400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлы Отан соғысының ардагері атам Аманов Әділғазы туралы мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп оқушылары мен студенттерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ата асқар тау.

Атамыз- Аманов Әділғазы Аманұлы 17 қаңтар 1918 жылы Шар ауданы, Қызыл Шар ауылында дүниеге келген. 4 класстық білімі бар атамыз өте сауатты, жазуға, оқуға да ынтасы зор болып, Комсомол қатарына өтеді. Ерте жастан еңбекке араласқан Әділғазы атамыз Кезеңсу ауылының дамуына үлес қосқан нағыз патриоттың бірі болды. 1938 жылдың 3 қазанында 20 жасқа келген атамыз Шар аудандық әскери бөлімінен әскери борышын өтеуге аттанады. Әскери борышын өтеп елге қайтар кезде сұрапыл соғыс басталып, 1941 жылы әскерден Ресейдің оңтүстігінде Ставрополь өңіріндегі, Минеральные воды жерінде құрлық әскерлер қатарына сержант атағымен соғыс майданына аттанады. Өзінің ерлігімен, батырлығымен көзге түсіп аға сержант әскери дәрежесіне көтеріледі. Соғыс майданында елін жаудан азат етуде 5 рет әскери жарақат алып, екі қабырғасы, бас сүйегі, сол қолы жарақаттанады. Әскери госпитальде емделіп, қайта майдан шебіне оралады. Соғыс жеңіспен аяқталып 8 жылдан кейін елге аман-есен оралады. Атамыздың қайсарлығы мен ерлігі үшін І-ші дәрежелі «Отан соғысы» ордені, «Ерлігі үшін» медалі, «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталады.

Апамыз Манабаева Оразбике Шар қаласының тумасы, соғыс жылдары Шар қаласындағы локомотив депосында іс жүргізуші қызметін атқарған. Атамыз Әділғазы соғыстан ауылға оралған соң, соғыс жарақаттарына қарамастан Кезеңсу ауылында адал еңбек етеді, зейнеткерлікке шықсада еңбектен қол үзбеді. Атамыз Әділғазы Оразбике апамызбен 1948 жылы бас қосып, үлгілі жанұялардың бірі атаныпты. Екі ер бала мен бір қыз бала тәрбиелеп, ерте қайтыс болған ағасының балаларын бауырына басып, Аман әулетінің қамқоршысы мен тірегі болды. Еңбеккор атамыз Коммунистік партия қатарына қосылып, Кезеңсу ауылында бөлім бастығы, қойма меңгерушісі, есепші қызметін атқарды. Ақыл- кеңестің таусылмас қазынасындай болған, тау тұлғалы атамыз 76 жасында, 1994 жылы 21 шілдеде бұл дүниеден мәңгілік сапарға аттанды.

Міне, адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 75 жыл толады. Бірақ Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыста ұмытылмастай ізін қалдырды. Отанымызды қалтықсыз қорғауға әрқашан дайын тұрған, еліміздің тірегі абзал аталарымызға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Ұлы Жеңістің 75 жылдығы баршамызға құтты болсын. Ешкімде ешқашан ұмытылмайды. Сіз- таудың шыңысыз, Ата ! Біз- сіз еккен баудың гүлміз! Ата, Сіз біздің мәңгі жүрегіміздесіз!

Еске алушылары: балалары, немере-шөберелері.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 мамыр
870
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі