жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұлы Жеңіске-75 жыл
Шығыс Қазақстан облысы
Үржар ауданы
Қарақол ауылы
«Қарақол орта мектеп-бақшасы» КММ-нің
Бастауыш сынып мұғалімі: Даукенова Раушангүл
Төкеновна
Сабақтың тақырыбы: Ұлы Жеңіске-75 жыл
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларға Ұлы Отан соғысы жайлы, оның алапат
қиындықтары, Ұлы Жеңістің бізге оңайлықпен келмегені туралы
мағлұматтар беру. Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық
рухта тәрбие беру.
2.Оқушылардың сөйлеу, мәнерлеп оқу қабілеттерін, тіл байлықтарын,
сөздік қорларын дамыту
.3. Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен, Қазақстандықтардың, ауылымыздың
соғыс ардагерінің ерлік істерімен таныстырып, ой- өрісін дамыту,
оларды құрметтеуге, сыйлай білуге, қадірлеуге
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дамытпалы поэзия сағаты.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:ой толғау, баяндау, сұрақ-жауап, сахналық көрініс, шығармашылық көрініс, әдеби монтаж.
Көрнекіліктері: фотогалерея, портреттер, суреттер, тірек
сигналдары, слайд, шар, интерактивті тақта,
альбомдар,сурет
көрмесі, кітаптар көрмесі т.б.
Пәнаралық байланыс:әдебиеттік оқу, ағылшын
тілі, дүниетану,
музыка.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылар назарын тәрбие
сағатына аудару.
Мұғалім:
-Армысыздар құрметті ұстаздар,
оқушылар! Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған поэзия сағатына қош
келдіңіздер! 9- мамыр Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесі құтты
болсын!
1- жүргізуші:-
-Иә, аспанымызда Жеңіс туы желбірегеніне -75 жыл. Соғыс өрті өшіп, қайғы –мұңнан арылып, бейбітшілік орнағанына- 75 жыл.
75 жыл –бейбіт көктем таң атқалы,
75 жыл- шуақты күн таратты әнін,
Ашылды жеңіс күннің парақтары
Талай құс содан бері қайта оралды,
Соғыста тек өлгендер оралмады.
2- жүргізуші:
-Иә, Ұлы Отан соғысында Жеңіске
жеткенімізге биыл 75 жыл толып отыр.
-Дәл
осынау жадыраңқы жай күні,
Болса –дағы қай ғасырдың
қай күні?
Ұлы Отаным бас иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны
Видеотаспа арқылы (1 минут
үнсіздік)
1- жүргізуші:
Өкінішке орай, уақыт сол ұлы
оқиғаларға қатысушыларды қазір біздің арамыздан алып кетіп жатыр,
саусақпен саналықтай ғана қалды. Бірақ ешкім де, ешнәрсе де
ұмытылмауы тиіс! Себебі бұл біздің тарихымыз, біздің мақтанышымыз,
біздің даңқымыз!
-Қан майданның жүректе жарасы бар,
Қайғысы мен зілі бар, наласы бар.
Арамызда жүретін алшаң басып,
Ардагерлер,азайып барасыңдар.
Хормен: 3 тілде: -Әкеме, атама рақмет!
Thank you Father and grendfather!
Cпасибо папе и дедушке!
2-жүргізуші:
-Осы жеңіске жету жолында Қазақстандықтардың асқан ерлігі мен
әскери жанқиярлығы Отан тарихындағы жарқын беттерге айналды. Ұлы
жеңістің тарихтан алатын орны ерекше. Бүкіл Кеңес халқының 20-25
млн-нан астам ержүрек ұлдары мен қыздары құрбан болды. Осы соғысқа
Қазақстаннан 1 млн. 70 мың адам қатысса, өз туған жеріміз Қарақол
ауылынан 391 азамат майданға аттанған.
3-
жүргізуші:
- Соғыстан аман келгенде ауылдасымыздың бірі Кәрімтай Атаншинов
атамыз болған. Кәрімтай атамыз Украина майданында даңқты қолбасшы
Жуковтың қарамағында жаумен қиян-кескі соғысып, Жеңіс туын
желбіреткендердің бірі болды.
1-
жүргізуші:
-Кәрімтай атамыз «Қызыл Жұлдыз» орденінің және бірнеше медальдардың
иегері ауылымыздың батырын, соғыс ардагерін ұмытпай үнемі
мақтанышпен айтып отырамыз.
Хор «Батыр бала Болатбек»
әні
Слайдпен
жұмыс: «Жеңіс туын
желбіреткендер»
ІІ. Әдеби
монтаж:
Оқушылар соғыс жайлы өлеңдер
оқиды.
-Бұлт түнеріп аспаннан,
Талай көзден жас тамған.
Тұтқиылдан жау тиіп,
Қырғын соғыс басталған.
Соғыс жалмап аға-іні, бауырды,
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.
Жалғызынан айырыпты,
Әкесінен айырыпты баланы.
Ару қыздар-алаулап от
кешкендер
Сыздап тұр-ау, әлі күн оқ тескен
Қаласыңдар мәңгілікке ел есінде,
Ару қыздар-алаулап от кешкендер.
2-
жүргізуші: -Әлия 1924 жылы Қобда
ауданы, Көкбұлақ деген жерде туған. Екі жасында жетім қалып,
Әубәкір деген ағасы тәрбиелеген. Кейін ол ағасы Санк-Петербург
қаласына көшіп келеді де, Әлия сол қалада оқиды. Отбасының
жағдайына байланысты Әлия кейін балалар үйінде
тәрбиеленеді.
Сахналық
көрініс: «Әлияның мергендігі жайлы»
Хормен: 3 тілде: -Анама, әжеме рақмет!
Thank you mother and
grendmather!
Cпасибо маме и
бабушке!
Хор: «Ақ
кептерлер».
1- жүргізуші:- Бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ұлы Отан соғысына қатысып ерлік көрсеткен батырларымыздың есімдері мәңгі жүрегімізде сақтаулы.
ІІІ.Поэзия сағаты:
Батыр ата-апаларымыз жайлы өлеңдер
оқиды.
-Кешіп өтіп кешегі от
жалыннан
Дүниеге ерлігімен
танылған.
Кең жауырынды,
Талғардай тік иықты.
Бөре кеуде, бүркіт қабақ Бауыржан.
Тастар көкке атылды,
Орман шулап тау құлап
Жиырма сегіз батырды,
Жеңе алмады жау бірақ.
Жау жеңілдің ақыры
Атты бейбіт таң күліп.
Жиырма сегіз батырын
Ұмытпайды ел бірақ.
Слайдтан батырларды көрсетіп
тұрады.
Хор: «Солдаты шли в последний бой» әні
Шығармашылық көрініс:сыныпта ұйымдастырылған «Ең үздік эссе» байқауының жеңімпазы Қалиева Қарақаттың «Ұлы Жеңісті жақындатқандар» тақырыбына жазған эссесін тыңдайық.
1941 жылы маусымның 22 – сінде гитлершіл Германия Отанымызға опасыздықпен шабуыл жасады. Сол күні екінші дүниежүзілік соғыс басталды. Елдегі бар азаматтар майданға аттанды. Майдандағы жауынгерлер жаздың ыстығы мен қыстың қатал аязына да сыр берместен шайқасты. Олардың Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігінен туған ерліктерінің арқасында 1945 жылы Кеңес әскері Берлинге басып кірді. Рейхстагқа ту тіккен қазақ батыры Рақымжан Қошқарбаев болатын. Міне, содан бері жан толқытар қасиетті – Ұлы Жеңіс күні қарсаңында, 7 – мамыр Отан қорғаушылар күні аталып өтіледі. Әрине, мамыржай мамыр мерекелік шараларға толы. Қарт майдангерлер омырауларына сылдырлатып төс белгілерін тағып ел қорғаны, айбары бола білгендіктерін мақтан етеді. Жас ұрпақ болса оларға қызыға қарайды. Жақсы істерін өнеге тұтады. Сол қарт майдангер аталарымыздың қатары жылдар өткен сайын азайып бара жатқаны жүрегімізді сыздатады. Жеңіс күні, Жеңіс мейрамы келгенде кім – кімнің де қатты толқитыны анық. Қазақ даласы үшін бабаларымыздың қаны, аналарымыздың көз жасы аз төгілген жоқ. Елін сүйген ерлердің ерлігі халық жадынан ешқашан өшпейді. Аға ұрпакқа, бізге: «Осынау кең байтақ жерді сендерге мұраға қалдырдық. Халқыңды жаудың қолына беріп қоймай, қорғауға тырысып бақ», - дегенді айтады. Осыны түсінгендіктен менің жүрегімнен шыққан жыр шумақтары мынандай :
Жерімізді мәңгілікке сүйіп
өтем,
Өзіңе сүйгенім қызық екен.
Отаным, қазыналы, қуаты мол,
Өзіңсің мақсатыма жетелеген.
3 «А» сынып
оқушысы
1-
жүргізуші:
- Әрқашан әділдік жеңеді. Опасыздықпен елімізге шабуыл жасаған
фашистер, 1945 жылы 9 мамырда Берлинде тізе бүкті. Ауыр да,
қасіретті жылдар артта қалды. Жер бетінде бейбітшіліктің туы
желбіреді.
Хор «Біз балдырған баламыз»
әні
ІҮ.
Қорытындылау:
Сурет
көрмесі: «Мен соғысты жек керем!»
тақырыбындағы сурет көрмесіне шолу жасау, жеңімпазды
марапаттау.
2-
жүргізуші:
- Қасиетті Жер-Ананың төсінде бейбіт өмір, бейбіт еңбек орнасын!
Біз бейбітшілікті жақтаушы, достықты жырлаушы, тыныштықты сақтаушы
елміз. Елімізде және жер бетінде мәңгілік тыныштық
сақталсын!
3-
жүргізуші:
-.Осымен біздің Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған поэзия сағатымыз
аяқталды. Бәріңізге, бізді
тамашалағандарыңызға: Рақмет ! Thank you!
Cпасибо!
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін!» әнімен аяқтау.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген