400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Ұлы Жеңіс-ұрпаққа аманат

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы Отан соғысына қатысқан атам Сабырбек туралы Эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұлы Жеңіс-ұрпаққа аманат

Осыдан 81 жыл бұрын Ұлы Отан соғысы деген атпен тарихта өшпестей ізі қалған алапат қырғын басталып еді. Басқа халықтар секілді қазақтар да қолдарына қару алып, неміс басқыншыларына қарсы күресті. Бұл сұрапыл соғыста біздің қаншама азаматтарымыз ерлік пен қаһармандықтың ең жоғарғы деңгейдегі үлгісін көрсетті.

Туған Отанының бостандығы мен азаттығы үшін қаншама қиындықтарға төзіп, жеңіс туын жақындатуға өз үлестерін қоса білді.

«Ері есімі – ел есінде» дегенде біздің ойымызға батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы, Рахымжан Қошқарбаев секілді батыр тұлғалар келеді...

Ал мен үшін ұлы жеңіс жай ғана тарих бетінде қалған күн емес, үлкен - өнеге, мақтаныш! Себебі,осы тәуелсіздікті бізге аманат еткен жандардың бірі менің атам - Айтымбетұлы Сабырбек.

Сабырбек атам , 1905 жылы дүниеге келген.Атам ,9 жасында әке-шешесінен айырылып жетім өсіпті, жастайынан еңбекке араласып, өмірдің ащы-тұщысын ерте көрген жан. Еңбекқорлығы мен батылдығының арқасында талай қиыншылықты жеңген екен.1941 жылы әскерге шақырылып , сол жылыс Ұлы Отан соғысына аттанған. 1941–1944 жылдары жау қолындағы Воронеж қаласын жаудан азат ету майданына қатысты.

1944 жылы жаз айында бір аяғынан айырылып , госпитальға түсіп емделіп елге аман-есен оралды. Елге келген соң , 40 жыл адал еңбек етіп, көпке үлгі-өнеге бола білді. Жыл сайын Воронеж қаласынан атамызға протез аяқ келіп тұрған.

Атамыз баққан қойының әр жүз басынан ,120-дан қозы алып еңбекке елеулі үлес қосқан. Семей қаласында «ЗООВЕТ» институтының «Құрмет тақтасында» атамыздың суреті ілініп тұр.Майдандағы ерліктер үшін бірнеше орден,медальдармен марапатталған. Атап айтсам «Құрмет белгісі», «Еңбек ардагері» медальдарымен , Ұлы Отан соғысының 20 жылдық медальдарімен марапатталған. Атамыздың ерен ерлігі мен қажырлы еңбегі жоғары бағаланып ,1965 жылы Газ-21 машинасы және жеңіл көлік сыйға берілген . Тек қан майданда ғана емес, тылда ауыр жұмыс жасап,ашаршылық ауыртпашылығын бастан кешті .

Жыл сайын Жеңіс күні келер шақта болашаққа деген сеніммен қатар бойымды қуаныш пен мақтаныш кернейді . Бізге осындай бейбіт өмір сыйлаған ,батыр ,батыл тұлғаның ұрпағы болғанымды мақтанышпен айта аламын.

Ұлы Жеңіс – бұл өткеннің естелігі ғана емес, ол – болашаққа бастар жол! Сол батыр бабалар қалдырған жолда адал еңбек етіп, олардың ерен еңбегін болашақ ұрпаққа аманат ету біздің басты парызымыз!

«Ер есімі – ел есінде» мәңгі сақталады . Біздердің жарқын болашағымыз үшін жасаған ерліктерін мәңгілік есте сақтап, жадымызда ұстаймыз.

Тәуелсіз еліміздің көркеюі жолында күш-жігерімізді аямай, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп өтеміз деген ойдамын.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.04.2026
2
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12