400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Ұлы Жеңіс - ұрпаққа аманат!

Материал туралы қысқаша түсінік
соғыс, оның зардаптары, Ұлы Жеңістің маңызы туралы мағлұмат беру; Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құрметтеу; жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін оятып, Отан үшін отқа түсіп қыршын қиылған, жат жерде көз жұмған қандас, қарулас азаматтарды еске алу; жауынгерлердің қысқа ғұмырынан үлгі-өнеге, тарихи тағылым беру; елжандылыққа,отан- сүйгіштікке, ұлтжандылыққа, ізгілікке, мейірімділікке баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұлы Жеңіс - ұрпаққа аманат!

Мақсаты: соғыс, оның зардаптары, Ұлы Жеңістің маңызы туралы мағлұмат беру; Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құрметтеу; жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін оятып, Отан үшін отқа түсіп қыршын қиылған, жат жерде көз жұмған қандас, қарулас азаматтарды еске алу; жауынгерлердің қысқа ғұмырынан үлгі-өнеге, тарихи тағылым беру; елжандылыққа,отан- сүйгіштікке, ұлтжандылыққа, ізгілікке, мейірімділікке баулу.

Көрнекілігі: көрме, көсемсөздер, слайдтар, безендіру құралдары.

Мұғалім: Жақында оқушылар қандай мереке болды?

Мұғалім: 9 мамыр қандай мереке?

Мұғалім: Биыл Ұлы Жеңіске неше жыл толды?

Бүгінгі біздің сынып сағатымыз ерекше болмақ .Бүгінгі бейбіт күнде өмір сүріп отырған.ымыз біздің ата-бабаларымыздың қайсарлығы арқасында.

1-слаид Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескермейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бәрі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетің батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес.

2-слаид Видио қойылады . Мұғалім сөзі:

1941 жылы 22 маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын – қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.

Соғыс жылдары Қазақстанда 12 атқыштар және 4 атты әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы және 50-ге жуық жеке полктер мен батальондар жасақталып, майданға аттандырылды. Қазақстан территориясында жасақталған әскери құрылымдар соғыстың алғашқы күндерінен бастап, жаумен ерлікпен шайқасты. Әсіресе, Москва түбіндегі шайқаста қазақстандықтар үлкен құрметке ие болды

Осы бейнетаспадан қандай ой түйдіңіздер.

Балалар айтады:1.Ұлы Отан соғысы басталды

Мұғалім:Ерлер етігімен су кешіп, от басқан, ат ауыздығымен су ішкен сұр шиенелді төсек етіп, ақ қар, көк мұз жастанып, жаумен шайқасқан батырларымыз мәңгі елдің жүрегінде жатталады.

3-слаид Журналымыздың 1 беті «Оқ пен оттың арасындағы жауынгерлерге арналады.Журналымыздың 1 бетін дайындаған 1 топқа сөз кезегін берейік.

«Оқ пен оттың ортасында жауынгерлер»  журналдың 1 беті.

4-слаид Айдана сөйлейді

5-6-7 слаид Ислам

Ұлы Отан соғысы ең ауыр, әрі қан төгісті соғыс болды,  біреуді жесір етті, біреуді жетім етті.  Балалығы сұрапыл соғыспен қатар келген біздің бүгінгі ата- әжелеріміз сол уақытта ерте есейген еді. Ойын баласына бейнет күнді айырбастайтын күн туды.

     Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақ халқының азаматтары атақ-даңқын өшпестей қылып тарих бетінде қалдырды. Төлеген Тоқтаров, Нұркен Әбдіров, Бауыржан Момышұлы,  Хиуаз Доспанова,Талғат Бигелдинов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова сияқты ел аузында аттары жатталып қалған таңдаулы ұлдарымызбен қыздарымызды  қалай мақтаныш етсек те жарасады. «Ел үшін аянба – ерлігіңе сын, жұрт үшін аянба- жігіттігіңе сын деп айтқандай біздің жерлестеріміз де бір кісідей майданға аттанды.


8-9 -10 слаид Мирас Балқаш қаласының тарихында алтын әріптермен жазылып мәңгі есімізде жүретін тұлға – Василий Петрович Спицын.Василий Петрович соғыс алдында біздің қаламызға көшіп келіп,мыс зауытында жұмыс жасады.194 1 жылы әскер қатарына шақыртылды.310 атқыштар дивизиясы құрамында Ленинград түбіндегі соғысқа қатысты.Василий Петровичтың әскери өмір жолы өте қиын және ауыр болды.Ленинградты қорғады,Псков қаласын жаудан азат етті. Даңқ Орденімен 3 рет марапатталды.1975 жылы Балқаш қаласының құрметті азаматты атағын берді.Осы ардагер атамыздың құрметіне көше атауы берілген.


11-слаид Еркебұлан:-Николай Георгиевич Подсадник 1922 жылы Витебск облысында туды. Ұлты - белорус. 1944 жылдан КПСС мүшесі. Армия қатарына шақырылғанға дейін Балқаш қаласының М. Горький атындағы № 1 орта мектебінде оқыды.

Ол авиацияны жастайынан жақсы көрді. Осы мақсат оны Орынбор әскери авиация училищесіне алып келді. Николай осында жүргенде соғыс басталды.

Авиация училищесін 1943 жылы бітірген соң Николай Подсадник майданға аттанды. Ол Киевті, Львовты, Кишиневті, Румынияны, Югославия мен Австрияны азат етуге қатысты.

Көрсеткен ерлігі үшін ол қос Қызыл Ту орденімен, екінші дәрежелі. Отан соғысы орденімен марапатталды, 16 рет жоғарғы атаққа ие болды.

12- слаид Айдана: Николай Павлович Калмыков 1940 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылды. Ол Ұлы Отан соғысын Москва түбіңде бастап, Берлинде аяқтады. Бұл ұрыста көрсеткен ерлігі мен табандылығы үшін коммунист Н.П.Калмыков үшінші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. Калмыков бастаған зеңбірек расчеты жойқын ұрыста да болды. Жау қоршаудан шығуға жанталасып жекпе-жек ұрысқа келгенде, зеңбірек командирі бес фашисті жайратып, ержүректік пен батырлықтың үлгісін көрсетті.

Н.П. Калмыков бірінші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. Бұдан басқа да "Қызыл Жұлдыз" ордені және 9 медальдің иегері болды. Алғашқы күннен бастап ең қиын да күрделі мамандықты таңдайды.1975 жылы "Балқаш қаласының құрметті азаматы" деген атақ берілді.

2010 ж. 24 ақпан Спортивный тұйық көшесінің атын өзгертіп Н.Калмыковтың атын берді.

Мұғалім:Журнал бетіне тағы толықтыруларың бар ма?

13-слаид Ислам : Мен толықтыра кетсем Балқаштық батырлар Олег Николаевич Щербаков , Миллер Петр,Хоружая Вера.

Сонымен қатар Рейстаққа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев та Балқашта білім алған.Бұл есімдер біздің жүрегімізде мәңгі қалады.

Мұғалім сөзі: Оқ пен оттың өтінде жүріп шығармашы­лықпен айналысқан, соғыстан кейін ел өміріне бел­сене атсалысқан ақын-жазушылардың еңбектері ұшан теңіз.

14- слаид Сөз кезегін журналымыздың екінші бетін дайындаған 2 топқа сөз кезегін берейік.

“Соғыста қарумен, бейбіт күнде қаламмен қызмет еттім...”

Аманжолдың сөзі: 15-16-17 –слайд Мадина -оқушы   Биыл Жеңіске 70 жыл. Қазақ халқының даңқын шығарып абыройын асырған ұлдары- екінші дүниежүзілік соғыстың жауынгерлері, қазақтың көрнекті жазушысылары, ақындары-
- Бауыржан Момышұлы
- Малик Габдуллин
- Қасым Қайсенов
- Қасым Аманжолов
- Әзілхан Нұршайыхов

18-19-20 – 21-слаид Аида Бауыржан Момышұлы
екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы.
Туған жері-Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені. 
1941 ж. Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады. 

22-23 слаид Аманжол Қасым Қайсенов (1918 -2006)
1918 жылдың 23 сәуірі күні Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Асубұлақ ауылында, кедей шаруа семьясында туған. Туған жер қасиеті оның қанында қайнап, тәніне сіңген. Оның болмысы мен шығармаларынан биіктік пен тазалық лебі еседі.

Оның шығармалары әлемнің көптеген халықтарының тілдеріне аударылды. 
Қасым Қайсенов -Тәуелсіз Қазақстанның ең алғашқы Халық Қаһарманы- Ұлттық батыры. 

24- слаид Елдос Ақын Баубек Бұлқышев – 30-40 жылдар жастарының өкілі. Ол қазіргі Қарағанды облысы, Ұлытау ауданындағы "Аманкелді" аулында 1916 жылы дүниеге келді. Болашақ дәуірдің балғын бесігінен жаңа аттанған шағын Баубек әуелі  шешесінен, артынан әкесінен айырылып, жетім қалады. Немере ағасының қолында тәрбиеленіп, оқып білім алады.

25 -слаид Дархан «Менің өмір сүргім келеді» шығармасынан үзінді

Мадина Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш - әрине, "бірлік”. Қаншама халық бір тудың астына бірігіп күштерін бір арнаға салды.Ұлы Жеңіс он бес одақтас болған мемлекеттердің ортақ мерейтойы. 
Москва, сенің іргеңді 
Ел, ер болып сақтаймыз 
Сенен аяр жан да жоқ, 
Барлығы да сен үшін, 
Саған қауіп төнгенде 
Жау таянып келгенде, 
Қамсыз тыныш жатпаймыз 
Алпыс ұлттың адамы, 
Қол ұстасып үн қосып, 
Қорғауға сені дайынбыз, - 
деп жазған Нүрпейіс Байғанидің өлеңінен халқымыздың Мәскеу қаласына деген ерекш е құрметі байқалады.

26-27-слаид Мұғалім:Ұлы Отан соғысы туралы аз жазылған жоқ.Мыңдаған кітаптар жазылды, жүздеген кинофильмдер түсірілді. Жарияланған мақалаларда есеп болмады. Ең бастысы, мұндай алапат қырғын қайтып болмасын деңіз. Тек фильмдерден ғана көрсек екен.

28-слаид Видио журип турады дауыссыз оқушылар мұғалім сөйлеп тұрады.

Олжас 1418 күнге созылған Ұлы Отан соғысында жеңіп шыққанымыздың себептерінің бірі – тыл жұмысындағы еңбекшілердің ерен еңбектерінің нәтижесі еді. Егіншілік пен мал шаруашылығы шеберлерінің қатары өсті.

Жібек Еңбек майданында да мыңдаған қала еңбеккерлері оның ішінде, әсірісе, әйелдер ерен ерлік үлгілерін көрсетті. Соғыс жылдарында тек қана мыс заводында 2875 әйел еңбек етті. Постникова, Кузнецова, Гуриналар шағылыстыру пештеріне кен тиеушілер, Шираймова, Козловалар паровоз машинистері болып еңбек етті.

Дильназ Ыстыққа да, суыққа да, аштыққа да төзе отырып Балқаштық еңбек майдангерлері басқыншыларға қарсы соғысқа елеулі үлес қосты. 80 жастағы қарт ақын Шашубай өзінің найзағайдай күркіреген өлеңдермен елге, жауынгерлерге рух беріп жігерлендіре түсті.

АидаЖаралы жауынгерлерді емдеу үшін қалада 6 әскери госпиталь ашылды.
1943 жылғы 13-шілде мен 14-тамызда Қарағандыда ақындар айтысы болып өтті, онда Доскей Әлімбаев, Шашубай Қошқарбаев, Қайып Айнабеков сынды бүкіл республикаға аттары мәшһүр халық ақындары мен композиторлары өнер көрсетті. Еңбекшілерді тылдағы ерлік еңбекке жігерлендіруде айтыстың үлкен маңызы болды.

Рифат Ұлы Отан соғысы кезінде Ресейдің Колгун зауытын Балқаш қаласына ауыстырды. Жер-жерден майданға қажетті құрал-жабдық,азық-түлік жөнелтілді.Майданға керек деген 10 гильзаның 8-і осы зауытта жасалды

29-слаид Мұғалім:Жеңіс күнін сан миллиондаған адамдар төрт жыл бойы минуттап, сағаттап сарыла күтті. Ақыры олардың үміті мен сенімі ақталып, тілектері орындалды.

Қан майданның жүректе жарасы бар,
Қайғысы мен зілі бар, наласы бар.
Арамызда жүретін алшаң басып,
Ардагерлер, азайып барасыңдар.

30-слаид Ардагерлерге арнап оқушылар өздерінің ішкі тебіреністерін қағаз беттеріне түсірген болатын,соларды тыңдап көрейік.Кәне кім оқиды?

Қазір сіздердің білім алуларыңызға барлық жағдай жасалған.Ұлы Отан соғысы жайлы қаншалықты білеміз,ол үшін бірнеше сұрақтарға жауап берейік.


31-слаид 1.Екінші дүниежүзілік соғыс пен Ұлы Отан Соғысының негізгі шайқастары қай жерлерде өтті?

  1. Мәскеу     үшін шайқас

  2. Сталинград шайқасы –

3. Курск шайқасы --

   4.Днепр үшін шайқас-

5. Берлин     операциясы –

1.Екі мәртебе Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар батырларды ата?

1 Талғат Бигелдинов, 2.Леонид Беда,3. Иван Павлов,3. Сергей Луганский.

Үш мәртебе Кеңес Одағының Батыры атағын алған батыр кім? И.Н.Кожедуб- Шымкентте орналасқан Чугуев әскери авиация училищесі түлегі.

Оқушылар жауаптарынан соң 32- слаид ашылады

33 -34 слаид 2.Суреттегі ескерткіш туралы не білесің? Танк Т -34

2.Балқаш қаласында Екінші дүниежүзілік ұлы отан соғысына қатысқан батырларға арнап неше көше есімі берілген? 9 көше бар

1Ә Молдагулова 2.М.Мәмбетова 3 Н.Подсадник4.О.Щербаков 5.Хоружая Вера 6.Миллер Петр 7. Рақымжан Қошқарбаев 8.С Спицын9.З.Асфандьяров 10.Н Калмыков

Жауап 35 слаид

36-слаид 3.Біздің жерлесіміз, əскери-тілші, 1942-43 жылдары «Комсомольская правда» газетінің беттерінде жарық көрген «Шығыстың ұлына хат», «Өмір мен өлім туралы» деген жарқын мақалалардың авторы.

3. 316-атқыштар дивизиясының командирі кім болды?Генерал  М.В.Панфилов

37-слаид жауап

38- слаид.4. Еңбек армиясына  Қазақ КСР-нен қанша адам шақырылды?

700 мыңнан астам

4.Соғыс жүріп жатқан жерлерден қанша завод, фабрика,кәсіпорындар Қазақстанға көшірілді? 220

39- слаид жауап

40-слаид 5.Қарағандылық ақын, «Елге хат» өлеңінің, «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасының авторы кім?

5. Қеңес Одағының батыры,Қазақстандық партизан жазушы?

Жауап 41- слаид Мәңгілік алау" – соғыс құрбандарын мәңгі есте сақтау мақсатында қойылған тоқтаусыз лаулап тұратын от.Мәңгілік алау-өшпес даңқ.

42- слаид Ұлы Отан соғысы біздің халкымыздың, аға буын өкілдерінін, біздін әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен каһармандығын күллі әлемге таныткан касиетті соғыс болса, Ұлы Женіс аға ұрпақтың сол ұлы ерлігін мәңғілік ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке.

Егер Сіздердің сол сұрапыл соғыстағы жеңістеріңіз болмаса, бүгін жаркын болашаққа батыл қадам жасаган тәуелсіз Қазакстан да болмас еді

Н.Назарбаев

43 –слаид 9 мамыр - Жеңіс күні. Бұл - сан мыңдаған ұрпақ үшін, ұлты мен тілі бөлек, діні мен мәдениеті бөлек халықтар үшін ортақ мереке. Бұл мереке әлемді тыныштықта тербететін бейбітшілік пен қайырымдылықтың әрқашан жеңетінін дәлелдеді. Бұл мереке Отанын қорғаған қаһарман жауынгерлердің айбыны мен тылдағы жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалды. 

Ән «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген»




























                                     









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
19 қараша
918
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі