400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлы Отан соғысына арналған сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілер
Материалдың қысқаша нұсқасы

1-жүргізуші:
Құрметті, Қонақтар!Ұлы Жеңіс күнінің 75 жылдық мерекесі баршаңызға құтты болсын!Бұл мереке кезекті көктемнің шуақты күнімен келіп,барша адал ниет адамзатты тағыда бір қуантады. Иә, осынау ұлан – ғайыр даламыз нені бастан кешірмеді дейсіз? Небір төңкеріс, небір көтеріліс, небір жеңіс пен жеңілісті, қызық пен қиындықты өткерді емес пе? Ата – бабаларымыздың осындай ерлігінің бірі – Ұлы Отан соғысындағы жеңісі. Сонау 1941 жылы бейбіт жатқан елге Германия фашизмдері ашқан соғыс қазақ ұлдарын да жалмап, ананы баласыз, баланы әкесіз, әйелді жесір қалдырғаны әрбір адамның жүрегінде.

ІІ жүргізуші:

Соғыс өтті жалмап талай өмірді,
Қаншама қан еш жазықсыз төгілді.
Соғыс аты естілгенде құлаққа.
Елестетер қара тажал өлімді,
Келді міне,күндей жайнап гүл көктем.
Самал желі шашты тарап,бетті өпкен,
Ұмытуға хақымыз жоқ оларды.
Олар біздің бақыт үшін қан төккен,

-Ендеше, «Жасасын, Жеңіс!» атты әскери көрініс байқауына қош келдіңіз. Сайысымызға қатысушылар 7-10 сынып оқушылары арасында өтеді. Әрбір сыныптан бір оқушы келіп реттік санды таңдасын.

№

Сынып

Реттік саны

1

7 «А»


2

7 «Ә»


3

8 «А»


4

8 «Ә»


5

9 «А»


6

9 «Ә»


7

10 «А»


8

10 «Ә»


-Сайыс бар жерде, әділқазылар да болады. Таныстырайық:

-Оқу ісінің меңгерушісі –

-Логопед-ұстаз –

-Педагог-психолог –

№

Критериялар:

1

Жоғары деңгейдегі орындалуы

2

Образды бейнелеу

3

Костюм

ІІ жүргізуші:
Жеңіс деген шат күлкісі баланың,
Тыныштығы жер мен жаһан даланың.
Жеңіс деген сылдыр күлкі, асқақ ән,
Тыныштығың сол Жеңістен басталған. Ендеше ортаға №1

І жүргізуші:
Сол күнде, бүкіл әлем күлім қақты,
Нұрланып ой, күн, жұлдыз сәуле шашты.
Құс сайрап, жануарлар сайран салып,
Жайқалып өсімдіктер шешек атты. Ортаға №2
І жүрг.: 
Сен неткен Отан — анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін,
Жайнай берғ Ұлы Отаным — қазақ елім. Ортаға №3

IІ жүрг.: 
Желбіре, көгілдір Ту, көк аспанда,
Не жетсін жөні келіп жарасқанға.
Сен менің құдіретім, кием-дағы,
Айбардың айтсын сөзді адасқанға. Ортаға №4

1-жүргізуші:

Аз  емес  зар жылаған, егілген   жан,

Аз  емес өшкен   өмір,  төгілген қан

Кеудеге   зілді қасірет   салды   соғыс,

Қирады  талай   арман   көңілге  алған.

Отан ана жылағанда шер сеніп,
Тапжылмастан төгеді екен жерге бұлт.
Қара бұлтты қақ жарайық, деді де,
Қолдарына қару алды ерленіп.
Ортаға №5

І жүргізуші:
75 жыл – бейбіт көктем таң атқалы,
75 жыл – шуақты күн таратты әнін.
Есімде сонан бері 75 рет
Ашылды жеңіс күннің парақтары. Ортаға №6
ІІ жүргізуші:
75 жыл – үзілмеді құстар әні,
Кетті енді сұм соғыстың қыспағы әні.
75 жыл – жауымыздың ажал оғы
Біздің елдің үстімен ұшпағалы. Ортаға №7
І жүргізуші:
Жеңіс деген өтеуі жас ғұмырдың,
Жеңіс деген бейбіт күнім, бүгінім.
Жеңіс тойын жақындатып әкелген
Төккен қаны, әке - аға, інінің. Ортаға №8
І жүргізуші:
Міне, осынау елімізге лаң салған алапаттың жеңіспен аяқталғанына да 75 жыл толды. Ешкім де, ешқашан да ұмытылмақ емес.
ІІ жүргізуші:
Отанымызды сүйіп, қастерлей білейік. Ата - баба дәстүрін, әдет - ғұрпын берік ұстанып, үлкенге ізетті, кішіге ілтипатты болайық. Оңайлықпен келмеген тәуелсіздігіміздің туы мәңгілік желбіреп тұрсын.
І жүргізуші:
Ел - жұртымыз аман, берекелі заман болсын! Отанымызды сүйетін азаматтарымыз көбейе берсін!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 мамыр
936
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі