«Ақсуат колледжі»
КММ
«Ұлылар ізімен. Сәкен
Сейфуллиннің туғанына130жыл»
Топ жетекшісі: Советова
К
2024-2025 оқу
жылы
Тақырыбы:
«Ұлылар ізімен. Сәкен
Сейфуллиннің туғанына130жыл»
Мақсаты: Ақынның сыршыл лирикасының табиғатын таныту,
оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру, жас ұрпақты
еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен, Алаштың
ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармаларын оқып білуге
баулу, ақынның өз заманындағы саяси-қоғамдық көзқарасын таныту,
ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар,
кітаптар.
Ұйымдастыру.
-
Сәлемдесу, студенттердің
назарын сабаққа аудару.
-
Сабақтың тақырыбын таныстыру
«Ұлылар ізімен. Сәкен Сейфуллиннің
туғанына130жыл»
-
Сабақтың
мақсаттары мен күтілетін
нәтижелерін түсіндіру.
Кіріспе:
-
Сәкен Сейфуллин өмірбаяны
туралы қысқаша мәлімет беру.
-
Сәкен Сейфуллин туралы
сұрақ-жауап
-
Қорытынды
Негізгі
бөлім:
Топтық жұмыс. Студенттерді
топтарға бөліп, Сәкен Сейфуллинға қатысты сұрақтарды
талқылау.
Сәкен (Сәдуақас) Сейфоллаұлы
Сейфуллин (15
қазан 1894, Ақмола
уезі, Ақмола
облысы, Ресей
империясы – 25
ақпан 1938, Алматы) — қазіргі қазақ әдебиетінің негізін
құраушы, ақын және жазушы, қоғам, мемлекет
қайраткері. Қазақстан жазушылар
одағының негізін
қалаушысы. Алғашқылардың бірі
болып Қырғыз
АКСР Халық
Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы (1920–1925) (Премьер-Министр)
қызметін атқарды.
1905 жылдан
бастап 1908
жылға дейін Спасск мыс
балқыту жанындағы орыс-қазақ
мектебінде оқыған, содан кейін Ақмола үш сыныптық
қалалық училищесінде оқыды. Сонымен қатар, 1912 жылы
Сәкен медресе оқушыларын орыс
тіліне дайындайды. 21 тамыз
1913 жылы Сейфуллин Омбы педагогикалық семинариясына келді, онда
ол Мағжан
Жұмабаевпен оқыған.
«Айқап» журналында
қарашадағы санында (№ 21) Сәкен Сейфуллин өзінің алғашқы мақаласын
жариялады. Сол уақыттан бастап, ол Омбы қаласының охранкасының
назарына ілігеді.
1914 жылы
Сәкен Омбыда «Бірлік» («Единство») қазақ
жастарының тұңғыш мәдени және білім беру қоғамның көшбасшыларының
бірі болады. 1914 жылы ол өзінің «Өткен күндер» атты өлеңдер
жинағын жариялады.
1916 жылы Сәкен сырттай
мүлікті заңдастыру комиссиясының Ақмола уезі бойынша 12 елді
мекенде жұмыс істейді. Сонда 1916 жылы ол қазақ
халқының Амангелді
Иманов бастаған көтеріліске
арналған дастан «Толқулар» деген өлең
жазды.
1916 жылдан 1 қыркүйектен
бастап Сейфуллин негізі қалануына өзі тікелей қатысқан, Бұғылы
мектебінде оқытушы болып қызмет атқарады.
1917 жылы 9 наурызда ол
Ақмолаға көшіп келіп, онда Ақпан
төңкерісі туралы «Біз асығыс
жиналдық» атты өлең жазған.
1917 жылдың сәуір айында,
Сәкен Сейфуллин, «Жас
қазақ» саяси және
әлеуметтік-мәдени қоғамын құрады. 1917 жылғы шілдеде Сәкен
"Тіршілік" газетін шығаруға
қатысады.
Қыркүйек айынан бастап
Сейфуллин Ақмоладағы жаңа орыс-қазақ мектебінде үш айлық
мұғалімдерді оқыту курстарын жүргізеді.
Ақмола 4 маусымдағы 1918 жылы Ақмоладағы
ақтар төңкерісінен соң Сейфуллин тұтқындалып, 1919 жылы 5
қаңтарда Петропавл түрмесіне жіберілген болатын. Ол 47 күн
бойы (24 қаңтар - 12
наурыз), атаман
Анненковтың «өлім пойызынан» өтті. Омбыда,
ол Колчак түрмесінен қашып (3 сәуір), шілдеде
туған ауылына жетті. Екі айдан кейін,
С.Сейфуллин Әулие-атаға қашуға мәжбүр
болды.
Бірақ 1920 жылы 7 мамырда ол
босатылып, Ақмолаға Қызыл
Армия қатарына оралды және
революциялық комитеттің (революциялық комитеті) Әкімшілік
бөлімесінің басшысының көмекшісі болып
тағайындалды.
1937 жылы «ұлтшыл буржуа»
деген айыппен тұтқындалып, 1938 жылы 25 ақпанда
Алматы КСРО
ІІХК-ының (орыс. НКВД)
қабырғасында атылды.
Ол Сталин қайтыс болғаннан
кейін 1957 жылы ақталған.
Қорытынды:
Асуы жоқ асулардан
асайық,
Ашылмаған тас қақпаны
ашаййық.
Болмағанды болдырайық
дүниеге,
Жаңа тұрмыс жаңа жерге
жасайық!-деп ақынның ой мен сезім астасқан жырларын жастар ақын
өлеңдерін ешқашан естен шығармайды деп сенемін дей келе,бүгінгі
«Ұлылар ізімен. Сәкен Сейфуллиннің туғанына130жыл» атты тәрбие
сағатымыз аяқталды.