400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлы жеңіс – ұлы жетістiкке жетелейді (сынып сағаты)

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды Отанын сүюге, бейбіт өмір сүріп бейбітшілік бейнесін есте сақтауға үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұлы жеңіс – ұлы жетістiкке жетелейді!!!

Міне, Ұлы Жеңіс мерекесі кезекті көктемнің шуақты күнімен келіп отыр.

Иә, осынау ұлан - ғайыр даламыз нені бастан кешірмеді дейсіз? Небір төңкеріс, небір көтеріліс, небір жеңіс пен жеңілісті, қызық пен қиындықты өткерді емес пе? Ата – бабаларымыздың осындай ерлігінің бірі – Ұлы Отан соғысындағы жеңісі. Сонау 1941 жылы соғыс оты біздің елімізді де шарпымай қоймады. Жүз мыңдаған ата – әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде – ақ майданға аттанды. Бейбіт жатқан елге Германия фашизмдері ашқан соғыс қазақ ұлдарын да жалмап, ананы баласыз, баланы әкесіз, әйелді жесір қалдырғаны әрбір адамның есінде.. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етеміз. Олардың ерлік істерін ешкім де ешқашан да ұмытпаймыз.
Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты. Олай болса, сұрапыл соғыс және елін, жерін қорғаған майдангерлер мен сол кездегі тылда Отан үшін, майдан үшін деп жанын шүберекке байлап еңбек еткендерді құрметтеу біздің парызымыз емес пе?

Жеңіс күні 9-мамыр – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мереке екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлық-пен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше.Сондықтан да Отанын сүйіп, қастерлей білу, ата – баба дәстүрін, әдет –ғұрпын берік ұстанып, үлкенге ізетті, кішіге ілтипатты болу, халқымның ерлігімен, батырлығымен, қайсарлығымен келген тәуелсіздігіміздің туы мәңгілік желбіреп тұруына біз жауаптымыз. Отанын сүйетін, қорғай білетін нағыз азамат болып өсу біздің борышымыз.

Ұлы Отан соғысы жайлы білмеу мүмкін емес. Қаншама ата-бабаларымыз, апа-ағаларымыз осы жеңіс үшін аянбай соғысып, жандарын қиды ғой. Бұл соғыс адамзат тарихында ең сұрапыл, әлемді дүр сілкіндірген, жан түршігерлік қанды қырғын болды. Ұлы жеңіске еліміздің барлық халықтың жеңіске құштарлығының арқасында, береке-бірлігінің арқасында елімізді, жерімізді, Отанымызды сақтаймыз, – деп жан аямай соғысып, жан аямай еңбек еткеніміздің арқасында қол жеткіздік. Сондықтан да, бұл мереке адамзатқа, олардың ұлтына, дініне, тілі мен мәдениетіне қарамастан ортақ қуаныш, ортақ жеңіс.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 мамыр
455
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі