жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Ұлы Жібек жолындағы қалалар" ашық сабақ
№17 ЖОББМ
Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында
қазақ тілі мен әдебиет пәнінен
«Қалыптастырушы бағалау» тақырыбындағы
қалалық семинарға арналған
ашық сабақтың тақырыбы
«Ұлы Жібек жолындағы қалалар»
6 «А» сынып
Өткізген: Аканаева У.С.
ОРАЛ – 2020
Қысқа мерзімді жоспар
Мектеп: №17 ЖОББМ |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы: Ұлы Жібек Жолындағы қалалар
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: 30.01.2020ж. |
Мұғалімнің есімі: Аканаева У.С.
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып 6 «А» |
Қатысқандар саны: 14 |
Қатыспағандар саны: 14
|
||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабаққа негізделген оқу мақсаты
|
6.3.3.1 - орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі ойды анықтау |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары: |
жаңа білімді меңгереді; тақырыпты түсінеді, тыңдайды, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. алған білімді өмірде қолдана алады.
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері: (жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)
|
Сабақтың тақырыбын табады; Мәтін мазмұнын терең түсінеді; Мәтіннің тақырыбын болжайды; Мәтіннен негізгі ойды табады; Ұлы Жібек Жолындағы қалаларды біліп алады; Мәтінге бойынша тапсырмаларды орындайды. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
Тілдік дағдылар: диалог, жұппен жұмыс, топпен жұмыс.
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Терминология: монета, динар, дирхем, фельс, жәрмеңке, сауда, саудагер;
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сөз тіркестері: көне қалалар, Тараз базары, «Екінші Мекке», сауда жәрмеңкелері.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту |
Өз елінің тарихын білу, құрметтеу; Ұлтаралық ынтымақтастыққа шақыру.
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар |
Қазақстан тарихы, география, орыс тілі |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары |
Интербелсенді тақта, Қазақстан картасы
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім |
Тарихи жолдың атауы туралы түсінік қалыптасқан. Сұрақ-жауап. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Басталуы 10 мин |
Ұйымдастыру кезеңі
(Шаттық шеңберге шақыру) 1.Егер сіздер мектепке және бүгінгі сабаққа қуана қуана келсеңіздер оң қолдарынызды көтеріңіздер. 2.Егер сіздер өз білімдеріңізге сенімді болсаңыздар сол қолдарынызды көтеріңіздер 3.Егер сіздер еліміздің болашағы сіздердің қолыңызда екеніне сенсеңіздер екі қолымызды алға көтереміз. 4.Егер сіздер өз еліңіздің патриотымын деп есептесеңіздер қолдарымызды шапалақтаймыз
«Сиқырлы қоржын » әдісі арқылы топқа бөлу. Оқушылар сиқырлы қоржыннан қаланың аттары жазылған қима қағаздар таңдау арқылы топқа бірігеді:1-топ Түркістан, 2-топ Отырар, 3-топ Тараз.
Екі оқушының диалогі ( ай, апта, жыл мезглі, ауа райы) Мұғалім оқушыларды түгелдейді.
Үй тапсырмасын пысықтау : «Кім жылдам» әдісі бойынша Ұлы Жібек Жолы тақырыбына байланысты сұрақтарға жауап бере алу.
-Біздің заманымызға дейінгі қай ғасырдың ортасында Ұлы Жібек жолы пайда болды? -Біздің заманымызға дейінгі II ғасырдың ортасында Еуропа мен Азияны біріктірген Ұлы Жібек жолы пайда болды. -Ұлы Жібек жолы –қай елдерді байланыстырған? -Ұлы Жібек жолы – Қытай мен Еуропаны байланыстырған сауда жолы. -Ұлы Жібек жолдары қалай аталды? - Ұлы Жібек жолдары «лазурит жолы», «нефрит жолы» және «құндыз жолы» деп аталды. -«Лазурит жолы» - не тасымалданған? -«Лазурит жолы» - лазурит тасын тасымалданған. -«Нефрит жолымен» нелер тасымалданған? -«Нефрит жолымен» гауhар тас, нефрит тасымалданған. -«Кұндыз
жолымен» әртүрлі елдерге нелер
таралған? - Ұлы Жібек жолы Еуропа мен Азия елдерінің бір-бірімен қарым-қатынас жасауына мүмкіндік туғызып, ондағы халықтарды біріктірді. Дамыған елдердің саудамен айналысуына, ғалымның дамуына, дін мен мәдениеттің қалыптасуына ықпал етті. - Жолдың бұлай аталуына не себеп болды? -Жолдың бұлай аталуына сауданың негізгі заты - Қытайдан шығарылатын жібек мата себеп болды.
Дескриптор: Сұрақтарды түсініп оқиды; Сұраққа толық жауап береді; Оқушылар бір-бірін бағалайды.
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||
Ортасы 20 мин |
Енді балалар интербелсенді тақтадағы суреттерге қараймыз, бұл суреттерде көріп тұрғандай – қалалар. Қалай ойлайсыңдар бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай? Тақырыпты болжап көріңдер. (Балалар тақырыпты болжайды, мұғалім тақтаға тақырыпты жазады)
Сабақтың мақсаты: сабақтың тақырыбын болжау, жаңа білімді меңгеру; тақырыпты түсіну, тыңдау, жетекші сұрақтар арқылы талқылау, алған білімді өмірде қолдана алу.
Саяхат сабағы
-Балалар, бүгін біздің сабағымыз ерекше, біз Ұлы Жібек жолындағы қалаларға саяхат жасаймыз. Қазақстан картасына назар аударамыз. Жібек жолымен түйені жүргізіп отырамыз. Бірінші қала ол -«Баласағұн қаласы». Онда жаңа сөздермен танысасыңдар. Берілген тапсырмаларды орындайсыңдар. Тапсырмалар орындалуына қарай сол замандағы монеталармен бағаланады «Динар»-алтын (золото), «Дирхем»-күміс (серебро), «Фельсы»-мыс(медь). Жаңа сөздер: сауда – торговля саудагер-торговец мәдениет-культура базар-рынок жәрмеңке-ярмарка
(Жаңа сөздермен сөйлем құрау) Сөйлем құраған оқушыларға монета беріледі. Жібек жолындағы түйе келесі қалаға келеді.
Келесі қала -«Тараз». 2-тапсырма. Мәтінді оқып, негізгі ойды анықтайды. Әр топ өз қаласы туралы оқиды. VI-VII ғасырларда Қытайдан бастау алған керуен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан даласын кесіп өтетін. Отырар, Тараз, Сайрам (Испиджаб), Түркістан (Яссы), Суяб, Баласағұн т.с.с көне қалалар тек сауда ғана емес, мәдениет және ғылым орталықтары болды. Ертеде Тараз қаласындағы сауда базарын көргендер «Тараз базары – әлем айнасы» дейтін. Себебі бұл жақта кез келген дүниені айырбастауға, сату мен сатып алуға болатын. Мыстан жасалған тұрмыстық бұйымдар мен қару-жарақтар, киім кешек пенер-тұрмандар саудаға түсетін. Отырар алқабына жүз елуден астам кішкентай қала кіретін. Бұл елді мекен қорған сарайларға бай болатын. Саудамен қатар, бұл аймақта білім мен ғылым саласы дамыды. Түркістан (Ясы) ертеден «Екінші Мекке» деп аталып кеткен. Бүгінгі таңда көне қала әлемдік туризм орталығына айналды. Суяб пен Баласағұн қалаларында жыл сайын кең көлемде сауда жәрмеңкелері өткізілетін. Әртүрлі елден жиналған саудагерлер бас қосып, сауда қарым-қатынасын орнататын...
Д. Досжан. «Жібек жолы» романынан
-Дүкенбай Досжанның «Жібек жолы» романынан тағы үзінді берілген. Дүкенбай Досжан – кім? -Д. Досжан Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының иегері, жазушы. -Ол қай жерде дүниеге келген? -Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Құланшы ауылында дүниеге келген. -«Жібек жолы» романы үшін қандай сыйлық алған? -1988
жылы Украинаның «Днепро» баспасынан
шыққан «Жібек жолы» романы үшін «Тарихи
тақырыптағы жақсы кітап» сыйлығын
алған.
Дескриптор: Шығармадан үзіндіні оқиды; Шығарма үзіндісінен негізгі ойды анықтайды; Шығарманың авторы туралы сұраққа жауап береді; Әр топ өз қаласы туралы айтып береді; Жауап берген оқушыларға монеталар беріледі. Жібек жолындағы түйе келесі қалаға келеді. Келесі қала -«Суяб». 4-тапсырма. Тиісті сөздерді қойып жазыңдар.
Тиісті сөздер: Қытай жері, Жапония, жібек құрты, көне қалалар. Тақтаға жазады.
Дескриптор: Сөйлемдерді оқиды; Тақтаға тиісті сөздерді қойып жазады; Дұрыс жазған оқушылар монеталармен бағаланады.
Жібек жолындағы түйе келесі қалаға келеді.
Келесі қала -«Испиджаб». Мәтіндегі ақпараттың дұрыс-бұрыстығын анықтайды. Жұмыс парақтарына белгілеп отырады, содан кейін тексереді.
Дескриптор: Топта ақпараттың дұрыс-бұрыстығын анықтайды және түсіндіреді; Дұрыс орындаған топ монетамен бағаланады.
Жібек жолындағы түйе келесі қалаға келеді.
Келесі қала - «Отырар». Сөздерді сәйкестендір.
Дескриптор: Сөздерді оқиды, мағынасын түсінеді; Мәтін мазмұны бойынша сөздерді сәйкестендіреді; Дұрыс орындаған топ монетамен бағаланады.
Жібек жолындағы түйе келесі қалаға келеді. Келесі қала -«Түркістан». Әр топ өз қаласының ерекшеліктерін жазады. Дескриптор: Қала ерекшеліктерін жазады; Өз қаласын қорғайды; Жауаптары монетамен бағаланады.
|
Динар
Дирхем
Фельс
https://adebiportal.kz/kz/authors/view/833
|
||||||||||||||||||||||||||||||||
Аяқталуы 5 мин
|
Түйе мәреге жетеді Әр топ жинаған монетасын санайды. Жеңген топты мадақтау.
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз? |
Оқушыларды жауабына қарай бағалаймын |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия
|
Тақтада үш қоржын болады. Сол қоржынға монетаны салады.
Маған сабақ ұнады. Мен жұмыс жасағым Мен жақсы жұмыс Мен өте жақсы келді, бірақ бүгін менің жасадым, бірақ өзіме түсіндім. күнім емес сенімсізбін
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Қорытынды бағамдау |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. 2. Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек? 1. 2. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
№ хаттамадан суырма
Күні:30.01.2020 жыл
Өткізілген сыныбы: 6 «а»
Сабақтың тақырыбы: «Ұлы Жібек жолындағы қалалар»
Қатысқандар:
Жаукенова А.К. (Мектеп директорының ОІО), Набиева С.Ш. (қазақ тілі мен әдебиет бірлестігінің жетекшісі) және қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиет бірлестігінің жетекшілері: №3 ЖОББМ Елеусинова Д.У., №46 ЖОББМ Карасаева А.Ш., №23 ЖОББМ Сембаева Д.Т., №1 ЖОББМ Абдолова Г.К., №49 ЖОББМ Муратбекова А.Б., №16 ЖОББМ Ахметкалиева А.Н., №5 ЖОББМ Ильясова Э.А.
Алғашқы сөзді пән мұғалімі Аканаева У.С. сабақтың мақсатымен таныстырды: 6.3.3.1 - орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі ойды анықтау
жаңа білімді меңгереді;
тақырыпты түсінеді, тыңдайды, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
алған білімді өмірде қолдана алады.
Сөз алды: Жаукенова А.К. (Мектеп директорының ОІО)
Сабақтың құрлымы жоғары деңгейде құрылып, өз мақсатына жетті деп ойлаймын. Мұғалім сабағында бағалауды тиімді пайдаланды. Оқушылармен мұғалім арасындағы қарым-қатынас өте жақсы. Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбын оқушыларға болжатуы, интерактивті тақтаны пайдалануы, сабақты оқушылардың диалогімен бастауы, тапсырманы бағалауы ұтымды болды. Мұғалім жан-жақты жаңашыл, ізденімпаз екендігі көрінді. Сізге шығармашылық табыс тілеймін! Сабағыңыз ұнады! Рахмет!
№3 ЖОББМ Елеусинова Д.У.: Сабақ жаңартылған білім мазмұнына сай шебер құрылған. Мұғалім түрлі әдіс-тәсілдер мен жұмыс түрлерін оңтайлы таңдау арқылы бірсыпыры тапсырмаларды оқшыларды жалықтырмай, зор белсенділікпен орындата білді. Оқушылар бағалау түрлерін меңгерген, әр тапсырма сайын өз деңгейлерінде бір-біріне баға беріп отырды. Білім алушылардың ауызекі сөйлеу тілі қалыптасқан. Сабақ мақсатына жетті. Мұғалімге шығармашылық табыс тілеймін.
№1 ЖОББМ Абдолова Г.К.: Тақырыпты сурет арқылы болжау сәтті ұйымдастырылды. Жаңа сөздермен танысты. Жаңа сөздермен ауызша сөйлем құрады. Топтық жұмыс, жұппен жұмыс тапсырмалары берілді. Мұғалім оқу мақсатына сай сабақты жоғары деңгейде жоспарлаған. Бағалау формалары Ұлы Жібек жолы тақырыбына сай түрлі монета арқылы бағаланды. Оқушылар белсенді қатысты. Мұғалімнің кері байланысы, оқушы жауабын қорытындылады, оқушыға кері сұрақ қою арқылы пысықтауы тиімді болды. Мұғалімге шығармашылық табыс тілеймін. Ізденімпаз, тәжірибелі маман екендігін байқадым. Көп рақмет!
№16 ЖОББМ Ахметкалиева А.Н.: 6 «а» сыныбындағы «Ұлы Жібек жолындағы қалалар» атты ашық сабағына қатыстым. Сабақ жоғары деңгейде өтті. Сабақтың басынан бастап соңына дейін қалыптастырушы бағалау жүргізілді. Әрбір оқушының жауабы ескеріліп, бағаланды. Сабақтың барлық кезеңдері ұтымды өтті. Тапсырмалар оқушыларға қиындық туғызған жоқ, себебі күнделікті жасап жүргендері байқалды. Жүйелілік бар екені көрініп тұр. Сабақ мақсатына жетті.
1. Сабақ мақсатына жетті.
2. Оқушылардың қызығушылықтары жоғары.
3. Әдістемелік тәжірибесін ұстаз көрсете білді.
4. Сабақтың құрылымы жоғары деңгейде құрылған.
ӘБ жетекшісі: /С.Ш. Набиева/
Хатшы: /А.А. Мажитов/

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген