400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлы Жібек Жолы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы Жібек жолы халықаралық сауда жолы ел мен елді байланыстырған ұлы жол
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін

Мектеп: Ә.Молдағұлова атындағы №173 орта мектеп

Пәні:Қазақстан тарихы

12.12.2018ж.

Мұғалімнің аты-жөні:О.Алмашова

Сынып:6 «Д»

6д

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

6.2A Х – XІІІ ғғ. басындағы Қазақстан

Сабақтың тақырыбы

Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынастарды нығайтудағы орнын анықтау.(2-сабақ)

Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.4.2.2-Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынастардың дамуындағы орнын анықтау

6.4.2.1-Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына ықпалын анықтау

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады: «Ұлы жібек жолы» cөзінің шығу тарихын айтып бере алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Карта да Ұлы Жібек жолының сауда тармақтарын картадан кем дегенде 4уін көрсете алады

Кейбір оқушылар орындай алады: Халықаралық қатынаста Ұлы Жібек жолының маңыздылығын біледі, қазіргі кезеңмен байланыстырып талдау жасайды

Бағалау критерийлері:

«Ұлы жібек жолы» cөзінің шығу тарихын біледі.

Карта да Ұлы Жібек жолының сауда тармақтарын көрсете алады;

Халықаралық қатынаста Ұлы Жібек жолының маңыздылығын біледі.

Тілдік мақсат:

Оқушылар орындай алады: Жібек жолының Қазақстан жерінде қалалардың көбейіп сауданың дамуына түрткі болғандығын түсінуіне қолайлы жағдай жасайды.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Ұлы Жібек жолы, Керуен жолы, Көш, Тауар, Жібек, Сауда, Кіреші;

Құндылықтарға баулу

Оқушылар Ұлы жібек жолы тармақтарының өзіміздің елдің территориясы арқылы өткендігімен мақтанады. Ерте орта ғасырлық қалаларға деген құрмет қалыптасады.

Құндылықтар:

- өзін қандай да бір ұлттың өкілі ретінде сезіну

- патриотизм

- өз елі үшін мақтаныш

- ұлттық сана-сезім

- тәуелсіздік

Алдыңғы оқу:

Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынастарды нығайтудағы орнын анықтау.(1-сабақ)

Жоспарланған уақыт:

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин











3мин



Психологиялық ахуал

. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Зейінді шоғырландыру «Жүректен-жүрекке» жаттығуы

Сыныпты топқа бөлу

1-топ «Алғырлар»

2-топ «Тапқырлар»

3-топ «Зейінділер»

4-топ «Ақылдылар»

Үй тапсырмасын сұрау

«Зымыран сұрақтар»

1.Ұлы Жібек жолы қалай пайда болды және оған кімдер мүдделі еді?

2.Тарих ғылымында б.з.б.ІІ ғ.неліктен Ұлы Жібек жолының басталуы деп есептелген?

3.Ұлы Жібек жолы өз атауын қашан алды?

4.Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалалардың басты ерекшелігі не болды?

Бағалау .(мұғалімнің ауызша көтермелеуі,мақтауы т.б.)

АСердце 1 КТ, жүрекшелер,палаткалар

Сабақтың ортасы




2мин











10мин









10мин








2мин










5мин






Ой қозғау.

Оқушылар біз Ұлы Жібек жолы жайлы әңгімемізді бүгінгі сабақта одан әрі жалғастырамыз.

Дәптерлеріңді ашып бүгінгі күн ретін сабақ тақырыбын жазыңдар.

Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынастарды нығайтудағы орнын анықтау.(2-сабақ)

Сабата қол жеткізетін мақсаттар.

6.4.2.2-Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынастардың дамуындағы орнын анықтау

6.4.2.1-Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына ықпалын анықтау.

Яғни түрлі тапсырмалар орындау арқылы білімімізді жетілдіреміз.

Топтық жұмыс.

Электронды оқулықпен жұмыс

«Дөңгелек стол» Топқа 1 парақ беріледі. Топ оқушысының бірі сол параққа бейнематериал бойынша 1 сөйлем жазады. Екіншісі оның жазған ойын әрі қарай жалғастырып, екінші сөйлемді жазады.

Соңында тақырып жайлы мәтін шығады. Бір оқушы мәтінді оқиды, сынып болып талдайды.

Бағалау .Мұғалімнің ауызша бағалауы.

«Адасқан әріптер»

Топтар 2 минутта әріптерден сөздер құрастыруы керек. 7-9 сөз құрастырған топқа жұлдызшалар беріледі.

(Хуанхэ)Эунахх, (Рихтгофен)Фргхеиотн,(Византия)Ивяитзна,(Дін таратушылар)Нді рттаауыралш,(Керуен сарай)Ункрее Йааср,(нефрит)тнрфие,(Валюта)Ювтлаа,(Өркениет)Етөкирен,

(Баласағұн)Нбаааұслғ,(Испиджаб)Дбаиипжс,(Жібек)Бкжбі.

Сергіту сәті. “Оркестр” жаттығуы.

Мен – дирижер, тыңдаушылар – оркестр. Қолымды төмендетсем ақырын шапалақтайды, жоғарылатқан сайын қатты шапалақтайды.

«Кубизм» әдісі.

Топтар кубикті айналдыра,лақтырады.Қандай сан түседі,сол сұраққа жауап береді.

  • Ұлы Жібек жолы қай ғасырға жатады?

  • Ұлы жібек жолында қаңдай сауда жолдары бар?

  • Сауда жолында қаңдай тауарлар тасымалданды?

  • Қазақстан жерінде шығысқа шығатын негізгі қақпа?

  • Қазақстан жерінде батысқа шығатын негізгі қақпа?

  • Ұлы Жібек жолында қаңдай ортағасырлық қалалар бар?

Бағалау.Топтардың бірін-бірі бағалауы. «Бағдаршам»әдісі

Ұлы Жібек жолы картасы

оқулық, интерактивті тақта, маркерлер, түрлі түсті қағаздар, бағдаршам.










Электронды оқулық

ЦБР№143


















Куб 1

1







Сабақтыңсоңы

3 мин



Кері байланыс

«Менің көңіл-күйім баспалдағы»

Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады.


Үйге тапсырма

2 мин

Үй тапсырмасы.

Эссе жазу:Ұлы Жібек жолыныңәлем тарихындағы рөлі.

Критерийі:

  • эссе тақырыбының мазмұнындағы мәселелерді түсінуі;

  • эссе тақырыбына мазмұнының сай келуі;

  • эссенің мазмұны өзекті мәселе бойынша жеке ойын білдіруі тиіс.


Бағалау

1мин

Журналға жазылатын комментарий жазылады


Қосымша ақпарат

Саралау

  1. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

  2. Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау

Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


























Қауіпсіздік техникасы ережелері


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
09.10.2020
735
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі