Тақырыбы:
«Ұлы жеңіс жасасын!»
Мақсаты:
Оқушыларды адамгершілікке, отанын
сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деге
сүйіспеншілігін арттыру. Оларға
патриоттық тәрбие беру. Оқушыларды Ұлы
Отан соғысымен, қазақстандықтардың
ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін
дамыту. Оқушыларды үлкен адамдарды
сыйлай білуге, оларды қадірлеуге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
үнтаспа, Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар,
гүлдер, шарлар.
І.
Ұйымдастыру кезеңі. Топқа бөлу.
Тыныштық
сәті
Мұғалім
тыныштық сәтін тыныс алу жаттығуынан
бастайды. Тыныс алуға зейін қою. Мұғалім:
Сіздерден аяқ- қолыңызды айқастырмай,
түзу отыруыңызды өтінемін. Қазір біз
тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс
алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз
демалады. Ауаны ішке жұту кезінде
тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді
сыртқа шығарған кезде өзіміздегі
мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Қане,
дайындалайық, әріптестер. Көзімізді
жұмамыз..., арқамызды тіктейміз...,
қолдарыңызды тізеге қоюға болады...
Тарих
кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де
ұмытылмайтын, ескермейтін тарихи
оқиғалар болады. Соның
бәрі әлемді дүр сілкіндірген екінші
дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы
Жеңістің қасиетің батыр ағаларымыз бен
апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан
ұмытпақ емес. Әлемді дүр сілкіндірген
оқиға 1941жылы маусымның 22 - де болған
еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің
бірлігі мен достығының арқасында 1945
жылы 9 - мамырда бұға Ұлы Жеңіспен
аяқталды. Міне, содан бері 77 жыл мерзім
уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 73 жылдығы.
Соғыстың
алғашқы күндерінен бастап - ақ Кеңес
халқы жан тәнімен Отанын қорғады. Әрбір
село, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс
болды. Қанішер неміс басқыншыларымен
Кеңес азаматтары аянбай шайқасты.
Оқушы:
Соғыс жалмап аға - іні бауырды,
Зар
жылатты тыныш жатқан ауылды.
Жалғызынан
айырыпты ананы,
Әкесінен
айырыпты баланы.
Осы
соғыста Кеңес одағының басқа
республикаларымен бірге біздің Қазақстан
Республикасы да жан аямай шайқасты.
Даңқты қарулы күштердің және еңбек
армиясының құрамында 1 млн 870 мың
қазақстандықтар болған.
Ат
ауыздығымен су ішкен, ер етегімен су
кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге
қолдарына қару алып, Отанын қорғауға
біздің батыр апаларымыз Шығыс жұлдыздары
Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова
ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты.
-
Иә, кеудесін оққа төсеген қазақтың
қарапайым қызы Мәншүк қас дұшпанынан
елін қорғаған еді. Ол анасын, туған жерін
қатты сағынғанда, қолы қалт босағанда
анасына жазған сағыныш хаттары бір
толастаған емес.
Мәншүктің
хатын оқу.
-
Иә, сұрапыл соғыс ешкімді аямады. Ана
жарынан айырылды, бала әкесінен айырылды.
Бірақ үміт оты еш өшкен жоқ. Бала әкесін
күте берді, күте берді.
Солдаттар
жаралы майданнан оралады.
Ажал
боп төнген жауына,
Дауылды
көктің қыраны.
Оралды
Алатауына,
Ерліктің
өжет бір әні.
Таңғалтқан
батырлықтарымен,
Тарланбоз
батыр ағаларымыз.
Радио
сөйлейді. 1945 жыл.
Дүние
жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан
ұғымың терең сезіне түсті. Қаһарман
ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық,
басқыншылық тізе бүкті. Бірлік, ерлік,
халықтар достығы нығая түсті.
Ұлы
Отан соғысына қатысқан: Бауыржан
Момышұлы, Мәншүк Маметова, Әлия
Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат
Бигелдино,в
Тулақбаев Арон ата, Аяпбергенов Қамеш
ата
және т.б.....
Ол
кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы
бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен
қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың
рухына бас иіп, еске алайық. 1 минут еске
алу.
Қорытынды
Оқушылар
алған әсерлерін, түйген ойларын баяндап
береді.