400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлы жеңіске 75 жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мәңгілік Ел – Менің Елім

Мақсаты: Елімізде тұратын ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақты дәріптеу, Қазақстанға деген патриоттық сезімін ояту. Өзара жағымды қарым – қатынасты дамыту, Отанына адал қызмет етуге «Мәңгілік ел» қасиетті ұғым екеніне көз жеткізу, болашаққа сеніммен қадам басу, жас ұрпақты отаншылдыққа, адамгершілікке елжандылыққа тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә Назарбаевтың суреті, видеороликтер, шарлар, нақыл  сөздер, кітаптар көрмесі.


Барысы:

1-жүргізуші:

Мәңгілік Ел ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман –әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз  мемлекет атану еді.

- біз армандарды ақиқатқа айналдырдық мәңгілік елдің іргетасын қаладық.

- біз үшін болашағымызға бағдар ететін , ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар.

- ол-Мәңгілік Ел идеясы

- Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады

- ендігі ұрпақ-мәңгілік қазақтың перзенті

- Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары-«Қазақстан-2050» стратегиясының түп қазығы

- Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда

         Таң қалдырған Қазақстан бар әлемді

         Берекелі кең байтақ,  жалпақ елді

         Қазастан адымдап бара берді

         Көрінер көкжиектен далам енді

         Кім танымас айтсаңшы айтыңдаршы

         Қазақстан егемен менің елімді

         Кім танымас тербелген тал бесікті

         Болашаққа айқара аштық  кең есікті

         Барша ел аузын ашып тамсанумен

         Қандай ғана егемен ел десіпті

 

2-жүргізуші:

2014 жылдың 17 қантарында Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат-Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол –«Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің  кемел келбеті», — деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық –тұңғыш мемлекеттік ресми идеология , яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы, бұл ҚР ұлттық идеясынан келген түйын –тұжырым . Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған  мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу.
 Ән: «Атамекен»


1 - жүргізуші:
Ассамблея деп ауыз ашқаннан көз алдыңа еліміздегі тыныштық, этносаралық жарастық, конфессияаралық келісім келеді. Бір құдіреттің күшімен осынау сөз Қазақстанда барлық бейбіт өмірді, тұрақты тіршілікті жасап тұрғандай болып көрінеді. Біз 25 жыл бойы соған үйреніп, соған әбден сеніп алдық. Өткен 25 жылда Қазақстан қоғамының ішкі ықпалдасуының, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайтудың біртұтас мемлекеттік және қоғамдық жүйесі толығымен қалыптасты.

2 - жүргізуші: Ел ішінде мұқият талқыланып, Елбасы мақұлдаған «Ел бірлігі доктринасы» бейбітшілік пен қоғамдық келісімді нығайтудың «Бір ел - бір тағдыр», «Тегі басқа – теңдігі бір», «Ұлт рухының дамуы» сияқты басты қағидаларын айқындап берді. Елбасының өкімімен бекітілген Қазақстан халқы ассамблеясы туралы ережелер оның мәртебесі мен құзіреттерін, сондай - ақ, Ел бірлігі саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асыруға қатысу тәртібін бекітті.
Өткен жылы Елбасының Өкімімен Президент жанындағы «Қоғамдық келісім республикалық мемлекеттік мекемесі құрылды.

Қорынтынды: Міне оқушылар біздің елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдері бастап кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды.Тәуелсіздікке  қол  жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын.Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық.- «Мәңгілік  Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Елбасының «Мәңгілік ел» идеясы баршамызды бір мақсатқа, ортақ мүддеге жұмылдыратын ұранға  айналуы  тиіс. Осыдан әрқайсымыз ой түйіп Тұңғыш Президентіміз айтқандай Қазақ елінің мәңгілік  болуына аянбай  еңбек  етуіміз  керек. Елбасы  белгілеп  берген «Қазақстан - 2050» стратериясы ұлттық  ұлы бағдары. Мәңгілік  ел  біздің  өз  қолымызда. Ол үшін  өзімізді   үнемі  қамшылап, ұдайы  алға  ұмтылу  керек.











Тәрбие сағаты: «Ауғанстан ақиқаты»

Мақсаты:

Білімділігі: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру.

“Ауған соғысы” – жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлері туралы мәлімет алу.

Дамытушылық: Тарихи деректердің маңыздысын аша білуге және материалдарды диалектикалық тұрғыдан талдай білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Тәуелсіздік жолында күрескен аға - апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, отанын сүюге тәрбиелеу.

Әдісі: еске алу сабағы

Көрнекілігі: Тақырыпқа сай слайд. Интерактивтік тақта.

Сабақ бағдарламасы:

1. Мұғалімнің кіріспе сөзі

2. Ауғанстан соғысы тарихы туралы

3. Ауғанстан жайлы видеоролик,слайдтар

4. Отан туралы өлеңдер

5. Ән «Қазақстан» 7. Қорытынды

Сабақ барысы: Ашылуы

Сол Ауғанда талай досты жерледік

Қарлы шыңға күн түн демей өрледік

Сұрапылда ерледік те шерледік

Намыс туын қолдан бірақ бермедік


Батырлыққа уызынан жарыған,

Ер төркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын, өзі әнші халықта

Кім айта алар

Болмаған,- деп - Әнұран?!

Әнұран орындалады.

Соғыс жан алып – жан беру

Соғыс халықтың басына келген қасірет, жұт

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 27 жыл толуына байланысты

«Ауғанстан ақиқаты» тақырыбындағы кешімізді ашық деп жариялаймыз.

1989 жылы, Ақпан айының 15 - де талай аналарды перзенттерден айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан қасіретті де, қайғылы да «Ауған соғысы» аяқталды. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда. Бүгінде «Ауған соғысы» қажет пе еді? деген сұрақтар көп қойылған кезде, біз жастар, еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын Отан алдындағы борыштарын адал атқарған азаматтар деп құрмет тұтамыз.

2.Ауғанстан соғысы тарихы туралы

3.Мұғалім: Ауғанстан соғысы не үшін басталды? Оқушылар ендігі кезекте тақтаға назар аударайық. (Ауған соғысы туралы видеоролик,слайдтар көрсетіледі)



Мұғалім: Қазақ жұрты не көрмеді десеңдерші, тарих беттеріне көз жүгіртсек, «Қазақ» хандығы құрылғаннан бері қазақтардың басынан түрлі қиын - қыстау кезеңдер мен адам төзгісіз жан түршігерлік жағдайлар өткені жайында сыр шертеді. Қазіргі таңда еліміздің жетістігі өте көп. Дегенмен, бұл жетістіктерге жетуде еліміз көп қиыншылықты көргенін ұмытпағанымыз жөн. Халқымыз бостандықты аңсап, тәуелсіздікке зарығып жетті.


Отан туралы оқушылардың өлеңдері


1. Ауғанның қанда даласы

Адамзаттың наласы

Бүк түсіп жатыр қан құсып,

Қаралы таулар, қарашы

Адасып барып армандар,

Кабулда күл боп қалғандар

Гүл болып көгеріп

Өмірді қайта жалғаңдар

Арманда кеткен ер үшін,

Ұмытпас елім арысын.

2. Ту етіп ұстар қашанда,

Тәуелсіз елдің намысын,

Баласын іздеп аналар

Анасын аңсап балалар,

Жүрекке түскен бомбадай...

Жазылар қашан жаралар?

Есімде ол күн қаралы,

Зуылдап жылдар барады.

Сарбаздар бәрін біледі,

Ауғаннан қайтқан жаралы.

6. Ән «Қазақстан»

7. Қорытынды


О, олардың көз жасының татымын

Татып көрсең ойланар ең пақырым

Халық болып ешқашанда оңбайды

Жылатқан ел ақыны мен батырын


Мұғалім: - Сабағымызды «Қазақстан» әнімен аяқтағымыз келіп отыр.

Патриотизм – адамның өз Отанына деген сүйіспеншілігі мен адалдығын көрсететін сезім. Ол адамның өз Отанын күшті де айбынды етіп, гүлдендіруге ұмтылуымен сипатталады, қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болуын білдіреді. Патриотизм сезімі - өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістері үшін мақтану, оның жауынгерлік және еңбек дәстүрлеріне ұқыптылығымен қарау. Патриотизм, сондай-ақ туған жерге, ата-бабасы жатқан жерге құштарлық сияқты терең перзенттік махабатты да білдіреді. Қазір патриот болу дегеніміз – республиканың экономикалық, қорғаныстық әлеуетін тынбай нығайту, оны кез келген сыртқы қастандықтан қорғауға дайын болу, әскери міндетке жауапкершілікпен қарау деген сөз.  

сабақты қорытындылау.

 









Тақырыбы:«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
Мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпы адамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау.
Оқушының қабілеті: Жалпы адамзаттық, мәдениетаралық білімдері мен сыни ойлау, зерттеушілік дағдылары дамыған, отан сүйгіш тұлға. 
Сабақта қамтылатын білім беру құндылықтары:
* Әріптестік;
* Азаматтық жауаптылық;
* Ашықтық.
Мектеп миссиясымен үндестігі: Өзінің даму барысында, өмір бойы оқуға қабілетті, жоғары адамгершілік құндылықтары бар, жоғары білімді, зияткерлік жеке тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған мектеп қауымдастығын құру. Қазақстандық патриотизмді әр оқушының бойына өмірлік принциптері ретінде қалыптастыру.
Жаһандық азаматтық тұлғасы: Өз Отанын қатты сүйетін, әлем халықтарын мәдениетін, салт-дәстүрін сыйлай білетін, әлемді дамытуға өз үлесін қоса алатын тұлға.
Көрнекіліктер: 1. Интерактивті тақта, бейне баян, түрлі-түсті парақшалар
Ұйымдастыру кезеңі:
Сергіту сәті. 
1. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.
2. «Сантики, Фантики, Лимпопо». Барлығы шеңбер бойымен тұрып, бір баланы таңдайды да бөлменің сыртына шығарады. Шеңбердегі балалардың ішінен бір баланы жүргізуші етіп сайлайды, ол шеңбердегі балаларға қозғалыстарды көрсетіп тұрады. Барлық ойыншылар жүргізушінің артынан көрсеткен қимылдарды қайталау керек. Қимылдарды қайталаған кезде жүргізушіге қарамай, білтіртпей жасау керек. Шеңбердегі балалар шапалақ ұрып, «САНТИКИ, ФАНТИКИ, ЛИМПОПО» деп айтып ойынды бастайды. Бөлме сыртында тұрған бала ойыншылардың дауыстарын естіп, бөлмеге кіреді де шеңбердің ортасына тұрып, кім жүргізуші екенін табу керек. Егер жүргізушіні тапса, жүргізуші есіктің сыртына шығады. Ойын сол ретімен жалғасып отырады. 
Топқа бөлу.
От, Су, Күн, Ай суреттері арқылы топқа бөлу. Оқушылар Қорапшадан қағаз алады, сол қағаздағы сурет бойынша топтарға бөлінеді(қағаздарда От, Су, Күн, Ай суреттері бейнеленген).
«Мәңгілік ел» патриоттық актісі. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында білім беру жүйесі жаңғыртылуда. Отандық білім беруді жетілдіру қажеттілігі басым мемлекеттік міндеттер қатарына шықты. Осы мақсатта 2016 жылғы 26 сәуірдегі Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» XXIV сессиясында «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі әзірленіп, қабылданды. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев ««Мәңгілік Ел» патриоттық актісі Құжатында – Қазақстан халқының тарихи тағдыры мен жалпы мүдделері, біздің елімізді дамытудың базалық құндылықтары көрінетін «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының жеті мызғымас тұғыры, жеті құндылық ұсынылған:
- Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астанасы;
- Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім;
- Зайырлы қоғам және жоғары руханият;
- Индустрияландыру мен иновацияларға негізделген экономикалық өнім;
- Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы;
- Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы;
- Еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, бүкіләлемдік , өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы және басты құндылықтар толық нұсқада 2014 жылғы 14 қаңтардағы «Қазақстандық жол-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Елбасының халқына Жолдауында және 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында айтылды. Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі аталған құндылықтарды жастарға насихаттаумен байланысты.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 2017-2018 оқу жылындағы тәрбие жұмысының басты ерекшелігі Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың басымдықты идеяларын оқушылар арасында кеңінен насихаттау болып табылады. Аталмыш мақала Кіріспе, қорытынды және екі бөлімнен тұрады. Қазір сіздердің назарларыңызға осы мақала туралы бейнероликті ұсынамын.

Оқушыларға бейнеролик көрсетіледі:
Топтық жұмыс
Постер дайындау және қорғау): 
1-топ. Патриот адам кім? Ол өзін қалай көрсетуі керек? 
2-топ. Қандай патриот адамды білесіңдер? Олар кімдер? Не үшін?
3-топ: Қазіргі заманның патриоты қандай болуы керек? (мінезі, ерекше қасиеттері, ұстанымы, ұраны).
4-топ: Мен патриотпын себебі???


Алда әлі ұзақ жол , үлкен асулар бар . Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім , талант пен талап керек. Қазақ елініңабыройын асырып , мерейін үстем етер , әлем таңғалар , талай-талай жаңалық ашар білімділер керек . Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын , бүгінімізді ертеңіне жалғайтын , қазақ елінің ертеңі , болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді сезінейік. 
“Сен де бір кірпіш дүниеге ,
Кетігін тап та бар қалан!”- деп Ұлы ақын Абай атамыздың сөзімен сабағымды аяқтаймын.













«Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі,мектепке дейінгі шағын орталығымен КММ-сі»



















«Мәңгілік Ел – Менің Елім!»















Садақбаева Г.Т











2020 оқу жылы

«Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі,мектепке дейінгі шағын орталығымен КММ-сі»













«Ауғанстан ақиқаты»















Садақбаева Г.Т











2020 оқу жылы

«Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі,мектепке дейінгі шағын орталығымен КММ-сі»



























«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»









Садақбаева Г.Т







2020 оқу жылы


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 мамыр
453
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі