Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы Қазақстан

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы Қазақстан

Материал туралы қысқаша түсінік
Қмж
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: _____________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі

Бөлім:

9-бөлім: Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым. Лексика

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты :

С. М. Жамбеков

Күні:

07.04.2025

Сынып: 7-А

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы Қазақстан

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

7.1.4.1 мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау;

7.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала құрастырып жазу

Сабақтың мақсаты

Мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтай алады. Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала құрастырып жаза алады.

Құндылықтарға баулу

Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік құндылығы: қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, қоғам игілігі үшін қызмет ету.

Тәуелсіздік және жаңашылдық құндылығы: адал еңбекті құрметтеу, сөзіне берік, ісіне адал болу, шешім қабылдай білу және жауапкершілікті сезіну.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//

уақыты

Педагогтің әрекеті

Білім алушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басталуы

5 минут

































Сабақтың ортасы

10 минут































10 минут



























































































































































































































15 минут

Сабақтың соңы

5 минут

Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу.

Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру;

Ойтүрткі

1-тапсырма

1.Ұлы Отан соғысы қай жылдары болды?

2.Ұлы Отан соғысы туралы қандай ақпарат білесің?

3. Неліктен бұл соғыс Ұлы Отан соғысы деп аталды?

4.Сенің ата-әжең немесе туыстарың Ұлы Отан соғысына қатысқан ба?

2-тапсырма

Суретті пайдаланып, Ұлы Отан соғысы туралы қысқаша мәтін құрастырып жазыңдар. (100 сөз)







3-тапсырма

Топтық жұмыс

Ф.Оңғарсынованың «Қасірет пен ерлік жыры» атты өлеңін мұқият тыңдап,

сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы алған әсеріңмен бөліс. Негізгі ойды анықта.

1-топ:

Үзінділер

Сөйлеушінің сөйлеу мәнеріне, дауыс ырғағына мән беріп, негізгі ойын анықта.

Аспан мен Жер арасын
өрт қаптады жалыны жаландаған,
көңірсіді құйқадай адал далам.

Бір-бірінің қанынан ұрттамаса,
тыншымастай сұстанды адамға адам.


Жас орнына мөлдіреп жанарда қан
тамайын деп тамбаған, тама алмаған.

Алмасты ілез күрсіну, күңіренумен
жүректерден шарықтап таралған ән.


Мазасыз әм қысқа бұл тіршілікте
болар кейде мейірімді адамнан аң.
Сәби көңіл жандардың жанын улап
бітіспес кек, ызамен арамдаған.
Дөңбекшіді сонда Жер қанға бөгіп:
“Не кінәң бар, Адамдар, тағар маған?!”




2-топ:

Үзінділер

Сөйлеушінің сөйлеу мәнеріне, дауыс ырғағына мән беріп, негізгі ойын анықта.

...Төріне әкеп өлім мен қайғы лақтырып,
уланбаған аймақты жайратты жұт,
жауыздығын себелеп айбат қылып.


аймалайды елжіреп балапанын
ұмыттырған талайғы мұңды сырын,
сезіндірген аналық бақытты алғаш
еріндерін қызықтап тұңғышының.
Бұл бақытты қашан ол аңсағалы...
Аңсағалы, көз жасын тамсағалы.
Кімге барып не дейді, құдайым-ау,
“Балам жоқ!” деп қай жұртқа жар салады.


Сәби келді талайғы армандаған:
ұмыт болып қайғылы таңдар қараң.
Шаттығы да келеді мұң-қайғының
қанша нәлет айтса да жалғанға Адам.
Бақыттылық!
Отыр еді көзінде жақұт тұнып –
“Соғыс!” деген бір сөзден есеңгіреп
зәресі ұшты орнынан атып тұрып.






3-топ:



Үзінділер

Сөйлеушінің сөйлеу мәнеріне, дауыс ырғағына мән беріп, негізгі ойын анықта.

Соғыс,
тартыс
ешқашан басылмаған,
қантөгістен қаншама ашынды адам.
Жазықсыз жер қаншама жараланып,
жетімдіктен қаншама бала налып,
қара тұман жамылды жасыл ғалам.
Әлсіздерді әлділер басып-жаншып,
шындығы жоқ өмірден ашынғансып
дейтіндер бар: “Бұзылған ғасыр жаман”.


Жатырсың сен
ғұмыр бойы оқтардан жараланып,
сені адамдар былғады, талады анық.
Болмаса да бір сәтің күрсінбеген,
қажысаң да тартысып күншілменен,
мықтылықты сенімен бағаладық.
Қай заманның болмасын бір кеселі –
ойлы ұлдарың азаппен күн кешеді
өсекпенен, жаламен қараланып.


Бүгін соғыс. Айнала азап толған.
Төбешікке қырғынмен азат болған
ту қадады карт солдат жылап тұрып.
Қанша қырғын.
Жер қақалды жас қанын тамсап ұлдың…
Әрбір үйдің ардағы шаттығы алда
шала жансар көміліп жатты қарда,
үзілді албырт арманы бал шағыңның,
от жылдардың ұл-қызы, қыршын кілең,
кешкенім жоқ сен көрген бұл сынды мен.




4-тапсырма

Ф.Оңғарсынованың «Қасірет пен ерлік жыры» атты өлеңін толық оқып шығыңдар. Өлеңде көтерілген мәселе соғыс зардаптары жөнінде ой толғап, мақала жазыңдар. Мақаланың жанрын, стилін сақта.

Көркемдегіш құралдарды қолдан.

Мақалаға қойылатын талаптар:

-тақырыптан ауытқымау,

-берілген уақыттан асырмау;

-сөз әдебін сақтау;

-тіл сауатталығы

-мақал-мәтелдердің, тұрақты тіркестердің эмоционалдық қызметін түсініп қолданады.

-өзіндік ойы мен көзқарастарын жүйелі жеткізеді.



Үйге: 4-тапсырма

Рефлексия

Кестені пайдалана отырып, «Шығу парағын» толтыр.

Қызықты болды.

Бүгін мынаны

түсіндім.

Қиын болды.



















Сұрақтарға жауап береді.













Суретті пайдаланып, Ұлы Отан соғысы туралы қысқаша мәтін құрастырып жазады.





































Өлеңді мұқият тыңдап, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы алған әсерімен бөліседі. Негізгі ойды анықтайды.







































































































































































































Ф.Оңғарсынованың «Қасірет пен ерлік жыры» атты өлеңін толық оқып шығады. Өлеңде көтерілген мәселе соғыс зардаптары жөнінде ой толғап, мақала жазады. Мақаланың жанрын, стилін сақтайды.

Көркемдегіш құралдарды қолданады.







Рефлексия жасайды. Бүгінгі сабақта не үйренгендерін, топта қалай жұмыс жасағандарын, қандай білім алғандарын таразылайды.



Талқылау кезінде оқушылардың айтылған пікірлері мен көзқарастары ауызша

мадақтау арқылы бағаланып, сабақтың келесі кезеңінде белсенді қатысуына ынталандырады

Жарайсың!

Керемет шешім!
Ойлы шешім!

Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!

Дескриптор

Білім алушы

-суретті пайдаланады,

-тақырыпқа сәйкес мәтін құрайды,

-құрылымын сақтайды.

















Дескриптор

Білім алушы

- сөйлеушінің сөйлеу мәнерін ажыратады;

- өз әсерімен бөліседі;

- негізгі ойды анықтайды.















Жеке жұмысты бағалау

Алшы –

(9-10 балл)

Тәйке (тауа) – (7-8 балл)

Бүге (бүк) –

(4-6 балл)

Шіге (шік) –

(1-4 балл)









































































































































































Дескриптор

Білім алушы

-мақаланың жанрлық және стильдік ерекшеліктерін сақтайды;

- көркемдегіш құралдарды қолданады;

- мақаланы тақырыпқа сай жазады.











7-сынып

«Атамұра» баспасы

2017жыл















Қалыптас

тырушы бағалауға арналған



тапсырма

лар жинағы

7-сынып









































Оқулық

7-сынып

«Атамұра» баспасы

2017жыл
















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.12.2025
16
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі