Жүргізуші: Құрметті ата аналар, ұстаздар, балалар 7-мамыр Отан қорғаушылар күнімен және де 9-мамыр жеңіс күнімен сіздерді шын жүректен құттықтаймын. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар-өмірдің мәні, көңілдің жыры, әр отбасының алтын қазығы. Ендеше бүгінгі мерекелік шарамыз өздеріңізге арналады. «Біз Отанның сарбазы» атты мерекелік шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші:
Жауынгер
біздің саңылақтар
Жауды жеңген солдаттар
Ардақта Отан- ел үшін
Бақытты туған жер үшін
Отан
үшін мерт болғанды танып біл,
Оларды әсте ұмытпайды халық бұл!
Ерлік даңқы ешқашанда өлмейді,
Батырлардың жүрегі отбоп жанып тұр!
Жеңіс күні құтты болсын,
Құтты болсын Аталар!
Ұмытпайды ешқашанда
Жауынгерді балалар.
Ән ұран айтылады.
Балалар, біз өзімізге бейбітшілік сыйлаған ата-бабаларымыздың ерліктерін мәңгі ұмытпаймыз, солардың арқасында біз шаттықты, бақытты өмір сүрудеміз, мектепке келеміз, ойнаймыз. Біздің түңгі тыныш ұйқымызды күзететін Отан қорғаушыларымыз бар яғни олар сендердің ағаларын. Соғыс болмас үшін, тыныштық пен бейбітшілікті сақтау үшін бүкіл әлем мен біздің Отанымыздың шекарасында Отан қорғаушылар тұрады.
Слайд.Отан қорғаушылар көрсетіледі.
Енді осы ағалардай батыр боламыз деп мерекеге арналған тақпақтарымызды айтайық.
Сұлу:
Мейрамдарың құтты
болсын жігіттер.
Болмасыншы көңілдеріңде күдіктер.
Мейрамдарыңмен аға, іні бауырлар.
Орындалсын алға қойған үміттер.
Маржан:
Жүрекке адалдықтың ескен гүлін
Ғажайып келешектің төккен үнін
Ардақты ағаларға шын көңілден
Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін.
Бегалы Али-Хан
Ата-бабам жанын қиып қорғаған
Тәңірі қолдап,бақ-береке орнаған
Қазақстан азат елсің сен бүгін
Ақ тілегін болашаққа арнаған
Алмас:
Тебіренді тауың, желпінді
далаң,
Көтерді көкке туларды ғалам.
Жеңістің ұлы күнімен сені,
Құттықтау үшін келіп тұр балаң.
Ильяс Алихан
Жас ұланбыз жаны жарқын,
Қайрат-күші құрыш мығым,
Тамылжыған жаны алтын,
Қорғаймыз ел тыныштығын
Айару
Сарбаздармыз саптағы біз,
Қатарымыз сөгілмеген.
Туған елдің мақтанымыз,
Адымдаймыз сеніммене
Дарын
Желбіреген жалауымыз,
Ұлы Отанның ұланымыз.
Бейбітшілік қалауымыз,
Асқақтаған жыр-әніміз
Қайрат Кәусар
Көлеңкесі жоқ көңілге
күшті
Алтын мамырдың сәулесі түсті.
Дүниеге ұлы жеңіс келді деп,
Көгіне тағы ұшырды құсты.
Асылхан
Бүгін жайнап жасарсын ана біткен,
Асыр салып қуансын бала біткен.
Жүректері жарылсын қуаныштан,
Аяласын көңілі жақсы үмітпен.
Жүргізуші: Жеңіс күні 9-мамыр – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.
Жүргізуші: Аз емес зар жылаған, егілген
жан,
Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.
Кеудеге зілді қасірет салды соғыс.
Қирады талай арман көңілге
алған
Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова,
Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов т.б.және де өз
жерлестеріміз де бар.
Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете
алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына
бас иіп, еске алайық. Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін
оққа тосқан боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен еске
алайық.
Жүргізуші: 1941 жылы 22 маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын – қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді. Ұлы Отан соғысы басталды. Отанымыздың басына ауыр күндер туды.
Видеоролик.
Жүргізуші: Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем. Жүз мыңдаған ата – әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде – ақ майданға аттанды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де ешқашан да ұмытпауға тиіс.
Тайман
Бақыт сыйлап жатады әр күн
Санамызға жарық берген
Әкелері аталардың
Бұл Жеңісті алып келген
Нұркелді
Барша халық жеңіс күнін
тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтардың амандығын ойлайды.
Оңдаш Кәусар
Мәншүк апай батырқыз,
Ардақтаймыз атын біз.
Ұқсап Мәншүк апайға,
Өсіп келе жатырмыз.
Көркем
Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті,
Жер бетінен жамандық мүлде үрікті.
Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз.
Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.
Дамир
Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен – аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!
Аманат
Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Осы тілекпен барша халайық түрегел!
Шахинұр
Жеңіс күні ардагерлер әперген,
Желбіретіп қызыл туды көтерген.
Туған елін жау қолында қалдырмай,
Ерлікпенен ел парызын өтеген
Нұрғазы
Сарғая күткен ұлы күн
Шұғыласы бүгін жарқ етті,
Бағына талай миллионның
Баянды жеңіс күн жетті
Ернұр
Нұр
шашады алтын күн
Отанымда мереке!
Қона берсін еліме,
Бақыт,шаттық береке!
Жүргізуші: Міне, ата-бабаларымыздың арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімді алып, егеменді ел болып, әлемге танылып отырмыз. Өз әнұранымыз, өз елтаңбамыз, әрқашан биіктен көрінер туымыз бар. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, үлкен бақыт. Қуанышымыз, жеңісіміз ұзағынан болсын деп бүгінгі мерекелік шарамызды аяқтаймыз. Елімізде бейбітшілік болсын! Аналарымыздың зарлаған, сәбилеріміздің жылаған дауысы естілмесін! Айбынды азаматтарымыз аман болсын!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Ұлы Жеңіс күні"

шағым қалдыра аласыз