«Қош бол алтын ұя мектебім»
1-Жүргізуші:
Менің Қазақстаным! Туған жер! Алтын ұя мектебім! Сен бізге күш жігер, қайрат, сенім беріп отырасың! Сенің бауырында талай ұлттың баласы ер жетіп, өзіңнің жүрек жылуын мен мейіріміңді сезінеді. Балапандай баптап, ұядан қияға өз қолыңмен мыңдаған ұлдарың мен қыздарыңды биікке самғаттын!
2-Жүргізуші:
Қайырлы күн құрметті қонақтар, ата-аналар, ұстаздар және оқушылар.
Биылғы соңғы қоңырау тарихта қаларлықтай «Қазақстан халқы ассамблеясына 20 жыл», «Ұлы жеңіске 70 жыл»,«Қазақ хандығына 550 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл», «Ұлы Абайдың туғанына 170 жыл» мерей тойлары қарсанында мектеп табылдырығын «тарыдай болып аттап, таудай болып» түлеп ұшқалы отырған 2015 жылғы мектеп түлектеріне арналады.
1-жүргізуші:
Бұл мереке-дүрліктірген ел үшін
Бұл мереке- жас түлектер сен үшін
Кең болсыншы қанат жаяр кеңісің
Көрсін ұстаздар еңбегінің жемісін!
2-жүргізуші:
Жас жүректің өмірлік құштары гүл
Бағбан ұстаз баулыған құстары бұл
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.
Алдарынызда, 2015 жылдың мектеп бітірүші, жас түлектерін қарсы алыңыздар! (Түлектерді бір – бірден жетістіктерін атап шығару) музыка ойналады.
1. Чиганов Тимур: Аудан, облыс көлемінде, жеңіл атлетика, қол күресі спорттық жарыстарында жүлделі орын иегері, мектебіміздін үлгілі оқушысы.
2. Муратова Мадина: мектебіміздін үздік оқушысы, «Алтын белгіге» үміткер, биология пәнінен аудандық олимпиададан бірнеше рет женімпаз атанған, облыстық олимпиадаға қатысушы, аудан көлемінде өткен география пәнінен ғылими жоба, Махамбет оқулары, шахмат, « жол қауіпсіздік инспекторлар сайысына» қатысқан , аудан көлемінде «Үздік жыл оқушысы», «Үздік көшбасшы» атанған.
3.Ерлан ұлы Ануар: мектебіміздің жас спортшысы, облыс көлемінде Күршім ауданында өткен «қазақша күрес», Өскемен қаласында өткен «грек рим» күресінен, Зайсан қаласында өткен «қол күрестен» жүлделі орындар иеленген. Аудандық жайдарман маусымашар фестиваліне қатысқан.
4. Разаева Арай: оқу екпіндісі, аудандық география пәнінен олимпиада жүлдегері, спорттық жарыстын женімпазы, аудандық волейбол командасының мүшесі, «ең үздік шабуылшы» атанған қыздарымыздын бірі.
5. Төлегенов Қуаныш: қазақстан тарихы пәнінен олимпиада жүлдегері, шахмат, дойбы, футбол командасынын мүшесі, қазақша күрестен аудан көлемінде женімпаз, «Көнілді тапқырлар клубынын» ойыншысы
6.Төкенова Жанерке: Өзі биші,өзі спортшы, қыздарымыздын бірі, спорттың қол күрес, жеңіл атлетика , тоғыз құмалақ, волейбол сайыстарының женімпазы, «Алау» әскери патриоттық жарыстарға қатысушы, аудан көлемінде «Ең үздік капитан» атанған.
7.Әділханова Азиза: сыныптын ерке қызы, ақ халатты абзал жан болғысы келетін, болашағынан үлкен үміт күтетін, бауырмал, арманшыл, инабатты әдемі қызымыз.
8. Тоқтасынова Мөлдір: он саусағынын өнер тамған шебер, гүл десе жаны құмар, енбекқор, сыпайы қыздарымыздын бірі.
9. Құстапаев Аслан: Алғашқы әскери даярлық пәнінен жарыстарға қатысушы, аудандық қол күрес, жеңіл атлетика, спорттық жарыстардын женімпазы, футбол командасының мүшесі.
10. Айдарқызы Мөлдір:аудандық қазақ тілі, орыс тілі пән олимпиадаларының жүлдегері, Абай оқуларына қатысушы, қол күрестен бірнеше дүркін женімпазы.
1-жүргізуші:
2014-2015 жылының аяқталуына арналған « Қош бол алтын ұя мектебім» атты салтанатты жиыны ашық деп жариялаймыз!
Естілгенде көк аспанның астында
Тік тұрындар, айтылғанда Әнұран
Бар қазақтын үніндей болып шарықта
Бар қазақ боп мен өзіне бас ұрам!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалсын!
2-жүргізуші.
Қонақ деген ырысың мен мейірің
Енді аяндап қонақтарға келейін
«Соңғы қоңырау» салтанатына ортақ болған
Қонақтарды таныстырып өтейін.
1-жүргізуші:
Жолдайды мектеп мүдірі
Түлектерге ақ тілек
Өмір деген үлкен жолда
Ақ жол тілеп, бақ тілеп – деп алғашқы сөз мектеп директоры Ерботин Жұмабай Хамзаұлына беріледі.
2-жүргізуші:
Ажырамай халықтан бір елі сіз
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз
Сөз берелік құрметпенен өзіңізге
Түлектерге арналсын тілегіңіз
Тілек сөзі ауыл _________________________________________беріледі.
1-жүргізуші:
2014-2015 оқу жылының аяқталуы мектеп басшысының бұйрығымен таныстыру үшін оқу ісінің меңгерушісі Жилкибаева Роза Төлеуғазықызына беріледі.
2-жүргізуші:
Мынау өмір арнасымен ағады
Білімді жан әркез жолын табады
Сіздерменен ізбасарлар қоштасып
Соңдарынан қолын бұлғап қалады.
Келесі кезекті «Жас ұлан» ұйымының оқушылары күтіп тұр, олар жас түлектерге өздерінің жүрекжарды лебіздерін білдірмекші.
(«Жасұлан» ұйымының әдеби-сазды монтажы)
1-жүргізуші:
Ең алғаш қолға қалам ұстатып, әріп үйреткен абзал ұстаз бейнесі келері сөзсіз. Құттықтау сөз кезегі мектеп түлектерінің алғашқы ұстазы Разаева Галя Айтқазықызына беріледі.
2-жүргізуші:
Ұстазсыз шәкірттерге бак берген бе?
Бапкерсіз тұлпарларға бап келген бе?
11 жыл сыныбы үшін жан салған,
Сөз кезегі – жетекші бапкерлерде
Құттықтау сөз сынып жетекшісі Мукатаева Кенжехан Абидмажиновнаға беріледі.
1-жүргізуші:
Ұшырса да өмірдің сан түлегін
Ұстаз –ғалым толастамас мәңгі сын
Тыншылмайтын асыл жандар, қадірлі
Тыңданыздар, шәкіртердің алғысын. – олай болса келесі кезекті мектеп бітіруші түлектерге береміз. (11 сынып ән, би өнерлерін көрсетеді)
2-жүргізуші:
Тал бойына шуақ тұнып, мейірлене есілген
Тентектікті, еркелікті, ақыл айтып кешірген
Айналайын ата- аналар панамыз
Әлпештеген, әлдилеген, ән күйменен өсірген.
Құттықтау сөз кезегі мектеп бітіруші түлектердің ата- аналарына беріледі. Ата – аналар атынан _________________ апайға сөз беріледі.
1-жүргізуші:
Құрметті түлектер! Сіздердің іздеріңізді басып келе жатқан, болашақта сіздер бастаған жақсы істерді жалғастырушы 10- сынып оқушыларына аманат тапсыру сәті де келді. Мектеп аманатын тапсыру рәсімі __________________________________________________________________
қабылдап алу құрметі 10- сыныптын оқушылары________________________________________________________
беріледі.
2-жүргізуші:
Той деп бүгін көңіл шіркін тасады
Той деп бүгін көңіл шіркін асады
Енді кезекті аналарымыз дайындаған
Тәтті шашуларын шашады.
Шашу шашудын салтанаты құрметі______________________________ұсынылады.
1-жүргізуші:
Жақсы шәкірт азамат атанады
Халқынан, ата-анадан бата алады
Ұрпағына айтсын деп ақ тілек
Ортаға шақырайық Өмір атаны.
(Бата беріледі)
2-жүргізуші:
Қанаттарын қағып ұшқалы отырған түлектерге сәттілік, жақсылық, ақ жол тілей отырып, ортаға ата- ана мен бала тілегендей таза, ақ жаю құрметі ата-аналарға беріледі.
1-жүргізуші:
Нағыз журек тебірентерлік сәт те келіп жетті. 11 жыл бойы әр сабақ арасында естіп, біліп достасқан әдемі қоңырау үні бітірушілер үшін соңғы рет соғылмақ.
2-жүргізуші:
Сылдырла, сыңғырла қоңырау,
Шуақты күміс күн астында,
Ұстазды еске алып осынау,
Жүректер құшағын ашсын да.
.
1-жүргізуші:
Қоштасады алтын ұя мектебің
Маңдайыңнан сипап өтер көктемің
Сәт- сапар деп қол бұлғаймыз бәріміз,
Тілейміз біз армандарға жеткенін
2-жургізуші:
Үлкен өмірге аттаған қадамдарына нұр жаусын, талаптарын оң болсын! Ұлттық бірыңғай тестті табысты тапсыруларыңызға тілектеспіз!
1-жургізуші:
Ал енді түлектерді құрметпен шығарып салайық! Қоңырау соғу рәсімі ұстазы және жас түлектерге беріледі.
(мектеп түлектері алаңнан шығып кетеді).
2-жүргізуші:
Үлкен өмірге қадам тастаған түлектердің орнына келесі оқу жылындағы 10 сынып оқушыларын шақырамыз.
1-жүргізуші:
Болашақ мектеп түлектері! Үлгілі тәртіп, сапалы білімдеріңізбен І. Жансүгіров атындағы орта мектебінің атына кір келтірмей, намысты биікте ұстайды деп сенеміз!
2-жүргізуші:
2014-2015 оқу жылының аяқталуына арналған « Қош бол алтын ұя мектебім» салтанатты жиыны жабық деп жариялаймыз! Құрметті оқушылар! Жаңа оқу жылында жаңа күш жігермен алтын ұя мектептеріне оралуына тілектеспіз! Қош сау болыныздар!
«І. Жансүгіров атындағы орта мектебі» КММ
«Мен – өз елімнің патриотымын» ( атты салтанатты жиынның сценариы)
Орындаған: Абишева Р.М.
2017-2018 оқу жылы.
«Мен – өз елімнің патриотымын» салтанатты жиынның сценарийі
Жоспары:
1.Сапқа тұрғызу
2.Қонақтармен таныстыру
3.ҚР ән ұраны
4.Құттықтау
5.мектептен директорының құттықтауы
6.1- сынып окушыларынын тақпақтары
7.ата-ана, ардагер ұстаз атынан құттықтау сөз
8.алғашқы қоңырау соғу салтанаты
9.қорытынды
10.оқушыларды мектепке кіргізу
Өтетін күні: 02.09.2017
Уақыты: 10.00
Сыныптар: 1-11 сыныптар
Мектеп аланың дайындау,шарлар, жалаулар ілу.
Жүргізуші:
Алтын шапақ шашыратып көгінен
Күз кеп жетті сағыныштан сезіммен
Балапандай ұясына асыққан
Шәкірттерін шаттандырып сеніммен.
Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата- аналар, оқушылар!1- қыркүйек – Білім күні мерекесіне арналған « Мен – өз елімнің патриотымын» атты салтанатты жиынға қош келдіңіздер!Арайлы жаздың үш айын мазмұнды да , мәнді өткізіп, сағынышпен алтын ұя мектебімізге оралып отырған оқушыларды құттықтаймыз!
Бүгінгі салтанатты жиынға келіп отырған қонақтарымызбен таныстыруға рұқсат етіңіздер!
1.келген қонақ....................................................................
2.ауыл әкімі...........................................................................
3.ардагер ұстаздар....................................................................................
Жүргізуші:
Жуздерінен көрем шаттық арайын
Болсын солай әрбір күнің, әр айың
Мерекеңіз құтты болсын ата-ана
Мерекеңіз құтты болсын ағайын! – деп бүгінгі мереке мектеп табалдырығын аттайын деп отырған 1- сынып бүлдіршіндеріне арналады.
Біраз жылын осында өткізген,
Ұстаздар – ізгі пәк жандар
Қуана шәкірт қабылдап,
Білімнің көшін жалғаңдар – деп жанартылған бағдарлама аясында білімің жетілдірген, ұлағатты ұстаз Гулжан Орынбасарқызын шәкіртерімен қарсы алыныздар!(музыка ырғағымен 1 – сынып оқушыларын жетектеп ортаға шығады аланды бір айналып орынына тұрады)
Жүргізуші:
Бүгінгі алғашқы қонырау мерекесіне арналған «Мен – өз елімнің патриотымын» атты салтанатты жиынды ашык деп жариялаймыз! Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы әкелінсің!
Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалсын!
Түлектерім тас қияға өрледі,
Жан жактан жулдесіз боп келмеді
Биіктерді бағындырсақ ұжым боп
Мектебімнің басшысының еңбегі, дей келе құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Ерботин Жұмабай Хамзаұлына беріледі!
Жүргізуші:
2017-2018 оқу жылының басталуы тұралы бұйрығымен таныстыру үшін мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жилкыбаева Роза Төлеуғазықызына сөз беріліді.
Ардақты асыл мекен мектебіме
Аяулы асыл жандар көп келеді,
Құрметпенен қонақтарға сөз берейік
Жаксы сөз жанға ыстық нәр береді.- деп сөз кезегі ауданнан келген қонағымыз..............................................................................................................береміз.
Жүргізуші:
Ажырамай мектептен бір елі сіз
Жақсылыққа жаралған жүрегініз
Сөз берелік құрметпен өзіңізге
Оқушыларға арналсын тілегіңіз!- деп ауыл әкімі Алғазинов Қайрат Алғазыұлына беріледі.
Жүрегі нұр, өмірі гүл ұстаздың,
Сондықтанда ұстазына ұқсағын.
Адам жанын тәрбиелеп аялар,
Құрметті ғой әрбір ісі ұстаздың.- деп құрметпен сөз кезегі 1- сыныпты қабылдап отырған Гулжан Орынбасарқызына беріледі.
Алғаш келген бүлдіршін,
Құтты болсын қадамын,
Төбенде бейбіт күн күлсін!
Төмендемесін талабын.Сөз кезегі мектеп табалдырығын алғаш ре аттағалы тұрған бүлдіршіндергі беріледі.( 1- СЫНЫПТАР ТАҚПАҚТАРЫН ОҚИДЫ)
Мектебімізде көп жылдар бойы еңбек атқарып журген ардагер ұстаз бүгінгі күні 1- сыныпқа немересін әкеліп отырған............................................................. сөз беріледі.
Бүгін қандай шаттық тола күн еді,
Бүкіл әлем ерекше бір түледі.
Балдырған жетектеген ата-ана,
Білім көзін ашатының біледі.- деп баласын мектепке алғаш жетектеп келіп отырған ата –ана Танибаева Айнурға сөз кезегі беріліп, қадамдарына гул бітсін деп шашу құрметі........................................................................... беріледі.
Қонырау, сыңғырла асыға,
Үн қосқан қиядан асуға,
Білм ал, енбек ет, жас ұлан,
Өрле сен, биік шың басына.-деп алғашқы қоңырау соғу салтанаты 1- сынып жетекшісі Гулжан Орынбасаркызы жәні Құмарұлы Елнұрға табысталады.
Назар аударыныздар!Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы шығарылсын!
Құрметті ұстаздар ,қонақтар ,ата-ана,оқушылар бугінгі алғашқы қонырау салтанатты жиыны жабық деп жарияланады. «Мен –өз Отанымнын патриотымын» атты ашық тәрбие сағатына шақырамыз.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұлы жеңіс

шағым қалдыра аласыз