Тақырыбы : «Ұлы күн – Наурыз!»
Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру.
Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт – дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу.
Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
Көрнекілігі: газеттер, нақыл сөздер, киіз үй керегесі, ұлттық бұйымдар.
Тәрбиеші : Армысыздар, құрметті ата-аналар және бүлдіршіндер, балабақша ұжымы. Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Дендеріңізге саулық, бастарыңызға байлық тілей отырып «Ұлы күн – Наурыз!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Тәрбиеші: Үйлесіп наурызбен көктем жетсін,
Көңілін үлкен-кіші көкке өрлетсін.
Еңсесі көтерілер ер-азамат,
Ескі жылмен реніш, өкпе кетсін.
Жаңа жыл құтты болсын!
Тәрбиеші: Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқы сүйген мейрамды,
Қарсы алайық Наурызды!
(Әже мен Наурыз қыз ортаға келеді)
Әже: Ал келіңдер қонақтар,
Досқа құшақ ашайық.
Өлең жырға басайық.
Қазақтың бір салты деп,
Тойға шашу шашайық.
(шашу шашылады)
(Наурыз қыз келеді)
Гүлсезім: Наурыз тойы – береке,
Наурыз тойы – жыр аңыз.
Қызып дулы мереке,
Қызық думан құрамыз.
Алихан: Қош келіпсің Наурыз,
Арман тойы халықтың.
Қуанышы халықтың,
Құтты болсын қадамың.
Мархабат: Би биледік бәріміз,
Егіг өңін толқытқан.
Елдің көңілін шалқытқан
Бас иеміз – Наурыз!
Тәрбиеші: Осыншама жақсылық,
Алып келдің – Наурызым.
Төрлет бізге нұр болып,
Шашып нұр жүзіңіз.
Наурыздан көрініс
Әже: Мына наурыз тойына көп адамдар жиналып қалыпты ғой. Әй мынау Шолпан ба Наурыз күні неге көріспейсің кел көрісейік. Кәне балалар халқымыздың салт-дәстүрін ұмытпайық кәне бір-біріңмен көрісіңдер.
(Балаларды көрістіру)
Әже: Наурыз-күні қазан толы көже асса ырыс, несібе көп болады дейді мен қазанды толтырып асайын. Әй, Ислам қайда кеттің отын әкел, мен көже асайын.
(Балалар қапшықпен арқалап отын әкеледі)
Әже: Балаларым наурыз көжеге 7 түрлі тағам қосады. Қыстан қалған сүр, айран, сүт, тұз, құрт, тары, бидай, қосамын. Көжеден ауыс тиіңдер балаларым.
(Балалар столды айнала отырып көжеден ауыз тиеді)
Нұржан: Әже көжеңіз дәмді екен енді мен дастарханның батасын берейін.
Әже: Айналайын бере ғой.
Нұржан: Сұрасаң бата берейін,
Ақ тілекті төгейін.
Еліме берсін берекет,
Кірсін дәулет есіктен.
Кетсін бейнет тесіктен.
Ескі жылым есірке,
Жаңа жылым жарылқа.
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!
Аумин!
Әже: Ой өркенің өссін, бақытты бол. Айтқаның келсін.
Хор: «Дастархан»
Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар балалардың «Алтын сақа» ертегісінің желісімен қойылған «Ұлы күн – Наурыз» атты ертегімізді тамашалаңыздар.
Көрініс: (Шал қолында қамшысы бар қой жайып жүреді)
Шал: Шек, шеку, ей кебенек,
Мына ешкілер әбден мені шаршаттау. «Қой бақтым қоңырау тақтым, ешкі бақтым, еңіреп бақтым» деген осы екен ғой. Уф, әбден шаршадым, дем алайыншы.
(Молдас құрып отырады.)
Мыстан: Сол кезде мыстан кемпір келіп шалды жұлмалай бастайды.
Мыстан: Уф, бәлем қолыма түстің бе?
Шал: Ойбай, ойбай жіберші қылқынып бара жатырмын.
Мыстан: Сен маған не бересің?
Шал: Мына бағып отырған қойымның бәрін беремін.
Мыстан: Жоқ маған балаңды бер әйтпесе жібермеймін.
Шал: Жарайды жалғыз Кенжебек деген ұлым бар еді соны берейін.
Мыстан: Онда келісемін балаңды қалай бересің?
Шал: Баламның жақсы көретін алтын сақасы бар, соны саған беріп кетейін. Балам алтын сақасын іздеп келгенде өзің ұстап ал.
Шал: Міне алтын сақасы. (қалтасынан алып береді)
Мыстан: Алтын сақаны қасына қойып отырады.
(Бала сақасын іздеп келеді)
Бала: Әже, әже анау менің сақамды алып берші?
Мыстан: Ой, мен отырсам, тұра алмаймын, тұрсам отыра алмаймын өзің ал.
Бала еңкейіп сақаны ала бергенде мыстан оны шап беріп ұстап алады.
Қыздар: 1-2 қыз. Кенжебек сен қайдасың? Біз сені іздеп жүрміз.
Мыстан: Осы кезде мыстан ортаға атып шығады. Қыздар қорқып бірінің артына бірі тығылады.
Мыстан: Сендерге Кенжебек керек болса менің шартымды орындаңдар.
Қыздар: Орындаймыз әже орындаймыз.
Мыстан: Онда маған наурыз туралы тақпақ айтып беріңдер.
Тәрбиеші: Айтағойыңдар балалар.
Ұлданай: Наурыз айы-гүл айы,
Наурыз айы-нұр айы.
Наурыз айда халқымның.
Құлпыра түсер шырайы.
Раян: Орайы бар даламның,
Аманбысың жаңа күн.
Сәлем халқым тілегім.
Сендермен бірге жүрегім.
Саян: Орындалды ойларың,
Құтты болсын тойларың.
Күн мен айға әлемнің,
Бердік ыстық сәлемін.
Дана: Қарттарыма сүйеніп,
Сәлем бердік иіліп.
Орындалды ойларың,
Құтты болсын бүгінгі,
Наурыз көже тойларың.
Нұрислам: Наурыз келді елімі,
Наурыз келді жеріме.
Байлық, бақыт тілеймін,
Бүкіл қазақ еліне.
Мыстан: Жарайсыңдар балалар.
Балалар: Әже, енді Кенжебекті жібересіз ба?
Мыстан: Жоқ, маған енді өнерлеріңді көрсетіңдер.
Тәрбиеші: «Қошақан» әні
Ә.Ислам
Ақерке
Ұлболсын
Ақжүніс
Біржан
«Тұсау кесу» әні
Әсет
Інжу
Дана
Ұлданай
Саян
«Балалық шақ» әні
Ақжүніс
Айдарбек
Толқынай
Мыстан: Ой кілең өнерлі екенсіңдер көңілім бір көтеріліп қалды.
Балалар: Әже енді жібересің бе?
Мыстан: Жоқ, менің енді айтыс тыңдағым келіп отыр. Ақындарың бар ма?
Тәрбиеші: Халқымыздың ежелден келе жатырған бұл төл өнері біздің балаларымыздың бойында бар. Қошеметтеп қарсы алыңдар. Ерәлі ұлдарың мен Толқынай қыздарыңды.
Айтыс
Екеуі бірігіп: О, халайық, халайық,
Әсем әнге салайық.
Наурыз тойын көңілді,
Бірге қарсы алайық.
Ералі: Ералі ұлың мен болам,
Әке-шешем мақтаған.
Жарыс десе жайнаймын,
Намысымды қорғаймын.
Толқынай: Өнердің ашып есігін,
Шешендік сөзбен көсілдім.
Таныстырсам өзімді,
Толқынай менің есімім.
Ералі:Ал Толқынай сұлу қыз,
Қандай күшті бұрымың.
Қасыңдағы қыздардың,
Ішіндегі сұлу қыз.
Толқынай: Мені мақтап не істейсің?
Білем өзім сұлумын.
Дайынсыңба мектепке,
Соны айтып білдірсең.
Ералі: Білім, ғылым, өнерге,
Қанат қағар кезім ғой.
Ата-салтын ертеңге,
Жеткізетін өзім ғой.
Толқынай: Ой жігітім арманшыл,
Орындалсын арманың.
Жұмыртқаны қақ жарып,
Пілге ұқсап жатырсың
Ералі: Көріп тұрсың сұлуым,
Жігіт деген атым бар.
Болашақта халқыма,
Елбасы болу арманым.
Толқынай: Айтысуға өзіңмен,
Шығып тұрмын алдыңа.
Күн аттарын білмеуші едің,
Жаттап оны алдың ба?
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Ұлы күн- Наурыз" балабақша

шағым қалдыра аласыз