ортақ ойды, іс-әрекетті айтады.

ІІ. Мағынаны тану

Білу.

Тыңдалым. 3-тапсырма

Ә.Сәрсенбаевтың «Сен құрметте оны, қарағым!» өлеңін аудиотаспадан оқушыларға тыңдатады.

Тыңдалым. Өлеңді аудиотаспадан тыңдайды.


Түсіну.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.

«ПОПС» формуласының құрылымы:

Бірінші сөйлем. «Біздің ойымызша...».

Екінші сөйлем. «Себебі, біз оны ... деп түсіндіреміз».

Үшінші сөйлем. «Оны біз ... деген деректермен, мысалдармен дәлелдей аламыз».

Соңғы сөйлем. «Осыған байланысты біз ... деген шешімге келдік».

«ПОПС» формуласы бойынша өлеңдегі негізгі ойды анықтайды.



Қолдану. «Галереяда ой шарлау»

Жазылым. 1,6-тапсырмалар.

Сурет бойынша мәтін құрылымын сақтай отырып, сипаттау мәтінін жаздырады.

Кілт сөздер: Ұлы Жеңіс, Отан, туған жер, Отанды сүю, ерлік.



Жазылым. Суреттер бойынша әңгіме, мәтін құрап жазады.

Оқушылар бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды.


Оқушыларға сұрақтар қояды.

- Ұлы Отан соғысы жылдарында қан майданда от кешкен қандай батырларды білесіңдер?

- Жергілікті жерден Ұлы Отан соғысына қатысқан тұлғаларды білесіңдер ме?

Мұнайлы өңірдің майдангерлері туралы әңгімелеу.

Сұрақтарға жауап береді.


Талдау.

Оқылым. Суреттің орнына сөз, көп нүктенің орнына жалғауларды, шылауларды қойып толықтырып оқиды.


Бержан Үсенұлы Қанатбаев 1939 жылы Қызыл Армия қатары... алынып, 1940 жылы фин соғысына қатысады. Әскери борышы... өтеп болғаннан ..., ауылға қайтпақшы болады. Ол жоспарын 1941 жылы кенеттен бұрқ еткен Ұлы Отан соғысы бұзады. Бірден Отан ... ұрыс даласына аттанады. Өзге де отандастарымыз ... елі мен жері ... күш-жігерін, қайраты мен қуатын, қаны мен жанын аямады. 1942 жылдың көктемі... ауыр жараланғаннан ... әскерден біржола босатылып, елге қайтарылады. Елге келгеннен ... соғысқа дейін атқарған мұғалімдік қызметін жалғастырады. Аудандағы Байшонас, Абай атындағы орта мектептері... 1954 жылға ... басшылық қызмет... болады. 1954 жылы В.Г.Белинский орта мектебінде мұғалім, 1961-1979 жылдары осы мектеп... директоры болып еңбек етеді.

Дескриптор:

  • Мәтінді түсініп оқиды;

  • Жалғауларды орфографиялық нормаға сай жазады;

  • Шылауларды орынды қолдана алады.

Оқылым. Суреттерді қолданып, көп нүктенің орнына жалғауларды, шылауларды қойып, мәтінді толықтырып оқиды.

ІІІ. Ой-толғаныс

Жинақтау. 8-тапсырма

«РАФТ» әдісі

Р – оқушылар

А – Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне

Ф – алғыс хат

Т – «Айтамыз біз мың алғыс!»

Алғыс айтып хат жазады. Мақал-мәтелдерді, тұрақты тіркестерді пайдаланады.

ІҮ. Бағалау

Қалыптастырушы бағалау.

«Шығу парағы» әдісі

  • Бүгін не үйрендің?

  • Сен үшін бұл тақырыпта қай мәліметтер маңызды болды?

  • Сабақ бойынша қандай сұрақтарың бар?

  • Келесі сабақта қандай мәселелерге баса назар аудару керек?

«Шығу парағын» пайдаланып, сұрақтарға жауап жазады.

Ү.Үйге тапсырма

5-тапсырма. Ақпарат құралдарынан соғыс кезінде жетім қалған балалар туралы мәлімет жинап, соғыс уақытындағы балалар өмірі туралы ойтолғау жазу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
20 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
2201
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі