15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұлыдан қалған мол мұра
Ұлыдан қалған мол мұра
Мұғалім:Қазақстан тарихы бірнеше жүз мыңдаған жылдардан тұратын аса үлкен кезеңді қамтиды.Қазақстан мемлекет болып құрылуы үшін ұзақ та қиын жолдардан өтті.Халқымыз жеке ел болып,Қазақстан мемлекет атағын алғанда мақтанышпен айтар тарихымыз,ұлы тұлғаларымыз жеткілікті. «Ұлы адамдар дүниеге мың жылда бір келеді» дегендей, қазақ топырағынан шыққан ақын,данышпандар жайлы сөз қозғағанда мың жылдықтың ұлысы- Қожа Ахмет Ясауи ғұламаны еске аламыз.
Көрнекіліктер: Қожа Ахмет Ясауи портреті,даналық сөздері,кітап крмесі.
Слайд: Қожа Ахмет өмірі мен шығармашылығы
1-оқушы: Қожа Ахмет Ясауи (? – 1166 ж.) қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын. Өз аты Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Ясауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ, Йасы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезнен өскен жері. Ақынның туған жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы. Әкесі Ибрахим мұсылманша сауаты бар, сөз қадірін білетін білікті адам болған.
2-оқушы: Қожа Ахмет Ясауи ілімінде Хаққа қызмет ету халыққа қызмет етуден басталады. Ал, халыққа, ұлтына қызмет етудің шарты – топырақ сипатты болу, нәпсіні тыю. Топырақ сипатты болып, өзін халқына арнау кемелдікті білдіреді. Қожа Ахмет Ясауи кемелдікке жету үшін адамда ашқ (қуатты махаббат) пен дерт болу керек дейді. “Дертсіз адам адам емес, мұны аңла; Ашқсыз инсан хайуан жынысы, бұны тыңда”. Осы хикмет жолындағы “дертсіз адам” адамдық сезімнен жұрдай, өз ұлтының, қоғамының, Отанының алдында жауапсыз, мұңсыз, қара басының қамын күйттейтін жан.
3-оқушы: Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы — «Диуани хикмет/ Диуани Хикмат» (Хикмат - жинақ). Бұл шығарма алғаш рет 1878 ж. жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Ыстамбұл, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылады. Соның бірі 1901 ж. Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шығарған нұсқасы болатын.Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды.
4-оқушы: Қожа Ахмет Ясауи–1093жылы тулыған түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Кейбір деректерде Қожа Ахмет Ясауидың Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады. Қожа Ахмет Ясауидың ұрпағы негізінен осы қызынан тарайды.
Мұғалім: Құрметті қоңақтар бүгін негізінен біздің жиналған мақсатымыз Ахмет Ясауидің хикметтерің оқу сайысын өткізу.
Әділқазылар алқасымен таныстырып кетейік:
1.Аманбаева Рауза Қабдуловна оқу ісінің жұмысының меңгерушісі
2.Ахметова Айгүл Жанатовна тарих пәнінің мұғалімі,тәрбие жұмысының меңгерушісі
3.Жунусова Сауле Каримовна тарих пәнінің мұғалімі
Сайыскеркерімізбен таныстырып өтейік:
1.Мернибек Жарқынай-6 сынфып оқушысы
2.Жармағанбетова Хадиша-6 сынып оқушысы
3.Дуанбай Камила-7 сынып оқушысы
4.Сансызбай Дилдана-7 сынып оқушысы
5.Нурбек Ләйла-8 сынып оқушысы
6.Кавир Диана-8 сынып оқушысы
7.Абай Арайлым -9 сынып оқушысы
8.Меңдиханова Бота-9 сынып оқушысы
Сайыс соңында әділқазылардың шешімі бойынша :
1 жүлделі орын Меңдиханова Бота ,2 орын Мернибек Жарқынай, 3 орын Сансызбай Дилданаға берілді.
Қорытынды:Осымен бүғінгі сайысымызды аяқтаймыз.Оқушыларға көп рахмет.Өнерлерің өрге өрлей берсін.Уақыттарынызды бөліп келгендерінізге көп рахмет.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген