400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлы Жеңіске 75 жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы Отан соғысының бітуіне 75 жыл толды. Барлық майдангерлерді құттықтаймыз.
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Т.Есімжанов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ










Тақырыбы:


Ерлік сабағы









5 сыныптың жетекшісі: М.Ахунова














2019 – 2020 оқу жылы

Тақырыбы: Ерлік сабағы

Мақсаты: Ұрпақтардың тарихи сабақтастығын сақтап, ықпал етуге бағытталған тәрбие үрдісінің басты қағидалары мен Қазақстанның тарихи өткені мен бүгінгі тарихына ұқыпты қарауға тәрбиелей отырып,

оқушыларды туған елін, жерін сүюге, ел қорғаған ерлердің есімін қастерлеуге, оны ұмытпауға баулу. Тыл еңбеккерлерінің еңбегін бағалау. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс туралы тарихи естелікті сақтау, Кеңес халқының фашистік басқыншыларға қарсы күресінде Қазақстанның жеңіске қосқан үлесі туралы тарихи сауаттылықты арттыра отырып патриоттық тәрбие беру және отанды қорғаушыларды құрметтеу.


Мұғалім: Құрметті оқушылар! Ұлы Отан соғысы кезіндегі қиыншылықтарды, халық көтерген қасіреттерді еске ала отырып, өзіміз сияқты жалынды жастарды Отанын сүюге, оны қорғауға баулу және Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік ісімен таныстыру мақсатына бағытталған "Ерлік сабағын өткіземіз.
Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетін  батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан да ұмытпақ емес. Әлемді дүрсілкіндірген оқиға 1941 жылы маусымның 22-де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында1945 жылы  9 мамырда бұл оқиға Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 75 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 75 жылдығы.

"Төлеуғали Есімжанов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп "КММ

"ЖасҰлан" оқушылар ұйымының тақпақтарын қабыл алыңыздар

 Толғанай:  Орыс, қазақ, қырғыздан

     Құрылған бұл шағын топ.

     Жауға үрей туғызған

     Жайпап түсер жалын боп. 

     Даңқ қосып даңқына,

     Сұрапылға төтеді.

     Борыштарын халқына

     Ерлігімен өтеді.

 Елмұрат: Соғыс жалмап аға-іні бауырды,

 Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.

  Жалғызынан айырыпты ананы,

 Әкесінен айырыпты баланы.

Дина: Жігіт кетті майданға,

     Тал бойында бес қару.

     Айырылғанға арманда

     Қалды артында жас ару.

     Жас жүрегі біртүрлі

     Алқымына тығылып,

     Алғашында бір тұрды

     Қалам ба деп жығылып... 

     Жоқ! Жығылып қалмады,

     Қайраттанды, ширады.

     Аттанған соң алғаны,

     От басына сыймады.

 Көңілін тартып көп еңбек,

 Кетті егіннің басына:

 Күнде көмек берем деп

 Майдандағы досына...   

Төлен:

Туған жер, өскен орта, байтақ дала

  Махаббат, ыстық жүрек құмарлана

Сүйеді Төлегендей ер баласын

Баулыған батырлыққа Отан-ана!

 Әли:

Жеңіс келді қалама

Жеңіс келді далама,

Жеңіс келді әке боп,

Жеңіс келді ән болып,

Жеңіс келді алақай!

Тоя жейтін нан болып.

 Еркеназ:

  Ажал боп төнген жауына,

Дауылды көктің қыраны.

Оралды Алатауына

Ерліктің  өжет бір әні

Таңғалтқан батырлығымен,

Тарланбоз Талғат ағамыз.

Мұғалім:
Жеңіс деген шат күлкісі баланың,
Тыныштығы жер мен жаһан даланың.
Жеңіс деген сылдыр күлкі, асқақ ән,
Тыныштығың сол Жеңістен басталған,- дегендей Ұлы Отан соғысын жырға қосқан ақындарымыз да кем емес. 5 сыныптың оқушысы Ғалымжанқызы Еркеназдың орындауындағы "Жойылсын жалғыс сөз соғыс деген" әнін қабыл алыңыздар! (WhatsApp желісі арқылы)
Мұғалім : Отанымызды жаудан қорғау жолында қасық қан қалғанша шайқасқан Кеңес Одағының батырларына бас иеміз!

Олар Отанымыздың байтақ жерін қорғады.

Ақ сүт берген анасын қорғады.

Самал ескен жерін қорғады.

Пәк жүзді баласын қорғады.

Сынып оқушыларының ерлік сабағына арналған шығармаларын қабыл алыңыздар. (шығарма жазу және оқу)


Оқушыларға видеоролик ұсыну «Ұлы Отан соғысы»



Жеңіс деген өтеуі жас ғұмырдың,
Жеңіс деген бейбіт күнім, бүгінім.
Жеңіс тойын жақындатып әкелген
Төккен қаны, әке - аға, інінің.
Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін су кешіп талай миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Жауымен жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Ана – жарын жолғалтқан жесір, бала - әкесінен, анасынан айрылған жетім атанды. Ел - жұртымыз аман, берекелі заман болсын! Отанымызды сүйетін азаматтарымыз көбейе берсін! Ешқашан соғыс болмай, әлемде тек бейбітшілік болсын!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 мамыр
539
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі