"Ұлы Жеңіске-80 жыл" сценарий

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ұлы Жеңіске-80 жыл" сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесіне орай оқушыларды өз Отанын, елін, жерін сүюге, қаһарлы күндердегі халқымыздың үлгі тұтарлық қасиетін мақтан ете отырып, тәуелсіз еліміздің туын биікке көтеруге, Қазақ елінің майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін құрметтеп, жас ұрпақты ұмытпауға, елжандылыққа, Отанын қорғай білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:

Мақсаты: Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесіне орай оқушыларды өз Отанын, елін, жерін сүюге, қаһарлы күндердегі халқымыздың үлгі тұтарлық қасиетін мақтан ете отырып, тәуелсіз еліміздің туын биікке көтеруге, Қазақ елінің майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін құрметтеп, жас ұрпақты ұмытпауға, елжандылыққа, Отанын қорғай білуге тәрбиелеу.

Жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ұстаздар және оқушылар! Ұлы Жеңіске биыл 80 жыл. Жыл өткен сайын Отан үшін болған ұрыстың маңызы мен жеңіс үшін құрбан болған ерлеріміздің ерліктері біздің жадымызда жаңғыра бермек. Ерлік ешқашан да ұмытылуға тиісті емес. Бүгінгі 5- 7 сынып оқушылары арасында өткізгелі отырған «Ер есімі-ел есінде» атты мәнерлеп оқу сайысын ашып беру үшін сөз кезегін ____________________________________________________________________________________________________________________________________________береміз.



Жүргізуші:

Жеңіс! Жеңіс күні!

Ерліктің күнін маздатқан осынау күні тағы бір сұрапыл сұм жылдарды еске аламыз. Бұл батысқа қарап телмірген аяулы жар, үмітін үкілеген ана мен әкесін сағынған сәбидің арманы алып келген Жеңіс. 1.5 млн ұлын аттандырып, бағын бергізген, қуаныш пен қайғыдан қатар жылаған жандардың Жеңісі. Өрімдей жасқа қару кезендіріп, кеудесін орденмен безендірген Жеңіс. Ертеңге елеңдетіп, Еркіндікке қол жеткізіп, Келешектің кемеліне сенім арттырған Жеңіс. Ардагерлердің Жеңісі, ата-апаларымыздың Жеңісі, сұрапылдарды сабырмен, үмітпен жеңе білгендердің Жеңісі. Біздің Жеңіс. Тарихта, ел тағдырында өшпес із қалдырған Жеңіс. Өткен азапты жолдың ауыр сабақтарын ешкім ұмытпақ емес. Оның ауыр жолы санамызға ұялады, ажалға қарсы тұрып 45-тің көктеміне аман жеткендердің қатары күн санап кеміп келеді.

Бүгінгі күн көптен күткен салтанатты күн.

Зымыраған уақыттың қанатында міне жеңістің 80 – көктемі де келіп жетті.

Жеңіс жырын айтсын бүгін тіл – көмей.

Абзал досым мүгедекті құрметтей.

Ел дегенде еңіреп туған ерлерді,

Еске алайық бір сәт тұрып үндемей! – соғыс құрбандарын бір минут еске алайық.


Жүргізуші:

Бүгінгі мәнерлеп оқу сайысының әділ бағасын беретін қазылар алқасысен таныс болыңыздар.

1.

2.

3.


Жүргізуші:

Көрдік қой біз, өткердік қой қилы-қилы кездерді,

Гүлімізде ерте ашылып, кәмелеттік тез келді.

Тыңдап, біліп көмейдегі айтылмаған сөздерді,

Тани білдік құмарлықтың, тұмары бар көздерді.

Халықтар бар алдында тарам-тарам жолдары,

Табиғаттың бәрі ортақ, таласпаса болғаны.

Сахнаға ақындардың жыр-шумақтарын мәнерлеп оқу үшін 5- сынып оқушыларын шақырамыз.

1.

2.

3.

4.

5.

Ән:_____________________________________________________________


Жүргізуші:

Жер жүзінде нұр шашып жеңіс күні,

Жақсы үміттің шырағы жанды міне!

Аспан бетін қаптаған қара тұман,

Серпіліп зұлымдықпен сөнді түні.

1.

2.

3.

4.

5.

Жүргізуші:

Жүрек біткен желпінсін жүйрік аттай,

Сезім біткен серпілсін дамыл таппай.

Дәл бүгін өлең айтпай, ән шырқамай,

Қандай жүрек қалғандай қанат қақпай.

Ән:_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жүргізуші:

Ардагерлер, ұзақ өмір сүріңдерші,

Арамызда ардақ болып жүріңдерші!

Құрметтейік жеңісті мамырдағы,

Бақыттан рахаттанып күліңдерші!

Бүгін жайнап жасарсын ана біткен,

Асыр салып қуансын бала біткен.

Жүректері жарылсын қуаныштан,

Аяласын көңілі жақсы үмітпен.

Жүлдегерлерді марапаттау, қорытындылау.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі