400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлы тұлғалар мұрасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Өткен көне азаматтарымызды еске түсіру мақсатында
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Қаратөбе мектеп-гимназиясы» КММ











Тақырыбы:«Жұлдызды сәт»

инттелектуалды ойын

(интеллектуалды сайыс)

4 сынып











Әзірлеген: Ж. Алтаева.













Қаңтар 2019 жыл







Тақырыбы: «Ұлы тұлғалар мұрасы»

Мақсаты:Ұлы тұлғалардың өмір жолдарымен, жүрген іздерінен, қалдырған табанды жолдарын біліп жүруге тәрбиелеу. Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, шығармашылықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдылары мен ойлау қабілеттерін дамыту, ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу, ізденімпаздыққа баулып, ұтқыр ойға, ұтымды жауап беруге дағдыландыру.

Дамытушылық: оқушылардың тіл байлық, сөздік қорларын молайту, шығармашылық қиялын жүйелеу, ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:бабалардың ерлік рухын сезіндіру арқылы азаматтық тәрбие беру. Тарихты оқып,үйренуге және ұлттық намыс қалыптастыруға,отанды қорғауға тәрбиелеу;

Түрі:интеллектуалды сайыс сабақ.

Көрнекілігі:интербелсенді тақта, суреттер

Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім: Еліміздің «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру»мақаласының көтерген жүгі ауыр.Елбасының мақаласында айрықша атап көрсетілгендей,барлығы ел жастарына сайын дала — атажұрт бабаларымыздың көздің қарашығындай сақтап, найзаның ұшы, білектің күшімен қорғағанының арқасында бізге жетіп отыр. Ендеше осындай алып Отанды сүйіп өту кімге де болсын парыз әрі қасиетті міндет. Отанды сүю оның әрбір тасын сүюден басталады дей келе Біздер «Ұлы тұлғалар мұрасы» атты тарихи танымдық сайысымызға қош келдіңіздер! Біздің бұл сайысымызды бастауға ауданымыздың биылғы 90 жылдығы түрткі болып отыр.Қаратөбе өңірі – Атырау мен Маңғыстаудай қызыл балықты, мұнайлы өлке болмаса да, суы мол, шөбі шүйгін, дала төсін төрт түлігі жайлаған өлке, өнерлі өлке.Қаратөбе өңіріндегі Ұзақ күйші, балет бишісі Ғазиз Ахмедияров, жазушы Құрманғазы Қараманұлы, палуан Еңсеп Досқалиев, әнші Мұхит, Ғарифолла, ақын Жұрғали Ертілесов, сазгер Ескендір Хасанғалиев кіндік қаны тамған жерекенін білеміз.Қаратөбе ауданының ұлы тұлғаларының өмір жолдары мен қалдырған іздерінен осы оқушыларымыздың кішкене де болса жүрген жолдары мен істеген істерінен басқан іздеріненен біліп жүргенін қалаймыз. Олай болса біз сайсымыздың бөлімдерімен таныстырып өтейін

1-бөлім: «Таныстыру» (шыққан топ өздерін ұрандарымен топпен таныстыру 2-3 мин)

2-бөлім: «Тұлғаны танып біл» (оқушыларға бейне суреттен кім екенін табу, өмірбаянынан үзінді 3-4 мин)

3-бөлім: «Тапқыр болсаң тауып көр» (сұрақ-жауап 7-8 мин)

4-бөлім: «Ой жалғау» ( оқылған өлеңнің үзінділерін жалғау 7-8 мин ).

Армысыздар, мұғалімдер әз жандар!

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Сан ұрпақты тәрбиемен оқытқан,

Өмір деген үлкен жолда тарландар.

Болащаққа болашақты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар, шәкірттерім қымбатты.

Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,

Әділдікпен баға беріп жүретін

Әділдікпен қара қылды жаруға .

Әділқазы алқаларын көрелік

Олай болса қазылар алқасын таныстырып өтейік.

1.Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары: _Г.Х.Тналиева

2.Тәрбиеші Ж.Ізимғалиева

Бөлімдер бағдаршам мен бағаланатын болады.

Көп сөйлеп жөн-жобадан аспайық біз,

Қандай сайыс болсада қашпайық біз,

Ал, енді сіздер рұқсат етсеңіздер

Қанеки бұл сайысты бастайық біз – деп, білім сайысына құлшынып тұрған білімді оқушыларымызды шақырамыз.Бұл білім сайысына 10 оқушы қатысқалы отыр. Ортаға қатысушы 3-4 сынып оқушыларын шақырайық.Олайболса таныстыру бөлімімен ортаға шақырайық.

2 бөлім:«Тұлғаны танып біл» ( электорнды тақтадағы суреттен тұлғаны танып, кім екенін тауып, өмірбаянынан, қалдырған ізінен түсінік беру)

3бөлім: «Тапқыр болсаң тауып көр» сұрақ-жауап бөліміне келіп жеттік.

1 топ сұрақтары

1 Қаратөбе ауданы қандай ауданадар мен шекетеседі? (Ақжайық, Сырым)

2 Ауданда қандай өзен бар ( Қалдығайты)

3 Қаратөбеден шыққан тұңғыш заңгер- ағартушы демократ? (Б.Қаратаев)
4 Қаратөбенің қазіргі аудан әкімі? (ЖанатАсантаев)

5 Қаратөбеден шыққан Талант Арғынғали кім? (ақын-журналист)

6 Е.Хасанғалиев қандай атаққа ие болды? (Қазақ КСР-нің халық әртісі.Құмет атағы)

7 Қаратөбе саз мектебі кімнің атымен аталады? (Ғ.Құрманғалиев)

8 Қаратөбе өңірінің тумасы, Қазақстан Республикасының спорт шебері Алмагүл Шамғонова Корея мемлекетінде өткен Әлем чемпионатында әйелдер арасында қандай спорт түрінен және жүлделі орынының қайсысына ие болды? ( гір тасын көтеруден жүлделі І орынға ие болып, алтын медаль )

9 Қаратөбе өңірінің тумасы, Қазақстан Республикасының спорт шебері Алмагүл Шамғонованың ұстазын ата? ( Ақан Тілесұлы)

10 Қазіргі таңда ауданда тұратын Ұлы Отан Соғысының ардагерін ата? (Искаков Құрманғали)

2 топ сұрақтары

1 Қаратөбе ауданының құрылған жылы? (1918 жыл)

2Қаратөбедегі қазіргі жас ақын, әрі оқушы ?(Райымбек Өтепов)

3 Аудандық аурухана кімнің атына берілген? ( Исләмғали Наурзалин)

4Аққұм қорығы қай ауылда орналасқан?( Қаратөбе ауданының Егіндікөл ауылынан 10км. жерде орналасқан құмды алқап.)

5 Ауданда қаншаға жуық ескерткіш бар? ( 11)

6М.Мерәліұлының туған жері? ( Батыс Қаз. Обл. Қаратөбе ауданы Ақбақай ауылында)

7 Қаратөбеден шыққан тұңғыш заңгер кім?(Бақытжан Бисәліұлы Қаратаев )

8 Қазақстанның 100 жаңа есім бағдарламасы бойынша Қаратөбеден шыққан есімді ата? (Қайрат Есполсинов)

9 Аудан бойынша Қаратөбеде қанша мектеп бар? ( 17 мектеп)

10 Қаратаөбеден шыққан атақты Еңсеп Досқалиев спорттың қандай түрімен айналысты? (түйе палуаны)

4-бөлім: «Ой жалғау» ( оқылған өлеңнің үзінділерін жалғау 8-10 мин ) бөлімінеде келіп жеттік.

1-топ А.Қадырбаеваның «Туған жер» толғауынан үзінді

Мұндалап мені туған жер

Шақырып жатқан секілді!

Сарғая күтіп, таңды әзер

Атырып жатқан секілді!


2-топ Ш.Қыдырниязова «Қаратөбе» әніненүзінді әрі қарай жалғастыру

Сен мен үшін теңдесі жоқ дарасың,

Көрікті еткен туған жердің даласын.

Көл де емес, шөл де емес төбесің

Еңкеймеген еңселім боп қаласың....

Осы жерден мен «Тапқыр көрермен»ойын жүргізгім кеп отыр. Олай болса пернетақтаға назар аударайық, Ескендір Хасанғалиев кім, қай жылы туған? (Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиев 1940 жылы 13 ақпанда Батыс Қазақстан облысында туған. Әнші (лирикалық баритон), композитор)

Келесі кісі туралы не білеміз? Қайыржан ХАСАНОВ,Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстанның Құрметті журналисі, Қаратөбе ауданының Құрметті азаматы

Қорытындылау:
Халқымыздың осындай дарынды перзенттері кейінгі ұрпаққа өнердіңөлмес мұрасынқалдырды. Қазақ халқы тегінде, өлеңші де, өнершіл халық, қанында ақындыққасиеті бар түпкі тегі ақын халық, батыр халық, әнші халық кейінгі ізбасар ұрпақтары есіне алып жүрсін деп әннен белгі қалдырыпты.Біз, бүгінгі жас буын, сол өнерді өзімізге серік етіп «Жаңа әлемдегі - ЖаңаҚазақстанның» жаңашыл жастары ретінде әлемнің алдыңғы қатарлы 50 елініңқатарына жетуге ұмтылып келеміз. Өзі өлсе де артына өлмейтіндей ізқалдырған Мұхит, Ғарифолла,Ескендір сияқты жезтаңдай әншілердіңән аспанында жұлдызы жоғары дей келе Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен аяқтағым келіп тұр.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31 қаңтар
647
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі