400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ұлы жеңіс ұрпаққа аманат"(тәрбие сағаты) 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ұлы жеңіс ұрпаққа аманат"(тәрбие сағаты) 9 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы



Этнограф ғалым айтқандай, еліміз егемендік алып, тәуелсіздігін атап өтіп отырған бүгінгі таңдағы мақсат – халқымыздың білімін дамыту. Ол мақсатқа жету үшін еліміздің болашақ иелері –жастарымыз – білімді тартысты болуы қажет. Бүгін кеш білім, өнер, шығармашылық ізденіс шешендік айтыс сайысы болмақ. «Отты жылдар шежіресі» атты сайысқа қош келдіңіздер.

Мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.


Әділқазылармен таныс болыңыздар:

1.Директордың тәрбие ісі орынбасары – Сатқанова Э.М

2.Тарих пәнінің мұғалімі – Хадешов Р.Қ


«Батылдық – балалық шақта шыңдалады» десек баланы бала ететін тәрбие құралының бірі ойын екендігі белгілі. Ендеше, сайысқа қатысушыларды ортаға шақырайық.

1. 7 «а» сынып – Талапова Аружан

2. 7 «ә» сынып – Ұзақова Нұрсәуле

3. 8 «а» сынып – Ермұханбетова Шұғыла

4. 8 «ә» сынып – Қайрат Альбина

Балалар сендер қазақ батырларын білесіңдер ме? Атап айта қойыңдаршы

  1. Мәлік Ғабдуллин

  2. Төлеген Тоқтаров

  3. Рамазан Елебаев

  4. Мәншүк Маметова

  5. Әлия Молдағұлова

  6. Бауыржан Момышұлы

  7. Талғат Бигелдинов

  8. Рақымжан Қошқарбаев. Бұл аталған кісілерге қандай атақ берілді?

Қазақстан Халық қаһарманы атағы берілді. Соғыс жылдары Қазақстандықтар «Бірі де жеңіс үшін, бәрі де майдан үшін», деген үндеумен түн демей, күн демей еңбек етті. Мәселен: Ыбырай Жақаев күріштен, Шығанақ Берсиев тары өсіруден. Жазылбек Қуанышбаев төл алудан рекорд жасады. Олай болса бүгінгі сайысымыздың бағдарламасымен таныс болыңыздар

Сайыс 6 кезеңнен тұрады.

1) Ой ашар (тест сұрақтарына жауап беру)

2) Шешендік

3) Тіл-өнер

4) Үш жұмбақ

5) Тапқырлық

6) Жорға


I. Бәйге

Бақ пен сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастаймыз.

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,

Шәкірттерге әділ баға беріңіз,

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,

Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз.

1. Ұлы Отан соғысы қашан басталды?

А) 1939 ж Ә) 1941ж Б)1948 ж



В) 1940ж

2. КСРО –ның Батыс өлкесіннен Қазақстанға қанша завод фабрика көшірілді

А) 110 Ә) 2

Б) 80 В) 100

3. Ұлы Отан соғысы жылдарында қанша қазақстандық армия қатарына алынды?

А) 1 млн 200 мың

Ә) 2 млн Б) 500 мың

В) 1 млн 300 мың

4. Ленинград үшін шайқаста қай қазақстандық батыр жау пулеметін өз денесімен жауып ерлікпен қаза тапты?

А) Б.Момышұлы Ә) Ә.Молдағұлова

Б) М.Мәметова В) С.Баймағанбетов

5. Ұлы Отан соғысы жылдарында күріш өсіруден рекорд жасаған кім?

А) Ж.Қуанышбаев Ә) Ш.Берсиев Б) Ы.Жақаев В) Б.Дисекбаев

6. Мәскеу түбіндегі шайқасқа қатысып қаһармандық ерліктің үлгісін көрсеткен қазақстандық дивизия

А) 316 атқыштар дивизия Ә) 238 атқыштар дивизия

Б) 310 атқыштар дивизия В) 314 атқыштар дивизия

7. Ә.Молдағұлованың өмір сүрген жылдарын атаңдар

А) 1921-1940 ж.ж Ә) 1925-1944 ж.ж

Б) 1915-1942 ж.ж В) 1920-1943 ж.ж

8. Б.Момышұлының өмір сүрген жылдары

А) 1910-1982 ж.ж Ә) 1900-1945 ж.ж

Б) 1905-1978 ж.ж В) 1908-1980 ж.ж

9. Ұлы Отан соғысы қай жылы аяқталды?

А) 1939 ж Ә) 1942 ж Б) 1945 ж В) 1944 ж.

II. Шешендік

«Отан үшін алға!» деп барлық жауынгерлерді соңына ерткен Әлия жауға қарсы ұмтылды.

Отан туралы мақал-мәтелдер.

(Ұпайы аз бір оқушымен қоштасамыз)

III. Тіл -өнер

Бұл кезеңде жұмбақтар айтылады, жұмбақтың жауабын сайыскер тауып, оның орыс, ағылшын тілдеріндегі баламасын айтады.Әр дұрыс жауап үшін – 10 ұпай, сонда 1 сұрақ – 30 ұпай.


1.Жаны жоқ болса да,

Ақылды адамның ісін істейді (кітап – книга –book)


2.Жасыл ине киімім,

Жайлаймын тау биігін.

Жаңа жылда тойласаң,

Төріндемін үйіңнің (шырша – елка – fir)


3.Өзі сондай нәзік,

Су құйсаң кетеді, алақанын ашып (гүл – цветок – flower)


4. Үй бағады үрмейді,

Аяғы жоқ жүрмейді (құлып – замок – lore )


5. Асқар тауда қара орман (шаш – волосы – hear)


6. Екі достың бірі ыңғайлы,

Біреуінің ебі жоқ.

Екеуін де бірдей көрем,

Маған артық-кемі жоқ (қол – рука – hand)


7. Өмірде өлмейді,

Ешкімнен сұрамай,

Тіліңді алмайды ,

Тетігін бұрамай (сағат – часы – clock)


8. Тілі жоқ өзінде

Сөзі бар ізінде (қаламсап – ручка – pen)


9. Қабат-қабат қапталған

Асыл сөзбен апталған.

Парағы бар сөйлейтін

Ол қазына өлмейтін (кітап – книга – book)

10. Кіп-кішкене қараша, туған жері тамаша,

Бір секундта жер көкті, алады шарлап шарасы (көз – глаза – eaes)


(Ұпайы аз бір оқушымен қоштасамыз)


V. Тапқырлық

Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Құр қарап отыру жараса ма?

Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,

Соқ қолыңды білімді жас талантқа.

Келесі бөлімді оқушылар билет суырады.

Әр дұрыс жауапқа – 20 ұпай, 1 билетке – 60 ұпай.

«А» билеті

  1. Метаграмма шешу.

Г-ден баста, мен кілең

Ажарымын өмірдің

К-ден баста, енді мен

Қалдығымын көмірдің.

2. «А» дауысты дыбысына әріп жұмбақ құрастыру.

3. «Мектебім» тақырыбына өлең құрастыру.


«Б» билеті.

  1. Метаграмма шешу.

К-ден егер бастасаң –

Шомыласың суына.

Ш-дан егер бастасаң –

Жазда аунайсың құмына.

  1. «Ы»дауысты дыбысына әріп жұмбақ құрастыру.

  2. «Ауылым» тақырыбына өлең құрастыру.


VI.Жорға

1. ҚР Президенті кім? (Назарбаев Н.Ә)

2. Абайдың шын есімі? (Ибраһим)

3. «Таза бұлақ» әңгімесі кімдікі? (Ыбырай Алтынсарин)

4. Абай қанша нәрседен қашық болуды айтады? Олар?(5 – өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншік, бекер мал шашпақ)

5. Екі рет ғарышқа ұшқан кім?(Т.Мұсабаев)

6. Оқу білім азығы,

...-ырыс қазығы (Білім)

7. Тарихтың атасы кім? (Геродот)

8. Телескопты кім ойлап тапты? (Галилей)

9. Дене массасын өлшеуге арналған құрал? (Таразы)

10. Дене массасының өлшем бірлігі? (Килограмм)


Осымен, бүгінгі сайысымыз турлары аяқталды.

Білім – ақыл-ой дариясы,

Ақыл керек –білім таңдап оларға

Білім керек-жақсы іске қарарға.


Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген. Олай болса, сендер – ұшқыр ойлы, өткір тілді ана тілінің тұғырын биікке көтеретін еліміздің ұланысыңдар! Сендердің Қазақстанның мәртебесін биікке ұшыратын сұңқары, бәйгенің алдын бермес тұлпары болуларыңа тілектеспіз!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
30 мамыр
1663
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі