400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлы тұлғалар

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға тәжірибе бөлісуге және жас ұстаздарға көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін» «Келісемін» ӘБ отырысында МДШО бар «М.Сеңгірбаев Директордың оқу ісі жөніндегі Әдістемелік бірлестік

орта мектеп» МКМ директоры: орынбасары: жетекшісі

_______________ __________ М.Б.Арғымбай А.Ж.Салимбаева «_____»___________________ж ___________А.Қ.Қүлынбай

Хаттама №____________

















«Ұлы тұлғалар» таңдау курсына арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспары

Авторлық бағдарлама

2019-2020 оқу жылы



























Тарих пәнінің мұғалімі Жазылбекова Қ.С




Жазылбекова Кымбат Саудабаевна тарих пәнінің мұғалімі

МДШО бар «М.Сеңгірбаев атындағы орта мектеп» МКМ

«ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР»

таңдау курсының бағдарламасы

8-сынып оқушыларына арналған


Түсінік хат

«Ұлы тұлғалар» атты факультативтік бағдарлама  ежелгі тарихынан бастап  казіргі  заман тарихына дейін қамтиды.

Қазақстан тарихы –жалпы тарихтың құрамдас бөлігі ,бұл біздің туған Отанымыздың тарихы. Батырлармен, хандармен және т.б. тарихи тұлғалардың өмірбаяны, тарихтағы орны қосқан үлестерімен қилы тарихи оқиғалар мен құбылыстарды бпаяндайды.

  Оқушылардың дүниетанымдық  көзқарастарын  қалыптастыруға қосымша материал ретінде пайдаланады. 

Ұлы тұлғалардың негізгі ортақ мақсаты – саяси күрес, яғни халықты қараңғылықтан алып шығу, отарлық езгіні жою болып табылады. Олардың қайсысы болсын, терең білімділігімен, сан қырлылығымен және елін сүйген ұлтжандылығымен бүгінгі ұрпаққа үлгі боларлықтай іс тындырып, артына бай мұра қалдырды. Тарихи тұлғалардың құнды мұраларын зерттеу, талдау және оны өсіп келе жатқан ұрпаққа насихаттау тарих пәні мұғалімдерінің алдында тұрған- үлкен міндеттерінің бірі.

Оқушылардың алған білімдерін бекіту мақсатында  өзіндік жұмыстар орындалады. Бағдарлама арқылы оқушылар тарихи үдерістерді дербес талдай білу, тарихи фактілер мен құбылыстар, тарихи тұлғаларға дербес көзқарас білдіру және тақырыпқа сай түйінді тұжырымдар жасауды меңгереді.Олар: өткен тақырып бойынша сөзжұмбақтар, тест тапсырмалары, рефераттар, шығармалар және сканвордтар және ой-толғау жазу арқылы оқушылардың ой-санасын дамытуға,сол шығармаларда  жазылған кезендердің ахуалын түсінуге үйретеді. Аталған әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың санасына берілген білімдерді сіңіруге болады. Соңғы сабақта оқушылардың курс бойынша алынған  білімдерін  қорытындыланады.


Курстың мақсаты және міндеттері

Мақсаты: тарихи ұлы тұлғалардың біздің Отанымыздың дамуына қосқан зор үлестерінің маңыздылығын білуге үйрету;

Міндеті:

  • Қазақ хандары жайлы біліп қана қоймай, мемлекет тарихы ретінде жас ұрпаққа ұғындыру, үлгі ету;

  • Тарихи тұлғалар, билер олардың өмірі туралы деректерді жинақтау;

  • Алаш зиялылары туралы тарих- әлі де зерттеп, талдауды қажет ететін біздің өткеніміздің бір белесі, сондықтан жас ұрпақты осы тақырыптар бағытында шығармашылық ізденіске баулу, ғылыми- зерттеу жұмысына жол ашу;

  • Оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, түрлі дерек көздерінен қажетті ақпаратты іздестіру арқылы өзіндік жұмыспен айналысуына мүмкіндік беру.


Курстың ерекшелігі:

- оқу  материалдарының   жүйелігі,

- оқушыларға берілетін білімінің саралануы

- оқыту мен тәрбиенің бірлігі

- оқушылар толық   тарихи тұлғалармен танысады.

Теориялық білімді жетілдіреді.


Оқушылардың білімін бағалау:

Таңдау курс бағдарламасы бойынша өтілген материалдарды терең түсінеді және жақсы нәтижелерге қол жеткізеді деп ойлаймын.


Күтілетін нәтиже

Жан-жақты білімді, көкірегі ояу, дүниетанымдық көзқарасы қалыптасқан,  мәдени құндылықтарды бағалай білетін, рухани байлығы зор, тарихтың сырлы әлеміне терең бойлай алатын тұлға қалыптасады.



Курстың мазмұны


«Ұлы тұлғалар» таңдау курсы аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат


І бөлім. Қазақтың ұлы хандары ( 16 сағат )

Қазақ жерінде хандық билік құрудың тарихы заңдылығы. Қазақтың ұлы хандарының өмір жолы. Ел билеудегі өзіндік ерекшелігі. Елінің азаттығы үшін істеген игі істерін, жеке ерлігіне баяндау. Ел басқарған хандардың ұрпақтары туралы деректерге тоқтару. Қазақ елінің дамуы жолындағы қазақ хандарының тарихтағы орнын көрсету.

ІІ бөлім. Қазақ билері ( 4 сағат )

Оқушыға қазақ хандығындағы билердің ролі, олардың қазақ мемлекеті мен ұлтын бірлікте ұстау үшін жүргізген саясатын түсіндіру. Тарихтағы билердің дауларға бітім айтудың маңызын айтып, қазақ қоғамы, тұрмысы, шаруашылығы және тәуелсіздік үшін жүргізілген күрестердегі билердің қызметінің маңызына тоқталу. Биелерден мұра болып қалған нақыл сөздерді баяндау. Қазақ хандарына кеңесші болған атақты билердің өмір жолын баяндау.

ІІІ бөлім.

Алаш зиялылары ( 7 сағат )

Қазақ халқының дамуы жолындағы қазақ даласындағы ұлт қамын ойлаған қоғам қайраткерлері туралы деректер қоры. Қазақ зиялылырының өмір жолдары. Елінің тәуелсіздігі үшін күрескен ұлт зиялыларының халқы үшін атқарған игі істері. Қазақ зиялылары туралы жазылған ғылыми еңбектер, дереккөздері мен баспасөз мәліметтері.

ІV бөлім. Ұрпаққа өшпейтіндей із қалдырған ( 7 сағат )

Қазақ қоғамындағы ұлы тұлғалардың өзіндік алған орны. Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігі жолында еңбектері. Ұлы тұлғалардың өмір жолы. Қазақ халқының дамуы жолындағы қазақ даласындағы ұлт қамын ойлаған қоғам қайраткерлері туралы деректер қоры.



«Ұлы тұлғалар» күнтізбелік сабақ жоспары

№

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Шығармашылық жұмыс

Білім жетілдіру

Мерзімі

1

Кіріспе

1

Хандар кестесін жазу

теориялық білімін кеңейту



І бөлім

Қазақ хандары

16





2

Керей хан мен Жәнібек хан

1

Қосымша мәлімет жазу

теориялық білімін кеңейту


3

Бұрындық хан

1

Қосымша мәліметтер жинақтау

теориялық білімін кеңейту


4

Қасым хан

1

Баяндама дайындау

теориялық білімін кеңейту


5

Хақназар хан

1

Хан туралы буклет

теориялық білімін кеңейту


6

Шығай хан

1

Реферат дайындау

теориялық білімін кеңейту


7

Тәуекел хан

1

Баяндама әзірлеу

танымдық қабілеті артады


8

Есім хан

1

Хан туралы нақыз сөздер жинақтау


теориялық білімін кеңейту


9

Жәңгір хан

1

Ханның ерлік істері туралы қосымша мәлімет жинақтау

теориялық білімін кеңейту


10

Тәуке хан

1

Қосымша мәлімет жинақтау

теориялық білімін кеңейту


11

Әбілхайыр хан

1

Қосымша мәлімет жинақтау

танымдық қабілеті артады


12

Айшуақ хан

1

теориялық білімін кеңейту


13

Абылай хан

1

Тест дайындау

теориялық білімін кеңейту


14

Уәли хан

1


теориялық білімін кеңейту


15

Кенесары хан

1

Тест дайындау

теориялық білімін кеңейту


16

Қорытындылау

1

Семинар сабақ

теориялық білімін кеңейту



ІІ бөлім

Қазақ билері

4



17

Төле би

1

Қосымша мәліметтер жинақтау

теориялық білімін кеңейту


18

Қазыбек би

1

Баяндама дайындау

танымдық қабілеті артады


19

Әйтеке би

1


Қосымша мәліметтер жинақтау

теориялық білімін кеңейту


20

Қорытындылау

1

Семинар сабақ

теориялық білімін кеңейту



ІІІ бөлім

Алаш зиялылары



7




21

Мұхаметжан Тынышбаев

1

Қосымша мәліметтер жинақтау

танымдық қабілеті артады


22

Мұстафа Шоқай

1

Баяндама дайындау

теориялық білімін кеңейту


23

Халел Досмұхамедұлы

1

Қосымша мәліметтер жинақтау

теориялық білімін кеңейту


24

 Жүсіпбек Аймауытұлы

1

Реферат дайындау



25

Ахмет Байтұрсынұлы

1

Қосымша мәліметтер жинақтау

теориялық білімін кеңейту


26

Әлихан Бөкейханов

1

Баяндама дайындау

танымдық қабілеті артады


27

Міржақып Дулатұлы

1

Реферат дайындау

теориялық білімін кеңейту





ІҮ бөлім

Ұрпаққа өшпейтіндей із қалдырған



7




28

Д.Қонаев

1

Қосымша мәліметтер жинақтау

теориялық білімін кеңейту


29

Қ.Сәтбаев

1

Баяндама дайындау

теориялық білімін кеңейту


30

Ш.Уәлиханов

1

Қосымша мәліметтер жинақтау

теориялық білімін кеңейту


31

Б.Момышұлы

1

Реферат дайындау

теориялық білімін кеңейту


32

Б.Бейсекбаев

1

Қосымша мәліметтер жинақтау

теориялық білімін кеңейту


33

М.Сеңгірбаев

1

Баяндама дайындау

танымдық қабілеті артады


34

Қорытындылау

1

Семинар сабақ

танымдық қабілеті артады



Пайдаланылатын әдебиеттер:


  1. М.Қозыбаев . Қазақстан тарихы.Алматы: мектеп. 2009 ж . 9-сынып

  2. Аяған Б.Ғ. Қазақ хандығы тарихы: құрылуы, өрлеуі, құлдырауы. – Алматы, 2011. – 98-111 б.

3. Тұрлығұлов Т. «Тарих сабағын жетілдіру жолдары», Алматы, 1984 ж.

4. Қазақстан тарихындағы Ұлы тұлғалар: портреттер. Алматы.2003 ж

5. А. Смайыл Астана ғасырлары.Астана 2010 ж

6. Ж.Қасымбаев. Қазақстан тарихы.8- сынып.Алматы «Мектеп»,2004 ж,248 б.

7. І.Есенберлин. Көшпенділер. Алматы «Атамұра»,2003 ж.

8. Ел тарихының әйгілі тұлғалары. Оқу құралы. Астана. 2001 ж. 153 б.

9. М.Қ Қозыбаев. Қазақстан тарихы. Алматы. 1993 ж

10.Бекмаханов Е. Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40-жылдарында /Е. Бекмаханов. – Алматы, 1994.

11. Қазақ ССР энциклопедиясы Алматы. 1984 ж

12. Қазақстан тарихындағы Ұлы тұлғалар: портреттер. Алматы.2003 ж

13. Ел тарихының әйгілі тұлғалары. Оқу құралы. Астана. 2001 ж. 153 б.

14. М.Қ Қозыбаев. Қазақстан тарихы. Алматы. 1993 ж

15. І.Есенберлин. Көшпенділер. Алматы «Атамұра»,2003 ж.

16. Н.Назарбаев. Тарих толқынында Алматы. 1999 ж

17. Ежелгі Казақстан тарихы (6 сынып)

18.Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы (7сынып)

19. Қазақстан тарихы (8 сынып)

20..Қазақстан тарихы (10 сынып)

21. «Балқашым байтақ-мекенім» Алматы: 2018 .


Интернет торабынан алынған ақпараттар












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
33 ұстаз жүктеп алған
29 сәуір
1188
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі