А
ты-жөні:
Дүйсебек Нұрия Адилханқызы
Туған
жылы, айы, күні: 16.09.2007 жылы
7
«ә» сынып оқушысы
«М.Горький
атындағы жалпы орта мектебі» КММ
Мекен-жайы:
Түркістан облысы, Шардара қ,
Төле
би көшесі, 46 үй 26 пәтер
Телефоны:
8 775 923 68 59
Ұлы
Жібек жолы
Биік
қырға шыққанда
сонау
алыстағы
көкжиекке қараудан көзім талмайды.
Сапарға шыққанда көліктің терезесінен
шеті-қиыры жоқ далаға қарағанды ұнатамын.
Сол кезде қиялыма ерік беріп, көз алдыма
неше түрлі сурет елестейді, санама неше
түрлі ой келеді. Кейде алыстан сағымдай
боп аппақ киіз үйлері бар қазақ ауылын
көргендей боламын. Кейде мұздай қару
асынған аттылы сарбаздар кетіп бара
жатады. Енді бірде түйелерге жүк артып,
тізіліп алыстан бұлдырап кетіп бара
жатқан керуенді көргендей боламын.
Көшпенді
боп ғұмыр кешкен бабаларымыз осы ұлы
даланың ойы мен қырын, өзен-көлін кешіп,
талай жеріне ат ізін салған ғой.
Дала.
Ұлы дала. «Ұлы дала» деген тіркесті жиі
естимін. Расында да ұлы екен ғой...
Қазақ жері - ұлы дала өркениеті мен
мәдениеті дамыған өлке. Дала мәдениетінің
дамуына, сөз жоқ, Сырдария өзенін жағалай
өткен Ұлы Жібек жолы әсерін тигізбей
қоймады.
Ұлы
Жібек жолы – Қытай мен Еуропа елдерінің
арасын байланыстырған сауда жолы. Бұл
жолдың басым бөлігі Орта Азия мен
Қазақстан жерінің үстімен өтті. Осы Ұлы
Жібек жолы 2000-нан астам жыл бойы өз
қызметін атқарған екен. Әлемдегі үлкен
соғыстар мен әртүрлі індеттер, керуеннің
жұмысын тоқтата алмады. Қазақ даласы
арқылы өткен сауда жолдары, әлемдік
өркениет пен мәдениеттің дамуына орасан
зор пайдасын тигізді. Орталық Қазақстан
далаларына, Сарыарқа мен Ертіске, Алтай
мен Моңғолияға карай тараған жолдар
болған. Осы жолдардың бойында еліміздің
Исфиджаб, Усбаникент, Отырар, Түркістан,
Тараз, Сауран, Сығанақ, Сарайшық сияқты
ірі қалалары болған. Бұл жерлер мен
қалаларды ежелгі сақтар, үйсіндер,
қаңлылар, қарлұқтар, оғыздар, кыпшақтар
мен қимақтар т.б. ежелгі түркі тайпалары
мекендеген екен.
Тарихқа
үңілсек, «Ұлы Жібек жолы» деп аталуына
сауданың ең негізгі, әрі бағалы заты –
Қытайдан шығарылатын жібек мата себеп
болған екен. "Ұлы" сөзінің қосылуы
жолдың кең-байтақ Шығыс өлкелері мен
Батыс өлкелерін байланыстырып тұруынан.
Сондықтан "Ұлы Жібек жолы" болып
тарихқа енді. Бұл жолмен әр түрлі тауарлар
– жібектер, бағалы тастар мен күмістер,
дәрілер мен бояулар тасымалданған. Құл
саудасы да өркендеген.
Қазіргі
кезде бізге туған жеріміздің, Отанымыздың
тарихын білуге мүмкіншілік көп.
Ғаламтордан көптеген тарихи ақпараттар
алуға болады. Мен де Ұлы Жібек жолы
туралы қызықты деректермен таныстым.
Мәселен, Қазақстанның ортағасырлық
қалаларында жүргізілген қазба жұмыстары
кезінде археологтар Қытай мен Византия,
Иран мен Үндістан елдерінің теңге
сарайларында нақыштап соғылған теңгелер
мен ділдәлар қазып алған. Сонымен бірге
сол жерде жасалған әрі сауда керуендерінен
келген басқа бұйымдар да табылған.
Алматы маңындағы ежелгі Талхир қаласының
орнын қазған кезде Иранда жасалған қола
табақ, қытай фарфоры мен жапон фаянс
тостағанының сынығы және т.б. бұйымдар
табылған. Әсіресе, беті түрлі танғажайып
оюлармен, тамаша суреттермен безендірілген
табақ ерекше қызықтырып, ықылас тудырады.
Қызыл түсті жапон фаянс тостаған
сынығының іші мен сыртында айдаһар, тау
мен теңіз, «алтын» киім киінген ер кісі
мен әйел әсем бейнеленген. Сонымен
қатар, Жібек Жолы бойында өнер - би,
музыка, сурет, сәулет өнерлері дамыды
және дін, атап айтқанда ислам, христиан,
будда, манихей діндері тарады.
Негізінен,
соңғы жылдары «Рухани жаңғыру»
бағдарламасы аясында тарихымызды
тереңірек тану үшін көптеген іс шаралар
жүргізіліп жатыр. Тарихшылар мен
археологтар қазба жұмыстарын жүргізу
нәтижесінде көптеген жаңалықтар ашуда.
Ұлы
Жібек жолының қазіргі заманға лайықталған
баламасы ретінде Батыс Еуропа
- Батыс Қытай көлік жолы —
халықаралық транзиттік автожолы салынып
жатыр. Ежелгі Отырар қаласының орнында
қазба жұмыстары жүргізілуде.
Менің
арманым – Ұлы Жібек жолы бойындағы
ежелгі қалаларды барып, өз көзіммен
көру. Бұл арман, бұл ой маған былтыр
жазда отбасыммен Түркістанға барған
кезде келді. Көне Отырар жерінде болып,
Отырар қаласының қақпасын, моншасын,
құдығын көріп қайран қалған болатынмын.
Арыстанбапқа барғанда құдығынан су
іштік. Түркістанда
бүкіл түркі халықтары табынатын, атақты
ғұлама ақын Қожа Ахмет Иассауи құрметіне
14-15-ғасырларда салынған кесенені көрген
кездегі алған әсерімді айтып жеткізе
алмаймын. Алты ғасырлық тарихы бар алып
қазан-Тайқазан ерекше дүние. Сондай
–ақ, бұл жерде қазақ тарихында өшпес
із қалдырған хандар, батырлар, қолбасшылар
жатыр.
Осы
сапарда көптеген тарихи деректер,
аңыздар, әңгімелер естіп, білімімді
тереңдеттім. Өткенімізбен, тарихымызбен
бетпе бет келгендей болдым.
Қазіргі
кезде Түркістан толық түлеп, жаңаруда,
гүлденуде. Өйткені мемлекеттік деңгейде
Түркістанда үлкен құрылыс жұмыстары
жүргізіліп жатыр.
Қорытындылай
келе, мыңдаған жылдарды қамтитын
тарихы бар Ұлы Жібек жолы қазіргі
таңда жаңаша жаңғыруда. Ол ең әуелі
халықаралық қарым-қатынасқа кең жол
ашып отыр. Ежелден батыс пен шығысты
жалғастырған бұл жол бүгінде ірі
индустриялдық-инновациялық жобаларды
жүзеге асыру алаңына айналды. Ғарыштан
түсірілген бейнекөріністер Еуразияның
бел ортасынан өткен осы көне маршруттың
ең қолайлы жол екендігін дәлелдеген
көрінеді.
Ал
менің Ұлы Жібек жолы боймен, бабалар
өткен жолдармен сапар шексем, деген
арманым болашақта орындалады деген
ойдамын.