400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ұлылар ұлағаты-ұрпақ ұстанымы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Болашақ мемлекетіміз ұрпаққа деген сабақтастықтан туындайтын дүние болғандықтан, әр халықтың болашағы жастарына тәуелді екені даусыз мәселе.
Материалдың қысқаша нұсқасы

 


«Ұлылар ұлағаты-ұрпақ ұстанымы»

Байкадамова Камила

№85 ЖББОМ, 11-сынып



Болашақ мемлекетіміз ұрпаққа деген сабақтастықтан туындайтын дүние болғандықтан, әр халықтың болашағы жастарына тәуелді екені даусыз мәселе. Егер бүгін жастар өз халқының рухымен тәрбиеленіп өспесе, онда елдің келешегі бұлыңғыр болмақ. Өйткені, ұлттың барша мұрасы жастарға аманат етіледі. Ал, біз жастар оны сақтамасақ, біртіндеп ұлттың атауы да өшіп жоғалмақ.

Ұлылардың ұлағатты сөздері бізге сабақ болуы керек. Осы жыл бізде үлкен мерекелерге толы жыл. 2019 жылғы 9 шілде –жазушы, публицист, драматург Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 130 жыл ; 15 қазан – қазақ балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 95 жыл ; 15 қазан – қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, ақын, жазушы, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл ; 22 қазан – Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан тұлға Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туғанына 95 жыл ; 15 қараша – қазақтың көрнекті жазушысы, драматург Бейімбет Майлиннің туғанына – 125 жыл ; 25 желтоқсан – халық жазушысы, қазақ ақыны, журналист, Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты Фариза Оңғарсынованың дүниеге келгеніне 80 жыл.

Сонымен қатар, биылғы жыл - Хакім абайдың 175 жылдығы.Мен Абай туралы ой қозғағым келіп отыр. Адамзат ақыл-ойы, ақындығының ірі тұлғасы Абай тағылымы білімнің де, тәрбиенің де қайнар бұлағы екені түсінікті. Ұлы дананың қай шығармасын алмайық, оның алтын қазығы – Адам. Ол нағыз Адам, Толық Адам қандай болу керек деген сұраққа жауап іздейді, әрі оған жауап береді. Мысалы, «Атымды Адам қойған соң қайтып надан болайын», «Адамды сүй, алланың хикметін сез, не қызық бар өмірде одан басқа» - дейді. «Адамды сүюден басқа қызық жоқ» деген пікірінде қазір көп айтылып жүрген гуманды педагогика ұстанымдары жатыр.

Абайдың жазба әдебиетінің негізін салудағы еңбегі жайлы сөз етпеу мүмкін емес.

Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау етеді. Терең философиялық ой мен азаматтық пафосқа толы оның өлеңдері езгі мен надандыққа қарсы күреске шақырады. Жаңа заман ақыны ретінде Абай қазақ әдебиетінде поэма жанрының орнығуына ықпал етті. Оның поэмаларының мазмұны (“Масғұд”, “Ескендір”) шығыс классикалық әдебиетінің мәнерімен Абайдың өзгеше ойлауымен құрылған көркемдік прозаның дамуына Абай қосқан үлес оның “Қара сөздерімен” бағаланады, бұл кітапта Абайдың қоғамдық-саяси көзқарасы айқын көрсетіліп, көптеген тарихи, педагогикалық және құқықтық мәселелер көтеріледі. Олардың айрықша ерекшелігі тілдің көркемдігі, мазмұн байлығы, философиялық тереңдігі. Ақынның азаматтық борыш, тұрмыс мәні туралы қасиетті ойлары жас ұрпаққа бағытталған.

Мен Абайдың адамгершілігіне, нәзіктігіне және Абайдың ең ғажап махаббат лирикасын жасаған адам екенін білемін. Абай махаббатты сұлулық деп түсінбейді. Ол махаббатты терең бір рухани жақындық деп түсінеді. Міне, осы махаббатты руханилыққа бұрғаны қазақтың психологиясын, жүрегін байытқаны деп түсінемін.

Мен үшін Абай-Гималай.Оның қазақ халқының тарихына қалдырған асыл мұрасын ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
26 тамыз
1472
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі