400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлы Жеңіске мың тағзым

Материал туралы қысқаша түсінік
Мерекелік іс-шара сценарийі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Есік Гуманитарлық –экономикалық колледжі













Shape1

Салтанатты жиын

Уақыты : 16 00

Кабинет : АКТ залы

Күні : 07.05.2014 ж







Сценарийді құрастырған : Балташева Б.Б.

Айтбекова А.Б.









2013-2014 оқу жылы





Ұлы Жеңіске - мың тағзым

І – бөлім. Салтанатты жиналыс .

Залда соғыс кезеңнің әуендері ойналып тұрады

І – жүргізуші. Құрметті колледж оқытушылары және студенттері. Міне, Ұлы Жеңіс күнінің 69 жылдық мерекесі көктемнің шуақты күнімен келіп отыр. Бұл мереке соғыс ардагерлеріне, тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шындаған аналарға, қан майданда әкелері мен ұлдарынан, бауырларынан айырылған, әрбір отбасына, қайтіп оралмаған қаһармандарды еске алуға, бізге бақытты, бейбіт өмір әкелген Ұлы жеңіске арналады.

ІІ – жүргізуші: Ия, осынау ұлан – ғайыр даламыз нені бастан кешірмеді дейсіз? Небір төңкеріс, небір көтеріліс, небір жеңіс пен жеңілісті, қызық пен қиындықты өткерді емес пе? Ата – бабаларымыздың осындай ерлігінің бірі – Ұлы Отан соғысының жеңісі. Сонау 1941 жылы бейбіт жатқан елге Германия фашизмдері ашқан соғыс қазақ ұлдарын да жалмап, ананы баласыз, баланы әкесіз, әйелді жесір қалдырғаны әрбір адамның жүрегінде.

І – жүргізуші: Жеңіс! Осынау жалғыз ауыз сөзде қаншама терең мағына жатыр. Кез келген істің, қандай күрестің де басты мақсаты жеңіске жету болғанымен, кешегі Ұлы Отан соғысындағы үлкен Жеңістің орны айрықша бөлек. Зарықтырып, сағынтып жеткен ол Жеңісті жақындата түсуге майданның алдыңғы шебінде от пен оқтың ортасында болған майдангерлермен бірге тыл еңбеккерлері де, майдан даласынан шалғайдағы қарттар мен әйелдер де, буыны бекіп, бұғанасы қатпаған балалар да үлес қосқан. Ол сонысымен де қастерлі, қасиетті саналады. Биыл міне, сол Жеңіс күні елімізде алпыс тоғызыншы рет атап өтілгелі отыр.

ІІ – жүргізуші: Ұлы Жеңіс күнінің 69 жылдық мерекесіне арналған салтанатты жиналысты ашық деп жариялаймыз.

Мемлекеттік Гимн орындалады.

І – жүргізуші: Фашистік Германия КСРО - ға соғысты 1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат 4-те басталды . Бұл соғыс бүкіл адамзат тарихындағы 12000 соғыстың ең қандысы болып отыр. Германия кеңес өкіметіне қарсы соғыста жеке құрамының 73%, танк пен артиллериялық қарудың 75%, авиацияның 75% айырылды. Совет – герман соғысында кеңес өкіметі – 27 000 000, Германия 14 000 000 адамынан айырылды . Күн сайын Совет –герман майданында – 14104 адам, сағат сайын 558 адам, әр минут сайын -10 адам, әр 6 секунд сайын – 1 адам мерт болды. Бірақ бұл соғыс бір күнге емес, 1418 күн мен түнге созылды.

II – жүргізуші:Бірінші дүниежүзілік соғыстан, екінші дүниежүзілік соғыс 3 есе ауыр тиіп отыр. Бұл соғыстардан кейін миллиондаған адамдар қаза болып, қаншама миллион жақын – жуығынан айырылды.Енді біздің негізгі мақсатымыз – үшінші дүниежүзілік соғысты болдырмау.

I- жүргізуші: Ұлы Жеңістің 69 жылдығына арналған баяндама оқу үшін сөз қоғамдық –экономикалық пәндерінің оқытушысы Нүсіпова Динара Нұржауқызына беріледі.

ІІ – жүргізуші: Келесі құттықтау сөз кезегі колледж директоры, ҚР білім ісінің үздігі, Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы Жошыбаева Гулнар Сағатқызына беріледі.


I –жүргізуші: Жеңіскерлер-әр елдің өрендері,

Солар жұрттың айбары,әлемдегі.

Отан бағын жайнатып гүлмен жаңа,

Мерей тапты солармен ел еңбегі.

II- жүргізуші: Талай құс содан бері қайта оралды,

Талай бақ әлеміне қайта орнады

Соғыста өлгендер тек оралмайды,

Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.

I –жүргізуші: Дәл осындай жадыраңқы жай күйі,

Болсадағы қай ғасырдың қай жылы.

Ұлы Отаным басын иіп бір минут

Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қаһармандарымызды еске алып, бір минут үнсіздік жариялаймыз.

II- жүргізуші: Алпыс тоғыз жыл – бейбіт көктем таң атқалы,

Алпыс тоғыз жыл – шуақты таратты әнін

Есімде сонан бері алпыс тоғыз рет

Ашылды Жеңіс күннің парақтары.

I –жүргізуші: Алпыс тоғыз жыл үзілмейді құстар әні,

Кетті енді сұм соғыстың қыспақ үні

Алпыс тоғыз жыл –жауымыздың ажал оғы,

Біздің ел үстінменен ұшпағалы.


ІІ – бөлім. «Жеңістің жанды жұлдызы» әдеби – сазды бағдарлама.

ІІ – жүргізуші: Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ұлы оқиға. Оның қасіреті мен қасиеті жаныңды түршіктіреді, әрі ерліктерге басыңды идіріп таңқалдырады. Соғыс адам жаратылысының ғаламат құпияларының шексіздігін көрсетті. Ел басына күн туған кезеңдерде рух пен намыстың мықтылығы сыналды. Қанға боялған даласы, аңыраған анасы, жетім қалған баласы үшін кектенді. Қарсы келген ажалға қасқайып қарсы тұрды.

І – жүргізуші: 1млн. 200 мыңға тарта қазақстандықтар осы бір тажалға қарсы тұруда үлкен ерлік көрсетіп жан қиды. Ақыры Ұлы Жеңіске қол жетті. Солардың бірі «Шығыстың қос жұлдызы» атанған Әлия мен Мәншүк.



ІІ – жүргізуші: Жер мен көктің арасын

Шарпығанда қалың өрт,

Әлия орыс қаласын

Азат етіп болды мерт.

Жаумен жалғыз алысты

Түбінде Мәншүк Невельдің

Бермеді қолдан намысты

Жүректі қызы ер елдің.

І – жүргізуші: Иә , содан бері алпыс тоғыз жыл уақыт өтседе еш нәрседе ұмытылған жоқ.

Көрініс: Әлия мен Мәншүк . 106 ,203 топ студенттері Анапияева Айгерім мен Қалабаева Гүлбахар.

С. Бәйтерековтың әніне жазылған «Әлия» әні. Орындайтын Саясат Айтолқын 115 топ.»

ІІ – жүргізуші: Қалыбың адамдықтың бір бұзбадың,
Ұяңнан түлеп ұшты ұл-қыздарың.
Өзіңнен өркен жайып, өнеге алған,
Тілейді сізге бақыт шәкірттерің
,
І – жүргізуші: Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңес Одағының басқа  республикаларымен бірге біздің Қазақстандықтарда жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамына 1 млн. 870 мың қазақстандықтар болған. Оның ішінде: 497 адам Кеңес одағының батыры деген атаққа ие болды. Оның 280 орыс, 111 қазақ, қалғандары басқа ұлт өкілдері.

ІI – жүргізуші: Ленинградты қорғаушыларға туысқан республикалардың барлығы тылдан көмек көрсетті. Жыр алыбы Жамбылдың « Ленинградтық өренім» өлеңі қорғаушыларға күш –қуат дем берді.

« Ленинградтық өренім » өлеңін оқитын Қартпаев Абзал. 113 топ

І – жүргізуші: Елге қауып төнбесін,

Халқым өсіп өрлесін

Есен аман болайық

Енді соғыс келмесін

ІІ – жүргізуші: Ағалар саптан шықпасын,

Аналар қабағын шытпасын

Бақытқа жетіп, бар адам

Сәбилер тыныш ұйқтасын

І – жүргізуші: Қайран біздің шешелер арды ойлаған,

Жілік шауып, ши орап, бау байлаған,

Жігіттерден айырылып, қалмай қарап,

Қырман басып, егін сап, арба айдаған.

Қайран біздің шешелер өскен ерен,

Егін орып, бау байлап дестелген.

Алақандай ақ шықты мұңын шағып,

Хат жазатын кешкісін кестемен


ІІ – жүргізуші: Ән : «Ана туралы баллада». Орындайтын__________________________.­­­­­­­­­

І – жүргізуші: Соғыс бітті. Ауыр жылдар артта қалды. Жеңіс туы желбіреді.

Естідім – ау Жеңіс күнін

Дүрілдейді көк пен жер

Күрескердің арманы мен ұраны

Қуаныш пен мерекенің бұланы.

ІІ – жүргізуші: Тыныштық! Жаса тыныштық!

Осы сөз бізге тым ыстық

Көркейе берсін еліміз

Көбейе берсін ырыс – құт!

Ән: 415 топ студенттері «День победы!»

3 – бөлім. «Ерлер - жердің қорғаны, елдің тұтқасы»

І – жүргізуші: Бүгінгі күні біз қос мерекені атап өтудеміз. 7 мамыр – Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар мерекесі де келіп жетті . Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар – өмірдің мәні, көңілдің жыры, әр отбасының алтын қазығы.

ІІ – жүргізуші: Құрметті азаматтар, ардақты оқытушылар! Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар.

Тұмарбаева Меруерттің орындауында М. Мақатаевтің «Ерлерге арнау»

І – жүргізуші: Ағалар біздің кең арқау асқарымыз,

Жолын қуар солардың жастарымыз.

Абзал жанды ақылгөй ағаларға

Ілтипатпен иілген бастарымыз.

ІI – жүргізуші: Еңбектерің жемісті қиыр шың боп,

Шапағатты шуақ - нұр құйылсын көп.

Шын жүректен құттықтап біз тілейміз:

Бар жақсылық, бар бақыт бұйырсын деп,

сіздердің құрметтеріңізге 315 топ студенттерінің орындауындағы «Қазақ» жігіттері» әнін қабыл алыңыздар!

І – жүргізуші:Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандық пен елдіктің нышаны, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі, болашақ ұрпақтар үшін, егемен еліміздің тәуелсіздігін қоғаушылардың бәрі үшін жарқын үлгі болып қала берері сөзсіз.

ІI – жүргізуші: Ендеше аспанымыз ашық, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын деген тілекпен 105 топ студенті Саясат Айтолқынның орындауында «Сарбаздар» әні.

І – жүргізуші: Ер-азаматтардың орны қашанда бөлек. Олардың күш-жігеріне, ақыл-парасатына бүкіл әлем бағынған, бағынады да! Сондықтан халқымыз «Жердің қорғаны, елдің тұтқасы» деп ерекше ардақтаған.


ІІ – жүргізуші: Жігіттерді мақтаймыз да, даттаймыз,

Жүректегі жалын отын сақтаймыз.

Олар қате істер істеп жатса да,

Бетке шауып онысын да айтпаймыз дей отырып, колледж қыздары дайындаған әзіл - қалжыңды қабыл алыңыздар. (КВН)

І – жүргізуші: Жете бер аңсап күткен тілегіңе,
Қылаудай дақ түспесін жүрегіңе.
Отанның, ел-жұртыңның мақтаны бол,
Алды бол қатарыңның бұл өмірде деп, сіздердің құрметтеріңізге қыздар тобының орындауында «16 жігіт» әнін жолдайды. Қабыл алыңыздар!

І – жүргізуші:Ел - халқына шат-шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда әскеріміздің атқарып жатқан қызметтері ұшан-теңіз. Армиямыздың айбынын асқақтататын сардарлар мен сарбаздарымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады.

ІІ – жүргізуші: Мың бұралып билеген
Аруды кім сүймеген .
Күміс көмей аруларға
Кімдер басын имеген-дей отырып келесі кезекті колледж қыздарының орындауындағы
«Латын» биіне береміз.
ІІ – жүргізуші:Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін! Келесі кезекте Әжелер ансамбілі.

І – жүргізуші:Бүгінгі мамыражай тыныш өмір сарбаздар қалыптастырған берік бірлік нәтижесінде келді. Ер жігіттің құл болмай, ару қыздың күң атанбай, халықтың бірлікте өмір сүруі нақ солардың арқасында!

ІІ – жүргізуші:Себездеп алтын ара жан-жағыңнан,
Ту тіккен алаулаған арманыңнан.
Кеудеңде махаббаттың шоғы маздап,
Биіктен биіктерге самға, қыран. Қыздардың
орындауында АББА – попурри.

I – жүргізуші: Өздеріңізге қонар бақтың баяндысын, бітер дәулеттің көл-көсірлігін, келер ырыстың ысырап болмауын, жүрек гүлінің мәңгі солмауын, шаңырағыңа шаттық орнауын, Тәңірдің шексіз қолдауын тілейміз!
ІІ – жүргізуші: Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен сазды бағдарламамыз аяқталды.

Сау-саламатта болыңыздар!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 мамыр
759
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі