400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлы Жеңіс! Ашық тәрбие сағат.

Материал туралы қысқаша түсінік
жеңіс мерекесіне арналған ашық тәрбие сағат
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ұлы Жеңіс».

Жас ұрпақты бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, өз Отанын сүюге, Отанымыздың саясатын қолдауға, ерлікке, адал, батыл болуға тәрбиелеу, өзін-өзі басқаруға, еркін сөйлеуге ерік беру тәрбие сағатының мақсаты.


1-Жүргізуші:

- Құрметті ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі «Ұлы Жеңіс» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариалаймыз.

Қазақстан Республикасыны Әнұраны.

2- жүргізуші:

Соқ, жас ұлан, соқ қуатпен,

Соқ, солқылдат барабанды.

Жылда есіңе ал шабытпен,

Жеңіс үшін аққан қанды.



1-жүргізуші:

Ұмытпа сен, елімізге,

Бақыт тегін келмеген.

Ұмытпа сен, елімізге,

Бақыт тегін келмеген.


2-жүргізуші:

- Ия, оны сан миллиондаған адамдар төрт жыл бойы минуттап, сағаттап, сарыла күтті емес пе? Ақыры, олардың үмітімен сенімі ақталды. Бірақ сол жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін от кешіп миллиондаған асыл азаматтар мерт болды.


  1. Жүргізуші:

Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кемде кем.

Жауға қарсы атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, біздің арамызда асқар таудай болып жүрген ата – апаларымызға басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауға тиіс.





Оқушы: Аллаберген:

Дәл осынау жадыраңқы жай күні,

Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.

Ұлы Отаным басымды иіп бір минут

Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.


2-Жүргізуші:

  • 1941 жылы 22-маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын- қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.


Оқушы:Махмуд

Бұлт түнеріп аспаннан,

Талай көзден жас тамған.

Тұтқиылдан эау тиіп,

Қырғын соғыс басталды.


Оқушы:Арыстанбек


  • Ұлы Отан соғысы басталды. Отанымыздың басына ауыр күндер туды.


Отаным еркелеймін енді кімге,

Өзіңмен нені болса көрем бірге.

Қалайша қабырғама батпас менің,

Басыңа қатер бұлды төнген күнде.


Оқушы: С.Фарида: сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін

Оқ борап снарядттар қаққан ызың

Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған

Мен көрдім пилокалы қазақ қызын

  1. Жүргізуші:

Көрініс: Мәншүк: (1943 жыл 20 май)

Анасына хаты:

Қымбатты анам! Сізден күткен хатты алдым. Барлығыңыздың амандығыңызды біліп ,өте қуанвп қалдым. Ана мен сізді өте қатты сағындым. Жіберген хатыңызды қайта қайта оқыимын. Мен сізден хат алғанда күшіме күш қосылып, бір жасап қаламын.

Қош қатты сүйіп қалушы Мәншүгің?

« Мен ештеңеден қорықпаймын, жаудың оғы маған түк емес. Мен жаумен Отан үшін ,сендер үшін шайқасамын- деген еді.


Оқушы:Азамат

Көп қой батыр ағалар,

Халық сүйіп бағалар.

Көп қой батыр ағалар.

Жаттап алғын балалар.

Болашақты бізге мирас етем деп,

Қыршын кетті Әлия, Мәншүк апалар.


Оқушы:Муштари

Жерден, көлден, аспаннан,

Соқты жауды ел күнде.

Берлинде алғаш басталған,

Бітті соғыс Берлинде.


1-жүргізуші:

  • Фашизмнің ордасы Рейхстагқа қазақ жігіті, лейтенант Рахымжан Қошқарбаев Қызыл ту тікті!


Оқушы:Фарида Г

Сен құрметте оны!

Түсіндің бе, қарағым?

Ол ақшаға сатқан жоқ,

Тізеден кесіп аяғын!


Оқушы:Нозима

Қамықпаған қиындықтың түбіне

Өздеріңе жинап қырдың гүлінен.

Бүгінгі ұрпақ – бақытты ұрпақ атынан

Құттықтаймыз Ұлы жеңіс күнімен!


Оқушы: Мухаммадали

Жеңіс келді қалама,

Жеңіс келді далама.

Жеңіс келді әке боп

Жеңіс келді ән болып.

Жеңіс келді алақай

Тоя жейтін нан болып.


Оқушы:П.Мухаммадали

Жеңіс, жеңіс!

Бабамыздың –

Қызыл қаны төгілген.

Кеше туған және біздің

Бағымыз боп көрінген.



Оқушы:Алимжан

Жеңіс, жеңіс!

Мектебіміз

Ашқан бізге есігін

Ұмытылмас өткеніміз

Батырлардың есімі.



Оқушы:Рмазан

Қия шыңға өрмелелеңдер,

Болашаққа батыл бар.

Жеңіс деген өрен ерлер

Мәңгі өлиейтін батырлар.


Оқушы:Бехрус

Әсем әндей, қоныр күйдей,

Жылдан - жылға жаңғырып.

Жаса, Жеңіс – ел ерлігі

Сен жасай бер мәңгілік!

Келесі кезекте : Би «Катюша» қыздар тобы

1-жүргізуші: «73 жыл» - Бейбіт көктем таң атқаны,

  1. жүргізуші: «73 жыл» - Шуақты күн таратты әнін

  1. жүргізуші: Есімде содан бері жетпіс екі рет,

Ашылды жеңіс күннің парақтары.

Кезекті әнге берсек: «Алға қазақ жігіттері» орындайтын : Анас Д

Оқушы: Сардор

Барша халық жеңіс күнін тойлайды,

Жас сәбилер думандатып ойнайды.

Ардагерлер көздеріне жас алып,

Ұрпақтардың амандығын ойлайды.

Оқушы:Сарвар

Ау, адамдар – даналар!

Соғысқа қарсы балалар!

Өркендей берсін қалалар!

Гүлдене берсін далалар!

Тыныштық керек ол үшін.


Оқушы:Бақдәулет

Өркендесін туған жер,

Өркендесін туған ел.

Шайқалмасын асқар бел,

Шайқалиасын шалқар көл!

Оқушы: Амангул

Елге қауіп төнбесін,

Егестен адам өлмесін!

Есен – аман болайық,

Енді соғыс болмасын!

1-жүргізуші:

  • Отанымызды жаудан қорғау жолында қасық қан қалғанша шайқасқан Кеңес одағының батырларына, ардагер апаларымызға басымызды иеміз!

2-жүргізуші:

Олар Отанымыздың байтақ жерін қорғады,

Ақ сүт берген анасын қорғады.

Самал ескен даласын қорғады

Пәк жүзді арай баласын қорғады.

Айтыс


Оқушы: Дінмұхаммед

Айтып қойшы қарағым,

Қандай боп жүр сабағың?

Жайын біліп қояйын,

Сендей сері баланың.

оқушы: Азамат

Сөзін тыңда қарағым

Мен секілді баланың

Сабақтан мен алдамын,

Өнерден де қалмадым

Бүгінгі жеңіс тойыңда,

Шырқатып ән саламын.

оқушы: Сымбат

Таудай үлкен талабым

Мен бармақтай баламын.

Ертең өсіп толамын

Мен дәрігер боламын:


оқушы: Арыстанбек.


Ал мен 21 ғасырдың –

Президенті боламын!

Халық қамын ойлайтын

Мен азамат боламын.

Жүргізуші

Қарамаңыз кішкентай бойымызға,

Биіктейді жыл сайын ойымыз да.

Біліммен де достасып, еңбекпен де,

Ел алғысын алармыз ержеткенде.


Дей келе бүгінгі біздің 9 –мамыр жеңіс күніне арналған ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.

Көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін рахмет.




Бекітемін : тексердім:

Мектеп директоры: ДТІЖО

Ю.Давлатов: А.Байжанов:



«№114 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Ашық тәрбие сағат



Тақырыбы:

Shape1


Сыныбы: 2 «ә»

Мұғалімі : Д.Кулсабирова.


2017-2018 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
548
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі