400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынастарды нығайтудағы орнын анықтау.

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық Тарих пәні мұғалімдеріне көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы:

Ұлы Жібек жолы халықаралық байланыстардың нығаюына әкелді ме?

Мектеп: №28

Мұғалімнің аты-жөні: Нысырбаева М.А.

Сабақтың мақсаты

Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынастарды нығайтудағы орнын анықтау.

Бағалау критерилері

  • «Ұлы жібек жолы» cөзінің шығу тарихын біледі.

  • Карта да Ұлы Жібек жолының сауда тармақтарын көрсете алады;

  • Халықаралық қатынаста Ұлы Жібек жолының маңыздылығын біледі.

Дескриптор

«Ұлы жібек жолы» cөзінің шығу тарихын айтып бере алады..

Карта да Ұлы Жібек жолының сауда тармақтарын картадан кем дегенде 4уін көрсете алады;

Халықаралық қатынаста Ұлы Жібек жолының маңыздылығын біледі, қазіргі кезеңмен байланыстырып талдау жасайды

Тілдік міндеттер

Пәндік лексика мен терминология:

Кіреші, архитектура;

Диалог пен жазуға пайдалы сөздер тізбегі:

Ұлы Жібек жолы, Керуен жолы, Көш, Тауар, Жібек, Сауда, Кіреші;

Алдыңғы білім


Қыпшақ хандығының қоғамдық құрылысы, әлеуметтік құрылымы, шаруашылығын салыстырып, ортақ белгілері мен ерекшеліктерін ажырата алады.

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Дерек көздері

Сабақтың басы





















































Ортасы


Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын тексеру

«Сұрақтарды ұстап ал» старатегиясы

  • Қыпшақтар осындай ұлан-байтақ жерге ие болуының себептері қандай?

  • Қыпшақ тайпаларының этникалық ерекшеліктері, шаруашылығы туралы қандай тарихи деректер ақпарат береді?

  • Қыпшақтар қандай елдермен саяси қарым-қатынаста болды?


2) «Мозайка» қиынды суреттерді құрастыру арқылы жаңа тақырыпқа болжам жасайды. Ол үшін оқушыларды 4 топқа бөлу. Төмендегі суреттерді мозайка жасап, қиып құралған суреттер бойынша топ жасақталады.




1-сурет: Керуен 1-топ

«Ұлы Жібек жолы» атауының шығуы осы уақытта Батыс елдері үшін қымбат тауар – жібекпен байланысты. Жібек құртынан жібекті дайындау құпиясын қытайлықтар шамамен 5 мың жыл бұрын ашса, белгілі жібек шаруашылығын зерттеуші А.А.Тихомиров оның нақты уақытын – б.з.д. 298 жыл деп атап өтеді. Қытай аңыздары бойынша ең алғаш алынған жібек жіп Си Линг-чи патша ханымға тәуелді болды. Шай ішу кезінде патша ханым шыныаяғына ағаштан жібі шығып тұрған құрт түсіп кетеді, сосын құрттың жібін тарқатып алады, солай алғашқы жібек жіп алынады, ал Си Линг-чи император әйел осы үшін ризашылық ретінде Аспан асты империясының құдайын тұрғызды, оның құрметіне осы күнге дейін Қытайдың көптеген аудандарында жыл сайын ғұрыптық мейрамдар өткізіледі.

2-сурет: Құмыра; 2-топ

Бірқатар зерттеушілер жібек ша¬руашылығының отаны Шан-дунь провинциясы, өйткені б.з.д. 2255 жылдың өзінде-ақ қытай патша ханымына салық ретінде жібек мата төлеген деп есептейді. Әсіресе, жібек шаруашылығы б.з.д. 1-мыңжылдықтың 2-жартысында ақша, мата дайындау, салық төлеу, сауда келісімдері барысында есептесу жібектен болған кезде кеңінен дамыды. Бірқатар ғалымдар таза жібектің отаны Үндістанның таулы аудандары десе, келесі біреулері – Батыс Гималай, тіпті Иран деп есептейді. Дегенмен, бомбикстің отаны, осы күнге дейін жібек құртының жақын аталасы – теофиль мандарин көбелегі өмір сүретін Солтүстік Қытай болып табылады.

3-сурет: Мата; 3-топ

Табиғаттағы жібек құртын қара¬па¬йым жинаудан қолға үйретуге дейінгі сатыда бірнеше жүздеген жылдар өткен. Жібекті алу үдерісі ежелгі уақытта қалай болса, бүгінде де тура сондай. Екі құрт шағылысқаннан кейін, аталығы өліп, аналығы 600-700-ге дейін жұмыртқа-ұрық тастайды. Көктемде (сәуір айында) ұрық жылы бөлмеге кіргізгеннен кейін, 10-12 күнде одан кішкентай қырықбуынды жібек құрты шығады. Олар өте қомағай болып келеді. Негізгі қорегі тұттың жапырағы болған олар өзінің салмағынан анағұрлым көп жейді. 30 күнге созылатын өзінің өмірінде қырықбуынның салмағы 10000 есе артады. Өзінің өсуінде ол бес жастан немесе түлеуден өтеді. Бесінші жасында жібек жібінің өзі жасалынады. Жібек бөлетін бездің нәрселері сыртқа шығып екі қабатты жіпке айналады, сосын қырықбуын үш күн бойы өзіне орауында жібек құрты пайда болады. Бір жібек құртында жібек жіптің ұзындығы есеп бойынша 100-2000 метрге дейін жетеді.

4-сурет: Карта. 4-топ

Ежелгі дәуірде айтулы тауарлардың арасында бірінші орынды қытай жібегі алды. Жібек мата – жұқа мата, салмақсыз, жеңіл, жұмсақ және әдемілігімен көне заманда табиғаттың кереметтілігі деп есептелді. Сыры көп жібек жіп айқын әрі төзімді, әртүрлі түсті не түрлі керемет мата берді, ал түрлі түсті күрделі өрнекті осы маталар өздігінше бағаланды. Батыста олар алтыннан жоғары бағаланып, саудаға қымбат тастармен бірге жүрді. Жібекпен алым-салық, әскери және дипломатиялық қызметтер төленді. Оның қиындылары патшалар мен храмдарға, жауынгерлер мен ақсүйек сұлуларға сыйға тартылды. Мұның барлығы синолог Фридрих фон Рихтгофеннің 1877 жылы Қытайдан Еуропаға дейінгі сауда трассасын Ұлы Жібек жолы деп атауына толығымен дәйекті құқық берді. Бұл атау Еуразияның қазіргі елдерінің барлық қоғамдық қызметтері мен ғылымында қабылданды. Шынайы әрі нәзік түрдегі түсті және өрнекті жібектер Әлемнің байлығы символына айналды. Оның сапалығы мен жеңілдігі жүзік көзінен өтетін мата деп анықталды. Оны құрыш болаттың өткірлігімен сынады, оның жүзі жібек орамалды қиып өту керек болды.

e-history.kz/ru сайты



Бағалау топтар бірін-бірі бағалайды

Мынадай критерийлер бойынша

Басқа топтардың сұрақтарына жауап беру;

Өз мәтінін түсінікті етіп айту;

Топтық жұмысқа белсенді қатысу;

Уақытты тиімді пайдалану.

Топтың бір мүшесі қолдау көрсету


3) Бейнесюжет. You tube «Ұлы жібек жолы тарихы» бейнесюжет көріп мынадай сұрақтарға жауап береді

  • Ұлы Жібек жолы қай ғасырға жатады?

  • Ұлы жібек жолында қаңдай сауда жолдары бар?

  • Сауда жолында қаңдай тауарлар тасымалданды?

  • Қазақстан жерінде шығысқа шығатын негізгі қақпа?

  • Қазақстан жерінде батысқа шығатын негізгі қақпа?

  • Ұлы Жібек жолында қаңдай ортағасырлық қалалар бар?

  • Батыс Қытай-Батыс Еуропа” бағдарламасының авторы?


4) Картамен жұмыс. 4 топқа карта таратылады. Ұлы жібек жолының сауда тармақтарын картаға түсіреді:





5) Ұлы Жібек жолымен саяхат. Өзінді Түркістаннан Қытайға тауар керуенімен атанған саудагермін деп ойла.

  • Маршрут сал: Қандай қалалар арқылы өту керек екендігін көрсет.

  • Қытайдан сен алып кететін тауарларды ата және оларды сипатта...




















http://lms.nci.kz/history/view?f=143&id=7&lang=kaz



https://www.youtube.com/watch?v=Ae7QAZ5pdEo













http://baq.kz/foto/ffad69a5a69bdad2c515ec3df4011e15.jpg
















http://go.mail.ru/search_images?q=%D0%BA%D0%BE%D0%BD%D1%82%D1%83%D1%80%D0%BD%D1%8B%D0%B9%20%D0%BA%D0%B0%D1%80%D1%82%D0%B0%20%D0%BA%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D1%85%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%B0#urlhash=970826439655384826




Сабақтың соңы





Рефлексия:

Мен бүгін не білдім?

Не үйрендім?

Менің байқағаным........


Үй тапсырмасы.

Эссе жазу: Ұлы Жібек жолының әлем тарихындағы рөлі.

Критерийі:

  • эссе тақырыбының мазмұнындағы мәселелерді түсінуі;

  • эссе тақырыбына мазмұнының сай келуі;

  • эссенің мазмұны өзекті мәселе бойынша жеке ойын білдіруі тиіс.







Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау. Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ны қолдану

Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі)

Талқылау үрдісі кезінде барлық оқушылардың бірегей қатысуын қадағалаймын.

Дәйекті дәлелдерге ғана негізделген қорытындыға жетудің мағынасының мәні, сыныптағы қабілеті төмен оқушы дәлелдерге негізделе отырып кем дегенде өзін ойын білдіре алады, ал қабілеті жоғары оқушы тәуелсіз, негізгі жауап береді.


Рефлексия

Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.03.2019
548
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі