400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлы Жібек жолы

Материал туралы қысқаша түсінік
жаңа бағдарлама бойынша сабақ беретін мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұлы Жібек жолы

( 7-сынып)

Ильбитаева Айнұр Жаңабаевна

«Тұран» мектеп-лицейінің

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Алматы қаласы



52 сабақ

Пән: қазақ тілі мен әдебиеті

Күні: 29.11.2017.

Мұғалімнің аты-жөні: Ильбитаева А.Ж.

Сынып: 7 А

Қатысқан оқушылар саны: 9

Қатыспағандар: -

Бөлім

Қазақстанның ежелгі қалалары және Ұлы жібек жолы.

Сабақ тақырыбы:

Ұлы Жібек жолы. Теңеу.

Сабақтың мақсаттары : Білімділік

Кешенді тапсырмалар арқылы оқушылардың Ұлы Жібек жолы жайында білімдерін қалыптастыру.Теңеу сөздерінің меңгеруін тексеру.

Дамытушылық

Қазақ тілінен түрлі тілдік тапсырмалар арқылы оқушылардың сауатты оқу, жазу, шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік

Тілдік коммуникация барысында рухани-мәдени тәрбие беру.

Сілтеме

Оқу бағдарламасы, Қазақ тілі мен әдебиеті: Бәйшешек. 7 сынып

Жетістік критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақ тілінде Ұлы Жібек жолы туралы ақпарат береді, жаңа сөздерді сөйлем ішінде қолдана алады, сұрақтарға жауап береді..


Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): сабақ барысында жазбаша, ауызша жұмыстарды орындайды, кесте, ішінде берілген ақпаратты түсінеді, қолдана алады, Ұлы Жібек жолына қатысты ақпараттарды талдайды.


Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында өз ойларын құрайды, сыныптастарымен пікір алмасады.

Жаңа сөздер:

Тасымалдау, өндіру, жетістік, мүмкіндік, өркендеу.

Сабақта қолданы- латын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, А3 парағы, маркерлер

Оқыту әдістері:

Түсіндіру, сұрақ-жауап, тыңдау, түсіндіру, көрсету, жаздырту, әңгімелеу, оқу.«Төрт сөйлем» тәсілі,

«Жағымды сөздер» тәсілі, топтық жұмыс.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік, «Балалар энциклопедиясы», 3-том. Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011.

Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде балаларға жақсы жылы сөздер айтып психологиялық жақсы жағдай туғызуы. Сабаққа келген қонақтар туралы айту. Бағалау, ақыл ұпайларын айту.

Жақсы сөз — жанды жадыратар.

Өткен сабақты тексеру

Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды. А) 93 бет 3 тапсырма. Мәдениет, тарих, өнер, қала, құрлық, қақпа, елші. Берілген сөздерді қатыстырып, Ұлы дала мәдениетіне байланысты 5 cөйлем жаз. В) 93 бет 4 тапсырма. Мәтінге «Төрт сөйлем» тәсілін жазыңыз. Пікір.Оқыған мәтін бойынша өз пікіріңді бір сөйлеммен жаз. Дәлел. Өз пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде.Мысал. Піріңді өмірмен байланыстырып, мысал келтір. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды жаз.

Тапсырманы айтады, оқиды тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушылықты ояту





Слайд текст сурет

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығу- шылығын ояту мақсатында «Ұлы Жібек жолы» туралы жазылған анықтаманы оқып береді.

Оқушылармен бірге талдайды.

«Ұлы Жібек жолы» — Еуразия құрылығындағы сауда, керуен жолдарының жалпы атауы. Ол біздің заманымыздан бұрынғы ІІ ғасырдан б.з. ХІҮ ғ. дейін Орталық Азия арқылы Қытайды Алдыңғы Азиямен байланыстырды. Қытайлық саяхатшы Чжан Цяньның «Батысқа» саясаты негізінде ашылды. Еуропа әдебиетінде алғаш рет 1877 ж. К. Рихтогофеннің «Қытай» атты еңбегінде «Ұлы Жібек жолы» деп аталды...» («Балалар энциклопедиясы», 3-том. Алматы:

«Қазақ энциклопедиясы», 2011.—179 б.). Тақырыпқа қатысты дайындаған слайдтармен таныстырады.


Мәтінді тыңдайды, ақпараттармен таны- сады, негізгі ойды табады.

Сабақ тақырыбын айтады.

«Ұлы Жібек жолы»



Дәптерлеріне күн ретін, сабақ тақырыбын жазады.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. Тасымалдау, жалғасу, өндіру, жетістік, мүмкіндік, өркендеу.

А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Оқылым. Дұрыс аудармасымен, айтылуымен ауызша

жаттығу жүргізеді. Жаңа сөздерді сөздікке жазады , қайталайды.

Ауызша сөз тіркесін немесе сөйлем құрастырады.



2. Мәтіналды жұмыс.

Ә) «Лазурит жолы» , «Нефрит жолы», «Құндыз жолы».

Сұрақтарға ауызша жауап береді


3. Тілдік бағдар. Оқылым. Жазылым. Оқулықтағы 4-тапсырманы орындатады. ІІ, ІІІ бөліммен жұмыс.

Оқылым.Жазылым. Мәтінді оқиды, екі топ болып «Төрт сөйлем» тәсілін жазады.


4. Теңеуді меңгеруін тексеру.

Тақтадан әр түрлі суреттер арқылы жасайды теңеу сөздерді.

Ережесін, жұрнақтарды естеріне түсіреді. Мысалдар келтіреді.


5. Мәтінмен жұмыс.

А) Мәтіннен зат есімдерді теңеу сөзіне айналдыру.

Мәтіннен зат есімдерді теріп теңеу формасында айтады.


Ә) Жазылым. Жарнамалы мәтінмен жұмыс.

Дәптерде жазу.

Жазылым. Жарнамалы мәтін бойынша

Бұл ақпарат

Ақпарат қызық

Ақпарат пайдалы


Б) Дәптерден зат есімдерді тауып теңеу сөз жасау.

Жазады , оқиды.

ІІІ. Ойтолғаныс

А) Ұлы жібек жолындағы табылған ақша үлгілерін жасау

Қағазға салып тақтаға іледі.

IV. Бекіту

Ә) Сұрақ-жауап арқылы бекіту.

Жауап береді.

V. Бағалау

Формативті бағалау.

Ақыл ұпайларын санайды.

Сөздермен бір-біріне баға береді.

VI. Үйге тапсырма

А) 93 бет 4 тапсырма (ІІІ) Мәтін оқиды, «Төрт сөйлем» тәсілін жазады.

В) Қаламызда жақын арада болатын көрме туралы ақпарат әкелу.


VII. Рефлексия

Бұл сабақ ....

Сабақ қызық ...

Тақырып пайдалы ...






Shape3

68


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 мамыр
890
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі