жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Ұлылықты ұлықтаған ұстазым"
«Ұлылықты ұлықтаған ұстазым»
І жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар!
Аяулы біздің ұстаздар және балабақша қызметкерлері!
ІІ жүргізуші: Бүгінгі ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, қажымас қайрат, шығармашылық табыс, жанұяларыңызға бақыт тілейміз!
І жүргізуші: Бүгінгі кешіміз өздеріңізге арналады.
ІІ жүргізуші: Қашан көрсең күнге ұқсаған жанары –
Ұстаздардан көнбес адам жоқ әлі!
Мектеп көрген әдептілер айтпақшы,
Ұстаздардан шықпаңыздар жоғары!
І жүргіуші: Орындалып, айталық, бір ойдағы іс,
Отырармыз қуанышта, тойда біз.
Сондай кезде есте болар бір нәрсе:
Ұстаздардан бұрын сөйлеп қоймаңыз!
ІІ жүргізуші: Ақыл. Сана. Сабыр. Талас-тартысу –
Ұстаздардың табиғаты, жалпы осы.
Бос уақыты: ойдан басқа ойы жоқ,
Бос уақыты: әрбір түннің жартысы.
І жүргізуші: Махабаты: бала және Отаны,
Сүйікті ісі: Қағаз-кітап қопару.
Демалысы: шәкірттерге хат жазу,
Ал, кәсібі: от беру мен от алу!
ІІ жүрг: Қашан көрсең бұл халықтың шат бәрі,
Қашан көрсең күліп бара жатқаны.
Күлетіні: бақыттылық нышаны,
Байлықтары: шәкірттердің хаттары!
І жүрг: Ал, ұстаздың барса алдыңа, дұрысы:
Жұрегіңмен сездір дағы ұлы ісін,
Ұшып тұрып, қалбалақтап қол беріп,
Тастай қылып тындырып бер жұмысын!
ІІ жүрг: «Ұстаз... Жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, жақындарына да,жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жақсану дегенді білмейтін батыл, ер жүрек болуы керек » деп Әл-Фараби атамыз айтпақшы, осы бір асыл қасиеттерді Жаңаева Амалхан Бөлекбайқызының бойынан кездестіруге болады.
І жүргізуші: Бақшамызда орны бөлек,
Сүйеді шәкіртіңіз сізді ерек.
Тамыры тереңге тартқан нәрлі ағаштай,
Жел жағымда тұратын сен бәйтерек – дей келе,
«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» деп бабаларымыз айтқандай, балабақшаға көп жылдардан бері еңбек еткен аға тәрбиеші Жаңаева Амалхан Бөлекбайқызының 30 жылғы еңбегінен үзінді көріністі тамашалауға шақырамыз. Экранға назар аударыңыздар.
Слайд:
І жүргізуші: «Ұстазға лебіз»
Менің балғын қиялымды тербеткен,
Құшағымды алыстарға серметкен.
Айта аламын жұрт алдында қысылмай ,
О, ұстазым, бір өзіңді ер деп мен.
Әр шәкіртке бола білген жанашыр,
Бүгін от боп әр жүректе жанасың.
Сен бергенсің алғашқыда айырып ,
Жақсылық пен жамандықтың арасын.
Аралатқан ғалымдардың мол бағын,
Әлі есімде сол бір бейнең, сондағы үн.
Көрген сайын жанарыңнан оқимын,
Ізгілік пен парасаттың жолдарын.
І-жүргізуші: Ақ жүрекпен сезіп «Ұстаз бақытын»,
Шәкіртімен өткен барлық ғұмыры.
Сізге арнаймыз тілектің ең жақұтын,
Даңқыңыздың биік болсын тұғыры – дей келе
келесі сөз кезегін балабақша меңгерушісі Гульнара апайға ұсынамыз
ІІ-жүргізуші: Жас мамандар жүрегіне дем бересің
Екінші анам болып сен келесің
Сейірім-шуағыңды күндей шашып
Барлығына мамандардың дән себесің – дей келе келесі сөз кезегін балабақша әдіскері Сапарғалиева Ботакөз апайға ұсынамыз
ӘН: «Ұстазым». Орын: Еділбаева Дина
І-жүргізуші: Ойын « Кім шапшаң?» /би/
Шарты:
ІІ жүрг: «Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса ел болғаның қайсы?» деп ғасырымыздың ғұлама қаламгері М.Әуезов атамыз айтқандай, кейінгі ізбасарлар дайындап, тәрбиелеп келе жатқан сөз беріледі.
БИ:
І жүргізуші: «Қазақ тілім, өз тілің, ана тілің,
Мұхтар, Абай сөйлеген дана тілің.
Таза сөйле, терең ұқ, көп-көп ізден,
Жоғары ұста мәңгілік тілдің пірін», - деп
Зердемізге құятын,
Бар ізгілік бойларына сыятын.
Туған дәстүрі, салт-сананың тірегі,
Бұл ұстаздар, алда жүрер үнемі –деп,
Ортаға аға ұстаз, әрі тәлімгерлеріміз: Жазылхан, Алмажай, ортаға шақырамыз.
БИ.
ІІ-жүргізуші: «Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы - мұғалім», - деген екен Ғ.Мүсірепов атамыз.
Мұғалім – бұл адамның ардақты аты,
Білімдік – бар биікке шығар саты.
Ең алғаш басталады осы адамнан,
Сүйеді сондықтан да жақын-жаты...-деп,
Кезекті сөз кезегін
БИ:
І-жүргізуші: Жамандықтан сақтандырған,
Жақсы ісімді мақтан қылған.
Білім берген ұстаздарды,
Өнерімен шаттардынған ,-дей келе келесі сөз кезегін Индира, Гүлзияш, Айымгүл
ІІ-жүргізуші:
Құлпырған еліміздің ұл-қызымыз.
Әзірге үлпілдеген құндызымыз
Арасын жер мен көктің бағындырар
Ертеңгі жарқырайтын жұлдызымыз - деп
биылғы оқу жылында ортамызға жаңа қадам басып келген ұстаздарымызды зор ілтипатпен сахна төріне шақырамыз. Олар: Тілеумбетов Гүлнұр, Шекербаева Бибігүл, Қосжанова Рыскүл,.
БИ:
Жас мамандарға ойын « Сен білесің бе? » /сұрақ-жауап/
Шарты: Сұраққа жауап берген адам 1 қадам алға шығып отырады., соңында қалған адам өз өнерін көрсетеді.
Сұрақ-жауап: 1.
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12. Кемпірқосақтың түсі неше түс және түстерін ата:
І жүргізуші:Биік сенің ұстаздық қасиетің,
Мінезің жоқ қиынға бас иетін.
Өмірге тәрбиелеп құлшындырған,
Жадымызда сақталар өсиетің, - дей отырып
Сөз беріледі. БИ
ІІ-жүргізуші: Ойын « »
І-жүргізуші: Аяулы да ардақты, байсалды да салмақты, біздің сүйікті ұстаздарымыз – «Ұлылықты ұлықтаған ұстазым» атты мерекелік кешіміз аяқталып келе жатыр.
Ұстазым – саф алтын, діңгегім,
Мәңгілік өзіңмен біргемін.
Бүгінгі мереке күніне
Сәл ғана құрметім бұл менің.
ІІ-жүргізуші:
Ұстаздар қартаймасын, қажымасын
Әрқашан өмір жасы ұзақ болсын
Немере, шөберенің бетін сүйіп
Тәңірім бақтан бізді айырмасын.
Жақсылық атаулыға жаршы жандар
Жамандық атаулыға қарсы жандар
Баланы сусындатып өсіруге
Білімнің бұлақ көзін аршығандар – дей келе , осымен ұлағатты ұстаздарға арналған кешімізді жабық деп жариялаймыз.
Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген