жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ұлы есімдер ұмытылмайды
Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Ұлы есімдер ұмытылмайды »
Ашық тәрбие сағатының мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.
Ән ұран:
Тұмар:
Қайырлы күн, ардақты ағайын!
Жетпіс үш жыл бейбіт күннің таңы атқалы,
Жетпіс үш жыл шуақты таратты әнін.
Жетпіс үш жыл зеңбіректен оқ жаудыртпай.
Жетпіс үш жыл бұлбұл құсты сайратқалы.
Тарих қойнауында ерлік пен елдіктің қайсар рухын паш еткен Жеңіс мейрамына арналған «Ұлы есімдер ұмытылмайды» атты салтанатты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Нүржігіт:
Жеңіскерлер – әр елдің өрендері,
Солар жұрттың айбары, әлемдегі.
Отан бағын жайнатып гүлмен жаңа,
Мерей тапты солармен ел еңбегі.
Тұмар:
Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар бар. Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетін, батыр ағаларымызбен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашанда ұмытпақ емес. Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941 жылы 22 маусым күні таңғы сағат 4 - те бейбіт жатқан елімізге Германия тұтқиылдан соғыс ашты. Суық хабар сол күні байтақ елімізге, жер - жердегі ауыл - селоға тарады. Ер азаматтар асығыс соғысқа аттанды. Кейбірі өздері сұралып кетті. Қасиетті жеріміз, бейбіт жатқан еліміз, құлақ естіп, көз көрмеген апатқа ұшырады. Еліміздің жауынгерлері қасық қаны, шыбындай жаны қалғанша шайқасты. Жеңіс жеңілдікпен келген жоқ.
Нүржігіт: 50 млн адамның өмірін
қиды. Міне, осынау еліміздің жеңісіне 73 жыл толып отыр. Ешкім де,
ешқашан да ұмытылмақ емес. Осы қан майданда мерт болған ерлердің
рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға
басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де,
ешқашанда ұмытпауы тиіс.
Дәл осынау жадыраңқы жай
күйі,
Болса дағы
қай ғасырдың қай жылы
Ұлы Отаным басым иіп бір
минут
Есіңе алмақ
сол бір апат қайғыны
( 1 минут
үнсіздік)
Эльанора: Сол сұрапыл қанды ұрыста
Түн түндігі түрілген.
Күн күлімдеп, таң шапағы білінген,
Сол сұрапыл қанды ұрыста.
Біздің ерлік танылған,
Әрбір көше, әр бұрышта,
Жеңіс дабылы қағылған.
Дәуіржан: Екі дүние айқасты,
Майдандасқан алаңда.
Фашистерді шайқаста,
Езгіледік табанда.
Бейбітшілік орнаттық
Күн ортақ барлық адамға
Ақеркe: Көк түтінге көмемін деп көгімді,
Ес жидырмай еземін деп елімді.
Келді фашист жеңе алмады бірақ та,
Бақыт үшін қаншама тер төгілді.
Көрші үйіне қара қағаз келіпті,
Қайран аға қан майданда өліпті.
Ерлігіне ескерткішті орнатып,
Жолдастары басына гүл қойыпты.
Айша: Оқ борады күні-түні,
Жапты жерді от қарып.
Алға қарап ұмтылды
Батыр қазақ Тоқтаров
Туын жықпай қолдағы,
Өжет болды елі үшін
Кеудесімен қорғады,
Ар намысы елінің.
Ержігіт: Бұлт түнеріп аспаннан,
Талай көзден жас тамған.
Тұтқиылдан жау тиіп,
Қырғын соғыс басталған.
Досымжан: Соғыс жалмап аға-іні бауырды,
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.
Жалғызынан айырыпты ананы,
Әкесінен айырыпты баланы
Тұмар: Біздің халқымыз қазақтың батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың есімдерін мақтанышпен атайды.
Ата-анасынан ерте айрылған Мәншүк жастық шағын да тәрк етті. Алматы медициналық институтында оқып жүрген шағында жау жақтан ескен соғыстың ызғарлы желі жас қайыңның жапырағындай жайқалған бойжеткенді жұлып түсіреді. Халқына төніп тұрған қауіпке жаны шыдамай, дамыл таппастан әскерге өзі сұранып, жоғарыға мынадай өтініш жазады: «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз». Ел үшін қан төгіп, жан беріп жатқан отандастарына қалай да өз жәрдемін бергісі келген ниетпен, 1942 жылдың тамыз айында «Қызыл армия» қатарына алынды.
1943 жылдың 15 қазанында Псков облысындағы Невель қаласын босату үшін Изоча станциясындағы 173,7 биіктігінде қантөгіс соғыс болды. Сол күні Мәншүк жан серігі - пулеметімен дамылсыз оқ атып, ерен ерлік көрсетті. Жауыз жаудың Мәншүкке қарсы атқан оғы оның ажал оғы болып, өрімдей қызды қыршыннан қиып түсті
.
Нұржігіт: 1942 жылы Әлия өз еркімен майданға аттанып, мергендер мектебін үздік бітірді. Бірақ біраз уақытқа дейін оның алғы шептегі атыс-шабыс алаңында білім-білігін іс жүзінде көрсетуіне рұқсат етпеді. Бірақ жас қазақ қызы алға ұмтылды, жауға қарсы оқ жаудыруға асықты. Бір хатында ол өз құрбылары мен достары үшін фашистерден кек алуды қалайтынын жазады. Өзі оқыған қаласының құрсауда қалғаны оны қатты алаңдататын еді.
1943 жылы Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 жылдан бастап, 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбазы мен офицерінің көзін жойған. 1944 жылы 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.
Көрініс: Әлия мен Мәншүк
Нурила: Біз сендердей жаңа ашылған гүл едік,
Жерге бақыт, елге бақыт тіледік.
Отан Ана отқа күйіп жатқанда
Біздер ме едік үй бағатын тірі өлік.
Тұмар: Отан Ана жылағанда шерленіп,
Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт.
Қара бұлтты қақ жарайық дедік те,
Қолымызға қару алдық ерленіп.
Нурила: «Отан» деген сөз көкейде жатталып,
Зор айқасқа кеттік біздер аттанып.
Біз сендердей қыдырмадық кешқұрым,
Біз сендердей арман гүлін таппадық.
Тұмар: Қатар тұрмыз, қатар жүріп келеміз,
Қатар тұрып қырдан гүлдер тереміз.
Біздер өлдік, өлмесін деп басқалар,
Бізді қайта туды Отан, ел егіз.
Екеуі қосылып:
Ешкім бізге жыр ұсынған жоқ еді,
Жетсек деген арманымыз көп еді.
Бізді туған күнімізбен құттықтап
Айтылған жоқ махабаттың өлеңі.
Бірақ ерте, тым ертерек жандық біз,
Жанарлардан мөлдір жас боп тамдық біз.
Жанымызды құрбан еттік осылай
Біздей ерте солмау үшін барлық қыз.
Ән: : «Жойылсын жалғыз сөз соғы деген»
Орындайтын: Хор
1)Жойылсын жалғыз сөз соғыс
деген
Оқ даусы мәңгілік
жойылсын
Бомбаның орнын
тегістеген
Күректер музейге
койылсын
Қ-сы
Кел
достарым
Ән
бастайық
Көтеріп
жаңғыртып
Даласын
дана
баласын
ана
Жоқтамасын
мәңгілік
2)Көктесін жас ағаш одан
әрі
Өткен күн қайтадан
жанбайды
Сұлудың кестелі
орамалы
Сүртсін тек тершіген
маңдайды
Қ-сы
Кел
достарым
Ән
бастайық
Көтеріп
жаңғыртып
Даласын
дана
баласын
ана
3)Жойылсын жалғыз сөз соғыс
деген
Оқ даусы мәңгілік
жойылсын
Әлемнің бар сәби
балалары
Тұрсын тек ұйқысы қанған
соң
Қ-сы
Кел
достарым
Ән
бастайық
Көтеріп
жаңғыртып
Даласын
дана
баласын
ана
Абдулла: Қазақ арасында осы соғыста ерекше қаһармандық танытқан батырдың бірі әрі бірегейі –Бауыржан Момышұлы. Соғыс кезінде қолбасшы Рокоссовский лейтенант шеніндегі жап-жас қазақ жігітінің қабілетіне риза болып, полк командирлігіне тағайындаған. Б.Момышұлы соғыс кезінде 207 рет шайқасқа қатысып, 2 рет ауыр жараланды. Басшалық тарапынан бірнеше рет Кеңес Одағы батыры атағына ұсынылады. Бірақ, атақ кешіктіріле береді. Еңбекқор Б.Момышұлы мойыған жоқ. Ол 37 дәптер күнделік жазған батыр, бейбіт өмірдің қаруы қаламды алып қазақ және орыс тілдерінде көптеген кітаптар жазады. Бауыржан Момышұлының Ұлы Отан соғысында ұрыс жүргізу әдістері үлгі ретінде қабылданып, Кубаның әскери академиясында оқытылды.
Самат: Талғат Бегильдинов 1942 жылы майданға аттанады. Осы өзі бір көргеннен қатты ұнатқан ұшақпен көк жүзінде 500 сағат болады. 305 рет әскери шабуылға шығып, жау ұясы – Берлинді алуға бірінші болып қатысады. Фашистер өздеріне аяусыз өлім оғын сепкен Талғат мінген ұшақты «Қара ажал» деп атаған. 23 жасында Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын иеленіп, соғыста небір көзсіз ерлік көрсеткен қыран қазақ қан майданнан аман-есен оралған соң, әскери әуе академиясын аяқтайды.
Эльанора: Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде де өлімге бастарын тікті. Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинге шабуыл жасады, Рейхстагқа қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев Жеңіс туын 1945 жылдың 30 сәуірде тікті.
Аруай: Ленинградтық өренім,
Мақтанышым сен едің!
Нева өзенін сүйкімді
Бұлағымдай көремін!
Жасалған жоқ салтанат,
Жаудың болу ермегі.
Жауда қалып Ленинград,
Жаралған жоқ көнгелі.
Қазақстан жерінен
Тұтанған ел кегі,
Сендерге дем бергелі,
Жолды кернеп қол кетті
Әлім: Келді Жеңіс қаралы қағаздармен
Келді Жеңіс жаралы сарбаздармен.
Келді Жеңіс соқаға сиыр жегіп,
Тастарға таратылған бораздармен
Ердәулет: Жеңіс күні бар әлемге әйгілі,
Көктем шуақ - 9 мамыр күні.
Айтшы, кәне, біздің жеңіс шеруі,
Кездейсоқ па көктемге сай келуі.
Нүрила: Ұлы менен ері үшін,
Еңбек еткен аналар.
Елі менен жері үшін,
Бейнет еткен аналар.
Ер жігіттің орнына,
Арба айдаған аналар.
Баулық алып қолына,
Бау байлаған аналар.
Жарын, ұлын сағынып,
Зарлап өткен аналар.
Қасіреттен қамығып,
Жасын төккен аналар
,Би: «Катюша»
Тұмар:
Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен – аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!
Нүржігіт:
Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Осы тілекпен барша халайық түрегел!
Аруай: Жеңіс үшін асықтық, асықты күн,
Сондықтан мына аспан ашық бүгін.
Осы күн мен ел үшін қан төктік қой,
Сол үшін де мәңгілік бақыттымын.
Бұл жеңістен теңдессіз өзге мүсін,
Ақ ниеттілер күдерін үзбеді шын.
Сол үшін де жеңісті жеңіп алдық,
Соның өзі мақтаныш біздер үшін.
Ұсынғанмен бұл өмір қиын заңын,
Шыдап едік, жеңіп ек. Мұным мәлім!
Босап кетем ал қазір есіме алсам,
Нұртөре: Бақыт деген келер дәйім күреспен,
Бақыт үшін қарт бабалар күрескен.
Бақыт үшін аопалысты әкелер,
Тек бақытқа қол созумен ұл өскен.
Самат: Сүйінші, халқым, сүйінші!
Бәрекелді бекем буынышы.
Жеңдік жауды күйрете,
Жасалған той-мерерке!
Бексұлтан: Сүйінші, халқым, сүйінші!
Сүйіншіге сүйінші.
Шаттан ата-бабамыз,
Кек қайтарып фашистен,
Соғыс бітті жеңіспен.
Әлім: Соғыстың өрті жанбасын,
Сәбилер жетім қалмасын.
Есігіне әр үйдің,
Бесігіне сәбидің,
Мәңгілік бақыт орнасын.
Болмасын соғыс, болмасын!
Ән: «Соғыстан қайтқан солдаттар»
Орындайтын: Хор орындалады
Жаутаңдап
қарап дала тұр,
Көз жасын
сүртіп жаңа бір.
Хабарсыз ұлын
сұрауға
Жолыңды тосып
ана жүр.
Қанша
үйдің ұрлап адамын,
Қанша
үйде сөніп қалды
оттар
Көрдің
бе ұлын
ананың,
Соғыстан қайтқан
солдаттар.
Кешікпей
жарым келер деп,
Төрінен сайлап орынды.
Батысқа қарап елеңдеп,
Ару жүр тосып жолыңды.
Көтерді бәрін ауырдың
Азамат болып арды ақтар.
Көрдің бе жарын арудың,
Соғыстан қайтқан солдаттар.
Кетерде
солдат жарының
Ішінде қалған ана жыл.
Көкемді айтпай танырмын
Деп бір сәби бала жүр.
Қайырылмай қалай кетесің
Хабарсыз қалай ол тоқтар.
Көрдің бе оның көкесін,
Соғыстан қайтқан солдаттар.
Қаралы қағаз жіберіп,
Қаншама қайғы салды оқтар.
Барады үнсіз түнеріп,
Соғыстан қайтқан солдаттар!
Тұмар:
Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен – аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!
Нүржігіт:
Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Осы тілекпен барша халайық түрегел!
Тұмар: Жеңіс! Жеңіс!
Елге таза ашық таң атырды,
Ақ жаулықты күлімдеп ана тұрды,
Ақбоз атты балалар сүйіншілеп,
Ақ бұлақтай аспанға шаң атылды.
Қыран құсым көк аспанда самғасын,
Желбіресін көк байрағым сан ғасыр.
Жас ұландар биік ұста туыңды,
Жарқыратып туған жердің таңбасын.
Нүржігіт: Нық басайық анығырақ табанды,
Тең ұстайық ширақ аттап қадамды.
Көтер еңсе, құрыш білек жауынгер,
Рухты бол жеңілмейтін табанды.
Екеуі: Ашық болсын қазақ елі аспаны,
Қорғайтұғын аман болсын жастары!
Бүлдіршіндер күлкісімен
өрілсін
Жеңістің жыр
дастаны.
Тұмар:
Міне, ата - бабаларымыздың арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімді алып, егеменді ел болып, әлемге танылып отырмыз. Өз әнұранымыз, өз елтаңбамыз, әрқашан биіктен көрінер туымыз бар. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, үлкен бақыт. Қуанышымыз, жеңісіміз ұзағынан болсын деп бүгінгі мерекелік шарамызды аяқтаймыз. Елімізде бейбітшілік болсын! Аналарымыздың зарлаған, сәбилеріміздің жылаған дауысы естілмесін! Айбынды азаматтарымыз аман болсын!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген