400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ұлы Түрік қағанаты"

Материал туралы қысқаша түсінік
6 сынып, Ұлы Түрік қағанаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

КММ «Мамандандырылған мектеп-лицей №90»

Нұрмұханбет Дидар Сағындықұлы

Қазақстан тарих пәні мұғалімі

Алматы қаласы


Түрік қағанаты (   )


Сақтар мен ғұндардан кейін тарих сахнасына шығып, бүкіл дүниені дүр сілкіндірген халық ежелгі түркілер болды. 542 жыл – «Түрік» атауы алғаш рет қытай деректерінде кездеседі. Қытайлар түріктерді ғұндардың ұрпағы деп санаған. Олар батысында Византия елімен, оңтүстігінде Персиямен, тіпті Үндістанмен, ал шығысында Қытаймен шектесіп жататын орасан үлкен мемлекет құрды. Ұлы Түрік мемлекеті осылайша өмірге келді.

«Түрік мемлекетінің құрылуы бүкіл адамзат тарихында белгілі дәрежеде бетбұрыс кезең болды... Түркілердің қоғамдық өмірі мен әлеуметтік институттарының күрделі түрлері қайран қалдырады: ел, меншіктің сатылық жүйесі, шендер иерархиясы, әскери тәртіп, елшілік дәстүрі, сондай-ақ көрші отырған елдердің идеологиялық жүйелеріне  қарсы қоятын, мұқият әзірленген дүниетанымның болғандығы таң қалдырады», - деп жазады Л. Н. Гумилев.



Әрбір халықтың тарихы қадым замандардан, тіпті, есте жоқ ежелгі дәуірлерден басталады. Әйтсе де әрбір халық өз тарихын белгілі бір датадан, белгілі бір оқиға болған кезден бастауды жөн көреді. Мысалы, Римдіктер өз шежіресін Римнің негізі қаланған күннен бастайды. Арабтар болса Мұхаммед пайғамбардың Меккеден Мадинаға көшкен жылдан бастап есептейді. Француздар өз тарихын ұлы Карлдың империяны бөлген жылынан, яғни 843 жылдан бастайды. Ал ежелгі түркілер үшін мұндай дата 545-ші жыл болды. Дәл осы жылы теле тайпасының Ашина руы жужандарға қарсы күресті басқарады. Ал жаңа мемлекеттің басында түрік – ашина билеушісі Бумын тұрды. 552 жылы Бумын жужандар әскерін талқандап, Ұлы Түркі елінің қағаны болып жарияланады.

Сөйтіп, түркілер өздерінің тұңғыш Ұлық мемлекетін құрды. Тек құдіретті Күнге ғана, Көк аспанға табынып,, тағзым ететін Көк түріктер сол күннен бастап-ақ аспан түстес көк байрағын желбіретіп, алғаш рет өздерін ресми түрде бүкіл әлемге танытты. 

Ұлы Түрік қағанатының шынайы шежіресі, таңғажайып тарихы бұдан он үш ғасыр бұрын қағазға емес, құлпытастарға қашап жазылған. Оны жазған Түрік қағанатының қабырғалы бектерінің бірі, өз дәуірінің кемеңгер ойшыл, шешендік сөздің жүйрігі, ұлы ақын Йоллығтегін еді. Бүкіл түркі елін егемендік пен азаттыққа, елдік пен бірлікке үндейтін бұл дастандардың әрбір әрпі мәңгі өшпестей етіліп, үлкен-үлкен құлыптастарға қашалып жазылған. Демек, бұл дастандар бұдан он үш ғасыр бұрын Түрік мемлекетінде болған сан қилы оқиғаларды бүгінге күнге ешбір өзгеріссіз, айнақатесіз күйінде жеткізіп отыр. Дәл осы арада біз кейбір елдерде әр патшаның тұсында қайта-қайта қағазға көшіріліп, бертін келе саясатнамаға айналып кеткен "шежіре" немесе "жылнама" дастандар да бар екенін тілге тиек еткіміз келіп отыр.


Ұлы Түрік қағанатын ешбір жау әскер күшімен жеңе алмағаны тарихта жақсы жазылған. Алайда жұдырықтай жұмылып отырған түрік елінің ішіне жау жағы ғасырлар бойы іріткі салып келді. Мұны істеген табғаш (Қытай) елі еді. Ақыры Ұлы Түрік қағанаты екіге бөлініп, бірі - Батыс түрік қағанаты, ал екіншісі - Шығыс түрік қағанаты деп аталып кетті.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.02.2023
394
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі