Шығыс
Қазақстан облысы. Семей қаласы.
"Біржан Исадилов
атындағы жалпы орта білім беретін
мектеп" КММ
4
"Б" сынып оқушысы
Күзетай
тегі Салтанат
Аталарым
- қос шынарыма!
немерелері
4 "Б" сынып оқушысы
Күзетай
тегі Салтанаттан сағынышты сәлем хаты!!!
Алдымен
"шынар" сөзіне түсініктеме бере
кетейін. Шынар-тауда тасты жарып шығатын
берік те, мықты ағаш. Мен өз аталарымды
осы ағашқа теңегім келіп отыр.
Өз
атам Күзетайұлы Смайыл Кенжебай деген
жерде жылқы баққан. Жылқының қасиетті
жануар екенін , оның еті мен саумал
қымызы денеге қуат, дертке дауа екенін
жақсы түсінген адам. Балаларын да жылқы
малын қадірлей білуге үйретті.Осы күнге
дейін олар Саржалдың бал қымызын,
саумалын дайындап сатып, халықты риза
қылып жүр.
Атам
соғыс кезінде тылда әскери комиссариаттың
қойын бақты. Қойларын күйлі шығарып, әр
100 саулықтан 125-130 қозы алып отырған.
Үкімет оның осы еңбегін жоғары бағалап,
Мәскеуде өткен ауылшаруашылық көрмесіне
қатыстыртып, кеудесіне Еңбек Қызыл Ту
орденін таққан.
Менің атам өте шебер
етікші болған адам. Қайыңнан жонып етік
тігетін шеге жасайтын, оны «шың» дейтін.
Талай кыз-келіндеріне шоңқайма былғары
етік, ер азаматтарға саптама тігетін.
Көп ақы сұрамайтын, бергендеріне риза
болатын. Қазіргі дүкендерде тұрған
желімденген етіктерді көргенде , атамның
мықты етіктері есіме түседі. Атам жылқы
баққандықтан оның ат әбзелдерін де
сапалы дайындайтын. Жүген, ноқта,
құйысқан,
өмілдірік,
ер-тоқымдарын шытырлап әсем етіп
жасайтын.Тобылығы сапты бестаспа қамшы
өріп, сегіз өрім дырау қамшы да жасайтын,
қолы шебер жан еді.
Екінші,
нағашы атам Жексенбіұлы Қабиден мектепте
оқып жүргенде өзі тіленіп, 17 жасында
әскер қатарына алынады. Бірақ, дайындықтан
кейін сұрапыл соғысқа да еніп кетеді.
Балтық бойындағы елдерді азат етуге
қатысады. Соғыс майданында бір қол, бір
аяғы жараланып, госпитальда жатып
емделеді. Жазылып шыққаннан кейін 1943
жылы балдақпаен елге оралады. Мүгедекпін
деп жатып алмай, Саржалдағы бастауыш
сынып оқушыларына сабақ береді. Өмірден
алған мол тәжірбиесін пайдаланып, жас
ұрпаққа адами қасиеттерді бойларына
дарытып, білім беріп, мыңдаған тәрбиелі
шәкірттерді баулып шығарған адам. Ұлы
Отан соғысы және көп жылғы еңбек ардагері
ретінде аудандық кеңес зәулім үй де
салып берді. Зейнетке шыққанға дейін
әртүрлі қоғамдық жұмысқа да қатысып,
аянбай еңбек еткен. Саржалдағы мектептің
әскери кабинеті атам Жексенбіұлы
Қабиденнің атында. Балаларын еңбекке
баулып, қайырымды, мейірімді, ынтымақты
етіп өсіріп, еңбек тізгінін ұрпақтарына
тапсырып, 83 жасында бақилық болды.
Міне,
менің қос шынарым, осындай жаны жайсаң
адамдар болған.Өткен бабаларды жиі еске
алып, олардың кісілік қасиеттерін
дәріптеу-болашақ ұрпақтардың қасиетті
парызы деп білемін. Менің аталарым
болашақтың даңғыл жолын нұсқап тұрған,
адастырмайтын темірқазық жұлдыздай
болып көрінеді.Менің аталарым киелі ,
қасиетті, қасіретті Абай елі топырағында
дүниеге келіп, сол жер-ананың құшағында
мәңгілік ұйқы да жандары жаннатта
болсын!
Киелі,
қасиетті дегенім-халқымның заңғар ақыны
хакім Абай туған ел. Сол Абайды күллі
әлемге танытқан біртуар жазушы Мұқтар
Әуезов ұлы Абайдың туысы, әр таланатты
шәкірті Шәкәрім қажы дүниеге келген
ел. Қасіретті дегенім 1949 жылдан бері
атом бомбасы сыналып, халық қасірет
шеккен ел. Қазір жаңарған, тұрмысы
оңалған ел болғанымен, көкейде жазылмас
жара қалған ел. Осының бәрі балалық пәк
жүрегімді, толғандырмай қоймады.
Қымбатты
менің аталарым! өздерің салып кеткен
дара жолдарыңмен жүрген ұрпақтарың
бүгінде өсіп-өніп бір қауым ел болып
отырмыз. Кішкентай немерелерің мен
шөберелеріңнің өзіндік ой толғауы бар,
оқу да озат, өнегелі , тәрбиелі, дарынды
ұрпақ болып өсіп келеміз. Мен өзім
кішкентай кезімнен бастап Абай атамыздың
өлеңдерін жаттап өстім. Өсе келе ол
өлеңдердің мағынасын түсіне бастадым.
Әр өлеңі ғылым мен білімге , адамгершілік
қасиетке , тәрбиеге тұнып тұр ғой.
Талаптан! Талпын! Қанаттан! Самға!-деп
насихат айтып тұрғандай!
Биыл
Абай атамыздың туғанына 175 жыл толуына
байланысты кең көлемде игі шаралар
жүріп жатыр. Семейдегі әуежайға Абай
атамыздың аты берілді. Жақында мектебімізде
"Абай оқулары" байқауы болды. Абай
атамыздың өлеңдерін мәнерлеп оқудан
1-орынды иелендім.Жоғары санатты бастауыш
мұғалімі біздің сынып жетекшіміз Перизат
Тілеуғалиқызының еңбегі орасанн зор.
Ол тәрбиелік мәні бар іс-шаралар жүргізіп,
терең білім беріп, шебер сөйлеуге
баулиды. Өз жанын аямаған , шәкірттерінің
бақытын аялаған осындай білімді,жанашыр
тәлімгер ұстаздарымыз көп болғай!
Қымбатты,
менің аталарым! Сіздердің жарқын
бейнелеріңіз ұрпақтарыңыздың жүрегінде
мәңгі сақталады. Сіздердің рухтарыңызды
асқақтатуға бар күш-жігерімізді арнаймыз.
Аталарым туралы толық мағұлмат берген
анашыма, туған-туыстарыма, көне көз
қарттарыма зор ризашылық білідермін.Осымен
сәлем хатымды аяқтаймын!
Ізгі
ниетпен сәлем жолдаған
Біржан
Исадилов атындағы орта мектептің 4 "б"
сынып оқушысы , немерелеріңіз Күзетай
тегі Салтанат.