Әжімахан
Сезім Датқақызы
Тұрар
Рысқұлов атындағы №25
мектеп-гимназиясының
1
«Б»-сынып оқушысы
Жетекшісі:
Ахметова Ұлжалғас Ермахановна
Ұлы
Жеңіске 75 жыл! Ешкім де , ешнәрсе де
ұмытылмақ емес!
Еліміздің
сан ғасырлық тарихында мақтаныш тұтар,
бүгінгіміз бен келешегіміз үшін ғибрат
алар, кеудемізге қиналғанда үміт отын
жағар оқиғалар мен Отан алдындағы
адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар
аз болмаған. Олардың қатарына: қазақтың
ұлт болып ұйысуы мен оның ұланғайыр
ата-қонысының қалыптасуын, ата-бабаларымыздың
елімізге, тән өзіндік шаруашылық жүргізу
жүйесін қалыптастыруын, батырларымыздың
елі мен жерін, халқын сыртқы жауларынан
қорғаған үлгісін жатқызамыз.
Қандай қасіретті үн. Қазақтың
мамыражай даласын қалың тұман басты.
Тарихқа таңбаланған қаралы күндер
бойы сіркіреген ажал рухы онымен
тапталмайды. Арада қаһарлы 1418 күн
откенде, бүгін бір ұрпақтың жанқиярлық
ерлігі – Жеңіс те келіп жетті! Көктемнің
көкорайлы сәтінде, бұлбұлы сайрап,
құскөбелегі жадырап, жеңіс күнін
олжалаған халқымыз әсем даланы “ Көктем
“ биіндей құлпыртты. “ Жеңіс “ тойын
тойлатты.
Көктем
келді тіршілікке сән беріп,
Ерлік
туын олжалады жан беріп,
Нағыз
қазақ рухына жарасты
“ Жеңіс
“ деген Отанына ән келіп !
Жеңіс!
1945 жылдың 9 мамыр күні дәл осы шаттық
хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп
кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері
қуаныштан лүпіл қақты.
Бұл
сұм соғыста сан мыңдаған адамдар мерт
болып, қаншамасы мүгедек болып қалды.
Дегенмен бәрібір Берлиндегі рейхстаг
үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді.
Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан
қаһарман жауынгерлердің қанымен ,
жанымен мына жарық өмір үшін аянбай
ұмтылған зор үлестері ерекше.“ Өз
халқын құрметтеп, сүймеген адам –
опасыз, оңбаған адам“ - деп қазақтың
қаһарман жауынгер - ақыны Бауыржан
Момышұлы айтқандай, біздің батырларымыз
Отан үшін өз басын өлімге байлап, ажалмен
алысып, өз ұрпақтарының, өз халқының
намысын қорғағаны өз халқын шын
сүйетіндігін, құрметтейтіндігін
білдіреді. Қиыншылық жағдайда дұшпанның
қаптаған қарақұрым күшіне төтеп беріп,
олармен табан тіресе шайқасқан
аталарымыздың ерлігі біздің көкірегімізге
мақтаныш сезімін ұялатады. Ұлы Отан
соғысы жылдарындағы ерлігі үшін 500
қазақстандық Кеңес Одағының Батыры
атағын алды. Соғыста біздің аталарымыз
ежелден еркіндікті аңсаған ер қазақтың
өршіл рухын, батырлығын әлемге паш етті.
Қазақ ұлты ұландарының антқа адалдығын
көрсетті.
Халқымыз
соғыс қарсаңында көрген азаптарына,
қиындықтарына ерекше төзімділік
көрсетіп , тағдыр талқысымен келгендерге
қол-ұшын берді .
Бұл
соғыста Кеңес Одағын мекендеген барлық
халық бір жеңнен қол, бір жағадан бас
шығарып Отанын қорғады. “ Ел үмітін
ер ақтар, ер атағын ел сақтар “ – дей
келе, Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына
орай, ата-бабаларымыздың рухани тағзым
ретінде, олардың ерен ерліктерін, жер,
Отан, біздердің жарқын болашағымыз үшін
жасаған ерліктерін мәңгілікке есте
сақтап, жадымызда ұстаймыз. Қанша
жылдар өтсе де, бұл соғыста ерлікпен
қаза тапқан әрбір батырларымыз тарих
төрінен орын алады және біз, ұрпақтары
мәңгі жеңіс алауын сөндірмей, Отан
үшін от кешкендерді әрдайым жүрек
түкпірімізде ұстаймыз.